«Торғай газеті»

1869 жылы қаңтарда Орынбор және Сібір ведомствосына қарайтын территория қайта құрылды. Бұл жер Торғай облысы деп аталып, құрылымына 4 уезд, 28 болысқа қарайтын облыс болған. 1879 жылы Орынборда облыстық басқарманың газет столы құрылып, оның ресми органы шыға бастады. 1895 жылы бұған қосымша ретінде «Тургайская газета» деген атпен ресми емес бөлімі 15 жылдай шығып тұрды. Онда Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсариннің еңбектері, өмір жолы жарық көрді. Материалдар қазақ және араб әріптерімен жиі-жиі қазақ тілінде беріліп отырды. Жалпы, таза қазақ тіліндегі материалдар жариялау осы «Тургайская газетадан» бастау алған. Сыни мақалалар, фельетондар, ауыз әдебиеті үлгілері жарық көрген.

Торғай облыстық басқарма газет столының бастығы Ә. Балғымбаев болды. Ол өзі де мақалалар жариялап тұрған. Сондай-ақ қазақ тілінде шыққан материалды орысша газеттерге де аударып отырған. Оның публицистік қызметі «Торғай газетінің» 1895 жылы 45 нөмірінде «Қарабұт-ғы қыздардың орыс-қазақ училищесінің ашылуы» мақаласынан басталады. 1904 жылы 48 санында «қырғыз» (қазақ жұртының очерктері) «Бесіктен молаға дейін» фельетоны жарық көрді. Сонымен қатар халық ертегілері шығып отырды. С. Сейфуллиннің де біраз мақалалары жарық көрген.

Advertisements
  1. Желтоқсан 19, 2013, 12:00

    Журналист болу арманым!

    Шеңгелі мол, тұмса тағдыр сынынан кім қашып құтылған. Үкілеген үміт сәулесі асқақ армандар қаласына жетелейді. Ал мен армандаған қалашық құлқының емес ұлтының қамын күйттер өлке. Ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуына бірден – бір зор ықпалын тигізер, бұқаралық ақпараттың біздің елімізде төртінші санатты алатындығы да осыдан болар. Бұл орайда елдің ертеңгісі мен бүгінгісін саралап, мұңын – мұңдап, жоғын жоқтайтын тілшілердің еңбегі ерен – ақ.
    Бұл ретте Уистон Черчильдің мына бір қанатты сөздері ойыма орала кетті. «Ешкім де жазушылардың қабілет – қарымын өзінің еркіне қарама – қарсы келетін күреске айдап сала алмайды. Оларды өз таңдауы бойынша бастаған күрестен тоқтата алар реңде жоқ. Олардың қаламы – адамдар мен ұлттарды азаттыққа шақырушы ұлы күш. Олардың санасынан ұшқан еркін сәулелерді қандай сыйқыр шынжыр да матар. Ешбір кедейшілік тұсар ешқандай бір кеден бөгеті тоқтата алмайды» – деген екен.
    Жарығы, жылуы бар сөздер әрине ұзақ жанады. Елімізге белгілі қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков бірде «Әдебиетіміздің көне тарихы жаңа аяқтанған бота секілді» – деген екен. Бәлкім, ол дұрыста шығар. Сан қилы сүрлеу – соқпақ, қиямет – қайымы мол, құмбыл күндерді еңсергендігі бұл пікірге саятындай. Заман ағымы шідерлеулі тұрған шындық шынжырын үзу әркімнің қолынан келе бермесі хақ. Ұлылығын ұлықтар ұлт ұрпағы ғана бұл жайға селсоқ қарамасы анық. Асыл құндылықтарымызбен қайта қауыштырып ұлттың ұлжандылық өресімен өзіндік үн қосу һәм дара пайымын қалыптасуына септігін тигізеді.
    Тарихынан тылсым сыр шертетін қасиетті дархан өлке – дана абыз сықылды. Небір керім күндердің куәсі тұңғиық сыр көмкерген тылсым ғаламшар. Сол ғаламшар сырын білсем деп үңілген қай жан болмасын бұл абызға соқпай кетпейтіндей.
    Елім тілім дінім деген өр рухты өрендер өресін өрге өрлетіп қиялына қанат бітіретін осы тылсымға толы дүние емес пе? Біздің кей аңғара бермейтін тұстарымызды Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүние» – деп толғауы да заңдылық шығар ендеше. Бізге дейін қыбыры мұң – дүбірі мың тарих парағы сан мәрте жаңарса да бұқара халық жадында сақталғаны рас.
    Шерменде болған шежірелі өлке тынысымен таныстырып, еміс – еміс ұмыт бола бастаған есімдермен табыстырар ұлт үн – жариясы ақпарат саласы қым – қуытты. Алаш арысы, сом тұлға Ахмет Байтұрсынов «Газет халықтың көзі, құлағы һәм тілі» – деп бағалағаны осыдан болар. Қаржы бөліп тастауға қауқары болмаса да, қаламын қару еткен ұлтжанды жандар. Дүрбелеңген дүние дүлей дауылдай әр жылын сағымдай самсатып сағынышын тиеп – сықап алып барады. Бір кем дүние десеңізші…

    Ерхан Молдағалиев
    «Жүрек сыры» – кешінің авторы
    Арқалық қаласы

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: