Негізгі бет > блогер > Блогингты қорғап шықтым:)

Блогингты қорғап шықтым:)

Бүгін диплом жұмысын қорғау күнім. Тақырыбым «Блогинг-журналистиканың жаңа сипаты» екендігін білетін шығарсыздар. Ғылыми жетекшім Мейрамхан Жәпек, ал пікір білдіруші Асхат Еркімбай. Жұмысты 5ке қорғадым. Қазақ тілді блогосфера мен қазақ тілді блогтарды көрсетіп, оларға журналистік тұрғыдан баға бердім, азаматтық журналистика жайында айттым. Емтихан тапсырылды, диплом қорғалды, осымен студенттік өмірім де бітті…

 P.S. Диплом қорғауға 2-3  күн қалған кезде ауырып қалғандықтан дипломды баспаға құрбым Жаннұр апарып, жетекшіме өзі тапсырған, ал мен болсам қорғауды емес, температурам тез төмендесе ғой деп уайымдап жаттым. Жаннұр түнге дейін қасымда болды, моральдік тұрғыдан да көп көмек көрсетті. Ақыры, бәрі жақсы аяқталды.

Advertisements
Санаттары:блогер
  1. Маусым 10, 2008, 10:29

    … қайран студенттік өмір деп отырған боларсыңдар. Сәтті қорғауыңмен құттықтаймын. Қазақ блогосферасына үлкен үлес қостың. Қазақ блогосферасын ғылыми тұрғыдан негіздеп қорғаған бірінші ғалым ретінде атың тарихта қалатын болды 🙂
    Ендігі жоспар қандай? Блогты әрі қарай жалғастыратын шығарсың д.о.
    Жаннұрға Аллаһ разы болсын!

  2. Маусым 10, 2008, 10:36

    көп рахмет. ендігі жоспарым жұмыс болуы қажет негізі, бірақ оны әлі қарастырмадым. блогты әрине жалғастырамын, әлі де болса зерттеуге тырысамын.

  3. Маусым 10, 2008, 11:06

    Блогқа еңбегі сіңген ғалым, блоггинг ғылымдарының доценті Әлияны құттықтаймын! Еңбегіңнің жемісін көре бергейсің!!! Студенттік өмір енді бітті, белді бекемдеу буғайсың… Енді басталады…

    «Анандай» рецензент барда ғылыи жоба қорғалмай, оған лайықты баға қойылмай көрсін! 🙂

    Қуанышың баянды болсын, Әлия! Әлияяяяя, батыр қызы сен блоггиииингтің…

  4. Маусым 10, 2008, 11:12

    Рахмет, Нұрғиса. 🙂 айтқаныңыз келсін. ия, Асхат аға маған күшті пікір жазған болатын, жоспар құруға да көмектескен т.б. Сіздер сияқты оқырман арқасында блог жайында жазу қиынға соқпады.

  5. 666aiko999
    Маусым 10, 2008, 11:54

    ля-ля-ля десейч 🙂
    қуанышыңа ортақпын!

    сұрақ: азаматтық журналистика деген не?

  6. Маусым 10, 2008, 12:29

    рахмет Айко. Азаматтық журналистика жайында мына жерден жазған болатынмын
    https://arsenal777.wordpress.com/2008/03/26/%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d1%82%d1%82%d1%8b%d2%9b-%d0%b6%d1%83%d1%80%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d1%81%d1%82%d0%b8%d0%ba%d0%b0-citizen-journalism/
    бір сөзбен айтқанда, халықтың өзі БАҚқа ашық түрде араласу, өз үлесін қосу.

  7. Маусым 10, 2008, 13:36

    Kutty bolsyn Aaliyah!

  8. Маусым 10, 2008, 13:53

    рахмет Бақытнұр 🙂

  9. Маусым 10, 2008, 17:15

    Әлия дипломыңды сәтті қорғауыңмен. Құтты болсын.

  10. Маусым 10, 2008, 17:22

    aitsyn, Bakytgul apai.

  11. Маусым 11, 2008, 11:05

    Zhannur da bitirdi me?

  12. Маусым 11, 2008, 11:07

    Жаннұр ертең(12сі) қорғайды.

  13. Маусым 11, 2008, 15:47

    Жасаған істің жемісін татқанға не жетсін… Құттықтаймын!

  14. Маусым 11, 2008, 16:11

    рахмет, Дәурен.

  15. Маусым 12, 2008, 05:33

    Бүгін Жаннұр қорғауда. Әлияның табысы оған да жұғысты болғай!

  16. Маусым 12, 2008, 07:11

    Әлия, құттықтаймын.
    Рахмет, Нұрғиса. 5-ке қорғадым.

  17. Маусым 12, 2008, 08:59

    рахмет. сені де құттықтаймын, Жаннұр 🙂 !

  18. zhannur
    Маусым 12, 2008, 09:35

    Үйде отырсың ба, мен болсам, әлі интернетте отырмын.

  19. Маусым 12, 2008, 09:38

    мен үйдемін, ұйықым кеп тұр ;))))) не істеп жатсың?

  20. Маусым 13, 2008, 14:53

    khutty bolsin!!!! Zharaisin Alija!

  21. Маусым 13, 2008, 18:15

    рахмет, Нұргелді.

  22. Маусым 14, 2008, 19:48

    Арсенал чемпиооооонн!! :))

  23. akzere
    Маусым 19, 2008, 03:53

    Гип-гип ура!!!

  24. Берік
    Шілде 31, 2008, 17:18

    Ұстаздарыңның блог жайында көзқарасы, ойлары қалай? Жалпы интернетті олар БАҚ ішіндегі қанатын кеңгі жайған күшті сипатын мойныдай ма, қалай? Немесе қазаққа тән емес нарсе ретінде күдіктері басым ба?

  25. Тамыз 1, 2008, 07:20

    рахмет, Берік. блогинг деген не екенін білетіндер мойындайды, бірақ ондайлар аз ғой. менің жетекшім Мейрамхан апай әрине қолдайды, көзқарасы жақсы. ал білмейтіндер әрине күдікпен қарайды, бұрынғы кеңестік көзқараспен қарайды.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: