Негізгі бет > блогер, блогинг, медиа > Қазақ блогосферасы және журналистика

Қазақ блогосферасы және журналистика

Қазақ блогосферасындағы журналистиканың функцияларын орындайтын блогтар көп және олардың авторлары кәсіби журналистер мен үнемі қызықты, пайдалы ақпарат жазатын басқа сала мамандары. Кәсіби журналистер жайында айтатын болсақ, бұлардың бәрі дерлік жас журналистер. Олардың  жеке блогтарында әлеуметтік тақырыптар бірінші орында. Мысалы, мәдениет, тіл мәселесі, денсаулық, жолақы, тәрбие, білім беру және т.б. Ұлттық рухқа қатысты материалдар ішінде  мемлекеттік идеология және жастар, жастар саясаты сияқты тақырыптар көп қозғалады.  Нүркен Тоқаев – жас журналист, оның блогында публицистикалық сарында жазылған материалдар қазақ еліне қатысты мәселелерге арналған. «Ұлттық идеологияның жоқтығынан әрбір азамат өзінің барар жерін толық білмейді, ертеңгі күнін болжай алмайды» немесе «Тіл – ұлттың жаны. Ұлттың жанына ине шаншуға ешкімнің хақысы жоқ»-сияқты авторлық публицистика редакторлық өзгерістерге ұшырамаған, ол еркін түрде оқырманына жеткізілген. «Алтыбақан» блогының авторы да жас журналист Нұрболат Аманжол. Оның блогында ұлттық рух, ұлттар достығы, өнер, автордың жеке зерттеулері және әдеби шығармалары жарияланады. Блогтың жастар талғамына бағытталса да, қоғамдық басылымның талаптарымен санасады. Орталық Азияның ұйымдық блогы «Жаңа Евразия» Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекістан, Түркменістан мен Тәжікістанның белсенді блогшы-журналисттермен жүргізіліп, Евразияның әлеуметтік, саяси жағдайынан хабардар етеді. Бұл блог әр елдің ана тілімен қоса ағылшын және орыс тілінде жүргізіледі, осылайша оны тек қана Орталық Азия елдері ғана емес, бүкіл әлем оқи алады. Қазақстандық блогшылар үшін бұл блогта материалдардың мынадай айдарлары бар: «Ауыл, Ашық хат, Байқоңыр, Баспана, Білім, Дастархан, Жастар саясаты, Жемқорлық, Көші-қон, Ислам, Мәдениет, Сайлау, Сапар, Экология, Экономика, Ғылым, Қауіпсіздік, Ұлттық идея, Өнер, т.б.». Қарап отырсаңыз бұл блог көп салаларды қамтиды және авторлары мен оқырмандары үшін әр салада тікелей ақпарат алмасуға көп  мүмкіндік жасайды. Блогинг елдер арасындағы шекараны ғана жоймай, сонымен бірге салалық журналистиканы дамытуға ат салысады. Мысалы, тек қана экономикаға, фото өнеріне, аспаздыққа, ақпараттық технологияларға, әдебиетке немесе спортқа арналған блогтар. Осылардың ішіндегі бір тақырыпты таңдасаңыз материалдарды қызығып оқисыз, себебі көп ретте автор жариялаған материалды өз еркімен жазған және толық меңгерген. Нақты салада жазылған блог тандалған тақырыпқа сай барлық жаңалықты жариялауға тырысады, өз тәжірибесімен, идеяларымен бөлісіп, кеңес береді. Елімізде тәуелсіз журналистер блогшы ретінде өздерін көрсете білсе, ақпарат нарығын қалыптасуға мүмкіндік туатыны сөзсіз. Осыған орай, тәуелсіз журналистер қызметіне жүгінетін БАҚ-тар да пайда болады. Қазақ журналистикасы интернет еркіндігі және пікірлердің плюрализмі арқылы жаңа белестерден көрініп, алға қадам жасай алады. Бұқарамен тығыз байланыста болған журналист ешқашан ұтылмайды, керісінше, ақпарат көздерін күн сайын ұлғайта береді. Әр блогшы журналист болмаса да, кез-келген журналист блогшы бола алады және кез-келген маман иесі оқырман үшін маңызды ақпаратпен бөлісе алады.

Advertisements
  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: