Негізгі бет > публицистика > Мұхтар Мағауин шығармаларындағы ұлттық мұрат.

Мұхтар Мағауин шығармаларындағы ұлттық мұрат.

(жалғасы)Кезінде халқымыздың сал серілері атанған, күй құдіретінің шебері болған Байжігіт, Қызай, Айтан, Кербала, Қуандық сияқты өнер иелерінің күйлерін өмірде болғанын білмейтін консерватория ұстаздары мен студенттеріне Тоқсоба қарттың көңілі қалады. Жалғыз атасының арман-тілегін немересі Нәрік орындап,  ұмыт болған  көне күйлерді жандандырады.Жазушының сонау қазақ халқының басында өтіп жатқан қысылтаяң кезеңдерде жазған үлкен туындысы  «Көк мұнар» романы. Бұл романда орыстың айдауында жүрген халқымыздың рухани мұраларын аяқ асты қылған, ұлттық тіліміз бен дінімізден, мәдениетіміз бен ділімізден айыруға шақ қалғандығын, келер ұрпақтың намыссыздығын, жігерсіздігі жайлы сөз етеді. Романның басты кейіпкері Едігенің ұлтына деген сенімі, шексіз махаббаты күннен күнге асып отырғаннын шығарманың өн бойынан байқаймыз. Жас аспиранттың мына қатал тағдырға деген көзқарасы кей жағдайда эгоисттік сықылды көрігенімен, халқымыздың көкейінде жатқан мұңы екендгі шүбәсіз. Ол өзінің тынымсыз ізденісі мен білімінің  арқасында үлкен жетістікке жететіне күмәні болмайды. Өйткені Едіге қоғамдағы болып жатқан озбыр саясаттың түбі ұлтымыздың тоқырауына алып келетінін білетін. Мұның себебі, ол  өзінің қатарластарының арасындағы дауларда тек шындыққа жол беретін. Едігенің бойына сонымен қатар жазушылық қасиет болатын, ол тәңірі түріктің тарихы мен өршіл рухына бас иген, өзі өмір сүріп отырған қоғамына налыған жас қыран және де өз заманының құрбаны. Әр халықтың жазушысы өз ұлтының  мұңы мен шерін, жетістігі, тарихы жайында сөз етеді. Басты кейіпкеріміздің жазып жүрген романы ертеңгі күні болашаққа құнды мұра болатынын және де әлемдік сахнада қазақ романдарының өзінік орнын табатынына сенімі берік. Өмірге саясаттың ықплынан тыс, таза адами тұрғыдан қарай білетін Едігенің қай дәуірде, қай қоғамда кездесетін өміршең тұлға екендігін атап айту қажет. Сонымен бірге бұл шығармада адам баласының жаратылуы және әлеуметтік тұрғыдан даму тарихын, діни ұстанымын баян ететін тараулар бар…Әдебиетші Едіге сезімталдығы, қайсарлығы мен намысқойлығы басым, ғылым жолында тосын жаңалық ашамын деп жүрген кеудесі есікқақпай албырт жас. Өзіне-өзі сенімді, аяқ алысы нық, жүзі ашық, ой-дүниесі жасына қарағанда ерте есейіп кеткен адамның айналадағы түрлі көзқарасқа, пікір байламға құлақ аса бермеуі заңды да. Оның эгоисиік сезім ахуалы, бір жағы, бідімдарлығы мен еңбекқорлығынан туындап жатыр. Ендеше осындай рухани әлемі орнықты, табиғаты табанды жанның ешкімге жалтақтамай, тіке айтуын, дәрменсіз талантсыз ғалымдар мен олардың айналасындағы жандармен санасқысы келмеуін елеулі мін ретінде көру артық. Жоғарыда аталған шығармаларда автор Тоқсоба, Қазы, Мамай, Едіге сынды адамадардың бүгінгі таңда сиреп бара жатқандығын, олардың орнын басар ұрпақтың кім екендігін оқырманның еншісіне қалдырмақ. Қазіргі кезде адамның адамға қасқыр болуы, қайырымсыздық пен мейірімсіздік, зұлымдықтың белең алуы, қоғамның мәдени мұраға немқұрайлықпен қарайтына, ұлттық нақышымыздың бояуының солғындауы,  ұлтымыздың ұлылығын асқақтататын қариялар қатарының азайып, келер ұрпақтың өнер халықтың рухани айнасы екенін, аңшылықты, алғыр тазы  мен сәйгүлік аттарды ұстап баптауды ұмыт қылғандарын  автор шығармаларының өзегі еткен. Автордың бұл туындыларында айтпақ ойы, ешқашан қазақ рухы мен болмысы, салт-санасы жойылмау керектігін, әр дәуірде, әр уақытта ұлттық рухымыздың өресін шыңға жетелеу әр бір қазақтың басты парызы екенін ұмытпаған абзал. (соңы)

Advertisements
Санаттары:публицистика Кілтсөздері:,
  1. Желтоқсан 27, 2008, 20:37

    Сәлем!!!

    Тарихи зерттеулері туралы да жазсаңыздар.

    Шыңғысханның шапағаты электронды түрде әлдекімде болса сілтемесін тастауды өтінемін

  2. Желтоқсан 27, 2008, 20:48

    Маратхан, бұндай материалдар өкінішке орай қазір қолымда жоқ. Мағауиннің біраз шығармаларын кітапханаларда «Жұлдыз» журналынан іздестіріп көріңіз.

  3. Наурыз 30, 2009, 21:26

    «Жұлдызды» тауысып едім 🙂

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: