Негізгі бет > медиа > Материалды аудару жайында

Материалды аудару жайында

Британдық корпорацияның келесі сабағы тәржімаға арналған. Қазақ блогшылары үшін бұл ақпарат пайдалы болады деп ойлаймын, себебі көбісі аударма жұмысымен тікелей болмаса да, ұшырасады. Мысалы, өз басым, орысшадан қазақшаға аударумен көп уақыт өткіземін. Және төмендегі  проблемаларға жиі көңіл аударамын.  

 

Бұл кез келген елдегі ВВСдің меншікті тілшінің, не корпорацияның орталық қызметімен жазылған жаңалық немесе белгілі саясаткердің сөзі болуы мүмкін. ВСС үшін оқылған немесе естіген сөзді дұрыс түсіну аз, құрылымы жағынан дұрыс аудару да маңызды.

 

Редактор Андрей Остальский тәржімада кездесетін қиындықтар жайында

 

Аудармашы сияқты тек қана бір ақпаратты басқа тілге аударумен шектелмей, тілдік нормаларға да сай материал дайындау қажет. Әрине, бұл кезде тілдік және стилистакалық қиындықтар туындайды, мысалы, шет ел сөздері, терминдер; оларды тура аударуға болмайды, сондықтан да лингвистикалық тәсілдер арқылы ақпараттың мәнісін ашуға тырысқан жөн.

Кейбір кезде «калька» арқылы ақпаратты ұсынуға тура келеді, яғни тілге жаңа сөздер мен терминдерді енгізу. Мысалы, «ресейлік девелоперлер бірнеше ірі құрылыс жобаларының тоқтатылуы жайында айтты».

Немесе мынандай жағдайда: «американдықтар өзінің әскери базасында ерте хабарландыру жүйесін (early warning system) орнатты», яғни жаңа термин үшін тілдік ресурстарды осылайша қолдану.

Сонымен қатар, тілде нақты анықтамалардың жоқтығынан қысқа да нұсқа жазуда қиындықтар туғызады.

Радиожурналистикада өзіндік тілдік және жанрлық ерекшеліктер бар. Мысалы, репортаж үш минуттан аспау қажет. Бірақ оның авторы жоғарыда аталған проблемаларға тап болса, контекст немесе ұзақ түсіндірме жасайды. Кейде ағылшынша екі-үш фразамен айтуға болатын нәрсені басқа тілде бір абзацпен түсіндіруге тура келеді. Сондықтан ВВС ағылшын мәтіннен негізгі ойдың мәнісін қысқартпай, қажет ақпаратты аударып, соған қарамастан, материалды созылынқы жасамай, түпнұсқаға жақындатуға тырысады.

Advertisements
Санаттары:медиа Кілтсөздері:, , ,
  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: