Негізгі бет > статистика > E-mail және эгоцентризм

E-mail және эгоцентризм

Сіздің хатыңызды қабылдаушы адам көп жағдайда хат мазмұның толық түсінбеуі және одан басқа қорытынды шығаруы мүмкін…Психологтар бұл мәселені зерттеп, оның себебін тапты. Мәселенің бәрі-автордың эгоцентризмінде ( http://www.glossary.ru/cgi-bin/gl_find.cgi?ph=%FD%E3%EE%F6%E5%ED%F2%F0%E8%E7%EC&action.x=8&action.y=3 ) жатыр деп тұжырымдауда. Хат авторының ойынша, адресаты оны міндетті түрде түсінуі қажет(«бір нәрсені жасырып тұрсам да, бұл онсыз да түсінкті» деп). Бұндай жағдай күнделікті өмірде жиі кездеседі. Нью-Йорк университетінің ғалым докторлары Джастин Крюгер (Justin Kruger) және оның Чикаго университетіндегі әріптесі Николас Эпли (Nicholas Epley) зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, электроныдқ коммуникация кезіндегі түсінбеушіліктер жайында «Жеке және әлеуметтік психология» (Vol. 89, № 5, стр. 925-936) атты журналдың бір нөмірінде, адамдардың бұрыннан белгілі психологиялық феномен-эгоцентризмнің кесірінен өз сарказм, көңілді күйін немесе салмақты ойларын дұрыс жеткізе алмайтынын түсіндіреді. Эгоцентризм – әлемді өзіңің «менмеңдігі» негізінде қабылдау. Өзімшіл адам электрондық пошта арқылы жіберген мәтінді біржақты қарастырады және басқалары бұны қалай қабылдайтыны жайында уайымдайды. Әрине, бұл проблема ежелден келе жатыр…бірақ қазіргі таңда ол өте актуальды, себебі электрондық пошта – коммуникация арналарының ең маңыздысы болып табылады. Зерттеу барысында, адамдар әңгімелесу процессінде бір-бірін әлдеқайда жақсы түсінеді және тәжірибе жүзінде дәлелденгендей, тіл қату арқылы ақпарат дұрыстығы – 75%ға тең, ал электрондық пошта арқылы – 56%. Ең қызықтысы, қарым-қатынастың қай түрінде болмасын, хабарды қабылдаушы ақпаратты түсінбедім деп еш күмәнданбайды екен, яғни бәрін дұрыс түсіндім деп ойлайды. Американдық журнал хабарлағандай, бұл үрдіс әсіресе 1990 ж. психолог Элизабет Ньютонның эгоцентризм эффектісін зерттеуі кезінде айқын көрініс тапты. Оның тәжірибесі кезінде бір адам кез -келген әуеннің ырғағын келтіріп, үстел үстінен қағып, ал қалғандары бұл әуенді тауып алуы тиіс еді. Әуенді табу нәтижесі 3%ды құрады. Неге десеңіз, үстел үстінен қаққан адамның ойынша, әуенді табу оңай, себебі ол оны өз санасында «естіп тұр», ал бұны тыңдап отырғандар тек қағыстарды естиді. Электрондық поштадағы қарым-қатынас процессі де осыған жақын. (авторы Анатолий Ализар) Мүмкін тура солай емес та шығар, бірақ асыққан кезде немесе бір нәрсені тура айта алмай, басқаға айналдырып, ойымызды шашыраңқы түрде жеткізген жағдайларды есімізге түсірейікші…, хаттарыңыздың мән-мағынасын, контекстін түсіну қаншалықты оңай?
http://www.webplanet.ru/news/internet/2006/2/7/ego.html

Advertisements
Санаттары:статистика
  1. Асхат Еркімбай
    Желтоқсан 17, 2007, 10:29

    Rahmet! Keibir hattarymdy nege tusinbeitinin endi uqtum. Qundy malimet eken. Coommentter joninde de sony aituga bolatyn wygar…

  2. Arsik777
    Желтоқсан 17, 2007, 10:33

    мумкiн, бiрак менiнше, сiз озiмшiл емессiз 🙂

  3. nurgeldy
    Желтоқсан 21, 2007, 05:09

    привет! Почему мои коменты у тебя не сохраняются?

  4. Arsik777
    Желтоқсан 22, 2007, 21:29

    Не деп жазып едiн озi:)))

  5. Almas
    Қаңтар 5, 2008, 10:07

    Адам баласының ойы ұшан теңіз ғой. Тіпті оқымаған адам да керемет ойлай алады. Ал осыны қағазға түсіріп көріңіз. Түгел түсіре алмайсыз. Зерттеулер бойынша жай адам өз ойының 3-5процентін ғана, ал жазушылар 10-13процентін ғана түсіреді дейді ғалымдар. Сондықтан болар қаншама қияли болсақ та көп жаза бермейтініміз. Ал өзіме келетін болсам Е-поштаны көбіне жұмыс бабында қолданамын. Қарым қатынас үшін ася не агент, форумдар. Кей мәселелерді блогыма жазамын.

  6. Arsik777
    Қаңтар 5, 2008, 10:11

    ия, дал солай, 1 ой не пiкiрдi артурлi толгауга болады.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: