jump to navigation

BBC ізімен (4) Наурыз 5, 2009

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , , ,
1 comment so far

57

Таланттың туысы жайында

Қысқа жазу, онсыз да түсінікті нәрсені түсіндіремін деп, мәтінді созбау! Қолданушылардың уақыты көбінесе аз болғандықтан, олардың Интернеттегі уақытын үнемдеген жөн.
Американдық Интернет-эксперт Якоб Нельсон қағаздағы жазулармен салыстырғанда, онлайн материалды 25% оқу қиын дейді. Осыған сенбесек те, монитордан оқу шынымен де қиын, көпшіліктің осындай оқудан кейін көзі ауруы мүмкін. Осыдан шығатын қорытынды: қысқа да нұсқа жазу, әрі қажетсіз фразаларды қолданбау қажет.
Кейбір сайттардың әкімшілері мәтінді әдейі қысқартып, жариялайды. Мысалы, Би-би-сидің сайтында мақаланың кейбір бөлігінде сөздердің санына шектеу қояды. Нақтырақ, алғашқы абзацта. Интернет-журналистиканың кейбір эксперттері сайт үшін материал жазған кезде «қағаз» басылымға қарағанда екі есе аз жазу керек деп айтады.
Өте маңызды: абзацтар қысқа және бір ой-пікірден құралу қажет. Көбінде, абзац бір-екі сөйлемнен құралады, ал абзацтардың арасында бос жол қалдырылады.

BBC ізімен (3) Ақпан 18, 2009

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , ,
add a comment

Тақырып
Осының алдында біз Интернет үшін материал жазған кезде оның кіріспесін, яғни журналистика тілімен айтқан кезде «Лид»-тің түрлерін қарастырғанбыз. Бүгін материалға тақырып(заголовок) қою жайында әңгіме қозғаймыз.
Тақырыптар оқырманның көңілін өзіне аудару тиіс. Бірақ Интернет үшін тақырып жазылғанда, абай болыңыз. Себебі олардың осыдан кейін қайда болатынын сіз білмейсіз. Оларды сіздің материалыңызды жарнамалаған кезде SMS арқылы жіберуі мүмкін, басқа вебсайттарда немесе іздеу серверлерде орналасуы тағы мүмкін. Сондықтан да оқырманды бағыттан адастырмас үшін көп нәрсені аз сөзбен жеткізген дұрыс. Тақырыпты жазған кезде оқырман жайында ұмытпау керек, мысалы, егер де оқырманыңыз орта жастағы адамдар болса, онда тақырыптағы поп-мәдениетке байланысты аллюзиялар түсініксіз болар. Бірақ сізді MTV-дің ұрпағы оқитын болса, керісінше түсінер.
Тәжірибе көрсеткендей, бірінші материалдың өзін, кейін иллюстрация үшін фото іздеу, ал соңында ғана тақырып жазған дұрыс. Тақырып фотомен байланысты болса, тіпті жақсы. Интернет үшін тақырып жазу үшін арнайы икемділік қажет. Кейде түсінікті әңгімелеу үшін бес сөзге қарағанда 500 сөзді қолдану жеңіл.
12365412

BBC ізімен (2) Ақпан 2, 2009

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , ,
3 comments

Мақаланың басы
Мақаланы бастар алдында міндетті түрде материалды кім/не/қайда/қашан/неге/қалай деген сұрақтарға жауап беретін жаңалықтық лидтен бастау заңды емес. Жаңалықтық емес мақалалар оқиғаға байланысты кішірек әңгімеден басталуы мүмкін.
Сонымен қатар, мақаланы мекеннің суреттелуі, шиеленіскен мақұлдаулар немесе қызықтыратын сұрақтардан бастауға да болады. Посткеңестік журналистикада жаңалықтық емес мақаланы жаңа ақпарат бермейтін ғибратты сөздерден бастайды. Бірақ бұл зеріктіріп жібереді.
Жарқын, есте қаларлық суреттен бастасаңыз, мысалы: « Таяу Шығыс бойынша БҰҰ мәртебелі өкілі Терье Ред-Ларсен, бейсенбі күні осы жерде тастар үйіндісінде тұрып, жан-жақтағы қиратылуларға қараған еді». Немесе ерекше мақұлдау:«Негізінде, пункт А-дан В-ге дейін өту – мина құрып тастаған жердің бойымен серуендеудің жақсы әдісі емес. Немесе сұрақ:«Бұл мемлекеттік төңкерістің әрекеті болған ба?»
Мақаланы цитаталардан бастамауға тырысыңыз, бұл “еріншек журналистикаға” тән және оқырманды бағыттан адастырады.

BBC ізімен (1) Қаңтар 19, 2009

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , , ,
2 comments

BBC-дің курстары бойынша «Интернет үшін қалай жазу керек?», яғни дәстүрлі емес БАҚтардың өзіндік ерекшеліктері негізінде материалды дайындау ережелері жайында бөліскім келеді.
Қысқа да нұсқа жазу, нақты сөйлемдерді қолдану – бұл Интернет журналистер үшін өте маңызды. Сонымен қатар, оқырманды бірінші жолдан бастап қызықтыру да қажет. Аудитория үшін жұмыс істеген жөн. Қарасаңыз, бұның бәрі дәстүрлі журналистикаға жат емес, сондықтан да керемет айырмашылық жоқ. Сонда да…
Қалай және неден бастау қажет?

Айтып өткендей, алғашқы сөйлем оқырман үшін қызықты болуы қажет! Естеріңізде болсын, алғашқы сөйлеміңіз кез келген жерде болуы мүмкін. Мысалы, сіздің вебсайтыңыздың бірінші бетінде, басқа сайттарда – сілтеме немесе іздеу сервисінің берген нәтижесі ретінде. Жаңалықтық материалдың алғашқы сөйлемінде негізгі сұрақтардың жауаптары болуы тиіс: кім/не/қайда/қашан/неге/қалай. Осылайша сіз оқырманға материалды мазмұндап бересіз және оны әрі қарай оқуға итермелейсіз. Төмендегі вебсайт материалдарының сөйлемдеріне назар аударыңыз. Бағалаңыз. Осы сөйлемдер мақаланың мазмұнын бере ме?
http://news.bbc.co.uk/
http://www.bbcrussian.com/
http://www.cnn.com/
http://www.aljazeera.com/
http://news.google.com/
http://www.irishnews.com/
http://www.africadaily.com/

http://www.lankapage.com/

Радио үшін қалай жазу керек Желтоқсан 26, 2008

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: ,
3 comments

Би-би-си журналистері радиожурналистиканың ерекшеліктерін біле тұра, нақты ережелерді қолданады.
Журналистер аудиторияның тек қана тыңдап, ақпарат қабылдайтынына негізделіп, түсінікті, қарапайым тілмен жаңалықтарды жеткізеді.
Олар газет үшін мәтін жазбайды: радиожурналист үшін сөздің әдемілігі емес, түсінуге жеңілдігі маңызды.
Радиожурналистиканың ең басты ережесі – ауызша айтайын дегенді қағазға түсіру. Журналистер күрделі термин мен сөзтіркестерін қолданбауға тырысады.

Редактор Андрей Остальский радио үшін қалай жазу керек.

«Қысқа сөйлемдерді жазсақ та, олардың көлемін алмастыруға тырысамыз, әйтпесе диктордың сөзі, роботтың сөйлеуіне ұқсап кетуі мүмкін».
Би-би-сидің тағы бір ережесі – материалды эфирге жіберер алдында оқып шығу. Егер де материалды оқып, деміңіз жетпесе, кейбір сөздер немесе сөз тіркестері түсініксіз болатын жағдай – материал дұрыс жазылмағандықты көрсетеді.
Сонымен қатар, анықтауыштарды қолдану мен баға беру немесе пікір білдірудің арасында айырмашылықты түсіну қажет.
Баға беретін анықтауыштарды күшейтудің қажеті жоқ. Мысалы, 20 адам қатысқан пикетті «шахтерлердің бұқаралық акциясы» деп атауға болмайды.
Материалда төл сөз орнына, төлеу сөзді қолданған дұрыс.
Ақпарат көзің тыңдарманға хабарлаудың өзі де маңызды. Фактілер мен сандар редакцияның журналистік зерттеу негізінде алынбаса, тікелей қайнар көзін көрсеткен жөн. Мысалы, «Рейтер агенттігінің мәлімдеуінше…».
Радиожурналистиканың тағы бір ережесі – тыңдарманға ҚАЗІР болып жатқанды хабарлау. Себебі редакция тарихты емес, жаңалықтық репортажды жазып жатыр.
Мысалы, мына екі үзіндіге қарасақ, қайсысында қатысу эффектісі басым?
«Өткен түнде ливерпульдің үш футбол фанаты қамауға алынды…» немесе «Үш Ливерпуль футбол фанаты тәртіп бұзушылықтан кейін қазір қамауда…»
Би-би-си жаңалықтың ең маңызды бөлігі – бірінші сөйлем екенін ұмытпайды. Егер де тыңдарман оған қызықпаса, әріқарай тыңдайды деп ойламаңыз. Сондықтан да жаңалықты басынан бастап қызықты, маңызды екенін көрсету қажет.
Материал жазар алдында алға қойған мақсатты анықтап алу керек: жаңалық хабарлау, әңгімелеу, атмосфера жасау, әлде күрделі проблеманы жеткіземін бе? Әр жанрдың өзіндік стилистикасы және ережесі бар.

Жаңа сөздер Желтоқсан 3, 2008

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: ,
add a comment

Тілге тірі организм ретінде қарайтын болсақ, уақыт өте келе жаңа стилистикалық құбылыстар жаңа сөз бен сөз тіркестерін тудыратынын байқауға болады, осыған қарамастан, ағылшын редакциясы неологизмдерге сақтықпен қарайды.


Редактор Андрей Остальский жаңа сөздердің қолданысы жайында

Журналистер жаңа сөз бен жаңа сөз тіркестерінің немесе күнделікті сөздердің балама/нұсқаларының пайда болуын қадағалайды.

Дикторлардың теле- және радиоарналар, баспасөз бен әдебиеттегі шығармалар арқылы тілдің эволюциясынан қалмай, Интернет тіліне де көңіл аударады.

Тілге жаңа сөз қосатындар қатарында – «ньюзмейкерлер» – бұл тағы бір неологизм, яғни олар саясаткерлер мен дипломаттар және журналисттер үшін жаңалық жасайтындар.


Қазіргі кезде тілдің нормасына сай келмесе де, көп ретте қолданыста болатын сөздер ағылшыннан калька түрінде келген.

Сонымен, ВВС БАҚ пен саясаткерлердің тіліне назар аударып, тілге неологизмдердің қаншалықты енгендігін қадағалап отырады.

Шетел сөздері Қараша 26, 2008

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags:
3 comments

Қазіргі қазақ тілімізде шетел сөздері көп қолданылады және олар термин, анықтамалар үшін қажет. Би-би-сидің лингвистикадағы мол тәжірибесі бар болғандықтан мастер-класс немесе журналистерге арналған курстарда бұл мәселені қозғайды. Олардың айтуынша, лингвистикада жоғары білімінді көрcетем десеңіз, шетел сөздерін қолданбаған жөн.

Би-би-сидің журналистері тыңдарман/оқырманға нақты ақпарат жеткізуді көздейді. Эфирде біреуді керемет таң қалдырудан аулақ, бірақ әдемі сөйлеу және өз ойын дұрыс жеткізу-тікелей эфирде жұмыс жасайтын журналистке қойылатын талап екенін тағы ұмытпайды.

Редактор Андрей Остальский шет ел сөздерін қолдану турасында

Шетел сөздерін қолданбау логикасы: сіз шетел немесе термин сөздерінің мағынасын білсеңіз де, кейбір тыңдармандарыңыз оларды білмеуі мүмкін. Егер олар журналисттің сөзін түсінбесе, ондай ақпараттың қажеті де жоқ. Кейбір сөздер, мысалы «катарсис», «процессор» немесе «диггер» сайттың оқырманы үшін таныс немесе «трейдер» сөзін экономикалық жаңалықтарын тыңдайтындар үшін түсіндірудің қажеті жоқ.

Соған қарамастан, репортаж, мақала көпшілікке арналған болса, түсініксіз шетел терминдерін қолданбай, олардың баламасын немесе түсіндірмесін қолданған дұрыс.

Кейбір кезде ана тілімізде баламасы жоқ терминдер де болуы мүмкін. Сол кезде Би-би-си журналистері «кальканы» қолдануы мүмкін, яғни бұрын жоқ сөзді енгізу. Мысалы, «боксер Николай Валуевтың промоутеры, ресейлік спортшы американ боксшысымен күш сынымақ деп мәлімдеді…».

Басқа жағдайларда жаңа термин үшін тілдің ресурстары да қолданады. Мысалы, «Уэйн Руни ойыннан тыс (off-side) жағдайында доп соқты».

Материалды аудару жайында Қараша 19, 2008

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , , ,
add a comment

Британдық корпорацияның келесі сабағы тәржімаға арналған. Қазақ блогшылары үшін бұл ақпарат пайдалы болады деп ойлаймын, себебі көбісі аударма жұмысымен тікелей болмаса да, ұшырасады. Мысалы, өз басым, орысшадан қазақшаға аударумен көп уақыт өткіземін. Және төмендегі  проблемаларға жиі көңіл аударамын.  

 

Бұл кез келген елдегі ВВСдің меншікті тілшінің, не корпорацияның орталық қызметімен жазылған жаңалық немесе белгілі саясаткердің сөзі болуы мүмкін. ВСС үшін оқылған немесе естіген сөзді дұрыс түсіну аз, құрылымы жағынан дұрыс аудару да маңызды.

 

Редактор Андрей Остальский тәржімада кездесетін қиындықтар жайында

 

Аудармашы сияқты тек қана бір ақпаратты басқа тілге аударумен шектелмей, тілдік нормаларға да сай материал дайындау қажет. Әрине, бұл кезде тілдік және стилистакалық қиындықтар туындайды, мысалы, шет ел сөздері, терминдер; оларды тура аударуға болмайды, сондықтан да лингвистикалық тәсілдер арқылы ақпараттың мәнісін ашуға тырысқан жөн.

Кейбір кезде «калька» арқылы ақпаратты ұсынуға тура келеді, яғни тілге жаңа сөздер мен терминдерді енгізу. Мысалы, «ресейлік девелоперлер бірнеше ірі құрылыс жобаларының тоқтатылуы жайында айтты».

Немесе мынандай жағдайда: «американдықтар өзінің әскери базасында ерте хабарландыру жүйесін (early warning system) орнатты», яғни жаңа термин үшін тілдік ресурстарды осылайша қолдану.

Сонымен қатар, тілде нақты анықтамалардың жоқтығынан қысқа да нұсқа жазуда қиындықтар туғызады.

Радиожурналистикада өзіндік тілдік және жанрлық ерекшеліктер бар. Мысалы, репортаж үш минуттан аспау қажет. Бірақ оның авторы жоғарыда аталған проблемаларға тап болса, контекст немесе ұзақ түсіндірме жасайды. Кейде ағылшынша екі-үш фразамен айтуға болатын нәрсені басқа тілде бір абзацпен түсіндіруге тура келеді. Сондықтан ВВС ағылшын мәтіннен негізгі ойдың мәнісін қысқартпай, қажет ақпаратты аударып, соған қарамастан, материалды созылынқы жасамай, түпнұсқаға жақындатуға тырысады.

Сөз таңдау өнері Қараша 12, 2008

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , ,
add a comment

ВВС өз веб-сайтындағы жариялаған материал немесе бағдарламаларында түрлі адам, этникалық топтарға, діни және мәдени общиналарға дәл және бейтарап анықтама(атау) береді. Кейде, материалдың негізгі тақырыбы – қоғамдағы жалған сенім немесе теңсіздік болуы мүмкін, бірақ редакция аудиторияны бұған сендірмейді және жағымсыз пікір қалыптастырмайды.
Редактор Андрей Остальский қажет сөзді таңдау турасында.

Корпорация аудиторияның нақты бөлігі үшін кейбір жағымсыз болып естілетін анықтамаларды, фразаларды қолданбауға тырысады(мысалы, физикалық кемшіліктер, жас шамасы, нәсіліне, ұлтына қарай адамдарды бөлу).

  ВВС журналистері бағдарламаны арнаған адамдар алдында әділ.

    Бағдарламаға қатысқан адамдар да тура осы ережелерді қолданады.

 Ойды дұрыс жеткізуде нақты, бір ғана сөзді қолдану – тақуалықтың белгісі емес. Бұл тек қана ойды жеткізу барысында тіл, сөзді анықтап алудың белгісі. Бұның бәрі де журналистке қажетті құралдар.

Егер де сіз эфир немесе материал жазар кезде басқа(қажет емес немесе дұрыс қолданбаған) сөзді таңдайтын болсаңыз, көрермен/оқырман бұл фактілерге неліктен сеніу тиіс?

Сөзді байқамай және тиісті емес орында қолдану Би-би-си оқырмандарының/тыңдармандарының сенімін жоққа шығарады.

Өміріміздің басқа салаларында сияқты, тілдің де өзіндік жаңа «сәнді» сөздері мен сөз тіркестері пайда болады. Кейбір журналистер: «Мен де бұл сөзді білемін және елден қалып қоймаймын»-деп, жаңа сөздерді материалына қосып қоюға тырысады, ал кейбіреулері керісінше бұған жеке ойдың, төлтумалықтың жоқтығы деп қарайды. Солай бола тура, тілде белгілі бір уақыт шеңберінде нақты сөздерге деген сұраныс пайда болады. Мысалы, 1990 ж. дейін Таяу Шығыс мамандары және кәсіпқой арабшы, дін мәселелерінің сарапшылары ғана «исламист» деген сөздің мән-мағынасын, рөлін білетін.     
Бүгінде әлемдік БАҚ радикализм мен терроризмге қауіп бар материалдарда бұл сөзді жиі қолданатының байқаймыз.
Сондықтан да Би-би-си өз аудиториясының дін немесе ұлтқа байланысты мәселелерді қалай қабылдайтының біле тура «исламист» сияқты сөздерге аса қауіппен(ұқыптылықпен) қарайды.

Оқиғаға баға беру Қараша 9, 2008

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , ,
4 comments

Төменде айтылып өткендей, ақпарат берудегі объективтілік пен бейтараптылықты сақтау Би-би-сидің маңызды редакциялық принципі болып саналады. Олар проблема, оқиға, құбылыстарға өзіндік пікірін, бағасын бере алмайды. Мәселелерді талқылау – олардың күнделікті жұмысы, сондықтан бағалауыштық сөздерді қолдануда қиындықтар жиі болып тұрады. Әрине, әр оқиғаны жариялау кезінде өз көзқарасын байқамай білдіруі де мүмкін. Cуық соғыс бітсе де, қазірдің өзінде кімді қарақшы, ал кімді бүлікші немесе бостандық пен тәуелсіздік үшін күрескер деп атау туралы даулар көпке созылады.


Редактор Андрей Остальский сөздерге жүктелген жауапкершілік жайлы.

 

 Мысалы, редакция «банда құрылымдары» деген терминдерден аулақ және өзіне жағымсыз семантикалық  жүк артатын сөздерді қолданбауға тырысады. Қылмыстың нақты мінезін анықтайтын сөздерді, мысалы, «жанкешті», «ұрлаушы» деп атағанды жөн көреді.

Сонымен қатар, тек қана БАҚ өкілдері ғана емес, кейбір елдердің үкіметі де «террорист» деген сөзге оқырманның реакциясы жайлы біледі. Би-би-си журналистері бұл сөзді қолданбайды, тек қана біреудің цитатасы арқылы жаза алады, ал оқырман кімнің кім екендігі жайлы өзі қорытынды шығарады.

Осы сөз оқырманның оқиғаларды түсінуге кері әсер етеді екен.

 ВВС біреудің сөзін не сөз тіркесін қолданудан аулақ және ақпарат берудегі стиль мен мәнерде өз ерекшеліктерін үнемі сақтайды. Мысалы, құқықтық және процессуалдық нормалар сақталмаған жағдайда «босату», «әскери сотқа беру» немесе «сот шешімін орындау» деген сөздерді қолданбау.

Тағы да, «барлаушы» мен «шпион» деген сөзді пайдаланбау, себебі барлаушы өзіміздікі, ал шпион жаудікі сияқты болып естіледі. Сондықтан да бейтарап «арнайы жұмыс қызметкері» немесе «жасырын агент» деп жазады.

Сондай-ақ бағалуыштық сөздерді қолданған жағдайда сөздің қандай эмоция туғызатынын білу қажет.

Мысалы, АҚШтағы 2001 жылдың 11 қыркүйектегі болған қасіреттен кейін «медресе» деген сөз үрей туғыза бастады. Араб тіліндегі осы сөзді мұсылмандардың діни мектебі ретінде емес, кейбір ислам радикалдарының идеологиялық дайындығы деп түсінген және араб оқушылары осындай мектептерде білім алатыны жайында хабарсыз адамдар болған екен.  
Сол себептен, Би-би-си кейбір сөздерді аса сақтықпен пайдаланып, әр сөз қандай ассоциация тудыратынын ойлап отырды
.