Орталық Азия BarСamp 2009. Бішкек. Қыркүйек 9, 2009
Posted by arsenal777 in блогинг, медиа.Tags: barcamp, блогинг, блогосфера, жастар, жаңа медиа, стартап
5 comments

Қыркүйектің 4-6 күндері аралығында Бішкек қаласында Орталық Азия BarСamp 2009 өтті. Алғаш рет Қырғызстан астанасында бұл шара 2008 жылдың тамыз айында ұйымдастырылған болатын. Биылғы Баркэмпке қазақстандықтар көптеп қатысты. Бұған сөзсіз әсер еткен Алматыдағы BarСamp CA 2009.
Сонымен, бірінші күн. Бұл әдеттегідей қатысушылардың тіркелу және Баркэмптің ресми ашылу күні.

Екінші күн – презентациялар күні. Олар сағат 11-ден кешкі 8-ге дейін өтті. Солардың ішінде:
youth.kg
prohost.kg
photoasia.ru
foto.kg
photo.kg
seo.kg
almamater.kg
mediaprorock.kz
vsetut.uz
spasibo.kg
kloop.kg
moblog.kz
francekoul.kg
mojazarplata.kz
freelancer.kz
xat.kz
gde.kg
Opera үшін виджеттерді қалай жасауға болады, жастарға арналған әлеуметтік роликтер, антисайттар туралы, Жаңа Евразия блогтары (New Eurasia citizen media), т.б.

Үшінші күн – Ideas Market. Қатысушылар өз жобаларын таныстырар алдында «Celebrities» секциясы өтті. The Center for Training and consulting-тің бөлімі Business Academy басшысы Эркин Джаманбаев Қырғызстандағы Интернеттің дамуы жайында презентация жасады. Дәл қазір Қырғызстанда интернетке мобильді түрде кіру – 50%, ПК арқылы – 20%. Джаманбаев мырза Мемлекет және Интернет – қақтығысу не бірлесу мәселелерін де қарастырды. Ал қазақстандық «Республика» газеті өзінің ақпараттық-сараптамалық порталымен таныстырды. Одан кейін Қырғыз Республикасының мемлекеттік патент қызметі төрағасының көмекшісі Нұрлан Баяман сөз сөйледі. Баяман мырза ұлттық домендік зона және Қырғызпатент пен «АзияИнфо» арасындағы қақтығыс мәселелеріне тоқталды.

Ал Ideas Market-тегі жобалар жайында толығырақ мына жерде көруге болады.
Ideas market-ке қазақстандықтардан қатысқан talimger.kz жобасы жайында ерекше айтып өткім келеді. Егер де бұл жобаны әрі қарай дамытатын болса, қажетті ресурсқа айналуы мүмкін.

P.S. Осы Баркемптің арқасында қазақ блогшыларымен де жолығуға мүмкіндік туды. Асхат аға, Салтанат, Зере, кездескеніме қуаныштымын.
Суреттер Barcamp.kg сайтынан, соңғысы Рауандікі.
Бұл ерекше Barcamp еді (2) Сәуір 24, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: barcamp, жастар, жаңа медиа, подкастинг, стартап, қазақ блогшылар, үнхабар
16 comments
Баркемп туралы жалғастыратын болсам, …
…журналист, әрі блогшы Әділ Нұрмақов Moblog.kz атты мобильді веблог жайында, оның функциялары мен қолдануы туралы айтып берді. Ресейде осындай моблогтар екеу болса, бізде енді ғана пайда болды. Интернет пен заң тақырыбында қарағандылық студент Шыңғыс Крайбеков BitTorrent-трекерлердің құқықтық реттеу мәселесін, оның ішінде авторлық құқықтар жайында сөз қозғады. Қызмет көрсету сайттарының ішінде астаналық студент Дармен Аманбаев Apartamenty.kz – пен таныстырды және үшінші күні өткен стартаптар сайысында бұл сайт бірнеше рет жүлдегер атанды. Стартаптар ішінде тағы бір қызық жоба – электрондық кітапхана Wormie.kz. Оны Ақтөбелік White Hill дизайн-студияcы жасап жатыр және дәл қазір елімізде оған ұқсас бірде-бір ресурс жоқтың қасы. Осыдан, бұл жобаның болашағы зор деп болжауға болады. Электрондық кітаптарға арналған осы сервис те BarCamp Ideas Market-тің жүлдегері атанды. Фотохостингке байланысты екі ресурс Pics.kz пен Canvas.kz (әлеуметтік фото-сервис) – ті астаналық Алексей Чубыкин мен Рустем Мұсабеков таныстырды. Ал подкастингке арналған қазақстандық терминал PodKAZt.kz – тің презентациясы подкастерлер павлодарлық Иван Богураев пен алматылық Әсет Нұрпейісовпен өткізілді. Терминалмен таныстыру барысында подкастинг деген не және қазақстандық подкастингтің дамуы жайында айтылып өтті. Сонымен қатар, Қазнет қолданушыларына танымал блог тұғырнама, әрі әлеуметтік желі функцияларын бірдей атқарып жүрген Yvision.kz пен видео сервис Kiwi.kz қызметі алдағы жоспарларымен бөлісіп, қолданушылардың сұрақтарына жауап берді.
Тағы мынадай стартаптар таныстырылды:
http://kazpartner.kz/ – франчайзингке арналған платформа.
http://www.kundelik.kz/ – оқушылардың ата-анасына арналған электронды күнделік.
uchi.kz және referaty.kz – білім беру.
www.artmachine.kz – өнер/шығармашылық/арт.
http://autoatlas.kz/ – Қазақстан жолдар атласы.
bbkz.kz – Beauty Business Kazakhstan – сәнқой ханымдарға арналған.
http://infox.kz/ – Молдатаев мырза ұсынады
inkar.info – Интернет-радио(көпшілікке таныс).
listen.kz – мобильді телефоннан сервирге ақпаратты сақтау.
startup.kz – инвесторларды іздеп жүрген стартаптар сайты.
“Xtime” – студенттермен интернетте жарияланатын қызықты тв бағдарлама(оны yvision және kiwi-ден тауып алуға болады).
KomekteZ.kz – қолдау/көмекке арналған әлеуметтік желі.



фотолардың авторы Сергей Сабанов
Шет елден келген қатысушылар, әрі тәжірибесі бар баркемперлер шараға жоғары баға берді және барлығы дерлік Баркемптің ұйымдастырушылары Елена Жетпісбаева мен Инесса Шлапакқа алғыстарын айтудан жалықпады.
енді ресми емес мәліметтерден
Соңғы күні Салтанат пен Айкомен кездестім. Айко жалғыз емес, Сәкінімен келді. Көшеде Айконы бірден танып қойдым, Сәкінді де
“Қазақстан” қонақүйінің жанындағы паркте біраз қыдырып, әңгімелесіп қайттық.


фото Салтанаттікі
Бұл ерекше Barcamp еді (1) Сәуір 21, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг, медиа.Tags: barcamp, блогер, блогинг, блогосфера, жастар, жаңа медиа, подкастинг, стартап, қазақ блогосферасы, қазақ блогшылар, twitter
27 comments
Жарты жылдай осы шараны күткен едім, ақыры қатыстым. Бұл жазбаны ресми түрде жазғым келмейді, себебі бұл мүмкін емес. Мен үшін осы баркемп ерекше өтті және оның дәл 2009 жылы өтуі өте дұрыс деп ойлаймын. Себеп? Биыл еліміздің Интернет қолданушылары сан жағынан өссе, Қазнеттің өзі сапа жағынан өсті. Жаңа сайттар, блогтар, сервистер көбейді. Barcamp CA 2009 арқылы көзбе-көз Қазнеттің проблемалары, жаңа идеялар талқыланып, жас стартаптарға демеушілік көрсету мүмкіндігі туды.
17 сәуір күні шараға келген қатысушылар тіркелуден өтіп, бір-бірімен танысып, білісті. Қазнеттің блогшылары, twitter мен yvision.kz – тің қолданушылары және Өзбекістан, Қырғызстан, Латвия, Украина, Беларусь т.б. елдерден келген баркемперлер КИМЭПте жиналды. Көбіміз бұрыннан танитын, бірақ өмірде кездеспеген адамдармен танысуға асықтық. Өз басым Твиттер және yvision-дағы таныстарыммен танысып(кейбіреулеріміз ник пен аватар арқылы бір-бірімізді танысақ, көбіміз фотодағы түрімізден танып қойдық; әйтеуір ол да бір қызық еді), бұрыннан танитын Лена мен Инесса (Баркемпті ұйымдастырған қыздар), Adam Kesher, Сардор (Ташкент), Бектұр мен Сымбатпен (Бішкек) кездестім.
18 сәуір күні презентациялар күні болды. Мен және алматылық Елдар микроблогингке байланысты презентация жасауға дайындалған едік. Қабырғаға ілінген кестеге өзіміздің презентациямыздың уақытын жазып қойдық. Бір кезде алдымнан Қуаныш шыға келді, қарасам қасында Ақзере, Салтанат пен Айкона тұр. Барлығымен танысып, әңгімелесіп, суретке түскен едік. Біраздан соң Нұргелді (оны көрмегелі қай заман) Қостанайдан ұшып келді. Бірнеше презентацияға қатыстық, өкінішке орай барлығына қатыса алмадық. Моблог, Yvision, PodKAZt, Opera mini-ді көріп қайттық.
Ақзере, Айконаның бір жұмыстары болып қалғасын, Салтанат екеуміз қалдық. Операның презентациясында Салтанат кімді көріп қалды деп ойлайсыз? Жанарбек аға да КИМЭПтің ішінде жүр екен. Оны көріп, амандасып, біраз сөйлестік.

Сол күні Қазақ блогшыларымен кездескеніме қатты қуанған едім. Қыздар блогтары сияқты әдемі, салмақты, ақылды!
Келгендеріне және презентацияма қатысқандарына көп рахмет!





Жалғасы бар. Келесі жазбада 19 сәуір немесе Idea markets/Startap competition мен Айконың Сәкіні жайында оқи аласыздар
barcampca09 Сәуір 18, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: barcamp, қазақ блогосферасы, қазақ блогшылар
5 comments
Барлықтарыңызға сәлем!
Көп күткен Баркемп басталды, кеше тіркелу болса, бүгін презентациялар басталды.
Оларды мына жерден және кешегі суреттерді және видеоны мына жерден көруге болады.
BarCamp live Сәуір 12, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: barcamp, жастар, жаңа медиа, стартап
4 comments

BarCamp Central Asia 2009 жұмысы аудиторияларда орналасқан web-камералар арқылы online жарияланады. Бұл трансляцияларды видео-сервис kiwi.kz – тің “Broadcast” бөлімінде көруге болады. Сонымен қатар, barcampkz.net және yvision.kz сайттарында. Осылайша, Алматыға келе алмай қалғандар конференцияны онлайн уақытта көре алады. Кейін, жазылған офлайн трансляцияларды barcampkz.net – те көре аласыздар.
Ал әзірге, осы промо роликті тамашалауға болады
Ал сен барасың ба? Сәуір 6, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг, медиа.Tags: barcamp, блоггинг, жаңа медиа
19 comments

Бұрын айтып өткендей, сәуірдің 17, 18, 19 күндері Алматыда BarCamp Central Asia 2009 коммерциялық емес [бей]конференция өтеді. Шараға Қазақстанның және шет елдің блогшылар, журналистер, ИТ саласының мамандары жиналады және өзінің тәжірибесімен бөліседі.
Баркемпке қатысамын десеңіз, сайтта тіркелуден өтіңіз, сайтта шара жайында толығырақ мәлімет алуға болады немесе сұрақтарыңыз болатын болса, осы жазбаға пікір қалдырыңыз.
Баркемп демеушілерінің бірі Сорос-Қазақстан 20 адамға трэвел-грант(жол/тұрудың ақысы) бөлген еді. Осылайша шараға Алматыдан алыс тұратындардың конференцияға қатысуға мүмкіндігі пайда болды.
BarCamp қай жерде өтеді? – КИМЕПтің Жаңа ғимаратында.
Абай даңғылы 4 (Достық даңғылы мен Уәлиханов көшесі арасында).


Қырқып қой: Мен өткен аптада пойызға билет алған едім.
Баркемп Қазақстанда! Қаңтар 28, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.Tags: barcamp, blogcamp, блоггинг, блогер, блогосфера, жаңа медиа
15 comments
Бұл жазбаны құлақтандыру, әлде блогымдағы алғаш рет Қазақстанда өтетін Баркемп/ BarCamp Central Asia 2009 туралы жазбаларыма Кіріспе деп санауыңызға болады.

Биылғы жылдың көктемінде Алматы қаласында web 2.0 әлеміне белгілі Шара жоспарлануда. Әзірге дайындалу жұмыстар. Ұйымдастырушылар – Елена Жетпісбаева мен Инесса Шлапак(суретте).

Осыдан бұрын, бірнеше жазбаларымда баркемп деген не және оның пайдасы қандай екенін айтқан болатынмын(blogcamp пен barcamp деген ілмектері бар жазбаларды қараңыз), бірақ осы сұрақтарға тағы жауап іздеп көрсек,
barcampasia.net сайтында Бангкоктағы Баркемп ұйымдастырушысы Франц Патцих «Баркемптің философиясын» ашады, аудармасы (ағылшыннан орысшаға бұрын аударылған болатын, менікі орысшадан қазақшаға),
Баркемп(barcamp) деген не? by Франц Патцих
Бұл дәстүрлі үлгілерге жатпайтын білім беретін шара. Және де бұл шара тек қана білім берумен шектелмейді, сонымен қатар, адамдарға қызығушылықтарына қарай ой, тәжірибемен бөлісуге зор мүмкіндік туындататын орта.
Ал “баркемп” ЕМЕС нәрселер не? Бұл лекция ЕМЕС. Және де бұл презентация ЕМЕС. Бұл конференция да ЕМЕС. Сондықтан да осыны нақты көрсету үшін, “баркемпті” жиі un-conference (бей-конференция) деп атайды.
“Баркемп” – бұл диалог. Идеясы – ақылды, технологияларды жақсы көретін адамдарды бірге жинап, … әңгімелесу, ал содан соң бұл әңгіме қайда апаратынын көру. Сол үшін нақты тәртіп/жүйе қажет.
“Баркемп” – бұл қатысу. Бұнда көрерменжоқ, тек қатысушылар. Әрбір адам презентация жасап келуге/дайындау жұмыстарына көмектесуге әзір болуы тиіс. Ең құрымаса, пікірлесу кезінде белсенділік таныту қажет.
“Баркемп” – бұл ашық шара. Кез-келген адам оған қатыса алады, тек белсенділік танытса болғаны. Неғұрлым көп адам жиналса, соғұрлым идея, перспектива, қатысу энергиясы көп болады. Неғұрлым қатысушы саны көп болса, соғұрлым «баркемп» те әр қатысушы үшін жақсы өтпек.
“Баркемп” – бұл құрылымдық шара емес. Презентация үшін орын, жабдықтар, инфрақұрылым беріледі, ал нақты кесте құрылмайды. Қатысушылар жиналған кезде презентациялар кестесін өздері жасайды, ал басқалары қызықтырғандарын тандайды. Осы жерде «құрылымдық емес» пен «жоспарламаған» деген екі сөзді шатастырмыған жөн. “Баркемпке” алдын ала дайындалу жұмыстары қажет. Қатысушылар өз презентацияларына алдын ала дайындалса да, диалог кезінде тақырып басқа бағытта өрбитін болса, жоспардан ауытқып кетуге дайын болуы тиіс.
“Баркемп” – бұл жүйелік шара. Әр адам кез-келген уақытта жүйеге қосылып, алған тәжірибесімен бөлісуге дайын болуы қажет. “Баркемп” әлемнің әр бөлігін алып тұрады.
Сонымен, Лена Жетпісбаева айтпақшы, Баркемп біздің қолымызда, оның қалай өтетіні дәл өзімізге байланысты.
Қазақ блогшылар! Қыркүйек 10, 2008
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.Tags: barcamp, blogcamp, стартап
3 comments
Баркемп жайлы бұрын да оқыған шығарсыздар, мысалы мына жерде. Жақында Орталық Азия мен Шығыс Европа баркемптер циклдары басталады. 17-19 қазан айында Киев қаласында жаңа мақсаттары бар жаңа Блогкемп басталады. Ақпарат осы сайтта http://blogcampcee.com/ . Биылғы жылдың бейконференциясы Blogcamp CEE 2008 деп аталады. Инвестор күнінде стартаптар сайысы өтіп, қазылар алқасында аймақтық венчурлық бизнесс эксперттері болады. Сайысқа түсу үшін осы сілтеме арқылы өтіп http://blogcampcee.com/en/investors/contest , 28 қыркүйекке дейін тіркелу қажет. Блогкемптің өзіне қатысам десеңіз, http://blogcampcee.com/user/register
мына сілтеме бойынша өтіп, тіркеліңіз.
Арнайы тапсырыспен :) Тамыз 14, 2008
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг, медиа.Tags: barcamp
5 comments
Баркэмп жайында Балғырған атты тамаша блогшымыз 3 тақырып турасында сұраған болатын. Бірінші, электрондық ауылдар жайлы. Бұл Қарағанды облысы Көкпекті ауылының тұрғыны Владимир Зинкевичтің презентациясын мына жерден көруге болады http://www.slideshare.net/Wowik_Z/first-digital-village-in-kazakhstan/ Негізі, менің түсінуімше былай болды: Соростың көмегімен ауылда бір жылдай тегін уай-фай орнатылды, кейін ауыл тұрғындары спутник арқылы ақылы түрде интернетке шыға бастады. Екінші, Блогтағы сатира және әдебиет тақырыбында алматылық Дәурен презентация жасаған болатын. ЖЖ-дағы әдеби жанрда (соның ішінде әсіресе сатира, юмор) жазатын блогшыларды атап өтті. http://www.musagetos.com және http://www.erbol.livejournal.com , http://www.pavelbannikov.livejournal.com –ды қараңыздыр. Дәуреннің өз блогының адресі есімде жоқ : ( Үшінші, Арома маркетинг. Бұл менің байқауымша, блогтарға аса қатысы жоқ нәрсе сияқты. МЕНІҢ ЖЕКЕ ПІКІРІМ!!! Бұл Бішкектегі Арома терапиямен айналысатын компанияны жарнамалау үшін жасалған пиар сияқты болды. Арома терапия не үшін қажет және қандай пайдасы бар екені түсіндірілді. Сонымен қатар бұл пиар акция 3 күнге жоспарланып, ақыры жүзеге асырылған секілді. Иістер арқылы адамның жаның, тәнің түсіну, көмектесу. Тағы сұрақтарыңыз болса, осы сілтеме арқылы өтіп http://barcampasia.net/ , фото, видео және т.б. ақпаратпен таныса аласыздар.
Баркемптің екінші күні Тамыз 3, 2008
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.Tags: barcamp
8 comments
АҚШ, Украина, Беларуссия, Латвия, Өзбекістан, Қазақстан, Австралия, Азербайджан, Армения және т.б. елдердің блогшылары өз идеяларымен, ойларымен, көрген білгенімен бөлісуге жиналды. Презентациялар мынадай тақырыптарда болған еді: «Блогшыларды сыйақылау», «Мобильді технологиялар», «Электрондық ауылдар», «Блогтағы сатира және әдебиет», «Арома маркетинг», «Веб 2.0. дегі саяхаттар», «Блогосферадағы журналистика», «Азаматтық журналистерге арналған платформа», «Қыздарға арналған дрюпал», «Оpera. Video + New idea», «Видео блоггинг» және т.б. Қазақстаннан алматылық журналистер, жас программистер мен блогшылар келген еді. Қазақ блогшылардан Қуаныш Мағзуов және Қазақ.КЗ сайтының қызметкерлері келді. Біздің презентация «Блоггинг журналистер көзімен» деп аталған еді. Блогосферада журналистиканың элементтерін, оның ішінде, әсіресе жанрлық ұқсастықтарды көрсеткен болатынбыз және керісінше журналистика өз алдына блоггингтің қандай мүмкіндіктерін қолдана алатынын концепция ретінде көрсеткен болатынбыз.
толығырақ http://barcampasia.net/







