jump to navigation

Брэдбери гуманизм жайында Қараша 15, 2009

Posted by arsenal777 in публицистика.
Tags:
add a comment

703701Осыған дейін машиналарды не үшін қолдандық? Адамдарды тек жылату үшін ғана. Әр кез, адам мен машина енді үйлесімін таппақ болғанда, – бац! Әйтеуір біреуі бір жерде қулық жасап, артық бір бұранданы бекітеді – міне, ұшақтар бізге бомба лақтырып, автомобильдер құздан шыңырауға құлайды. Осыдан кейін балаға Бақыт машинасын неге сұрамасқа? Ол әбден дұрыс айтады!

***

Соғыста мүлдем жеңбейді, Чарли. Бәрі де тек жеңіледі, ал кімде-кім соңғы жеңілетін болса, сол бітімге келуді сұрайды.

Рэй Брэдберидің “Бақбақ шарабы” шығармасынан үзінді

Үрейлендіруден жалықпағандар Қазан 24, 2009

Posted by arsenal777 in публицистика.
Tags: , ,
14 comments

francis-bacons-triptych_48-787509

Біз апат атаулымен гипноздалғанбыз. Кейбір журналистер шектен шығып кетеді, олар «таң қаларлық», «болып көрмеген», «керемет», «ес кетерлік» деген эпитеттерді жаудыра береді. Сонысы олардың үрейге деген құмарын көрсетіп-ақ тұр. Олар суреттегі өлімді жақсы көреді. Олардың кәсібі де сол. Және олардікі дұрыс: бұл Дантенің «Тозағы», Октав Мирбоның «Азап бақшасы», Фрэнсис Бэконның суреттері сияқты тамаша. Бұл сұмдықтың арбап алғанынан ұялудың қажеті жоқ. Дж. Г. Баллард: «Зорлық – XXI ғасырдың поэзиясы».

extrait du roman “L’égoïste romantique” Frédéric Beigbeder

Жауыздық Сәуір 4, 2009

Posted by arsenal777 in публицистика.
Tags:
1 comment so far

d0b8d0b7d0bed0b1d180d0b0d0b6d0b5d0bdd0b8d0b5-459
“Бұ балалық дегенді қойсаңшы. Сол бір оқиға есіме түссе күні бүгінге дейін кірерге жер таппай қысыламын. Сонымыз не біздің? Неге біз сондай болдық? Жалғыз үй шал-кемпірге не үшін қиянат жасадық сонда? Жазығы не еді олардың? Неге?.. Неге?.. Бәлкім, балғын балалығымызға жара алған соғыс кінәлі шығар, күтімсіз өскен жабайы алмадай ащы болуымыз да содан шығар, жабайы алманың тісті қармап сырқырататыны тәрізді жанға батар қылықтар істеуіміз де содан шығар? Кім білсін. Бір нәрсе ғана ақиқат: өзің ақымақ, әрі қорқақ болсаң жауыз болуың да оп-оңай, тек бастауышың болсын.”
Сайын Мұратбековтың “Жабайы алма” атты повестен үзінді

Рухани қажеттілік Желтоқсан 18, 2008

Posted by arsenal777 in публицистика.
Tags: , ,
add a comment

“Ең мәндісі – сол шығарманың өзі. Қандай жағдайда, қалай жазылды, бұл төртінші, бесінші кезектегі нәрсе. Анау себеп, мынау себеп деген де бос сөз, себеп біреу-ақ: қаламгердің ішкі рухани қажеті. Қас қаламгер өзі үшін ғана жазады. Ең алдымен өзі үшін. Алма ағашы неге гүлдейді – жеміс шықсын, оны біреу жесін деп емес, тіршілігін жалғау үшін. Гөте “Мариенбад эллегиясын” кім үшін жазды? Өзі үшін. Жазбаса… құсадан өлетін еді. Жазу – физиологиялық құбылыс. Тәннің емес, жанның, рухтың. Айрмасы – қалдық емес, өнім. Ой мен сезімнің мый қатпарларында қорытылып, тазарып шыққан көрінісі. Ал анау, мынау дегеннің бәрі себеп емес, түрткі, әсер, асса құнарлы тыңайтқыш қана. Гөтенің басынан өткен Мариенбад хикаясы да сол сияқты…”

Мұхтар Мағауиннің “Шипалы арасан” хикаятынан үзінді

Ұмытылмас Қыркүйек 23, 2008

Posted by arsenal777 in публицистика.
Tags: ,
2 comments

Біз кейде ұмытпас нәрселерді ұмытып, ескірмес жау жарағын ескірді деп, оны пайдаланбай жүрміз. Сонымен өзіміздің тарихты ортайтып, жастарды тәрбиелеу ісінде көп кемшілік жіберіп келеміз. Әйтпесе, менің замандастарым Дүйсен сияқты біздің жаңа дәуірімізді орнатуға өмірін, жас шағын сарп етіп, жүрегін елге суырып берген, ерен еңбек, ерлік көрсеткен, мен мұндай едім деп төсін ұрмаған қарапайым, асыл жүректі бірталай адамдар жөнінде біз о баста жеткізе айтып жүрген болсақ, онда олар ұмытылып, қалтарыста қалып қоймағаны былай тұрсын, ең болмағанда мазаққа душар болмас еді ғой.

Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» атты повестен үзінді.

Ыстық көл Тамыз 7, 2008

Posted by arsenal777 in публицистика.
Tags: , ,
7 comments

Қайран, қырғыз жерінің мәңгі бақи жыры боп өткен Ыстықкөл. Осынау теңіз ғашықтардың ән-жыры мен аңызына толы дегенге кім сенбес. Мөлдіреп, құлпырып, шалқып жатты көк теңіз. 

Көк ала бас толқындар бірін-бірі қуып кеп сарғыш тартқан жағаға ұрады. Таудан асып күн батып барады, көл беті әрменіректе қызғылт тартып көрінеді. Екінші жақта, алыста  қар жамылған көкшіл асулар мұнартады. Басына қошқыл қара бұлт үйіріліп келеді.

Шыңғыс Айтматовтың “Шынарым менің, шырайлым менің” атты повестен үзінді.

“Сурет салған әрбір сызығында…” Шілде 7, 2008

Posted by arsenal777 in публицистика.
Tags: ,
11 comments

 

«Әрдайым бір жаққа жолаушы шығарда мен осы қарапайым ағаш рамкаға салынған, шағын суреттің  алдына келіп тұрамын. Міне, мен ертең де ауылға жүрмекшімін. Жолыма ақ бата тілегендей, мен онан көпке дейін көз алмаймын.»

                    Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» атты повестен үзінді.

«Сакура бұтағы» авторы Всеволод Овчинников Қараша 26, 2007

Posted by arsenal777 in медиа, публицистика.
Tags: ,
2 comments


Бұл кітаптың мазмұны Жапония мен жапондықтардың өмірі жайында. Автор кітапты «Олардың талғамы, Олардың өнегесі, Тұрмысы мен еңбегі, Олардың күнкөрісі.» деп, біренеше бөлімге бөледі. Овчинников өз еңбегінде бір тұтас елді оның халқы арқылы көрсеткісі келеді, капиталистік саяси әлем мен елдегі билік механизмдері туралы ой қозғайды. Ал Жапонияның журналистикасы жайында айтатын болсақ, автор: буржуазиялық баспасөздің бәсекелестігіне қарамастан, баспасөз-конференциялардағы баспасөз-клубтарының жүйесі туралы мағлұмат береді. Бұл жүйе арқылы әр мемелекеттік мекеме, саяси партия немесе қоғамдық ұйым өзінің ресми ақпараттарын барлық БАҚтарға бірдей таратуы (жария етуi) тиіс. Сонда жаңалық монополиялық құндылыққа айналмай, барлық баспасөз органына ортақ болады.