Тви-өмір

Твиттер туралы бұрын да жазғанмын, дәл қазір оның дамуы мен үшін байқала бастады. Қазақстанда тви-қолданушылар көбейді, және жалпы Твиттердің өзінде бұрынғы «Не істеп жатырсың?» деген сұраққа жауап беретін хабарламалардың орнына чаттағы әңгімелерге ұқсайтын жазбаларды көруге болады. АҚШ президенті Обаманың өзі оны қолданады екен (бұл мырза подкасттарды да шығарады). Тви-қоғамдастығы үшін орыс тілінде блог ашылды. Бұнда Твиттердің жаңалықтары, жаңа мүмкіндіктері, қолданушылары және тарихы жайлы білуге болады.

Твиттер арқылы күнде көп ақпаратты естіп жатасың, оның ішінде қажеттісін таңдап, әр қолданушының веб-бет адресіне де сілтеме табуға болады. Мысалы, кеше ғана тви-қолданушылар арасынан бір орыс балеринаны тауып алдым, ол тақырыптық блог жүргізеді екен. Мария Кочеткова қазір Сан Францискода, блогын 2001 жылдың маусым айынан бастап жазады. Репетиция, спектакльдері жайында жазады, сонымен қатар қай қалада, нешеде, фото, видеомен қоса, билет сатып алу үшін сілтеме де жариялайды. Бір жағынан бұл өзіне жасалған жарнамаға ұқсайды, бірақ мен үшін бұл Аспазшының, Журналисттің, ИТ-маманының блогы сияқты жеке веб-бет.

Advertisements
Санаттары:блогинг, медиа Кілтсөздері:
  1. dnatic
    Желтоқсан 17, 2008, 07:39

    менде де тви бар)))))

  2. Желтоқсан 17, 2008, 09:09

    Мен твиттерге қалтафоннан кіремін. Бірақ wap-нұсқада біраз функция жетіспейтін тәрізді.

  3. Желтоқсан 17, 2008, 10:30

    dnatic, сенде бар, бірақ көп қолданбайтын сияқтысын.
    Асхат аға, мүмкін ол үшін жаңа клиентті жүктеп алу керек, мен ол жағын нақты білмеймін, Қуаныш пен Нұргелді білуі керек.

  4. Желтоқсан 20, 2008, 15:55

    ^-^
    Askhat, khaltafonnan m.twitter.com teru kerek, nemese OperaMini arkhyly kiruge bolady! Twitter – mobile servise ghoi:)

  5. Желтоқсан 22, 2008, 16:22

    Нұргелді,мен сол операмен кіріп жүрмін ғой. Туиттердің қалтафонға арналған нұсқасы бар. Былай жақсы. Бірақ битуби таба алмадым.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: