Негізгі бет > медиа > Оқиғаға баға беру

Оқиғаға баға беру

Төменде айтылып өткендей, ақпарат берудегі объективтілік пен бейтараптылықты сақтау Би-би-сидің маңызды редакциялық принципі болып саналады. Олар проблема, оқиға, құбылыстарға өзіндік пікірін, бағасын бере алмайды. Мәселелерді талқылау – олардың күнделікті жұмысы, сондықтан бағалауыштық сөздерді қолдануда қиындықтар жиі болып тұрады. Әрине, әр оқиғаны жариялау кезінде өз көзқарасын байқамай білдіруі де мүмкін. Cуық соғыс бітсе де, қазірдің өзінде кімді қарақшы, ал кімді бүлікші немесе бостандық пен тәуелсіздік үшін күрескер деп атау туралы даулар көпке созылады.


Редактор Андрей Остальский сөздерге жүктелген жауапкершілік жайлы.

 

 Мысалы, редакция «банда құрылымдары» деген терминдерден аулақ және өзіне жағымсыз семантикалық  жүк артатын сөздерді қолданбауға тырысады. Қылмыстың нақты мінезін анықтайтын сөздерді, мысалы, «жанкешті», «ұрлаушы» деп атағанды жөн көреді.

Сонымен қатар, тек қана БАҚ өкілдері ғана емес, кейбір елдердің үкіметі де «террорист» деген сөзге оқырманның реакциясы жайлы біледі. Би-би-си журналистері бұл сөзді қолданбайды, тек қана біреудің цитатасы арқылы жаза алады, ал оқырман кімнің кім екендігі жайлы өзі қорытынды шығарады.

Осы сөз оқырманның оқиғаларды түсінуге кері әсер етеді екен.

 ВВС біреудің сөзін не сөз тіркесін қолданудан аулақ және ақпарат берудегі стиль мен мәнерде өз ерекшеліктерін үнемі сақтайды. Мысалы, құқықтық және процессуалдық нормалар сақталмаған жағдайда «босату», «әскери сотқа беру» немесе «сот шешімін орындау» деген сөздерді қолданбау.

Тағы да, «барлаушы» мен «шпион» деген сөзді пайдаланбау, себебі барлаушы өзіміздікі, ал шпион жаудікі сияқты болып естіледі. Сондықтан да бейтарап «арнайы жұмыс қызметкері» немесе «жасырын агент» деп жазады.

Сондай-ақ бағалуыштық сөздерді қолданған жағдайда сөздің қандай эмоция туғызатынын білу қажет.

Мысалы, АҚШтағы 2001 жылдың 11 қыркүйектегі болған қасіреттен кейін «медресе» деген сөз үрей туғыза бастады. Араб тіліндегі осы сөзді мұсылмандардың діни мектебі ретінде емес, кейбір ислам радикалдарының идеологиялық дайындығы деп түсінген және араб оқушылары осындай мектептерде білім алатыны жайында хабарсыз адамдар болған екен.  
Сол себептен, Би-би-си кейбір сөздерді аса сақтықпен пайдаланып, әр сөз қандай ассоциация тудыратынын ойлап отырды
.

Advertisements
Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,
  1. Қараша 13, 2008, 16:41

    Сіздің блог Иттірлік блогынан да асып түсе ме деген ой пайда болып жүр соңғы кезде…

  2. Қараша 19, 2008, 20:15

    неге, Руслан, неге??????

  3. Қараша 22, 2008, 15:31

    «Многозначительно молчу, и дальше мы идем гулять…»
    (с) Виктор Цой, кейінірек Мумий Троль… 😀

  4. Қараша 22, 2008, 17:12

    :)) жақсы, «асып түсу» деген жақсы мағынада қолданылды деген зор үмітім бар.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: