Негізгі бет > блогер, медиа > Award.kz 2008-ге кім қатысты?

Award.kz 2008-ге кім қатысты?

Биылғы «Award KZ 2008» ұлттық интернет жүлдеге қатысқан сайттар саны аз болмағандығын жақсы білетін шығарсыз. Біз солардың ішінен «Мемлекеттік тілді ең үздік сайт» атты номинацияға тоқталып, осы жүлденің үміткерлері жайлы айтып өтейік.

 

  Кез-келген бір сайтты қандай критерийлер бойынша бағалау қажет? -Дизайн, юзабилити, құрылым, новигация, контент, сонымен қатар беттің жүктелу уақытына да көңіл бөлу артықтық емес. Бірақ дәл ана тілімізге арналған номинацияға осындай өлшемдерді қолдану өкінішке орай әлі ерте екеніне көзіміз жетті. Үміткер саны көп, ал сапасы…?

Сонымен, веб-дизайнға ешқандай қатысымыз болмағасын, қарапайым интернет қолданушылары ретінде осы сайттарға шолу жасасақ.

Мемлекеттік тілде «сөйлейтін» сайттарды бірнеше негізгі салаға төмендегідей бөлейік:

Банктер: Халық, Цесна, Қазкоммерц және БТАның виртуалды мекендері бір-біріне ұқсас деп айтсақ, қате болатын шығар, бірақ бәрі дерлік өзіндік имидж үшін жасалған. Әйтеуір жақсы банктің өз сайты болған дұрыс деген қажеттіліктен туындаған бұлар өзінің қызметтерімен таныстырып, жаңалықтарын анда-санда іліп, мерекелермен құттықтауға ұмытпайды, бірақ одан әрі бара қойған жоқ, солай болған заңды да шығар. Ал Темір мен Альянс банктердің қазақша баламасы мүлдем жоқ. Шолу кезінде тағы бір байқағанымыз, кейбір сайттардың мультитілділігі шын мәнісінде жоқ. «Қаз» сілтемесіне бассаңыз, «қате» деген жазуға тап боласыз немесе баяғы орыныңызда қала бересіз, сондықтан «бет әлі әзірленуде» деген жазба қайта иман таразылық екен. Айта кететін тағы бір жайт, Қазкоммерцбанктің ребрендингі белгісіз себептермен қазақ тілді баламасына жетпеген (бүгінгі логосы осындай, ал қазақ тілді бетінде бұрынғы лого ).  

 

Демалыс орындар: бұл көпшілік үшін қажет сайттардың бір саласы. Себебі басқа қалаға демалуға немесе қызмет бабымен баратын болсаңыз, сол жақтың мәдени өмірін білуге тырысасыз. «Біркөлік»  санаторий-профилакторийдің әлемторлық мекені жарнамалық, яғни видео мен суреттер, мекен-жайы, байланыс телефоны бар, қалған бірнеше сілтемесі бос. «Сарыағаш» шипажайының сайты алдыңғысынан керемет асып тұр деп айта алмаймыз; «жолдамаға тапсырыс беру» деген сілтемесі бар, бірақ ішінде ештене жоқ. Негізі алдын ала интернет арқылы тапсырыс беру деген өте қажет нәрсе. Бос орындардың бар-жоғын анықтап, оларға онлайн тапсырыс беріп, жауабын электронды пошта арқылы алу өте ыңғайлы, мысалы жүлдеге қатысқан «Қазақстан»  қонақүйінің үш тілді сайтында нөмірге бронь салуға болады. Көңіл көтеру тақырыбын жалғастыратын болсақ, «Виртуалды Шымкент» және Астаналық сайт біздерге жергілікті кафе, ресторан, кино сияқты қызметтердің адрестерін және қысқаша мәліметтерін ұсынады. Сайтта форум да бар. Бірақ, астаналық киноафишаның рецензиялары қазақ тілінде болса, шымкенттікі орысшадан аударылмаған.

 

Жеке парақшалар: олардың иелері қазақ блогшыларына таныс Нұрғиса Асылбеков, Дәурен Көбеев және Нүркен Тоқаев. Бұл блогтардағы ақпарат өзінің тематикасымен, стилімен, қызықты мағлұматтарымен көзге түседі және имидж немесе қажеттілік үшін емес, оқырман, яғни біз үшін жазылғандықтан, басқа сайттардан құнды болып көрінеді. Журналист Тоқаев блогын жиі-жиі жаңалап, дизайның өзгертіп, жеке хостқа көшсе, блогы жеке веб-бет емес, онлайн басылым деген дәрежеге де жетуші еді…

 

Әлеуметтік жүйелер: бұл категорияда танымал «Мәссаған» ұлттық порталы және «Солай де» мен екі тілді «Махаббат.КЗ» танысу сайты қатысқан. Үшеуінің мақсатты сегменті жастар болса да, әр жобаның өзіндік ерекшелігі бар, яғни әр пайдаланушының таңдау еркіндігі бар; бағыт, стиль, контент жағы да әрқилы.  

Мемлекеттік қызмет: Облыстық, қалалық, аудандық әкімшіліктердің сайттары ішінен қарағандылықтар басым болды. Жаңалықтар екі тілде де бір уақытта жаңалатын секілді, тек кіруші саны көп емес; әдетте бұндай виртуалды мекендер де қажеттіліктен пайда болады. Негізі, жүлдеге қатысқан мемлекеттік сайттардың бәрі бір-біріне ұқсас бола тұра, арасынан Жамбыл облысының Ішкі Істер Департаменті ерекше көзге түседі. Жаңалықтар мен суреттердің жаңалануынан сайтта өмір бар екені көрініп тұр.

Әуен ресурстары: Award-қа қатысқандардан «Мәссаған» мен «КЗмузон». Шынымен де сапалы, жақсы ресурстар. Мp3 форматында әндерді жүктеуге арналған музыка архиві «КЗмузонның» болашағы зор деп сенейік. Жалпы музыка туралы айтатын болсақ, жүлдеге қатысқан «Magic of nomads» тобының сайтын ерекше атап өткіміз келеді.  Үш тілде, бірақ басқы беті қазақша. Этника стилінде жасалынған дизайн, топтың дискографиясы мен кейбір күйлерді тыңдауға мүмкіндік беретін сервис әр қазақ пайдаланушысын қуантады.

 

Әдебиет/кітапхана: Қазақ тілді интернетте әдебиет пен мәдениетке арналған сайттар бар болғанымен, олардың кіруші саны әлі де болса аз, бір жағынан сайттың әкімшілігі де материалды жаңарту, әрлеу жұмыстарына аса назар аудармағандығының салдарынан болар. (Қатысқандар http://library.kz.iatp.net/ , http://kalamger.kz.iatp.net/ ,  http://baigut.kz.iatp.net/ )

 

БАҚ: бұл салада қатысқан сайттар өзінің кәсібилігімен бірден көзге түседі. Әрине, жылдар бойы ақпарат қызметінде еңбек етіп жүрген «Азаттық радиосы» мен Республикалық Телерадиокорпорация «Қазақстанға» төмен баға беру мүмкін емес.

Биылғы Award-қа қатысқан басқа да көптеген үміткерлер бар еді. Мысалы  http://www.ucoz.ru/ хостерінде жасалған беттер. Оларға тән кемшіліктер: мазмұн сапасының төмендігі, модераторлардың форумға бей-жай қарайтындығы, ақпараттың мардымсыз орналасуы. Ал мультитілділігі бар ресми сайттардың қазақша беттерінде баннерлік жарнаманың орысшадан аударылмауы әрине тағы жақсы емес. Сонымен, Ұлттық жүлдеге үміткер болам деген сайттар өзінің күшімен, яғни сапалылығымен ерекшеленіп, оқырман үшін қызықты контент,  әрі ыңғайлы интерфейс жасауға ұмтылса, еліміздің қазақ тілді пайдаланушылары да оларға оң баға беретіні сөзсіз.

P.S. осындағы «біз» дегенім-өзім; шолуда тек қана өз пікірімді білдірдім. Ә.С. 

Advertisements
Санаттары:блогер, медиа Кілтсөздері:
  1. Dnatic
    Қараша 2, 2008, 05:51

    сонымен, кім жеңді?

  2. Қараша 2, 2008, 09:46

    нәтижесін осы айдың ортасында жариялайды.

  3. Қараша 2, 2008, 16:08

    Жарайсың! Өте жақсы шолу! Біраз жаңа сайттарды біліп қалдық. Биыл десе де блогтар аз қатысты. Келесі жолы қатысушы блогшылар саны көп болар деп үміттенемін. Айтпақшы, Нұрғисаның блогы есемес дауыстар бойынша қазір бірінші орында тұр (!). Интернет дауыс бойынша үздік ондықтың ішінде (!). «Көрермендер көзайымы» болып қалуы ғажап емес…

  4. Қараша 2, 2008, 16:15

    Рахмет, жақсы жаңалық! Жылдан жылға қазақ тілді сапалы сайттар көбееді деген үміттемін.

  5. Қараша 2, 2008, 20:21

    Дәруішөлген автономиясының протонды үкіметтік порталы бірінші орын алуы керек еді, қап. Просто кештеу ашылып қалды да.

  6. Қараша 3, 2008, 04:01

    дегенменде қарап отырып Оңтүстік қазақстан облысының сайттарының көп екен байқап қалдым.
    Солай де мен Мәссаған үшін дауыс берген ем…

  7. 666aiko999
    Қараша 3, 2008, 06:14

    Руслан сенде прям, нетесің-ау. Ол жерде өкіметті наққа жіберген ғо 🙂 …
    ки*ки*к Авардқа келесі жылы мен ұсынып көрмеймін бе? 🙂

  8. akzere
    Қараша 3, 2008, 08:28

    Нұрғиса жеңу керек!!!

  9. Қараша 3, 2008, 09:17

    Айко, келесі жылы сіз туралы жазатын болайық(сіз үшін дайыс берейік). Мәәә, мен блогымының туған күні жайлы енді есіме түсірдім, 1-қарашада 1 жыл бопты. ұмытып кеткенім-ай %)

  10. Қараша 3, 2008, 09:37

    Туған күніңмен, ARSENAL777!
    Блогың бір жасқа толған жанға ұқсамайды. Мүлдем ұқсамайды 🙂

  11. Қараша 3, 2008, 09:40

    Рахмет, рахмет 🙂 неге ұқсамайды?
    айтпақшы, сіздермен танысқаныма да 1 жыл болыпты. «уақыт деген жүріп келе жатқан арбаның дөңгелегі»

  12. Қараша 3, 2008, 09:43

    Бірге толған қарт блогтардың біріне ғұмыры баянды болсынды алдымен айтып алып, сосын блог басқарманына таудай талап, біліктілігінің одан әрмен ұшқырлана түсуін тілейін де, қорытындылай келе, жүргізіп жүрген блогыңның стилі тың, контенті деректі фильмнен кем соқпайтынын ескере отырып, осыған дейінгі атқарылған орасан еңбекке оқырмандардан алғыс білдіруге рұқсат болсын!!!! 🙂

  13. Қараша 3, 2008, 09:46

    Блогыңның жарыққа шығу датасына орайластырылып, блогшылар болып «Жайлауға» пикникке шығып қайтпақпыз, Әлия! Ілессейші бізге?! 🙂 http://nurgisa.dosym.kz/?p=534

  14. Қараша 3, 2008, 09:48

    Көп рахмет, Нұрғиса! 🙂 тырысамыз.
    Сіздің блогыңызға да жеңіс тілей отырып, жүлденің қорытындысына қарамастан, үздік/бетке ұстар блог ретінде әрқашан оқырмандарын қуанта берсің деп айтқым келеді.

  15. akzere
    Қараша 4, 2008, 03:47

    Әлия, бұл қуанышқа жеке тақырып арнау керек… срошны!!! 🙂

  16. 666aiko999
    Қараша 4, 2008, 06:05

    құтты болсын туған күн!
    Блогшыларды жиған күн!

    Арсенал блогың сенің ураган! 🙂

  17. Қараша 4, 2008, 07:22

    Рахмет қыздар 😉 осылай құттықтап жатқандарына өте қуаныштымын. бірақ басқа проблемамен жүріп қалдым да, қарашаның бірі күні мүлдем ұмыттым. Алла қаласа, әлі де тойлаймыз!

  18. Қараша 4, 2008, 11:28

    Той десе, қу блог домалайды…

  19. balgyrgan
    Қараша 6, 2008, 04:32

    Блогыңның туылған күні құтты болсын!!! Жаңалықтарға толы болсын! Оқырмандардың шоғыры болсын!

  20. Қараша 6, 2008, 07:09

    Рахмет, Салтанат. Сізге де тілерім осы 😉

  21. Қараша 20, 2008, 06:52

    Ой мен кеш көріп қалдым. Блогыңыздың бір жасқа келуімен! Жақсы жазбалар, пікірталастар тілеймін!

  22. Қараша 20, 2008, 07:02

    Рахмет, Айкона 🙂

  1. Қараша 19, 2008, 20:12

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: