«Махамбет»

Өткен аптада Алматыда «Махамбет» киносының ақпараттық көрсетілімі («Цезарь» және Кино үйінде) болып өтті. Кино туындының авторы Олжас Сүлейменов, ал режиссері Сламбек Тәуекел. Журналист Гүлжан Ерғалиева Олжас Сүйлеменовпен сұхбаттасқан еді («Свобода слово» газеті, №44(188) 20 қараша 2008 жыл), төменде осы материалдан алынған ақпарат.

«Махамбетті» жаңа ғасырдағы алғашқы ұлттық кино деп айтуға болады. «Ал «Көшпенділер» ше?»- деген сұраққа Олжеке бұл киноны Лос-Анжелес пен Қапшағай жасаған халықаралық туынды деп жауап берді.

Кинодағы үш тұлға – Махамбет, Исатай және Жәңгір хан өз уақытының драматургиясын нақты көрсетеді. Жәңгір хан қазақ даласын европалық өмірге жақындатуға тырысты, оның қала, мектеп, ауруханаларды салғызамын деген ойы болды және әйелі Фатимамен Санкт-Петербордан бұрын оспа ауруынан егу жасайды.

Қазіргі тілмен айтатын болсақ, Жәңгір хан – прогрессист. Өмірге деген Фатима мен Жәңгірдің жаңа көзқарасы мен халықтың қаһармандары – Исатай, Махамбет арасындағы шиеленіс арқылы сол кездің негізгі проблемасы көрсетіледі. О.Сүлейменов бұны қазіргі уақытпен байланыстырады, ХІХ ғасырдағы конфликт социализмнен капитализмге өту жолы іспеттес.

Соған қарамастан «Махамбет» – ақын мен Баян сұлудың арасындағы махаббаты жайында кино.

Кино жайлы мына жерде қосымша ақпарат табуға болады.

Advertisements
  1. Қараша 26, 2008, 02:55

    Ұлттық нақышты сипаттай алатын жақсы кино болар деп үміттенем…
    Көретін кинолар тізімі көбейіп барад, қой кинотеатр жағалайын… 🙂

  2. Айко
    Қараша 26, 2008, 03:30

    айтпа Айкон жан, қазақтың киноларына қарық болып жатқан кез дәл қазір …
    көргім кеп кетті, мүлде естімептім тіпті 😦

  3. akzere
    Қараша 26, 2008, 04:26

    Ну блин, Мұстафа Шоқай да шықты. Енді мынау бар… 🙂
    Осында ма Беркут ойнаған?

  4. Қараша 26, 2008, 09:07

    Беркут ойнағанын білмедім, Мұстафа Шоқайдың басты рөлін ойнайтын актер Махамбетте ойнайтынын білемін. Мұстафа Шоқайды да көрген жоқпын, сосын Кек бар емес па, соның бәрін қарамасам…

  5. dnatic
    Қараша 26, 2008, 15:30

    қашан кинопаркте болады? 🙂

  6. Қараша 26, 2008, 15:38

    сізге әдейі айтамын, болар кезде, соншалықты қызығушылық танытсаңыз ^ ^

  7. Қараша 27, 2008, 13:54

    Мәә, Қазақфильм байып кеткен бе, жоқ күчти спонсор табылған ма? Обшым мен талай кинодан құры қалғандаймын.. За то мен Ұлжан деген немістер түсірген қазақ қызы туралы фильмді көрдім! 😛

  8. Қараша 27, 2008, 14:57

    байығанын білмеппін, ал Ұлжанды қайдан көрдіңіз?

  9. Қараша 28, 2008, 09:47

    Журналистер қауымы арасында «Махамбетті» сынаушылар көп. Бірінші кезекте әртістер сәтті таңдалмаған дейді. Эстрада жұлдызы (қазақ эстрадасында көбіне қыздардың жүрегін жаулаушы бейне ретінде қалыптасқан әнші) қалай да ұлт қаһарманы образында қабылданбайды деушілер бар. Жеке пікірімді айтуым үшін фильмді көруім керек. Қалай десек те қазақша фильмдер көбейе берсін. Бірінші саны көбейсін, сосын сапасы сұрыпталар. 🙂

  10. Қараша 28, 2008, 09:50

    ммм, Ақзеренің Беркут ойнағанын айтқаны сол ғой… Сын міндетті түрде айтылу керек қой 🙂 онсыз болмайды. Көру керек енді.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: