Негізгі бет > блогер, блогинг, медиа > Асхат Еркімбай: Бастысы – бар нәрсеммен бөліссем…

Асхат Еркімбай: Бастысы – бар нәрсеммен бөліссем…

Ассалаумағалейкум! Міне қазақ қаріптерімен тағы да қиындық пайда болды. Туған тілінде өз ой пікіріңді жаза алмауым қандай қын? Бәлкім қазақ блогтары көбейе түскен сайын бұл мәселе де өз шешімін табар. “Көш жүре түзелер”. Гуглдың қазақ тілін енгізіуінің өзі осындай сенім ұялатады. Хош, Манхеттен!

12/10/2006

Дәл осы блог жазба қазақ тілді блоггингке жасалған алғашқы қадам. Посттың авторы – белгілі журналист, блогшы Асхат Еркімбай. Жаңа жылдың алдында Асхат ағамен онлайн, кейін оффлайн да кездесіп, сұхбаттасқанбыз. Төменде сұхбаттан үзінді.

Блог бастауға не түрткі болды және блоггингпен байланысты алғашқы қиындықтар?

А.Е.: Ең алғаш рет блогты Нью-Йоркта аштым. БҰҰ – ның шәкіртақысын жеңіп алған соң үш күндей Колумбия Университетінде арнайы курстарға қатыстық, соның бірі осы блогқа, жаңа медияға байланысты болды. Профессор үш минуттың ішінде сайт жасауға болатынын көрсетті. Мен ол кісіден: «Қазақша да жазуға бола ма?» деп сұрадым. Сөйтіп, сол күні кешке блог аштым. Еш қиындық болған жоқ. Бірінші рет Блогспот тұғырнамасынан аштым, себебі ол Гуглмен байланысты. 1-2 айдан соң блогспоттағы блогыма спам қаптап кетті. Онымен күресе алмағандықтан, Уордпреске көштім. Кейін уордпресті қазақшалау ісін қолға алдық қой…

Блог жайлы басқаларға түсіндірген кезде олардың реакциясы қандай еді және осыған қызуғышылық танытқандардың ойы, мақсаты не еді?

А. Е.: Америкадан келген соң бұрын жұмыс істеп жүрген газетім жабылып қалды, сосын интернетомания дертіне шалдыққан кезім ғой…Содан бір күні «Жаңаеуразияның» хабарландыруын көріп, резюмені жолдадым. Маған бұл жоба өте қызық көрінді.
Әрі бұл жобада жұмыс істесең, Прагада өтетені арнайы курсқа қатысасың деді. Сөйтіп, мен жұмысқа қабылдандым, ал жазда Прагада арнайы курс болды. Курсты американдықтар, еуропалдықтар жүргізді. Олар бұл күнде жаңамедияның аталары саналады десем артық айтқаным емес. Көп нәрсеге көзім ашылды. Келе сала, осы нәрсені қазақ жастарына жеткізуім керек деп шештім. Әуелі интернетті жақсы білетін, көзі ашық таныстарымды іздестірдім. Форумдарға «Рамсторда осылай-осылай кездесу болады деп хат жаздым». Сөйтіп алғашқы минибаркэмпке төрт-бес кісі келді: Бақытгүл, Қуаныш, Әділ, Думан, Рахат. Блог бастауды көрсеттім, сосын олар басқаларға айтты. Кейін Бақытгүлдң офисінде тағы бір семинар өткіздік. Күзде Бішкекте семинар болды… Блог жайлы басқаларға түсіндірген кезде, бірінші кезекте адамдардың қызығушылығын байқайсын. Бірақ бәрінде де: «Маған бұл не үшін қажет? Мен онда не жазамын? Менің жеке өмірім бәріне белгілі болады?» деген сұрақтар туады. Блогты тек шын ниеті барлар, Қазнетте қазақша мазмұндағы хабарларды көбейтесек дейтіндер бастады. Қазақстанның 4-5 қаласында 100-ден аса жастарға қазақ тілінде «Блог жүргізудің қыр-сыры» деген тақырыпта семинар өткіздім. Солардың тек 10 пайызы ғана әрі қарай блогты іліп әкетті, осының өзі мен үшін үлкен жетістік.Блог туралы бұрын кісілер аз білетін, бірақ бір жылдың ішінде бұл жайлы қазақ аудитория көп білетін болды. Себебі біз блог туралы айтқанда, сол жаңа медия көмегіне жүгіндік, әрі блогтың жақсы тұстарын: білімді дамытуға жәрдемдеседі, азаматтық қоғамды қалыптастырудағы құрал, қазақ тілінің әлеуетін көтерудің бір құралы ретінде таныттық..

Қазақ тілді Интернет – журналистика соңғы жылдары аз болса да дамыды ма, дамыса оған не ықпал болды, және оның болашағы қандай?

А. Е.: Қазақтілді интернет журналистика болуы үшін қазақ тілінде интернет басылымдар болуы керек. Мен әзірге таза қазақ тілінде ондай интернет басылымды көргенім жоқ. Біздегі интернет басылымдар тек газеттердің электронды көшірмесі. Сондықтан әзірге бөлек онлайн журналистика дегенді қарастырып жатқандар шамалы. Ал блогшылар – олар азаматтық журналистер. Оларды менің ойымша кәсіби журналистермен тең дәрежеде қарастыра алмаймыз. Қазақ тіліндегі интернет журналистиканың белгілері қазір блогтарда көрініс табуда. Сондықтан бұл сала дамиды деген пікірдемін. Форумдарда жүргенде ойлы, тәуелсіз пікір айтатын бірнеше дереккөзді сараптай алатын жандар баршылық. Қазақ тілі интернетте бизнес ретінде қарастырыла бастаған кезде қазақ тілінде онлайн журналистирге нағыз жұмыс табылады деп ойлаймын. Соңғы жылдары саяси ұйымдар қазақ тілді электоратқа назар аударып, қазақтар интернетте көбірек тұтына бастады. Осының өзі таяу арада қазақ тілінде интернет басылымға және онлайн
журналистерге сұраныс артатынын білдіреді.

Сіздің өмірлік принципіңіз қандай, алдағы жоспарыңыз?

Е.А.: Өмірлік принцип дейтіндей көп ұстанымдарым жоқ. Бастысы бар нәрсеммен бөліссем, ол ұлтымыздың дамуына пайдасы тиіп жатса болғаны. Алда бірнеше жобалар бар. Жаңаеуразия жобасын әрі қарай жалғастырамыз. Сосын тағы 1-2 қызықты жобаларды бастағалы жатырмыз, жеке өзіме келер болсам, осы ақпараттық технология саласын тереңірек оқып үйренуді көздеп жүрмін. Себебі біздегі бүгінгі ақпарат саясаты ескі медияның мамандарын дамытуға, олардың сапасын арттыруға пейілді емес.

Бұл сұхбаттан кейін қазақ тілді жаңа медианың болашағы бар және алдымызда(мүмкін, дәл осы жылы) қазақ тілді интернет қолданушыларды жаңа стартап-жобалар күтіп тұр деген үмітте қалдым. Ниет болса, алынбайтын асу жоқ- демекші, алға қойған мақсатқа жету үшін белсенділік пен талап бізде бар деп сенейік.
Осы жазбаны Асхат ағаның тағы бір сөзімен аяқтасам, …

«Менің ойымша, әркім өзінің қолынан келген кішкентай ісін дұрыс атқарса
болды. Бәріміздің илеп жүргеніміз бір терінің пұшпағы».

Advertisements
  1. Қаңтар 12, 2009, 06:38

    Асхат жарайсың! Еңбегіңнің жемісін көр!!!

  2. zhankuier
    Қаңтар 12, 2009, 08:49

    Асхат салем
    Бул Данеш кой бурын Азаттыкта истеген
    Асхат сенен сурайын дегеним блог ашып едим бирак ондагы казакша кариптер дурыс окымайды. Сен бул маселени шеше алдын ба?

  3. Қаңтар 12, 2009, 08:54

    2zhankuier
    сіз мозиланы қолданасыз ба, оны қолдансаныз қаріптерге байланысты еш қиындық болмау керек.

  4. zhankuier
    Қаңтар 12, 2009, 09:07

    Жок, менде Опера мен експлорер
    Ал мозилада расында да проблем жок па?

  5. Қаңтар 12, 2009, 09:09

    менде мозила, барлық әріптер көрініп тұрады.

  6. Қаңтар 12, 2009, 14:17

    Әлия, рахмет осындай мазмұнды, пайдалы сұхбат өткізіп, бізбен бөліскеніңе. Асхаттың қазақ блогосферасының өалыптасуына қосқан үлесі зор деп білемін.

  7. Қаңтар 13, 2009, 06:28

    Әлия, жұртшылыққа блоггингті, жаңа медияны кеңірек насихаттап түсіндірсем деген ниетіңе ризамын! Аллаһ жеңілдігін берсін!
    Дәнеш (аватардағы суретің күшті екен), эксплорердің соңғы нұсқасын жүктеп алып жұмыс істесеңіз бәрі дұрыс болуы керек. Блогыңызға жазба жазғанда Ариал. Тахома қаріп түрлерін қолданған жақсы. Сәттілік тілеймін!

  8. Қаңтар 13, 2009, 09:11

    Асхат ағаға рахмет! Ойларымызды бөлісуге үйретті.
    Әлия сізге де рахмет осындай сұхбат алғаныңызға. Мен ол кісімен кездескен кезде ондай әңгіме қозғамаппын. Бірақ алғаш блогын қалай ашқанын өз блогынан оқығанмын. Әлі де білмей жатқан нәрселерім болса Асхат ағаға звандап сұрап алам 🙂 Ол кісі не ойлайтынында блм, менде мына нәрсе жөнді болмай тұр, жазба қоя алмай жатырмын деп шатағым жоқ звандап сұрап тұрам. Артынан ойлайм: ойбу қолыңыз бос па, маған көмектесе аласыз ба деп айтпайды да екенмін ғой деп.

  9. Қаңтар 13, 2009, 09:57

    Айкона, мен де ол кісінің мазасын алып тұрам жиі)))

  10. Қаңтар 13, 2009, 11:33

    Асхаттың мазасын жиі ала береді екенсіздер ғой 🙂 Бірақ мазасыз боп жүрген Асхатты көрмеппін әліге дейін 🙂

  11. Айко
    Қаңтар 14, 2009, 03:29

    керемет сұхбат екен!
    жақсы қойылған сұрақтар…

  12. zhankuier
    Қаңтар 14, 2009, 07:20

    Асеке рахмет

  13. Акмоншак
    Қаңтар 14, 2009, 10:14

    Асхат агай бизге Медианетте сонгы медиа деген такырыпта сабактарын откизген. Керемет курс болды негизинде. Бизде али де блог туралы билмейтиндер коп кой. Осындай сухбаттар аркылы насихатталуы дурыс шыгар. Асхат агаймен жакын таныс болмасам да улты ушин аянбайтын жан екенин бир коргенде -ак байкагам. Асхат агай артыныздан ерген блогшылар кооооооооооооп болсын

  14. Қаңтар 14, 2009, 10:18

    айтқаныңыз келсін, Ақмоншақ 😉

  15. Қаңтар 14, 2009, 11:29

    Ұялып тұрған екі беті қып-қызыл смайлик.

  16. Қаңтар 14, 2009, 12:09

    Ақмоншақ, Асхат ағайыңды ұялтып жібердің ғой 🙂 Ағайын ұялтқан неткен тәрбиелі шәкірт… Падарокс… Оййй,,,, парадокс :)))

  17. Акмоншак
    Мамыр 9, 2010, 14:41

    «Жаксынын жаксылыгын айт нуры тасысын» демей ме?тарбиели шакирт деп бага бергенинизге рахмет!

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: