Негізгі бет > публицистика, қазақ басылымдарының тарихы т > Мәрсеков-қазақтың тұңғыш адвокаты

Мәрсеков-қазақтың тұңғыш адвокаты

Қазақ журналистикасының тарихы сабағынан көп қазақ публицистердің еңбегімен танысып, сол бойынша емтихан тапсыратынбыз. Өкінішке орай, көп қаламгерлердің өмір баяны, туындылары жайында еш ақпарат болмаған. Мысалы, мен тұратын Әлімхан Ермеков атындағы көшенің көп тұрғындары оның алғаш қазақ математигі, публицист екенін білмейді. Бүгін «Жас қазақ» газетінің 35 (191) санында Райымжан Мәрсеков туралы мақала көріп қатты қуандым, себебі ол жайында мағлұмат аз. Мақаланың авторы Мәриям Әбсаттар. Осы материалдың үзіндісін жариялаймын.

Райымжан атамызды бүгінде жұрт қазақтан шыққан тұңғыш адвокат, алаш ардақтыларының бірі ретінде біледі. 1896 жылы Санкт-Петербор қаласындағы университетте заң факультетін бітірген. Елге оралғаннан кейін Алаш пратиясын құруға белсене араласты. Мәрсековтың саяси-публицистикалық, сонымен қатар құқық қорғау саласындағы қызметке араласуы 1902-1918 жылдар аралығына сәйкес келеді. «Қазақ», «Айқап» басылымдарының бетінде қазақ қоғамының әлеуметтік, саяси-құқықтық, съезд шақыру, жер мәселесі сынды тақырыптарда үздіксіз мақалалар жариялап отырады. Мысалы, «Қазақ қайтсе жерге ие болады?» мақаласы. Ел мүддесін қорғайтын заңгер бола жүріп Райымжан Алаштың органы болған «Сарыарқа» газетін ұйымдастырады.

Жалғасы бар.

Advertisements
  1. balgyrgan
    Қыркүйек 9, 2008, 09:31

    жалғасын күтемін

  2. Қыркүйек 9, 2008, 09:33

    рахмет 🙂 міндетті түрде болады

  3. Қыркүйек 10, 2008, 23:58

    jaksy akparat berdin

  4. Қыркүйек 11, 2008, 07:44

    рахмет, осыны көріп емтиханның сұрақтары есіме түсіп кетті )))

  1. Қыркүйек 10, 2008, 17:44
  2. Қазан 8, 2008, 22:41

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: