Қазақстан әйелдері

 «Қазақстан әйелдері» журналының тарихы жайында айтпас бұрын, өмірімнен бір қызық дерек келтірейін. Мүмкін сіздер сенбессіздер, бірақ Мегалайнға қосылуым осы журналмен тікелей байланысты. 3-курста оқып жүргенде(2007 ж.) оқу залында осы журналды ақтарып отырғанмын, бір кезде қызыл бояуы бар үлкен жарнамаға үңілдім:«Қазақтелеком лимитсіз интернет қызметін ұсынады, интернетке қосылған кезде телефон бос болады, жылдамдығы жоғары» екенін жарнама мәтінінен оқып, бұрын қайда қарап жүргенімді білмеймін, басқа жарнамаға көңіл бөлмегендіктен бе, әлде,…әйтеуір тура осы күні Қазақтелекомға барып, бірнеше күннен соң Мегалайнға қосылдым.

Басында Қазақстан КПОК-нің әйелдерге арналған қоғамдық саяси және көркем-әдеби, ай сайын шығып тұратын журналы еді. 1925 жылы мамыр-маусымда «Теңдік»(газет), осы жылдың тамызынан бастап 1934 жылдың аяғына дейін «Әйел теңдігі» 1935-41ж.ж. және 1950-54 ж.ж. «Сталин жолы» деп аталды. 1955 жылдың қаңтарында «Қазақстан әйелдері» болып шығарылды. Журнал қазақ әйелдеріне саяси және мәдени-рухани тәрбие берді, оларды партия мен кеңес үкіметі алға қойған міндеттерді орындауға жұмылдырды. Қазір журнал бәрімізге белгілі форматта шығады, редакциясы Астанада, ал таралым бөлімі Алматыда.

Advertisements
  1. akzere
    Қазан 14, 2008, 05:30

    Осы журнал неге екені орыстардың Мини, Джой журналдары сияқты дамымаған. Бағасының қанша екенін де білмейді екенмін. Қазақ журналдарының ішінде ең көп оқитыным Жұлдыздар отбасы мен Әлия журналы.
    Егер дәл сол Мини сияқты глянцевый етіп, кішкентай, ыңғайлы етіп істесе оқырмандар саны ұлғаяды деп ойлаймын.
    Жалпы мен өзім қазақ қыздарына арналған журнал ашқым келеді Мини сияқты… 😦 Менің журналым ең өтімді болар еді 😀

  2. Қазан 14, 2008, 09:12

    Ақзере, тамаша идея. Журнал ашатын болсаңыз, мені шақырыңыз 🙂 Әлия журналы маған да ұнайды, дизайнымен, контент жағынан кішкене кемшіліктер бар. Ал Қазақстан әйелдері кеңестерден бері келе жатқан басылым, бәрі редакцияның саясатына байланысты боп тұр ғой.

  3. Қазан 14, 2008, 10:09

    Шымкенттің «Қызық газеттері»-мен мазмұндас журнал ашам-ау деймін, сары болғанда, кәдімгідей сап-сары пресса қылып. Жазатын адамдар да табылып қалар.

  4. Қазан 14, 2008, 10:11

    Руслан, оны қайтесіз? ерігіп, әлде ақша табу үшін?

  5. balgyrgan
    Қазан 14, 2008, 10:26

    ^_^
    Мысалы «Әлия» (Сембекова емес) маған ұнаңқырағана жоқ, бір оқыған соң келесі нөміріне деген асығыс жоқ, қалай айтсам екен… ұзбей оқуға жарамайды 🙂

    Зере, Русланнннн идеяларың бос сөз боп қалмасын :))

    «Қазақстан әйелдері» қазір бар ма? шығарылады ма?

  6. Қазан 14, 2008, 10:31

    әрине бар, бірақ мен оны тек қана оқу залында оқитынмын. «Әлия» журналында копипаст көп, содан шығар, бірақ сапасы жақсы. Қыздар, қазақша Космополитан ашайық, онда Русланның журналын ешкім оқымайды 🙂

  7. Қазан 14, 2008, 11:32

    Ақша табу үшін, әрине.
    Журнал 16 беттен тұрады. Бірінші бетінде кезекті бір сұлудың суреті және «бәленбай түндеріндегі төсек майданы» іспеттес тақырып отызыншы қаріппен менмұндалап тұратын болады, екінші бетін ашып қалсаңыз – шоу-бизнестен бірнеше жаңалықтар жазылатын болады. Тақырыптарын қорқынышты қылсақ болды, оны да қызығып оқиды, саспаңыздар. «Алмас Кішкенбаев Қостанайда ән салып жүргенде, ашық тұрған проводтан ток ұрып дірілдеп тұрғанда, оны ешкім байқамапты!!!», «Дильназ Ахмадиеваның киімінің ауданы 16 пайызға өсіп, денесінің 35 пайызын жабатын болыпты!!!!», «Мақпал Исабекованың жаңа әнінде бақандай ҮШ қазақша сөз бар екен!!!!», т.с.с. Әрине, ішіндегі негізгі мәтінде сәл басқашалау болады, бірақ оған кім көңіл бөліп жатсын, бастысы – тақырыптың керемет болуында.
    Үшінші бетте ойық-ойық болып жатқан эстрадамыздың көгінен тағы да ойып орын алған кезекті супергипермегаәншіміз – Қошқарбай МС-ден сұхбат аламыз. Жарты бетте интервью болады, ол жерде Қошекең «қазіргі қазақтың жас әншілерінің» дауыстары жоқтығын, сонда да ұялмай ән айтып жүргендігін, өзі сияқты дарынды әншілердің азайып кеткендігін бетке айтса, қалған жартысында Қошекеңнің қазақ эстрадасының бұлыңғыр болашағына қиналып тұрған терең ойлы суретін басамыз. Әрине, бұл жігіт те жартылай жалаңаш болуы керек, қыздар қызығатын болады.
    Бір бетті американ ғалымдарының ашқан кезекті жаңалықтарына (әсіресе, белден төменгі тақырыптардағы Әшөкт… тойыст, американ ғалымдарының ашқан жаңалықтарына) арнаймыз, сосын келесі бетті ойдан-қырдан жиналған дайджест бет қыламыз.
    Соңғы беттерде топас анекдоттар, бәрібір ешкім шешпейтін сөзжұмбақ және т.б. журналды толтыруға арналған керемет деректерді басамыз.

    Қалай, а?

  8. Қазан 14, 2008, 11:33

    Айтуға ұмытып барады екенмін, журналдың 8 беті жарнама болады. Прайсты әлі құрған жоқпын, бірақ жаман емес, арзан, өте арзан болады.

  9. Қазан 14, 2008, 12:27

    соңғы 2 пікірдің авторы нағыз сарғайған баспасөздің Бас редакторы Руслан мырза сіздерге журнал қандай БОЛМАУ керек жайында айтып берген болатын. Көп рахмет. сізге тағы бір сұрақ-жарнама берушілер кім болады?

  10. Қазан 14, 2008, 12:44

    Жоқ-жоқ-жоқ, микрофонды қайтар деймін!
    *Азғана арпалыстан кейін*
    Кешірім өтінемін, бірақ журналым осындай болатынын керек екенін нықтап айта өткім келеді.
    Жарнама берушілер табылады ғой, маркетгид.ру бар, беган.ру бар, гугль адсенс бар.

  11. Қазан 14, 2008, 13:01

    Руслан мырза, жақсы, келістік. Келесі кезек Ақпарат министрлігінен тіркелу, сәттілік тілейміз. Оқырман сегментін анықтауға тырыстым жаңа, жарнама берушілер кім болад-аааау деп отырмын да қазір))))

  12. Айко
    Қазан 15, 2008, 03:16

    Руслан қазитің онша емес болад, қаз халықтың дені сауатты, сосын қызық қазиттерді кімнің қарағысы келеді. оның дәурі кетті ғо. өз басым құсқым келед. сен ренжіе бірақ сондай төмен ғо. мүмкін сен ураган етерсің 🙂
    миниді оқып көрмептім. Ақзере егер қазақ қыздарға журнал ашамын десеңіз, идеямен бөлсуге бармын деп қоянч 🙂

  13. akzere
    Қазан 15, 2008, 09:08

    Бай жігітке тұрмысқа шықсам, бәріңді журналға шақырам ғой 😀

  14. balgyrgan
    Қазан 15, 2008, 09:38

    ал Руланннндікі қызық, орыстардың SPEED (қателеспесем) деген газетіне келетін сияқты 🙂 ал жарнамалар мынандай сарында болатын шығар: «даусыңды шығарамын! әрбір көше иті білетіндей жасаймын! хабарлас 87771122334 жду тебя мой соловой!» немесе «Той ұйымдастырамыз, құдаңды мас қыламыз, қалтаңды бос қыламыз! Барды жоқ қыламыз, жоқты жонамыз! Билеп еденді тесеміз, шыңғырып терезені шағамыз! Звондасаң ғана аламыз, чайкалыққа тыйым саламыз!» т.т.
    ЗЕРЕ спонсор іздеймін дейсің ба?! 🙂

  15. Қазан 15, 2008, 13:01

    Салтанат, қатырыпсыз :)) Ақзере, енді қашан тұрмысқа шығатыныңызды күтейік ^ ^

  16. Айко
    Қазан 16, 2008, 03:07

    көзден кеттім қыздар-балдар :))))))

  17. Қазан 16, 2008, 14:28

    Балғырған, алғашқы жарнамаға тапсырысты сенен күтем онда 🙂

  18. Bakytnur
    Қазан 17, 2008, 04:27
  19. Қазан 17, 2008, 08:08

    иә, есімде 🙂

  20. Қазан 19, 2008, 15:03

    осы арулар кз деген сайт болып еді. Қазір де бар ғой деймін. Соның он лайн нұсқасынан бөлек, оф лайн нұсқасын да шығаруға болар еді. Журналдың он лайн жарнамасы мен оқырмандары да қалыптасқан.

  21. Қазан 19, 2008, 15:17

    иә, бартын. Шынымен де шығаруға болушы еді, құлшыныс болса.

  22. Ersamat
    Сәуір 20, 2009, 16:23

    Қазақстан Әйелдері журналы 2008 жыл 8 номер «Айсара Муздыбаева» жайлы не білесіндер, қай облыстыкы екенін тағыда басқа?

  23. Мангыт аузына сангыт
    Наурыз 23, 2010, 11:54

    Руслан сен журнал ашамын деп жүргенде, басқа біреу сенің тамаша идеяларыңды ұрлап алып, жөрнал ашып алып жүрмесін!!!

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: