Негізгі бет > медиа > Би-би-сидің объективтілігі

Би-би-сидің объективтілігі

 

Объективтілік – Британдық  ақпарат тарату корпорациясының негізгі принциптерінің бірі. Объективтілік – Би-би-си редакциясының маңызды құндылығы мен парызы деп саналады.
Ол корпорация мен аудиторияның арасындағы қарым-қатыныстың негізінде құрылған. Бұл принцип теле- және радио эфир үшін де, коммерциялық  сипаттағы журнал өнімдердің де, интернет сайттың жаңалықтарын жазу үшін де бірдей дәрежеде қолданады.

Би-би-си хартиясы бойынша корпорация Ұлыбритания мен бүкіл әлемдегі оқиғаларды бейтарап және объективті жариялайды. Күрделі проблемаларды немесе дау туғызатын оқиғаларды тәуелсіз көзқараспен және ұқыптылықтың арқасында жарыққа шығарады.

 
Редактор Андрей Остальский бейтарап жазу жайында.

 

Би-би-сидің хартиясында жазылғандай, корпорация саяси, экономикалық  және қоғамдық өмірге қатысты мәселелерге өзіндік пікірін білдіруге немесе баға беруге қақысы жоқ.
Сондықтан бағдарламаларында кез-келген мәселеге қатысты бірнеше көзқарастардың және ұстанымдардың бар болуы заңды.

Яғни, эфирде қарамы-қарсы көзқарастар көрсетіледі. Сонымен қатар, кейде нақты бағдарламада проблемаға қатысты белгілі бір аспектті көрсетіліп, бір тараптың көзқарасын ұсынады.

Бірақ бұл корпорация басқа көзқарастардың бар болуын жоққа шығарады деген сөз емес. Екінші тарапқа да өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беріледі.

Материалдың құрылымы  және оны ұсыну екпіні редакциялық құндылықтарды қамтиды. Би-би-сидің дикторлары, бағдарлама жүргізушілері  Би-би-си «дауысы» және «беті» болып саналады, олардың жұмысы аудиторияның объективтілікті қабылдауында маңызы зор.   
Өзіндік кәсіби міндеттерін атқару процессінде, сонымен қатар сыртқы, ішкі саясаттың проблемаларын жария еткенде журналистер өз материалдарында эфирлік көзқарастар мен журналисттік зерттеу барысындағы нәтижелердің негізінде объективті қорытынды шығарады.
Бірақ корпорация журналистері эфирде талқыланатын проблемаларға қатысты өзіндік жеке пікірін білдірмейді.
Кейде олар жағымсыз реакция туғызатын интервью алуы да мүмкін.

Бірақ осындай интервью алдында аудиторияның қызығушылығы есепке алынады. Би-би-си үшін редакциялық ережелер әрқашан да бірінші орында.

Әрине, сарапшы, ғалым, журналист немесе басқа БАҚ өкілі кейде объективті болмауы да мүмкін, сондықтан да, мысалы бір сарапшыдан интервью алар алдында, оның қандай ұйымның көзқарасын немесе позициясын айтып отырғанын түсіндіреді.

Advertisements
Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,
  1. akzere
    Қараша 7, 2008, 05:28

    Әлия, Би-би-си-дің бесплатны агенті болып кеткенсің ба? Әлде все-таки платны ма? 🙂

  2. Қараша 7, 2008, 06:11

    Ақзере, тегін ғой, тегін)))) әзірге тегін әйтеуір.

  3. Қараша 8, 2008, 14:07

    Жақсы мақала. Қазір жолдастарыма көрсетейін.

  4. Қараша 8, 2008, 14:11

    О, Руслан, шын ба 🙂 менің бибиси арқасында жұлдыз болуға мүмкіндігім бар екен)))

  5. Қараша 8, 2008, 14:24

    Ия, осындай тақырыптар туралы сұрап жүрген адамдар бар еді. Фотография өнері, объектив, вспышкалар туралы.

  6. Қараша 8, 2008, 14:31

    мен фотоаппараттың объективі туралы жазған жоқпын негізі)))) ол ақпаратқа байланысты объективтілік. фото өнер жайлы блогтардан тек осыны білемін http://lomography.kloop.kg/

  7. Қараша 8, 2008, 17:41

    BBC журналистік стандарттары шынымен де уақытпен мойындалған дүние. Көп пайдасы бар жазба. Жалғасын күтеміз. Рахмет, Әлия!

  8. Қараша 8, 2008, 19:19

    бәрі де сіздер үшін *деп қояд өзіңше* :))

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: