Негізгі бет > блогер, блогинг, статистика > Қазақ блогосферасы жайында

Қазақ блогосферасы жайында

2007 жылдың қараша айында «Неліктен блог бастадың?» деген сауалнама қазақ блогшылардың ортақ блогы «Блог туралы блогта» жүргізіле бастады. Блогшылар төмендегідей жауап берді, Бақытнұр: «Блог жазу арқылы адам өзін басқаға танытумен қатар, менің қолымнан не келеді деп, өзін-өзі тани біледі. Қазақ қоғамына блог жазу Қазақ Ғаламторына өзіндік үлесін қосу арқылы көмектесе алады», Жанарбек: «Блогты жеке басымның күнделігі ретінде қолданамын. Бөліскім келген ойларды, тәжірибелерді, суреттерді және жаңалықтарды осы блог арқылы уақытқа не орынжайға бағынышсыз түрде әлемнің әр түкпіріндегі адамдармен ой пікір алмаса аламын», Бақытгүл: «Қазақ тілінде блог жазуға ықылас білдіргенімде,  ойымда бірнеше тақырып болды. Соның бірі білім және білімдегі ақпараттық – коммуникациялық технологиялар болса, екіншісі дүние жүзіндегі танымал, тіпті танымал болмаса да қызықты “әдеби сыйлықтар” тақырыбына шолу жасап, қазақ тілді оқырмандарды әлем әдебиетінде болып жатқан жаңалықтармен таныстыру еді»-деп өз пікірлерін білдірді. Сонымен, қазақ тіліндегі ақпаратқа деген қажеттілік блогтардың өмірге келуімен шешілді. Блогтағы материалдарды жастар да, ересек адамдар да жиі оқиды. Іздеу моторында «ақпарат технологиялар», «әдеби жаңалықтар», «қазақ басылымдары», «салт-дәстүр», т.б. сізге қажетті сөздерді енгізіп көрсеңіз, қазақ тіліндегі жеке веб-беттерге тап боласыз. Мұндағы мағлұмат тегін, ашық. 2008 жылдың басында «Азаттық радиосы» “Жас толқын” бағдарламасында қазақ блогосферасына қатысты жиі-жиі хабарлар беріп тұратын болды. Сол хабардың бірінші санында Асхат Еркімбай, Бақытгүл Салықова мен Қуаныш Мағзұмов блог не үшін қажет, қандай тақырыпта жүргізіледі, қоғам үшін маңыздылығы жайында сұхбат берді. Ал BBC Орта Азия елдері бөлімінің радио тілшісі Жаңа медиаға арналған  бағдарламасында белсенді қазақ блогшыларымен сұхбаттасып, қазақ блогосферасына деген қызығушылығын танытты. Қазақ блогосферасының дамуы жайында нақты мағлұмат алу үшін Асхат аға маған белсенді қазақ блогшылар арасында сауалнама жүргізіп көр, деп ұсыныс жасаған. Сауалнаманың нәтижесінде жауап бергендердің 57% блогтарын бір жыл, ал 27% жарты жыл, 14% бір жылдан көп жүргізгенің көруге болады. Келесі сұрақ «Блог бастауға не түрткі болды» дегенге, блогшылардың 86% «жеке қызығушылығым» деп жауап берді. Жеке веб-бет жүргізгенде блогшылардың 57% ешқандай қиындық болмағаның, ал 43% блогты жиі жаңартуға, басқа блогтарды оқуға мүмкіндігі шектеулі болғандығына себеп болған – интернет қызметінің қымбатшылығы деп жауап берген. Жеке веб-беттегі мағлұматтың маңыздылығын бағалау кезінде блогшылардың 43% қажетті ақпараттың жоқ еместігін мойындаса, 43% өзіңе қажетті ақпаратты блогтан тауып алатының көрсетті. Қазақ блог жүргізушілердің 71% әлеуметтік хабарлар, соның ішінде жаңалықтар немесе зерттеулерді, ал қалғаны ақпаратық технологиялар мен тұрмыстық кеңестерді жариялаймын деп жауап берді. Сонымен, қазақ блогосферасы не себепті пайда болды және оның маңыздылығы қандай екенің осы зерттеу барысында анықталды. Біріншіден, қазақ тілді Интернетті дамыту, өз білгеніңді басқаларға жеткізу, шығармашылықта немесе ғылымда өз идеяларды ұсыну және оларды талқылау сияқты негізгі себептер блогтардың танымалдылығына әсер еткендігі анықталды. Блог бастау үшін жеке қызығушылық және қымбат емес интернетке шығу мүмкіндігі болса, Қазақ блогшылардың саны және блогжазбалардың сапасы өсетіні сөзсіз. Жаңалық ашқаным жоқ, сонда да қызық болды :))))

P.S. Сауалнамаға қатысқандарыңызға көп рахмет.

Advertisements
  1. Сәуір 21, 2008, 08:05

    Tyrnagyn uzyn eken, klaviaturany baskan kezde kedergi keltirmei me?
    🙂

  2. Сәуір 21, 2008, 09:02

    негізі жазба басқа тақырыпта))))

  3. Сәуір 21, 2008, 13:01

    akparattar kyzyk……

  4. Сәуір 21, 2008, 20:39

    Zhogarydagyny tusindim goi, zheke surak? 😀

  5. Сәуір 21, 2008, 20:42

    ешқандай кедергі жоқ, клавиатурамен кейінгі кезде күні-түні біргеміз.

  6. akzere
    Сәуір 22, 2008, 09:55

    Әдемі екенсің, Әлия… 🙂

  7. Сәуір 22, 2008, 10:47

    рахмет, Ақзере))

  8. Айко
    Сәуір 23, 2008, 06:32

    Арсенал 777 дегенде футбол ойнап сонын фанаты шыгар деп… козиме баскашалай елестетуши едим.
    баска екенсиз гой 🙂

  9. Сәуір 23, 2008, 06:52

    басқамын)))бірақ Арсеналдың жанкүйерімін. Біздің Шахтердың ойынын көру үшін де анда-санда стадионға барып тұрамын :))

  10. Bakytnur
    Сәуір 24, 2008, 00:04

    Aiko, jazba baska takyrypta edi )))

  11. Сәуір 24, 2008, 03:29

    Әлия шыныменде әдемі қыз екен.. 🙂

  12. Айко
    Сәуір 25, 2008, 04:54

    Бақытнұр түсінбедім. 😦

  13. Сәуір 25, 2008, 08:34

    саған оффтоп жасама деп жатыр..Тақырыпты талқылаңдар оданда 🙂

  14. Сәуір 25, 2008, 08:48

    рахмет, Бекжан. Бірақ осы жазбадағы пікірлердің бәрі дерлік офтоп боп кетті 🙂

  15. Сәуір 25, 2008, 09:38

    Magan ursyp edin algashynda Aliya!

  16. Сәуір 25, 2008, 10:35

    хех)))мен сізге қалай ұрсам, өзіңіө ойлап көріңізші?
    басында ойлағам, сіз жазбаға баға бересіз деп, жарайды енді, уақыт өтіп кетті ғой.

  17. Сәуір 25, 2008, 10:43

    Jazba mykty! Saualnama jaksy jurilgen!

    Negizi ali kop kisi katysuy kerek edi. 40-50 blogshylar katyssa jaksy edi

  18. Сәуір 25, 2008, 10:46

    ия, бірақ олар өздері ғой пассивті бұған көңіл бөлген.
    рахмет.

  19. Айко
    Сәуір 25, 2008, 11:27

    хи-хи-хи барлык пікір «сурет» төңірегінде кетті деч 🙂
    кейін тағы бір сұрахнама жібересіз ғой менің блогым шыққан кезде. Көсіліп бір сөйлейін. 🙂 Ато қазр пас бов атрм чепачем екенін түсінбей. Ну енді блог дегенді жай «тістеп» көріп жатқаным ғой блогшылардын арасында. 🙂

  20. Сәуір 25, 2008, 11:33

    аха, жақсы. сіздің блогыңыз ең жынды болады деген болжам жасай беруге болады 🙂

  21. Сәуір 25, 2008, 14:30

    Aikonyn blogynda -ch, -ch degen aripter en jii kezdesetin bolady 😀

  22. Сәуір 25, 2008, 19:24

    Жазбаң өте ұнады. Қарапайым нәрсені кейде байқай бермеймін. Сенің жазып, қорытындылап жатқандарыңды ұдайы оқып отырып, қай жаққа, қалай кетіп бара жатқанымызды бағамда отыратын болдым. Рахмет.

  23. Сәуір 25, 2008, 19:27

    сіздің идеяныз ғой, сізге рахмет 🙂

  24. Сәуір 27, 2008, 10:33

    🙂

  25. Айко
    Сәуір 28, 2008, 03:16

    Бақытнұр мам-ма айтып берем сені 🙂

    Арсенал «жынды» болад деген сөзіңіз ұнап қалды 🙂

  26. Сәуір 28, 2008, 13:11

    🙂 Айко, қазақ блогингіне жаңа стиль кіргізесіз.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: