Іздегенге табылар

Сіздің компьютеріңізде міндетті түрде аса маңызды файлдар бар екені белгілі және осы құжаттардан айырылу қауіпі әрине үрей туғызады. Мүмкін бұл пароль тізімі немесе басқа да құжаттар. Егер сізге керек суреттер, графиктер, офистік қосымшалары бар глобальді папкаға кіру үшін ортақ мүмкіндік қажет болып тұрса немесе белгілі бір жұмыс кезеңін бір компьютерден сақтап қойып, оны басқа компьютерде жалғастырғыңыз келсе, арнайы Қоймалар бар екенін білген жөн. Осындай қоймалардың бірнешеуі төмендегідей:

Box.net

Бұл ең танымалдардың бірі. Тегін тіркелу арқылы 1 гигабайтқа дейін бос кеңістік беріледі, ал қосымша орынды қосымша ақы арқылы алуға болады. Gmail, Zoho (офистік қосымшалар пакеті), Picnik (фотосуреттерді редакциялау), Scribd (құжаттарды жариялау) сияқты сервистердің интеграциялануы нәтижесінде box.net файлдарды сақтай отырып, виртуалды офис ретінде де қызмет атқарады. Сонымен қатар Collaborators (Әріптестер) қажет адамдарды қоссаңыз, осы ақпаратпен әріптестеріңізбен бөлісе аласыздар. Айта кететін бір жайт, әр файлдың көлемі 50 мегабайт қана, оны кеңейту үшін ақылы аккаунт сатып алуға тура келеді. 

 

Getdropbox.com

Бұл қойма да ыңғайлы болып саналады. Жақында ғана жабық бета-тестілеуден шыққан, Windows XP, Vista, MacOS және Linux қолдауы арқылы десктоптық қосымшасы бар.  Қатты дискіде арнайы папка жасалғанда, бұл программа глобальді папкада автоматты түрде синхрондалады, егер де локальді директорияда құжаттарды қосып, өзгертіп не өшіріп жатсаңыз бұл өзгерістер сол мезетте  онлайн-директорияда да болып жатады.  

Getdropbox.com – да да Әріптестерді шақыруға болады, ондай болса бұл папкаңыз ортақ болады. box.net –ке қарағанда бұндағы максимальді файл көлемі 300 мегабайтқа дейін шектелген, ал ортақ көлемі 2 гигабайтты құрайды. Айына 10 $ (немесе жылына 100 $) үшін 50 гигабайт сатып алуға болады. 

Әрі қарай?

Басқа бәсекелестер жоғарыда аталған көшбасшы алдында ұтылып тұр. Мысалы Oosah. Бірақ , фотоларды жүктеу қиынға соғады және ворд файлдарын шырамытпайды. Соған қарамастан жасаушылардың өзі 1 терабайтты тегін ұсынамыз және RAW бейнелерін қолдаймыз деп мәлімдейді. Микрософтың Live Mesh тек АҚШ тұрғындары үшін жасалған. BOXSTr жақсы болғанымен де жарнамаға толы. Ал AOL-дың Xdrive жақында жабылуы мүмкін.

Мына жерден аударылған

Advertisements
  1. Қазан 4, 2008, 14:15

    Ворд файлдарын шырамытпайтыны жаман екен…
    Касперский брат хроммен бірге келген гугльапдейттің өзін вирус деп тұрғанда, мыналарыңа өзімнің құпия құжаттарымды сеніп тапсырғаным жөн бола қоймас.

  2. Қазан 4, 2008, 15:03

    елдер сенуге болады деп айтуда 🙂 ал гуглхром әзір бета нұсқа емес пе? жөнделер

  3. Қазан 6, 2008, 12:32

    Мен Gmail-да сақтаймын бәрін. Ал егер бір күні мен өле қалсам не болады деген сұрақ мазалап еді, сонда тапқан амалым мынандай: почтамдағы құпия сұрақ және жауапты өте жақын досыма бердім, сондай нәрсе бола қалған жағдайда ол өзіне белгілі жауаппен жаңа пароль алып менің почтамдағы керек мәліметтерді ала алады.

  4. Қазан 6, 2008, 15:13

    Жаман айтпай, жақсы жоқ дейсіз ғой. Gmail да жақсы вариант.

  5. Қазан 6, 2008, 15:39

    Тух, керемет.
    Егер досың құпия сұрақты пайдаланса, онда парольді өзгертуге мәжбүр болады да, оны Аршат сразу біле қояды. Жақсы тәсіл екен, пайдаланып көрейін мен де 🙂
    Айтпақшы, ана бір анекдот бар ғой.
    Король соғысқа кетіп бара жатып, әйелінің беліндегі «пояс верности» кілтін ең жақын уәзіріне тапсырып кетіпті. Жолға шыққаннан соң, жарты сағаттан кейін, артынан уәзірі қуып жетіпті: «Мәртебелі тақсыр, сіз маған басқа кілт беріп қойыпсыз!» деп.
    Айтпақшы, http://eyeos.info сияқты прибамбастарға қалай қарайсыздар? Күні бойы зерттегенім осы болды, былайынша, қызық екен 🙂

  6. Қазан 6, 2008, 15:48

    Руслан, кіріп, тіркелуден өттім, дизайны ұнады. Тест драйвтын, ой қалай айтады оны… 🙂 сынап көріңіз, сосын жазарсыз.

  7. Қазан 6, 2008, 19:36

    Жоға, дизайн болғанда, не ғо…
    Оның опцияларына кіріп, алты-жеті шаблонның бірін таңдауға болады, жалғыз ғана анау емес, сосын ішіндегі функционалын қарап көр, электронды кестелер мен ворд (ішінен бірден баспаға шығарып тастауға болады екен) сияқты, калькулятор, т.б. фичалар көп.
    Бір-екі жерде қызылкеңірдек айтыс болып жатыр, осындай «онлайн операциялық жүйелер пайдалы ма, оффлайн ОЖ пайдалы ма?» деген сипатта…
    Ал бұндай ОЖ-лар аз емес екен, мен кемінде жиырма шақтысын таптым. Тест-драйв жасап, аналитикалық бірдеме жазатындай жағдайда емеспін, әзірге осы EyeOS кәйпімен отырмын, сосын қалғандарын қарап көрерміз 🙂

  8. Қазан 6, 2008, 19:44

    неге ондай жағдайда емессіз))))? маған керемет сақтайтындай түк жоқ сияқты, себебі суреттерді фликрда сақтаймын, қалғаны осында. дипломдық жұмысым джимеилда. ал негізі сіз көрсеткен ресурс шынымен де жақсы, әлеуемттік жүейге де ұқсайды бір жағынан, бір жағынан әртүрлі құжаттарды сақтауға болады, сосын қыз болғасын айтып тұрғаным ғой, дизайны әдемі деп 🙂

  9. Қазан 6, 2008, 19:57

    Неге ондай жағдайда емеспін?
    Себебі «…әзірге осы EyeOS кәйпімен отырмын…» 🙂
    Бұлар онлайн ОЖ деп аталады, бұйырса болашақта осындайға көшеміз дейді ғой білгіштер. Әрине, графика, видеоөңдеумен айналысатындарға ұнай қоймас, бірақ, компьютерді дербес компьютер қылып пайдаланатындар үшін таптырмас зат осы болады делінген.

  10. Қазан 6, 2008, 20:03

    ммм, ең бастысы-ресурсқа деген сенімділік.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: