Негізгі бет > Негізгі ақпараттан тыс > Франчайзинг деген не пәле?

Франчайзинг деген не пәле?

Мен интернеттен не ТВ франчайзинг деген сөзді жиі еститінмін. Бірақ мағынасы не екенін білмедім. Түбі француз бірдеңе шығар, әлде басқа ма…әйтеуір кеше тағы осы сөзді оқып, мағынасы не екенін тауып алдым. Егер сіздерге қызық болса, онда міне. Франчайзинг – бұл бизнестің ұйымдастырылуы, ондағы компания(франчайзер) тәуелсіз адамға немесе басқа компанияға (франчайзи) өнімді не қызметті компанияның тауар белгісімен сатуға құқығының берілуін айтады. Франчайзи бұл өнімді не қызметті франчайзер анықтап алған, алдын ала келісілген бизнесті жүргізуге арналған ережелер бойынша  сатуы тиіс. Франчайзи осының орнына франчайзер компаниясының атын, беделін, өнімін, қызметін, маркетингтік технологиясын, экспертизасын және демеу механизмін қолдануға рұқсат алады.

Франшиза – Бұл бизнесстің толық жүйесі (франчайзер франчайзиге сатады).

 Роялти (cервисті төлем) – бұл сауда маркасын пайдаланғаны және бизнесті жүргізуде операциялық жүйелер үшін франчайзидің франчайзерге жасайтын кезеңдік төлемдер. Роялтидің көлемі жалпы сатылымның пайызынан саналады, бірақ жазылған төлем формасында болуы да мүмкін.

Шамам келгенше осылай аудардым.

Advertisements
Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс Кілтсөздері:
  1. balgyrgan
    Қыркүйек 12, 2008, 11:16

    шатасып кеттім ғой… немене немене дейді????
    жарайды креек бола қалса қай жерден іздейтінімді білемін :))

  2. Қыркүйек 12, 2008, 15:13

    қай жерінде шатастыңыз? менің түсінуімше және қыздарский тілмен айтатын болсақ, бұл біздің Қазақстандағы манго, беннетон, саваж сияқты маркалардың пайда болуын айтуға болады.

  3. Қыркүйек 13, 2008, 04:30

    Осындай бизнес-ұғымдарды үйрене бергеніміз жақсы, рахмет, жақсы түсіндіріпсің :))
    Бизнеске қатысты бұның алдындағы естіген жаңа терминім – «фарцовка» еді.

    «Скрипач, тут инопланетянин штанами фарцует, желтые, нужны тебе?» («Кин-дза-дза» фильмінен).
    Үйрене бергеніміз дұрыс, бір пайдасы болып қалар.

  4. Қыркүйек 13, 2008, 06:12

    рахмет, Руслан, фарцовка деген сөз кеңес уақытында болған секілді, әсіресе джинсыды сатқандар 🙂

  5. Қыркүйек 13, 2008, 07:26

    оқасы жоқ. Сол фарцовка қазіргі заманда орын алса, қазіргі модаға сәйкес, фарчайзинг болып аталуы да мүмкін еді…

  6. Қыркүйек 13, 2008, 07:28

    солай ма))))бірақ заңды түрде деңіз 🙂

  7. Қыркүйек 14, 2008, 06:58

    Франчайзинг – бизнес жургізудін ен тиімді түрі деп білем, ойткені жана бизнесті басынан бастаудын кажеті жок, барлыгы мімкіншілік берушінін аркасында дайындалып, нарыкка ынгайластырылып койган. Сіз тек дайын материалдар мен технологиялар натижесінде бизнес бастаусыз!

  8. Айко
    Қыркүйек 15, 2008, 03:14

    ана не ғо, мен бір жағынан түсінетін сияқтымын. естеріңе түсірінідерч, сұлу болып тума деген фильмде кеңінен түсіндіреді ғо. Арсенал саған рахмет. қызықты екен 🙂

  9. Бекзат
    Қыркүйек 15, 2008, 04:27

    Түсінгенім : Өзім шығарған киімді мысалы Adidas тауар белгісімен сатқым келсе , мен Adidas-тан рұқсат алуым керек . Сонда Adidas – франчайзер , ал мен франчайзи боламын . Франчайзидің бизнесі франчайзерден тәуелсіз болады

  10. Қыркүйек 15, 2008, 07:24

    Айко, Дәурен сіздерге рахмет 🙂
    Сұлу боп тума-ны жөндеп қарамадым, аудармасы күшті 😉
    Бекзат5+ 🙂

  11. balgyrgan
    Қыркүйек 16, 2008, 03:27

    енді толығымен түсінікті 🙂

  12. Қыркүйек 16, 2008, 06:10

    енді бизнеске бой бұрдыңыз ба?

  13. Қыркүйек 16, 2008, 06:51

    Балдырған, қаншама мысал келдтірді, ия? 🙂
    Жаннұр, жоқ, жай маркетингтің сабақтары есіме түсіп кетті.

  14. Қыркүйек 17, 2008, 05:15

    Студенттік өмірге «ностальгия» болып жүр екен ғой.

  15. Қыркүйек 17, 2008, 05:17

    аз-маз)))

  16. Zure
    Наурыз 2, 2010, 08:51

    жазган адамга рахмет!Дал осы сурак маган керек еди!!!

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: