Негізгі бет > публицистика, қазақ басылымдарының тарихы т > Мәрсеков-қазақтың тұңғыш адвокаты(жалғасы).

Мәрсеков-қазақтың тұңғыш адвокаты(жалғасы).

басы

Мәрсековтың «Қазақ қайтсе жерге ие болады?» мақаласында: «…Жер біздікі, бізге мужик жіберме деу, жалғыз-ақ біздің айтуымызға сыяды: «Біз дағы патшаға бағынған халық. Біз баяғыда бір жағынан Қытай патшасының, бір жағынан ақ патшадан елшілер келіп, бізге қараңдар деп қол салғанда, біз ақ патшаға қараймыз, әділеті көп, халықты тыныштықпен билейді, кеңшілге мол деп қараған жұрт едік, оқ атып, қылыш суырмай бар жер-суымызбенен. Енді бізді іске алғысыз қылып көз жасымызға қалуға лайық па?» – деген.

1922 ж. Алаш партиясы тапталған кезде Райымжан да Міржақыптардың қатарында өлімге үкім етіліп, Сібірге айдалған. Әйелі мен бала-шағасын ерте алмай, Гүлғасыл қызымен Шәуешектен Қызыр төрені паналайды. 1932 жылы Қазақстанда алаш мүшелері мен туған-туыстарын тұтқындай бастайды. Сол кезде інісі Шериаздан туған ағасына Шәуешекке барады. Кейін ол жерде қалуға қауіпті болғасын, Райымжан жалғыз өзі Құлжаның бай татарларына бойтасалайды. 1938 жылы Райымжан Шериаздан екеуін аяқ астынан Қытай үкіметі тұтқындап, түрмеге қамайды. Алғашқы кезде Шериаздан тамақ тасымалдаушыдан ағасының амандық-саулығын біліп отырды, кейін хабар кілт үзілді. Ату жазасына кесілді ме, әлде басқа жаққа жер аударылды ма-бұл жағы жұмбақ.

Advertisements
  1. balgyrgan
    Қыркүйек 12, 2008, 11:06

    интернет 3-ақ бетке Мәрсеков фамилиясы кездесетін ақпараттар жинады (Гугл). Тізімде ең бірінші болып Айқын газетінде 2006 жылыа жарияланған мақала тұр (http://www.aikyn.kz/site.php?lan=kaz&id=167&pub=7849), екінші ЖУРНАЛИСТИКА БЛОГГИНГ ( !!! ). Содан әрі Мәрсеков фамилиясы тек тізімдердің арасында жүргенін байқаймыз. 3-парақшаның(страница солай болады ғой деймін) соңында Бекен Қайратұлының «Астана хабары» газетінде жариялаған «Алтай асқан алаш арыстары» мақаласында Мәрсеков жайлы 1 абзац жазылған (http://atameken-asar.com/index.php?mod=topics&topic_id=318&catid=24): Райымжан Мәрсеков – Алашорданың шығыс бөлімшесінің белді өкілдерінің бірі. Алаш полкын жасақтаған. Алаштың ұраны «Сарыарқа» газетін Семейде шығарып тұрған. Азамат соғысы жылдары жергілікті халықты азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз ету үшін шығыстағы Владивосток қаласына барып, американдық «Мейер» фирмасымен шарт жасап Семейге 15 миллион сомның затын әкеліп халықты қамтамасыз еткен қайраткер. Жоғары білімді заңгер. 1922 жылы Семей губерниясының атқау комитетінде үлкен қызмет атқарып жүріп, жалғыз түнде Қытай еліне асып кеткен. Қытай елінде жүріп 1939-40 жылдары атылған.
    Қазақтың тарихы толық ашылмаған, толық зерттелмеген, бірі былай жазса, екіншісі былай жазады. Тарихты зерттеушілердің жұмысы өте жауапты(ответственный) депо йлаймын, бірнеше нұсқа болса барлығын айтқан дұрыс болар…
    Арсенал777, көп жазып кеттім ба, кешірім өтінемін. сіздің жазбаңыз Мәрсеков туралы ғана емес басқа да Алаш зиялылары туралы материал іздеп, оқуға түрткі болды. Көп рахмет!!!

  2. Қыркүйек 12, 2008, 11:14

    жоға, керісінше көп жазғаныңыз жақсы болды!!! Сізге көп рахмет. Қазнеттің ана тіліміздегі ақпаратын осылайша толтырайық.

  1. Ақпан 22, 2009, 09:30

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: