jump to navigation

Webby сыйлығының авторлары басты желілік оқиғаларды атап шықты Қараша 22, 2009

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , , ,
add a comment

Webby Awards интернет-сыйлығының ұйымдастырушылары Webby 2000’s Top Ten атты соңғы он жылдың ішінде интернетпен байланысы бар басты оқиғалардың тізімін жариялады. Осы нұсқа бойынша екі мыңыншы жылдарда адамзаттың желілік жетістіктері осылар:

2000 жыл
1. Жеке хабарландыруларды жариялайтын Craigslist сайтының ықпалы Сан-Францискодан әрі қарай жайылады.
2. Контекстті жарнама Google AdWords сервисі.

2001 жыл
3. «Википедияның» ашылуы.
4. Napster ірі файл алмасу желінің жабылуы.

2004 жыл
5. Google компаниясының биржаға шығуы.

2006 жыл
6. Онлайндық видео-революция, «Макромедия» бастауымен Flash-плеердің пайда болуы және «Ютюб».
7. «Фейсбуктың» ашылуы және микроблогинг сервисі Twitter-дің дүниеге келуі.

2007 жыл
8. Apple iPhone телефонының пайда болуы.

2008 жыл
9. АҚШ президентінің сайлау алды кампаниясының интернетте өтуі.

2009 жыл
10. Иран президентінің сайлауындағы дауыс беру нәтижесіне қарсы шыққан адамдардың Twitter-акция ұйымдастыруы.

Ақпарат көзі

P.S. Қарап отырсаңыз, бұл да тарих, бірақ осы оқиғалардың көбісі бүгінде біз үшін қалыпты жағдайға айналды.

P.P.S. Айтпақшы, барлық жүлдегер блогшыларды құттықтаймын.

Google Толқын Қараша 11, 2009

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , , ,
5 comments

google_wave_logoЖаздың басында Google компаниясы жаңа сервистің тұсау кесерін жасаған болатын. Компанияның айтуынша, бұл сервис – Интернетте бірлесіп жұмыс істеу саласындағы төңкеріс.

Бағдарламалық қамтамасыз ету конференциясында жасаушылар “Google Wave” (ағылшын тілінен аударғанда “толқын”) атты байланыс сервисінің презентациясын жасады. Бұл сервис байланысудың әмбебап құралы және жасаушылардың ойынша ол электрондық пошта, лезде алмасу хабарламалардың бағдарламаларын, фотохостинг және wiki-редактордың орнын басуы қажет. Сіз әріптестеріңізбен сұхбаттасқан кезде экранда жазылған әр жаңа әріптің жазылу жолы көрініп тұрады, сұхбат шынайы әңгімелесуге ұқсап кетеді және уақытты үнемдейді.

Орфография

Хабарламалармен тез алмасу кезінде терезеге енгізілетін мәтінде жиі қателер кетіп жатады. Осы проблемаға байланысты пайдаланушылар да, лингвистер де бұрыннан наразылық білдіріп жүр. Гуглдың толқыны сауаттылық мәселесін қарастырған болатын: сервисте мәтінде кеткен қателерді түзетудің жаңа жүйесі қолданылады. Әзірге тек қана ағылшын тілі үшін болса да, сервис сөздерді контекстке байланысты дұрыстайды. Жасаушылар бұл жүйені Natural Language processing деп атайды және оның орфографиялық сөздіктерге негізделген алгоритмдерден әлдеқайда пайдалырақ екеніне сенімді.

Хабарласу

Google Wave тек қана екі адамның ақпарат алмасуына емес, көптеген адамдардың арасында «әңгіме» жүргізуге жағдай жасайды. Егер бір адаммен жеке сөйлесемін десеңіз – ол үшін де арнайы опция бар, ондай хабарласуды «толқын асты» деп атайды. Бір-біріңіздің хабарламаларыңызды редакциялауға, ұжымдық жоспар, құжат құруға арналған мүмкіндіктер бар.

волна

Өзім Толқынға кіргелі бір айдан асты, терезеде инвайтқа қолы жеткен джимейлдегі байланыстарым бар, чаттардың ішінде басқа да қазақстандық пайдаланушылар жүр. Инвайтты yvision.kz немесе twitter.com-да жүріп, сұрап алуға анда-санда мүмкіндік болып жатады.

Фитцпатрик: “Блог – хабарласудың формасы” Қыркүйек 23, 2009

Posted by arsenal777 in блогинг, медиа, әлеумет.
Tags: , ,
add a comment

m99381LiveJournal-дың негізін салушы Брэд Фитцпатрик қолданушылардың блогтарында ақша табудың (монетизация) мүмкіндіктері жайында баяндап беру мақсатымен Мәскеуге келген еді. Google-да инженер-программист болып жұмыс істейтін Фитцпатрик ЖЖ-ның монетизациялануына сенбейтінін және тұғырнама жақында «ескіріп» қалуы мүмкін екенін «Ведомости» газетіне айтты.

ЖЖ-ны 1999 жылы мектепті бітіргеннен кейін өзінің жеке күнделігі ретінде жасаған. Кейін бұл бизнеске айналды.

Бүгінде ЖЖ-ның жағдайы жайында Бред былай деп айтады: “LiveJournal әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнама нарығында алғашқылардың бірі болған еді. Ол Twitter секілді прогрессивті болды. Бұл факт: АҚШта бес әлеуметтік желі танымал болып, кейін осы беделінен айырылып қалғанын көрген едім. Адамдар желіге сәннен қалмас үшін келеді, ал сіздің мамаңыз онда аккаунт ашқан кезде, осы желі сәнді болудан қалады. Бұл дұрыс емес – желінің функционалын таңдау керек”.

Блогтардың монетизациясы турасында: “Осы жайында сенімді жауап беру – ақымақтық… Блог - бұл хабарласу формасы, әдетте, электронды почта мен IM секілді. Мен өзімнің почта немесе мессенджерімді қалай монетизациялаймын?”

толығырақ “Ведомости” сайтында

Жай емес деген үмітте Маусым 7, 2009

Posted by arsenal777 in блогинг, әлеумет.
Tags: ,
8 comments

3331542018_26c6bdf246

Бір жыл бұрын микроблогинг деген сөзді қолданбайтынмын, тек Твиттерге тіркелгесін, блогымда осы сервис жайында бірнеше рет жазған едім. Уақыт өте келе, “микроблогинг” лексиконымда үйреншікті сөзге айналды, микроблог жүргізуге арналған сервистер көбейді және олардың танымалдылығы да арта түсті.

Бүгін Обамадан бастап Опра Уинфридің бағдарламасын көретін үй шаруасындағы әйелге дейін сол “Не істеп жатырсыз?” деген сұраққа жауап беруге асығатындар көп. Қазір Твиттер, Плюрк сияқтылар өздері әлеуметтік желі бола тұра, Фейсбук, Мой мир деген сияқты ірі әлеуметтік желілерге өз әмірін жүргізгендей болды, тура өздері болмаса да; дәлірек айтсақ, микроблогинг элементтерін кең таратты.

Дара Торрес пен Шакил О’Нилдардың Твиттерде пайда болуы да жай емес, ал твиттерфон  бұл бөлек әңгіме… Бір сөзбен айтқанда, микроблогингке назар аудару енді “болады” емес, “қажет”. Қазақ тілінде микроблогингтің қызықты жаңалықтарымен енді мына жерден танысуға болады. Иә, бұл жарнама. ;) Назар аударғандарыңызға көп рахмет.

Жаңа идеялардың 15 қайнар көзі Мамыр 4, 2009

Posted by arsenal777 in блогинг.
Tags: , , , , , ,
15 comments

561453_3

Егер адам шығармашылықпен тікелей байланысты болса (осы орайда, жазушылар, ақындар жайында айтқым келеді), ерте ме кеш шығармашылық дағдарысқа ұшырасады. Ал блогшылар/копирайтерлер ше? Идея немесе шабыт жоқ, не жазарымды білмеймін, жаңа тақырып таба алмадым, – деген сияқты сөздер сізге бөтен болмаса, осы жазбаны әрі қарай оқуға шақырамын.

Dumblittleman сайтында “15 Ways To Break Writer’s Block ” осындай бірнеше кеңес бар:

Сіздің компьютеріңіз

Иә, дәл солай. Компьютеріңіз сіздің оффлайнға шығуыңызды күтуде. Онда неше түрлі  идеяға итермелейтін материалдар бар.

Bookmarks (орысшасы закладки, ал қазақшасын білесіз бе?)

Сізді қызықтырған сайттар, материалдар жоғалып кетпес үшін, оларды сақтайсыз. Осылайша ұзыннан ұзақ ерекшелеп қойған сайтардың тізімі жиналады. Бірақ оларға екінші рет кіретініңіз екі талай. Осылайша, жаңа идеяларыңыз болмаса, браузердегі bookmarks-ты (аудармасын тағы сұраймын) қарап шығыңыз.

Әлеуметтік желілер мен БАҚ

Сіз интернетте ақпаратты іздейсіз, қазбалап, суырып алуды жақсы көретін болсаңыз, бұрын тауып алған материалды қайта тексеріп шығуға уақыт келді. Материалға үңіліп қараңыз, шын мәнісінде, тереңдеп қарайтын болсаңыз, онда «пайдалы қазбаларды» тауып алуға болады.

RSS оқырмандары

Google оқырманы шабыт қайнар көзіне айналуы мүмкін. RSS – ке жазылып, біраз ақпаратқа ие болуға асығыңыз.

Газет – журналдар

Күнделікті газеттер мен журналдар – идеялардың сарқылмайтын қайнар көзі. Компьютерсіз-ақ ақпарат тауып алуға көріңізші..

Пікірлер

Оқырман пікірлері – шабыттың тағы бір қайнар көзі болуы әбден мүмкін. Кейбір оқырмандар пікірге блогыңыз үшін жаңа идея тастап кеткен де шығар…

Flickr және YouTube

Flickr, YouTube және бақа да сайттар әртүрлі суреттер мен видеоларға бай, олар да жаңа идеяға итермелейді. Кейбір видеороликтар мен суреттер жұмыстағы жаңа материалға шабыттандыруы мүмкін

Кітаптар

Бұл идея үшін ең жеңіл тәсіл. Кітап сөресін шаңнан сүртіп, оқи бастаңыз

Чат және Twitter

Диалог/әңгімелесу – идеяларды әкеледі. Мүмкін, достарыңызбен әңгімелескен кезде олардан кеңес сұрап көрсеңіз? Ақпаратпен алмасудың ең ыңғайлы түрі: чат, Twitter, телефон.

Ескі электронды хаттар

Gmail бізге біраз ақпарат сақтауға мүмкіндік беретіндіктен, ескі хаттарды өшірмейтін шығарсыз. Баяғыда келген хаттарды оқып шығыңыз, ол дәстүрлі емес ақпарат қайнар көзіне айналып, шығармашылық дағдарыс кезінде көмекке келуі мүмкін.

Телевидение

Әлемтор өміріңізге келгеннен кейін, бұрынғы досыңыз – телевидениены ұмытып кеткенге ұқсайсыз. Бірақ бұл да материалдардың зор ресурсы. Сондағы бейне әріқарай материалыңыз ретінде жалғасын тауып алуы ықтимал.

Форумдар

Форумдағы пікірлесулерге қатысыңыз, әсіресе олар қызметіңізбен тікелей байланысты болса. Бұл да идеяларды әкелетін орынға айналуы мүмкін.

Үнхабарлар

Үнхабар тыңдаңыздар. Жұмыстан шаршап, ойлануға мұршаңыз келмесе, үнхабар жаңа идея әкелуі мүмкін.

Қоршаған орта

Қоршаған орта да шабыт сыйлауы мүмкін. Жұмыс үстеліңізді тазалап, бөлмені реттеңіз. Осыны істеп жатқанда да, идея келуі мүмкін.

Миға шабуыл және ойлардың картографиясы

Ұйымдасып, «миға шабуыл»(brain storm) немесе ойлардың картографиясын жасап, жаңа идеяларды тудыра аласыз. Бұрын өзіңіз жазған жазбаларды қарап шығыңыз. Оларды басқа біреумен талқылаңыз, мүмкін жаңа көзқарасқа тап боласыз.

Бұл ерекше Barcamp еді (1) Сәуір 21, 2009

Posted by arsenal777 in блогер, блогинг, медиа.
Tags: , , , , , , , , , ,
27 comments

Жарты жылдай осы шараны күткен едім, ақыры қатыстым. Бұл жазбаны ресми түрде жазғым келмейді, себебі бұл мүмкін емес. Мен үшін осы баркемп ерекше өтті және оның дәл 2009 жылы өтуі өте дұрыс деп ойлаймын. Себеп? Биыл еліміздің Интернет қолданушылары сан жағынан өссе, Қазнеттің өзі сапа жағынан өсті. Жаңа сайттар, блогтар, сервистер көбейді. Barcamp CA 2009 арқылы көзбе-көз Қазнеттің проблемалары, жаңа идеялар талқыланып, жас стартаптарға демеушілік көрсету мүмкіндігі туды.

17 сәуір күні шараға келген қатысушылар тіркелуден өтіп, бір-бірімен танысып, білісті. Қазнеттің блогшылары, twitter мен yvision.kz – тің қолданушылары және Өзбекістан, Қырғызстан, Латвия, Украина, Беларусь т.б. елдерден келген баркемперлер КИМЭПте жиналды. Көбіміз бұрыннан танитын, бірақ өмірде кездеспеген адамдармен танысуға асықтық. Өз басым Твиттер және yvision-дағы таныстарыммен танысып(кейбіреулеріміз ник пен аватар арқылы бір-бірімізді танысақ, көбіміз фотодағы түрімізден танып қойдық; әйтеуір ол да бір қызық еді), бұрыннан танитын Лена мен Инесса (Баркемпті ұйымдастырған қыздар), Adam Kesher, Сардор (Ташкент), Бектұр мен Сымбатпен (Бішкек) кездестім.

18 сәуір күні презентациялар күні болды. Мен және алматылық Елдар микроблогингке байланысты презентация жасауға дайындалған едік. Қабырғаға ілінген кестеге өзіміздің презентациямыздың уақытын жазып қойдық. Бір кезде алдымнан Қуаныш шыға келді, қарасам қасында Ақзере, Салтанат пен Айкона тұр. Барлығымен танысып, әңгімелесіп, суретке түскен едік. Біраздан соң Нұргелді (оны көрмегелі қай заман) Қостанайдан ұшып келді. Бірнеше презентацияға қатыстық, өкінішке орай барлығына қатыса алмадық. Моблог, Yvision, PodKAZt, Opera mini-ді көріп қайттық.

Ақзере, Айконаның бір жұмыстары болып қалғасын, Салтанат екеуміз қалдық. Операның презентациясында Салтанат кімді көріп қалды деп ойлайсыз? Жанарбек аға да КИМЭПтің ішінде жүр екен. Оны көріп, амандасып, біраз сөйлестік.
s6301880

Сол күні Қазақ блогшыларымен кездескеніме қатты қуанған едім. Қыздар блогтары сияқты әдемі, салмақты, ақылды!
Келгендеріне және презентацияма қатысқандарына көп рахмет!

img_2101_resize
img_4906

s6301858

s6301860
s6301877

Жалғасы бар. Келесі жазбада 19 сәуір немесе Idea markets/Startap competition мен Айконың Сәкіні жайында оқи аласыздар

Оқырман және Сіз Ақпан 19, 2009

Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.
Tags: , , , ,
5 comments

Блогшы әңгімелесуге, байланыс орнатуға, диалогқа дайын болуы тиіс.
Оқырманмен байланыс орнатуда мынадай бірнеше кеңес:
1. Байланыс(әңгіме) үшін уақыт іздеңіз!
Күнде аудитория үшін уақытыңызды бөлуге тырысаңыз, әйтпесе төмендегі пунктерді оқуға еш қажеттілік жоқ.
2. Оқырман үшін сізбен байланыс орнатуға мүмкіндік беріңіз!
Кейбір блогшылар байланыс парағында бос орын қалдырмай, толтырып қояды, мысалы, э-адресін, телефон нөмірін, ICQ және т.с.с. Кейін әр байланыс түріне көптеген хаттар, хабарламалар келіп жатады және блог иесі олардың бәріне жауап бере алмайды. Сондықтан, э-почтаныздың адресін ғана көрсетсеңіз жетеді.
3. Интерактивті пікірлер
Әр пікірге жауап берудің қажеті жоқ, бірақ қатысу – міндет. Пікірлер ішінде блог оқырманы бір-бірімен әңгімелесіп, кейбір мәселелерді шешіп, бір-біріне көмектесуі де мүмкін.
4. Электронды почта арқылы байланыс
Пікірлерге назар аудару әрине қажет, бірақ электронды хаттарға жауап беру міндетті түрде қажет. Өйткені хат бұл тез жазылған блогтағы пікір емес, оқырман хат жазған кезде уақытын бөлген, сонымен қатар, хаттарда маңызды ақпарат жазылады – сұрақтар, ұсыныстар т.б. Сол себептен, бұндай хаттарға толық жауап берудің маңызы бар.
41365702082007235119
5. Диалог құрастыру
Оқырманмен байланыс орнатудың өзі сіздің Ол үшін ашық (немесе керісінше) екенін көрсетеді. Мысалы, кейбір блогшылар оқырманымен қатаң, кейбіреулері жайдары, ашық,
• Сұрақ қою – оқырманды өзара қарым-қатынасқа шақыру;
• Жеке ойды білдіру – блог жазбаның аңдатпасы ретінде, мысалы, осы постты жазуға қандай жағдайлар/ойлар түрткі болғаны туралы жазу;
• Қатені мойындау – бұл сізді оқырманмен жақындатады, олар сіз машина емес, басқа адамдар сияқты пенде екенін көрсетеді;
• Сізді мазалайтын сұрақтарды оқырманнан сұраңыз, осылайша, сіз үшін оқырманның пікірі маңызды екенін көрсетесіз;
6. Twitter
Twitter оқырманмен байланыс орнатуда зор рөл атқарады. Қысқа да нұсқа ақпаратты диалог + RSS-тың альтернативасы.
7. Әлеуметтік БАҚ
Twitter ыңғайлы, бірақ барлық оқырман үшін емес, сондықтан Facebook сияқты әлеуметтік жүйелер арқылы тағы байланыста бола аласыз.
8. Сұхбат
Бұл оқырманға жақын болудың жақсы түрі. Қазақ блогосферасында Нұрғиса Асылбековтың осындай сұхбаттары естеріңізде шығар. Сұхбат арқылы оқырман сізді басқа жақтан тани алады.
9. Сіз жайында
Басқа блогтар сіз жайында не айтып жатқанын бақылап тұрыңыз. Ол үшін трекбектерге жазылуға болады, трафиктің қайдан келгенін көрсететін статистика тағы бар. Осылайша сіз оқырманмен және басқа блогшылармен байланыста боласыз!

…болған екен Қаңтар 22, 2009

Posted by arsenal777 in блогинг, медиа, әлеумет.
Tags: ,
add a comment

d0bcd0b8d1851Жаңа жылдан кейін әлеуеметтік жүйелер мен блог платформаларда біраз өзгерістер болғанын байқаған шығарсыздар. Оның ішінде ЖЖ-ның америка офисінен 12 қызметкерді жұмыстан шығаруы(бұрын олардың саны 28 еді), Твиттердің ең танымал қолданушылары – Бритни Спирз пен Барак Обаманың микроблогтары хаккерлермен бұзылғаны. Соған қарамастан орыс тілді тви-қолданушылардың саны(оның ішінде қазақстандықтар да баршылық) қаңтар айында ұлғайды. ЖЖ-дағылар енді Твиттерге көшейек, бір-бірімізді дос қылайық(зафрендим) деп айтып жатыр. Кеше Твиттердегі жазбалардың көбісі ICQ туралы болса, оның алдында Обамаға арналған, біздікілер премьер жайында сөйлеседі. “Twitter is the telegraph system of Web 2.0.” Nicholas Carr, Author and Technologist(Твиттердегі бір жазбадан)
Тағы бір мегажүйе Facebook 150 млн. қолданушыға ие болды. Google жайында айтатын болсақ, бір жағынан олар көп офистерін жауып, бірнеше сервистерінің жұмысын тоқтатса, жаңа сервис пен утилиттерді іске қосты.
Арнайы қыздар үшін
МЫНАНЫ көрсеткім келеді.
ИШ көмегімен.

Тви-өмір Желтоқсан 14, 2008

Posted by arsenal777 in блогинг, медиа.
Tags:
5 comments

Твиттер туралы бұрын да жазғанмын, дәл қазір оның дамуы мен үшін байқала бастады. Қазақстанда тви-қолданушылар көбейді, және жалпы Твиттердің өзінде бұрынғы «Не істеп жатырсың?» деген сұраққа жауап беретін хабарламалардың орнына чаттағы әңгімелерге ұқсайтын жазбаларды көруге болады. АҚШ президенті Обаманың өзі оны қолданады екен (бұл мырза подкасттарды да шығарады). Тви-қоғамдастығы үшін орыс тілінде блог ашылды. Бұнда Твиттердің жаңалықтары, жаңа мүмкіндіктері, қолданушылары және тарихы жайлы білуге болады.

Твиттер арқылы күнде көп ақпаратты естіп жатасың, оның ішінде қажеттісін таңдап, әр қолданушының веб-бет адресіне де сілтеме табуға болады. Мысалы, кеше ғана тви-қолданушылар арасынан бір орыс балеринаны тауып алдым, ол тақырыптық блог жүргізеді екен. Мария Кочеткова қазір Сан Францискода, блогын 2001 жылдың маусым айынан бастап жазады. Репетиция, спектакльдері жайында жазады, сонымен қатар қай қалада, нешеде, фото, видеомен қоса, билет сатып алу үшін сілтеме де жариялайды. Бір жағынан бұл өзіне жасалған жарнамаға ұқсайды, бірақ мен үшін бұл Аспазшының, Журналисттің, ИТ-маманының блогы сияқты жеке веб-бет.

Әзіл үшін әлде…? Қыркүйек 3, 2008

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags:
3 comments

Бүгін сіздерге Твиттер (Twitter) жайлы айтқым келеді. Өзім оны 4 айдай қолданамын. Жай ғана, әзіл үшін, анда-санда бір жаңалықтарды естіп жатамын, бірақ көп ретте интернеттегі таныстарымнан олардың жаңа посттары немесе жаңа подкасттары жайлы білемін. Бұл кейде RSS-қа альтернатива да болуы мүмкін.

Сонымен Твиттер деген не? Википедияда бұл еркін әлеуметтік жүйе микроблогтар жүйесінің жиынтығы ретінде қолданушыларға мәтіндік заметкаларды (140 таңбаға дейін) жасауға арналған деп жазылған. Сіз sms, мезеттік хабарламалар қызметі немесе клиент-бағдарламасы арқылы кез келген заметка жаза аласыз және сіздің Followerлеріңіз(алдымен тіркеліп, олар сіздің, ал сіз олардың жазбаларын оқи алатындар) үшін хабарламаларыңыз сол сәтте ашық күйінде жетеді. Осы жылдың мамыр айында Твиттерге тіркелген қолданушылар саны 1 млн. жетті. Журналистер өз ретінде ақпаратты шұғыл түрде жеткізу үшін дәл осы Твиттерді қолданады екен. Кейбір европалық тілшілер сюжет түсіруге немесе репортаж жасауға, сұхбат алып, кез келген оқиғаға байланысты хабар жасаудан бұрын осы жайлы Твиттерге қысқаша 4-5 сөз жазып, алдағы жұмысына аңдатпа жасағандай болады немесе блогшылар «осындай тақырыпқа материал жазайын дегем» немесе «осындай адамнан сұхбат алайын дегем, қандай ойыңыз, идеяларыңыз, сұрақтарыңыз бар» деп те жазуы мүмкін. Ал көп ретте, «мен жаңа подкаст шығардым немесе пост жаздым» деп, Твиттерге сілтеме жасайды. Осылайша, бұл қызмет түрін әртүрлі қолдануға болады.