Негізгі бет > блогер, блогинг > Блогшылар биі

Блогшылар биі

Блогшыларға байланысты мынадай қызықты жазбаны көрсеткім келеді. Бұл көңіл көтеретін материалды «7Bloggers» блогынан тауып алдым.
Блогинг пен би және блогшы мен биші арасындағы аналогия. Төмендегі мәтінде «би», «билеу» сөздерін «блог жүргізу», ал «биші» сөзін «блогшы» сөзімен ауыстырыңыз.
Сен билеп тұрсын, ал жан-жағында басқа бишілер. Егер сен керемет биші болсан, басқалар қасына келіп, сенің биінді үйренуге тырысады немесе сенімен танысу үшін жақындай бастайды.
Жақсы биші болу үшін не істеу қажет?
-Жиі билеу
-Басқалардың биін қарау, олардан үйрену, мүмкін көшіру
-Жаңа және ең бастысы ешкімге ұқсамайтын нәрселер жасау
Әркім өз білгеніне қарай билейді және өз әдісі бойынша танымал болуға тырысады. Біреулер мысалы, «31 күн ішінде қалай биге үйренуге болады» деген тақырыпта өзінің «би мектебін» ашады. Біреулер жай ғана биді жақсы көреді, егер биі әдемі шықса немесе басқалардікіне ұқсас болса, оның қасында басқа көптеген бишілер жиналады. Кейбіреулердің биі онша емес болса, ол ешкімге ұқсамайтын қозғалыстарды ойлап табады және осылайша танымалдылығын көтереді.
Адам биді келесі жағдайларда доғарады:
-Ешкім оның биіне назар аудармаса
-Өз биіне қанағаттанбаса
-Көпшілік оны нашар биші деп атаса
-Биге оның уақыты жетпесе/басқа бірдеңемен айналыса бастаса
-Бимен байланысты мақсаттары жүзеге аспаса. Мысалы, оның мақсаты кәсіпқой биші болу және бұл ісінен көп ақша табу болған еді дейік. Шын, би арқылы көп ақша таба алмайсын. Биден көп ақша табу үшін не жақсы биші, не танымал болу немесе көп билеу қажет.
Бидің әртүрлі стильдері бар. Егер де блогингпен аналогия жасайтын болсақ, әр блог өз би стиліне ие. Мысалы:
SEO және интернетте ақша табу жайында блогтар – хип-хоп немесе брейкданс.
Махаббат және өмір жайында блогтар – шығыс биі.
Өзі және қызметі туралы жазылған блогтар (тамақ іштім, ұйықтадым, жұмысқа бардым) – клуб билері. Клуб бишілер өте көп. Себебі бұл би қиын емес және оны үйрену оңай. Ал Сіз қай стильде билейсіз?
</

Advertisements
Санаттары:блогер, блогинг Кілтсөздері:,
  1. Ақпан 7, 2009, 15:53

    Менікі ламбада шығар :))) Вальсті де билеймін реті келсе. Бастысы, басқа біреудің аяғын басып кетпеу керек 🙂

  2. Ақпан 7, 2009, 18:27

    ха-ха 🙂
    ханымдар мен мырзалар, алдарыңызда танымал биші – Нұрғиса Асылбеков!!!

  3. dnatic
    Ақпан 9, 2009, 06:05

    tectonik 🙂

  4. Ақпан 9, 2009, 13:07

    Әйтеуір менікі Қамажай емес болар деп үміттенемін 😉 Бірақ, «жаңаеуразияны» – қара жорға биі дер едім 🙂
    Былай мектепте, Танго, Ча-ча-ча, Рок-н-роллды тәуір билейтін едім. Үнемі 5 деген баға алатынмын. Вальс оның қасында түк емес 🙂 Қазір қойдық қой. Бақсақ, блог деген би қыр соңымнан қалмай жүр екен. Керемет жазба, i.e «па» дегенім ғой, Арсик!!!

  5. Ақпан 9, 2009, 14:18

    Асхат ағаны әртүрлі стильде билейтін блогшы ретінде білеміз 🙂

  6. Gastarbaiter
    Ақпан 9, 2009, 21:05

    Менікін ..Румба..Сальса..Хастл..шығар онда..
    Блогыңызды тіркеп қойдым.

  7. Ақпан 9, 2009, 21:07

    Меніңкі неге жоқ десем, өзім билей алмайды екенмін ғой 🙂

  8. Ақпан 9, 2009, 21:10

    Gastarbaiter, рахмет 🙂 биіңізге сәттілік
    Ансар, неге? меніңше, биіңіз өте әдемі 🙂

  9. balgyrgan
    Ақпан 10, 2009, 03:25

    🙂 клуб бишісі екенмін… Қолды сермеп… дфн-дфн :)))

  10. Gastarbaiter
    Ақпан 10, 2009, 09:37

    Балдырған, ЛМАО..Қазіргі клубтар «дфн-дфн» боп кеткен бе?
    Біздің кезде «данын-тычтн-дыгыдын тычтн» болатын.;)

  11. Ақпан 10, 2009, 09:44

    данын-тычтн-дыгыдын тычтн 🙂 Керемет! Билегің келіп кетеді екен!

  12. akzere
    Ақпан 11, 2009, 05:48

    Менікі вальс шығар осы… Шығыс биін де қатырамыз. Жалпы билегенді жақсы көремін блог жазған сияқты. 🙂

  13. Ақпан 11, 2009, 08:58

    Ақзере +1 🙂

  14. Ақпан 14, 2009, 08:01

    Өй, өңкөй танцор дисколар десе… :)))

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: