Әлімхан Ермеков деген кім?

«Қазақ басылымдарының тарихы топтамасы» атты айдарда өзім тұратын көшемнің аты «Ермеков» және оның кім екенін білмейтін адамдардың бар екені жайлы жазғанмын, енді тақырыпты сәл толықтырғым келеді. Тұңғыш қазақ математигі жайында мағлұматты ұлттық апталық «Жас қазақ» газетінің 26 қыркүйекте шыққан № 38 алған едім.

Алашорда үкіметінің вице-премьері, ғалым, математика профессоры Әлімхан Ермековтің «Мен Ленинмен неге сөз жарыстырдым?» атты естелігіне үңілейік: «Қырғыз (қазақ) әскери-революциялық комитетінің 1920 жылы 18 мамырдағы қаулысы бойынша жаңадан құрылмақшы Қазақ Автономиялы республикасы Қырғыз(қазақ) өлкесінің жалпы жағдайы және оның шекара мәселесі жөнінде баяндама жасау үшін 2043 санды мандатпен мені Мәскеуге жіберді. Қырғыз әскери ревкомының Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті жанындағы өкілділігі алқасының төрағасы болып бекітіліп, одан кейін БОАК Президиумының қаулысымен Қырғыз әскери ревкомы мүшелігінің құрамына енгізілдім. Мәскеуде жұмыс істеген 4 айдай уақыт ішінде В.И.Лениннің төрағалығымен өткен комиссияның мәжілісінде Қазақстанның жағдайы жөнінде баяндамада Каспий теңізінің солтүстік жағалауын Астрахан облысынан алып, біздің республиканың шекарасына қосу туралы ұсыныс жасадым. Менің бұл ұсынысыма мәжіліске қатысушылар үзілді-кесілді қарсы шықты. Ленин Астрахан губерниялық атқару комитеті төрағасының теңіз жағалауында тұратын қазақ, орыс халықтарының ара салмағы туралы сұрады. Ақыры, жағалаудағы алқап Астрахан губерниясының иелігінен алынып, Қазақ автономиялы республикасының қарамағына берілетін болып, көпшілік дауыспен қабылданды». 

қайраткердің биографиясын мына жерден оқи аласыздар

Advertisements
  1. berik
    Қазан 28, 2008, 16:56

    Еее, мынау бір құнды жаңалық екен. Қажытархан әуелден қазақтын жері ғой, Кеңес үкіметі кезінде орыстарға беріліп сол жердегі бауыр шекараның ар жағында қалды? Оның қасында Каспийдің табиғи және қазба байлығынан да алар үлесіміз мол болар еді…. әттең-ай….

  2. Қазан 28, 2008, 17:00

    қызықсаңыз, осы газетттің нөмірін тауып алып толық оқыңыз. Қызуғышылық таңытқаныңызға көптен көп рахмет.

  3. Мамыр 14, 2010, 04:37

    Нағында қазақтан ең алғаш шыққан математик Ақбергенов , оны 1937-жылы осы күнгі қазұу биология факултетінің жер төлесінде атып өлтірген. бар жазығы Алашордашыл!!! ол атақты математик Канторовичпен бірге зерттеу жұмыстарын жүргізген. 1971жылы канторович Нобел сыйлығын алды!!! орыс математигі!!!! қазақтың тұқымын , қазақ дарынын атып өлтірді!! енді өздеріңіз ойлай беріңіз!!!
    Манат Мұстафа

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: