«Дала экспресі»

Кеше «Қазақстан» РТРК Қазақ киносының он күндігі аясында «Дала экспресін» көрсеткен болатын.
movieposterРежиссері: Аманжол Айтуаров, Сатыбалды Нарымбетов
Актерлер: Айжан Айтенова, Франсуа Лаббе, Арман Асенов, Нұржұман Ықтымбаев
Ұзақтығы: 1 сағ 30 мин.
Жанры: Драма, Мелодрама
foto-0011
«Пушкиннің “Бекет бақылаушысы” повесі бойынша түсірілген фильм оқиғасы біздің күндерде қазақ даласы мен Францияда өрбиді. Ұшы-қиырсыз қазақ даласында жападан жалғыз қалған темір жол бекеті бар. Кіп-кішкентай үйде жол бақылаушы қызы Сәуле екеуі бірге өмір сүруде. Шексіз даланың дәл жүрегінде жас француз саяхатшысы, жағдайға байланысты пойыздан түсуге мәжбүр болады. Шағын ғана бекетте қазақ тілін білмейтін және қалтасында көк тиыны жоқ Этьен, бас кейіпкердің есімі осындай, біздің халық туралы көп нәрсеге қанық болады. Араларында достық пайда болған Этьен мен Сәуле бір күндері әкесін тастап, шалғайдағы еуропалық елге жол тартады. Ашуға мінген Сәуленің әкесі Айдар қашқындардың артынан қуғынға түседі».
Бұл кинодан кейін кереметтей әсерде қалдым деп айта алмаймын, әрине өзіміздің кино туындымыз болғасын, бюджетке емес, сюжетке көңіл аударасын, ал актерлердің ойыны көңілімнен шықты. Айжан Айтенованың сұлулығын Қыз Жібекпен салыстыруға болатын да шығар, Франсуа Лаббе әдемі француз жігіттерінің типтік образы. dala_ekspresi_viewlargeМазмұнына келетін болсақ, әлеуметтік тақырып. Қыз бен әкесінің арасындағы қарым-қатынас, отаншылдық, дәстүр. Киноның идеясын нақты анықтай алмадым, мүмкін шешесінен айырылған Сәуленің әкесін тастап, Францияға кетіп қалғаны – жастардың ата-анасына деген «құрметін» көрсетеді… Туған жеріне Сәуле әкесі көз жұмғаннан кейін ғана келеді… Орыс классиктер әдебиетінің көзқарасы бойынша айтатын болсам, мұндағы Сәуленің әкесі Айдар – қарапайым теміржолшының тағдыры суреттеледі. Кішкентай бекеттің рельстерін бақылап жүрген жұмысшы қызын не үшін тәрбиелеген…?

Advertisements
  1. АЙКО
    Желтоқсан 23, 2008, 11:40

    кеше қызық болд өзі. Французы түссін, түсіме кіріп, сөз беріп берекемді алды, қашып жүрм кәдімгідей, әәә түрі ұнап қалды-ау шамасы маған түсіме кіргеніне қарағанда 🙂
    кеше ғой деймін аха болғаны, мен бас-аяғынан көрмедім. бірақ кейбір жерлерді көріп қалдым. сонда не анау француз бәлі «асыңды ішейін … нетейін» дегені ме?. ол қыз да топаз екен, ә бірақ әркімнің жолы бар дегендей, кім біледі, шет елге шыққан соң ол жақтағы күнің өзгеріп басқа болар дегендей… мен пас миркрофонды басқа біреуге бердім… алып-қосарым жоқ 60 келген олигархпен бақытты болсын дер едім!

  2. Желтоқсан 23, 2008, 13:45

    рахмет, Айко. Пасты кім қағып алар))))

  3. Желтоқсан 23, 2008, 19:09

    Қағып алуға тырысайын… Көңілдеріңе қалай жағарын… Мені де Қазақстан мен Хабар еліктіріп қойды соңғы күндер ішінде. Бірақ «Дала экспресі» бірінші «кадрлардан-ақ» мені баураудың орнына, кері әсер етті ме деп қалдым… Бастапқы бес-алтын минутынан кейін басқа арнаға ауысып кеттім.

    Ал бұған дейінгі фильмдер бек жақсы дер едім. Әсілі, Нұржұман Ықтымбаев жаңа қазақ фильмдерінде бірегей шал образын сомдаушы кесек тұлға амплуасын жалғыз иемденіп алған сияқты 🙂 Бірақ оның актерлік ойынына өте қатты сүйсіндім. Әдемі береді образдың күйін, ойындағысын… «Қызжылаған» ұнады… Соңындағы Ләйләнің «дұғасы» фильмнің ұрымтал апогейі дер едім…

    «Сталинге сыйлықты» да көрсетті. Бір ұнағаны, «Хабар» «Қазақстанға» қарағанда жарнамасыз көрсетті…

    Негізі, идея өте күшті! Қазақ киноларын осындай науқандар арқылы болса да популяризациялаудан ұтарымыз көп сияқты… Мен енді «Тюльпан» фильмін тағатсыздана күтіп жүрмін…

  4. Желтоқсан 23, 2008, 19:26

    Рахмет, Нұрғиса! мен тв қарамайтыныма енді өкініп қалдым(((( мына кинодан басқасын көрмеппін… көп қызықтан қалған екенмін.

  5. Желтоқсан 25, 2008, 02:56

    Мен де «Қызғалдақты» күтіп жүрмін. «Әкем екеумізді» жұмыста жүріп, үзіп-жұлып көрдім. Соңына дейін көрмеген соң, ештеңе айта алмаймын. Әйтеуір көру парыз тәрізді көрінді. Үйдегі інілерім маған ұйқы бермей «Құрақ көрпені» көріп ішек-сілелері қата күліп отырған. Соған қарағанда ол кино жақсы болған-ау… 🙂
    Телеарналар осы әдемі үрдісінен танбаса жақсы болар еді.

  6. Желтоқсан 25, 2008, 07:20

    иә, өзіміздің жақсы киномызды көрген кезде тек қуанасын.

  7. Айко
    Желтоқсан 25, 2008, 11:26

    Арсик микрофонды тағы алайнч а? 🙂

    Қызжылағанды түк түсінгем жоқ анау жерін көріп қалдым, қызды айттырып келді ғой. жыларымды білмедім, күлерімді білмедім***. Ләйләнің көңілі қызық екен… Мысалға да.., бірақ бала ғой не білсін. цузка анабіреу баланы* ойлап қайтеді? 😦
    Дала экспресіндегі қыз керемет ойнаған, тіптен тап қарапайым ауыл қызы. не ғой осы қазақ қыздарын неге «төменшітіп» қояд? балдарда жүр ғой шет елде «төменшініп» :(. Негізі да қыздарға көп салмақ салмау керек, қайда ұшқысы келсе өзі білетін болсын да!, түк әсер еткен жоқ. бірақ анау шауып келе жатқан қазақ баласына жаным-ашыды. блин сенің алдыңды француз жігіті орап кеткені-ай деп.

    Арсик болдым, келесі адамдарға бер микрофонды, ой мында достарым үнсіз қапты ғой, Айкона, Ақзере, Балдырғандарды айтам. Жә-жә таласпаңдар енді, очредпен айтыңдар қандай кино ұнағанын және несімен 🙂

  8. Желтоқсан 25, 2008, 16:29

    ха-ха, дұрыс айтасыз Айко!!! қазақ қыздары ауылда тұрса да, ондай көйлек кимейді ғой, бірақ ұнағаны, ана қыздың ұзыыын шашы. шет елге барғаны, онда оқығаны, жұмыс істегені әрине жақсы, бірақ сол жақта қалғаны, ал ең бастысы әкесін жалғыз тастағаны…
    жарайды, басқасы не дер екен 🙂

  9. Symbat
    Қаңтар 15, 2009, 08:44

    Мен талай фильмнен құр қалдым 😦 Немене, голливудпен жарысайын деген бе? Аптасына бір фильм түсіретін болғандай ғой, бұл жәйт қуантпай қоймайды 😀

  10. Қаңтар 15, 2009, 09:00

    иә, Сымбат. соңғы көргендерімнен Подарок Сталину өте ұнады, енді Мұстафа Шоқайды қарау керек. 2-і де меломанда сатылады.

  11. KonilAshar
    Қаңтар 21, 2009, 10:12

    мақсатын аса түсіне қоймадым бұл фильмнің
    бірақ бәрібір тым техника жағынан артта қалған фильм сияқты болып көрінді
    Тегі сонша уақыт хабарласпай, әкесі қайтыс болғасын келгені қызық болып көрінді
    Тыс драма қлып жіберген әйтпесе сонша драма қылатын да тақырып емес.
    бала өскесін бәрібір әке шешесінің қасында болмайтыны анық
    бірақ та мына фильмде тегі бір сонша, баласы кәдімгідей өскенше келмей қойғаны қызық екен
    қазір қай кішкене ауылда да байланыс бар, сондықтан бұл фильм меніңше актуальдығын жоғалтқан

  12. Қаңтар 21, 2009, 10:23

    өте дұрыс айтасыз, КөңілАшар. Ауылдағы адамдардың киім киісінің өзі байқасаңыз… қазір аулыдарда үйтіп киінбейді ғой. Қызы қағаз хат жазғаны да сіз айтқандай шындыққа жанаспайды. Ал мақсаты, меніңше бұл қызының әкесіне деген «алғыс білдіргені» сияқты боп кетті, кетсе кете берсің, бірақ неге қашады, неге хабар бермейді, неге одан ұялады(Алматыға келгенде). сонысы әрине қатты батты…

  13. Anar
    Қаңтар 23, 2009, 04:29

    Дегенмен, ана махаббатын кормей оскенд1ктен бе, Сауле маган салкындау кор1нд1. ЭмоциЯсын тым сыртка шыгара бкрмейд1. К1шкене журег1нде акеге деген сагыныш пен махаббат оган деген антисимпатиямен уштасып жаткандай.. канша дегенмен де, кыз ботен журттык кой, оган к1на тагуга болмас.Ен бастысы , туб1р1н жогалтпай, аке -ана аттарын ош1рмесе болганы.

  14. Қаңтар 23, 2009, 07:11

    Анар, сізбен де келісемін. бірақ маған әкесінің халі сондай аянышты көрінгесін айтқаным ғой…

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: