Негізгі бет > медиа > Радио үшін қалай жазу керек

Радио үшін қалай жазу керек

Би-би-си журналистері радиожурналистиканың ерекшеліктерін біле тұра, нақты ережелерді қолданады.
Журналистер аудиторияның тек қана тыңдап, ақпарат қабылдайтынына негізделіп, түсінікті, қарапайым тілмен жаңалықтарды жеткізеді.
Олар газет үшін мәтін жазбайды: радиожурналист үшін сөздің әдемілігі емес, түсінуге жеңілдігі маңызды.
Радиожурналистиканың ең басты ережесі – ауызша айтайын дегенді қағазға түсіру. Журналистер күрделі термин мен сөзтіркестерін қолданбауға тырысады.

Редактор Андрей Остальский радио үшін қалай жазу керек.

«Қысқа сөйлемдерді жазсақ та, олардың көлемін алмастыруға тырысамыз, әйтпесе диктордың сөзі, роботтың сөйлеуіне ұқсап кетуі мүмкін».
Би-би-сидің тағы бір ережесі – материалды эфирге жіберер алдында оқып шығу. Егер де материалды оқып, деміңіз жетпесе, кейбір сөздер немесе сөз тіркестері түсініксіз болатын жағдай – материал дұрыс жазылмағандықты көрсетеді.
Сонымен қатар, анықтауыштарды қолдану мен баға беру немесе пікір білдірудің арасында айырмашылықты түсіну қажет.
Баға беретін анықтауыштарды күшейтудің қажеті жоқ. Мысалы, 20 адам қатысқан пикетті «шахтерлердің бұқаралық акциясы» деп атауға болмайды.
Материалда төл сөз орнына, төлеу сөзді қолданған дұрыс.
Ақпарат көзің тыңдарманға хабарлаудың өзі де маңызды. Фактілер мен сандар редакцияның журналистік зерттеу негізінде алынбаса, тікелей қайнар көзін көрсеткен жөн. Мысалы, «Рейтер агенттігінің мәлімдеуінше…».
Радиожурналистиканың тағы бір ережесі – тыңдарманға ҚАЗІР болып жатқанды хабарлау. Себебі редакция тарихты емес, жаңалықтық репортажды жазып жатыр.
Мысалы, мына екі үзіндіге қарасақ, қайсысында қатысу эффектісі басым?
«Өткен түнде ливерпульдің үш футбол фанаты қамауға алынды…» немесе «Үш Ливерпуль футбол фанаты тәртіп бұзушылықтан кейін қазір қамауда…»
Би-би-си жаңалықтың ең маңызды бөлігі – бірінші сөйлем екенін ұмытпайды. Егер де тыңдарман оған қызықпаса, әріқарай тыңдайды деп ойламаңыз. Сондықтан да жаңалықты басынан бастап қызықты, маңызды екенін көрсету қажет.
Материал жазар алдында алға қойған мақсатты анықтап алу керек: жаңалық хабарлау, әңгімелеу, атмосфера жасау, әлде күрделі проблеманы жеткіземін бе? Әр жанрдың өзіндік стилистикасы және ережесі бар.

Advertisements
Санаттары:медиа Кілтсөздері:,
  1. dnatic
    Қаңтар 2, 2009, 07:02

    ооо мынау керемет екен) ол профилардың ақыл сөздері ғой! маған блог жазғанда керек болады 🙂
    Рахмет 🙂

    «Өткен түнде ливерпульдің үш футбол фанаты қамауға алынды…» немесе «Үш Ливерпуль футбол фанаты тәртіп бұзушылықтан кейін қазір қамауда…»
    уахаха 🙂 шыңыменде Джеррартты соттап кетті ғой)))))

  2. Қаңтар 2, 2009, 07:41

    BBC arine profi ^ ^

  3. Tuxedo
    Қаңтар 6, 2009, 04:58

    @-}-}-

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: