Негізгі бет > блогер, блогинг, медиа > Контент немесе дәл қазір 38 бен 39 арасында жүрмін:)

Контент немесе дәл қазір 38 бен 39 арасында жүрмін:)

Әр блогтың алғашқы веб-беті газет немесе журналдыкіндей әдетте мұқабадан басталмайды. Мерзімді баспасөздің мұқабасы ең өзекті материалдардың аңдатпасы болса, блогтың алғашқы беті мәтіннен, аудио, видео немесе суреттерге қатысты түсіндірмелерден құралады. Блог бетін толтыратын ақпарат қандай формада жарияланатының білу үшін блогтың мазмұнына, дәлірек айтсақ, контентіне назар аудару қажет. Конте́нт (ағылшын тілінде content) – кез келген хабарламалық маңыздылығы бар ақпарат ресурсын (мысалы, вебсайтты) толтыратын  мазмұн. Бұған мәтін, графика, мультимедиа жатады. Ақпараттық технологиялар саласында бұл терминді вебсайттың мәтіндік мазмұны ретінде көп қолданады. Блогтың өзін бос кеңістік немесе газеттің таза беті ретінде қарастырсақ, контент – бұл мақала, заметка, репортаж, фотосуреттер мен сұхбаттар. Егер блогта тек қана бейне файлдардан құралған хабарлар жарияланса, оның негізгі контенті видео, фото, сурет. Веблогтар аудиохабарлар ретінде де көптеп кездеседі. Осы тұста Подкастинг жайында айтып кетсек, ағылшын тілінде Podcasting iPod жəне broadcasting (хабар тарату) сөзінің қысқартылған түрі, блогта аудио жəне бейне материалдарды, сонымен қатар сандық плейерлерді орналастыру арқылы хабарларды дайындау. Осылайша жеке бетке радио хабарларға ұқсас аудиофайлдар контенті де блогшылар үшін өте маңызды. Қарап отырсақ, қазіргі әлемтордағы контент дәстүрлі БАҚтың барлық түрлерін электрондық нұсқада ұсынады. Баспасөз, радио, телевизияның өңімдері бір блогта көрініс табады және осылардың бәріне бір адам жауап бере алады. Блогтардың көпфункцияналдығы контентті қызықты, тартымды, әрі жүргізуге ыңғайлы жасайды. Ендігі кезекте контенттің тақырыбы, яғни блогтағы жазбалар, видео мен аудио файлдар не жайында екенің талқылайтын болсақ, біріншіден блогшылар жекебет жүргізген кезде алдына қандай мақсат қояды және оқырмандарға қандай ақпарат жеткізуге тырысатының анықтау керек, осыдан біз контент неден құрылатыныңа көз жеткіземіз. Мәтіндік блогтар – блогосферада ең көп таралған, ондағы жазбалар маңызды немесе ешкімге қажет емес, қысқа, не ұзақ болуы мүмкін. Оларды мектеп мұғалімі, танымал футболшы мен ғылым докторлары жүргізеді және блогты қандай ақпаратпен толтыратыны – әр блогшының жеке шаруасы.  Ал билік басындағы адамдардың блогтары қандай және не жайында? Мысалы, президенттердің Интернет-күнделіктері блогосферада жаңа бағыт. Бұндай блогтардың негізгі идеясы – халыққа жақын болу. Иран президенті Махмуд Ахмади өзінің «Mahmoud Ahmadinejad`s Personal Memos» атты блогын 2006 жылы ашқан. Бұл интернет-күнделік 4 тілде жүргізіледі. Блог жазбалардың біреуі бірінші жақтан жазылған автобиографиядан құрылған. «Trip Notes from the Middle East» — атты блог Ақ Үйдің әлемтордағы жеке беті. Блогтың пайда болуы 2008-жылдың басында Джордж Буш пен оның әкімшілігі Таяу Шығысқа (Израиль, Палестина автономиясы, Кувейт, Бахрейн, БАЭ, СаудовАравиясы және Египет) сапарымен сабақтасады. Блогты жүргізе бастаған Ақ үйдің баспасөз хатшысы Дана Перино және президент кеңесшісі Эдвард Глиспен. Блогта оқырманның пікірлері де жарияланатын, бірақ олардың саны тым көп болғандықтан, ішінен сұрыпталаған. 16-қаңтарда президент сапары аяқталып, блог жұмысын тоқтатты. Бірақ АҚШ үкіметі келешекте де осындай шараларды интернетте жалғастырады деген болжам жасауға болады. Видео-блогтың иесі Германия канцлері Ангела Меркель – ФРГдағы канцлерлердің ішінде алғаш блогшы. Өзінің веб-сайтында А. Маркель«видео-подкастинг» айдарын енгізіп, 2006 жылдың 8 маусымынан бастап, саясаттағы өзекті тақырыпқа арналған видео жарияланымдар ұсынады. Бұл қадамымен консервативті саясаткер блог-қоғамдасытығын таң қалдырып, жеке бетінің статистикасын ашық көрсетеді. Бірінші видеофайлды 55 мың адам жүктеп алды. Айта кететін бір жайт, Ангела видео-подкасттарды жариялаудан тұңғыш блогшы. Кейін оппозициядағылар да «солшылар» фракцияның сайтында тура осындай айдар енгізді. Сынға қарамастан видео-подкасттар саяси күресте басқа блог түрлері сияқты маңызды құрал болып қалмақ. Германияның таңымал саясаткері Ансгар Церфас «Welt am Sonntag» газетіне берген сұхбатында: «Видео-подкаст арқылы саясаткер дауыс берушінің назарын тікелей аударта алады», – деп баға беріп, бундесканцлердің виртуалды эфирде жасаған қадамы өте прогрессивті, әрі батыл екенің айтып өтті. Телеэфирдің уақытын бөліп, саяси дебаттардың сайлау алды кампаниялар үшін қаншалықты маңызды екені белгілі, блог арқылы үгіт-насихат жүргізу, бриффинг жасау немесе дауыс берушілердің сұрақтарына жауап беру сияқты шараларды жүзеге асырудың жаңа мүмкіндігі видео-блогтың еншісінде. Мәтінді блогтар фото арқылы дәлелді, шыншыл көрінсе, кейбір жаңалықты видео арқылы жариялаған ыңғайлы екенің тағы ұмытуға болмайды. Мысалы, өрт, жарылыс, табиғи апаттарды камераға түсіріп, блогқа орнатсаңыз, оған 2-3 жол коментарий беріп, көп сөзділікке салынудың қажеті жоқ. Кейбір оқиғалар, соның ішінде әсіресе апаттар, видео материал түрінде жарияланса, заметка немесе аудио-репортаждан гөрі нәтижелі болады. Блогта аудио файлдарды жариялау үрдісі де блогшылар арасында жақсы дамыған. Блогшы қызықтайтын тақырыпта сұхбат жүргізу немесе дайын сценарий арқылы белгіленген тақырыпты талқылау подкасттарда көп кездеседі. Ресейдің подкаст директориясы подкастерлер үшін тегін аудио хостинг ұсынады.  http://rpod.ru адресінде орналасқан Ресей подкаст директориясында аудио-хабар жазам деген кез келген адам өз подкастын орната алады. Ең көп тыңдалған 20 подкаст сайттың алғашқы бетінде жарияланады, тыңдармандар оларға пікір жазып, дауыс бере алады. Барлық подкасттар бірнеше салаға бөлінген: «кітаптар, кино, әңгіме, ән, бизнесс, қаржы, медицина, күнделік, компьютер, ақпараттық технологиялар, ойындар,мәдениет, сән, дін, спорт, философия, т.б.». Подкастерлердің болашақ хабар тақырыбына тыңдарман тікелей әсер етеді, мысалы, пікір қалдыру терезесінде авторға сұрақ қойып, ұсыныс жасау арқылы.

 

 

  1. Маусым 8, 2008, 12:51

    Сәлем, неге 38-39?

  2. Маусым 8, 2008, 13:58

    ол температурам:)

  3. Маусым 9, 2008, 05:52

    Сонша көтеріліп кеткен бе? Ауырма, тезірек жазылып кетуіңе тілектеспін.

  4. Маусым 9, 2008, 09:36

    рахмет, қазір түсті. айтпақшы, ертең қорғау.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру