Негізгі бет > медиа > Би-Би-Си тілі

Би-Би-Си тілі

Интернет БАҚ тілін сөзсіз өзгертті. Лингвисттер мен журналистер үшін «интерент тілі» деген құбылыс пайда болды. Тіл тірі организм болғандықтан әр уақытта дамиды, эволюциядан өтеді. БиБиСидің журналистері тілдің өзгеріске ұшырауын қадағалап отырады және неологизмдерге көп көңіл аударады.  Би-би-сидің веб-сайттары корпорацияның басқа да қызметкерлері сияқты редакцияның құндылықтары мен ережелеріне сәйкес материалдарын жариялайды. Мұндағы редакциялық прициптерінің ең бастысы-объективтілік пен байбаламсыздық(яғни бейтараптылық.Ә.С.).
Би-би-сидің редакторы Андрей Остальский тілдік ерекшеліктер жайында мына видеода сөз қозғайды. «Сонымен, интернет-журналистиканың өзіндік ерекшеліктері мен логикасы бар. Мысалы «Жақсы жазу – бұл зеріктіретін міндет емес, бұл қажетілік». Компьютер мониторынан оқу газетке қарағанда қиындау. Осыны түсініп, ерекше стиль жасаймыз, оның негізінде қысқа фразаларды қолданып, материалдың көлеміне де көңіл бөлеміз. Интернеттегі оқырмандардың көбісі мәтінді тез көз жүгіртіп қарай салатындықтан біз олардың назарын аудартуға тырысамыз. Қысқа тақырыптар, қысқа және ұғыныңқы сөйлемдер. Жарияланымды қызықты етіп шығаруға веб-дизайн және мәтінді әрлеу әдістері көмектеседі.

Материалды құрастырудың да өзіндік ережелері бар.Жаңалық немесе сараптамалық мақала болса, оның қажеттілігін және маңыздылығын ең басында айтып өтеміз(төңкерілген пирамида жайында айтып отырған сияқты Ә.С.). Ал осы жаңалық не проблемамен байланысты жалпы фактілерді соңғы абзацтарда ұсынамыз.

Материалды жазған кезде өзіміздің стилімізге сай тіл және ақпаратты ұсыну мәнерімізді қолданамыз. Клише фразалардан, бағалауыштық сөздерден аулақ болуға тырысамыз. «Жақсы» және «жаман» деп жаңалықтарды бөлмейміз. Мысалы, банктегі есеп мөлшері қысқартылса бұл ипотекалық несие төлейтін жылжымайтын мүлік иелері үшін жақсы жаңалық, бірақ жинақтандыру банкінде салымы бар адамдар үшін бұл жаңалық жақсы емес.  Сондықтан да біз тек қана оқиғаға байланысты мағлұматтар жеткіземіз, ал оқырмандар көзқарастырына байланысты жаңалықты өздері бағалайды.

Сапалы жазылған мәтін немесе репортаж ешкімге де зиян келтірмейді, сондықтан қатесіз және қызықты жазу – біздің аудитория ықыласында».

P.S. Би-би-сидің осындай бір сабағы алдағы жұмысыңызға көмек болар деген үміттемін.

Advertisements
Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,
  1. Қазан 29, 2008, 11:38

    Осыны жазғаның дұрыс болыпты, Әлия. «Мен қашан аударып ілер екенмін?» деп жалқауланып жүр едім.
    Былтыр блогингге байланысты он-лайн курсқа қатысып едіңдер ғой. Соның сабақтары да сақталса, жариялашы. Өте пайдалы болар еді…

  2. Қазан 29, 2008, 13:51

    Мен ондай курсқа қатысқан жоқпын, материал менде жоқ. сізде болса, аударайын. Ал мына сабақтарды әрі-қарай жалғастырамын.

  3. Қазан 30, 2008, 11:25

    mende materildar bar, khazir zhiberemin

  4. Қазан 30, 2008, 13:42

    Рахмет, Нұргелді 😉

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: