Смағұл Садуақасов – публицист (4) Қазан 8, 2009
Posted by arsenal777 in публицистика, қазақ басылымдарының тарихы т.Tags: журналистика, қазақ басылымдарының тарихы т, қазақ жастары, ұлттық рух
add a comment
Смағұл Садуақасұлының көсемсөздік сипаттағы «Қостанай-Торғай» атты жолжазбасы «Қызыл Қазақстан» журналында 1922 жылы жарық көрген. Онда: «Қазақ… Қазақты білесіз. Қазақтың қолынан не дәрмен келеді? Қойша айдаған жаққа жүре беру. Қырса, үндемей қойша қырыла беру. Біз – мал емес пе!»- деген сөзінен өрбітіп, Қостанай мысалында кеңестік билікке мойынсұнған қазақ жұртының ауыр халін, көнбістігін, пәсейген рухын сөз етеді. Отаршылдардың зымиян іс-әрекетін әшкерелейді. «Қостанай уезінің қазағы орыспен сан жағынан тепе-тең, құқық жағынан, бостаншылық жағынан Қостанай қазағының халі ескі замандағыдан төмен. Іс басында бір қазақ жоқ деуге болады. Бәрі орыстар… Істегендері зорлық-зомбылық, қиянат, қырып кету, жойып кету. Ел ішіне жақсылық сөзбен, таза пікірмен барған біреу жоқ»- дейді көсемсөзші.
С. Садуақасұлы жолжазбада қостанайлық оқыған азаматтардың (қазақ) неліктен елеусіз орындарда жұмыс істеп отырғанын да зерделеген. Оның пікірінше, қабілетті қазақтардың аяғынан шалып отырған – отаршылдар. «Колонизаторлардың әдісі жақсы-ақ! – дейді мысқылмен Смағұл. – Біреуді «жалқау» дейді, жалқау бола қалады. Екіншіні «контр» дейді, контр бола қалады! Өздері оңды, басқа жұрт жаман». (жалғасын оқу…)
Смағұл Садуақасов – публицист (3) Қыркүйек 15, 2009
Posted by arsenal777 in публицистика, қазақ басылымдарының тарихы т.Tags: жастар, қазақ басылымдарының тарихы т, қазақ жастары
add a comment
«Ауылдағы жастар туралы» мақаласы «Еңбек туы» газетінде 1920 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған. Мақалада ауылдағы жастарды ұйымдастыру, қоғамға пайдалы жұмысқа тарту, олардың іскерлігін қалыптастыру мәселесі көтерілген. Осы еңбегінде Смағұл бұрындары құрылған ұйымдардың кемшілігін айта отырып, оны қайталамауды, өткеннен сабақ алуды ескертеді. Көсемсөзші қазақ жастарының ерекшелігіне қарай жұмысты жоспарлауды ұсынады. «Біздің Қазақстан – ауылдың республикасы. Қазақтың 99 пайызы ауылда. Сондықтан ауыл жастарының арасындағы жұмыс ең бірінші орында болу керек», – дейді. Смағұл ауыл жастарына менсінбей қарайтындарды, оларды алға жетектеудің орнына меселін қайтаратындарды: «Қазақтың ұлтшылдары ондай «төрелерге» тиісті баға берсе де, қазақ ішінде «төрелік» қалған жоқ. Күні бүгінге дейін шаһарлы жерде жүрген дұп-дұрыс адам секілді жігіт елге шықса, шіңкілдеп, тоқаңдап кетеді. Балалармен сөйлесу түгілі, жаман-жәутік қазақпен де сөйлеспейді»- деп сынайды. Смағұл осы мақаласында: «Осы күнгі заман – бірлескеннің, білгеннің заманы. Бірлестің, бірауызды болдың – сен күн көре аласың. Бытырадың, надан болдың – өлесің» – деп, ел жастарын ұйымдасуға, өрелілікке шақырады.
«Жастар съезіне» атты мақаласын қаламгер «Қазақтың саяси пікірінің тарихы – қазақ жастарының тарихы» сөйлемімен бастайды. Бұл еңбегінде С. Садуақасұлы аға толқынның кезінде топтаса алмағандығын, «көпке бірдей жақсы аты шыққан қазақтың азаматы аздығын», жастар содан сабақ алу керектігін сөз ете келіп, жаңа замандағы жас лектің мақсат-міндеттеріне және санадағы сауатсыздықпен күрес қайтсе жеңіске жететінін әңгіме етеді. Жастардың ұйымдасып отырғанын үлкен күшке балап, оларға мүмкіндікті қолдан жібермеу жөнінде ақыл-кеңес береді. Ұлтты қадірлеуді ескертеді.
«Мен – коммунист. Маған қазағы да, орысы да бәрі бір» деушілер табылады. Бірақ бұл секілді сөзді айтушылар орысқа да, қазаққа да пайдасыз адам болып шығады», – дейді Смағұл. Автор мақаласын: «Көтеріл, жастар! Ұйымдас, жастар!» – деген үндеумен аяқтайды.
Байқап отырғанымыздай, Смағұл осынау үш мақаласында да ұлт ертеңі жастардың қолында екенін сөз етеді. Смағұл идеясы қазіргі публицистикамен үндес.
“Арқа ақпарат” сайты бойынша
Смағұл Садуақасов – публицист (2) Тамыз 29, 2009
Posted by arsenal777 in публицистика, қазақ басылымдарының тарихы т.Tags: жастар, журналистика, қазақ басылымдарының тарихы т, қазақ жастары, ұлттық рух
add a comment
С. Садуақасұлы бұл жылдары театрдың, әртістік кәсіптің, пьеса танудың әліпбиі іспеттес «Ұлт театры туралы» (1925), «Алғашқы тәжірибелер», «Баянды еңбек күтеміз», «Мәдениет тәрбиесі»(1923), «Ұлт театрына бір жыл» (1927), тағы осы секілді бірнеше мақала жазады. Нәтижесінде қайраткердің сөзі мен ісі биіктен табылып, үлгілі театр, талантты әртістер, ойлы көрермендер қалыптасты.
Жиырмасыншы жылдары қазақ қоғамындағы халықтың білім-ілімге деген сұранысы оқулықтардың, танымдық, ғылыми еңбектердің жазылуын тездетті. Бірақ оны жазатын маман қат еді. Осы орайда С. Садуақасұлының «Жастарға жаңа жол» (1924), «Кооперация һәм қазақ шаруасы» (1924), «Жастармен әңгіме» (1925) атты танымдық әрі ғылыми кітапшалары мен «Қазақстан» (1922), «Күнбатыс һәм Күншығыстың бостандық жолында күрестерінің тарихы» (1923), «Жаңа жұртшылық негізі – ғылым» (1925), т. б. ғылыми мақалалары замандастарының көңілінен шыққан.
«Көтеріл, жастар!» мақаласы «Еңбек туы» газетінің 1920 жылғы 13-қарашасында жарық көрген. Мұнда саясат пен ұлтшылдарымыздың аражігін ашып көрсетіп, мәселені келешек жастарға тірейді. Енді не істеу керек? Смағұл сары уайымшылдыққа салынбайды. Сол себепті төңкеріс тудырған дәуірден баз кешіп кетуді қаламайды. Оқығандар елден жырақтанса, мыңдаған халықты «саясатпаздар» құздан құлататынын Смағұл түсінеді. Ол: «Енді бізде кім бар? Алдымыздағы асқар таудай жүкті кім арқалайды? Ұлттың ісін, елдің жұмысын кім атқарады? Еңбекшілердің кім ақылшысы болып, кім оларға жолбасшылық етеді?» – деп қойған сұрағына өзі: «Жастар, жастар, жастар. Бұлардан басқа ешкімге сенім, ешкімнен үміт жоқ» – деп жауап береді. Қаламгер аға толқын өкілі ақын Мағжанның «Мен жастарға сенемін» деген пікірін негіздей отырып, алдағы істердің жауапты екендігін қаперінен шығармайды. Мақаладағы «Бүкіл халықтың тұрмысын өзгерту, адамшылық, ұйымшылдық негізімен өзгерту, жаңа дүние орнату деген жеңіл жұмыс емес. Бұл секілді жұмыс басын жарып, көзін шығарғанмен оңдалмайды. Бұған ақыл керек, білім керек, ақ жүрек, адал ниет керек» деген Смағұл ойы 20-жылдары аса көкейкесті, сындарлы естілгені анық. (Д. Қамзабекұлы. С. Садуақасұлы. Алматы. Қазақстан. 1996 жыл, 160 бет)
«Арқа ақпарат» сайты бойынша
Блогосфера тынысы Маусым 17, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.Tags: блоггинг, блогер, блогосфера, жастар, жаңа медиа, контент, подкастинг, қазақ жастары, үнхабар
7 comments
Блогосферадағы соңғы жаңалықтарға назар аударайық:
1. Linux туралы қазақ тіліндегі алғашқы блог. Қазақша Linux (Линукс), орнату, баптау, қолдану кеңестері. Сонымен қатар, осы блогтан қазақша Mozilla Firefox браузерін жүктеп алуға болады. ИТ саласына қатысты қажет ақпарат осы блогта жоқ емес.
2. Жаңа подкастшы және жаңа үнхабар пайда болды. Оны Сіздер мүмкін тыңдап үлгерген де шығарсыздар. Естімесеңіз, міне. Ansar-ға тілейтініміз: жаңа үнхабарлар қызықты, әрі жиі болып шықсын.
3. Микроблогингтің соңғы жаңалықтарын хабарлап отыратын блог бар екенін естіген шығарсыздар. Микроблогинг өміріне қатысты өзгерістер, жаңалықтар, жаңа мүмкіндіктер т.б.
4. Your vision блог-тұғырнамасы 1 ай бұрын интерфейсін қазақ тіліне аударды. Енді қазақ тілді блогшыларға осы тұғырнамада блог жүргізуге еш кедергі жоқ. Your vision тек қана блог-тұғырнама емес, сонымен қатар, әлеуметтік желі; Сіз бірлестік құрып, немесе дайын бірлестікке кіріп, тақырыпқа сай жазба жаза аласыз және осы жазбаны(пікірлерді де) басқалар бағалай алады. Тұғырнамадағы басқалардың блогтарында жаңа жазбалар жайында хабардар болып, достар қатарына ұнаған блогшыны қосуға болады. Жеке блог жүргізесіз бе, әлде анда-санда бірлестікке де жазып тұрасыз ба, бұл сіздің еркіңізде.
«Қарағанды жастары» басылымы Наурыз 10, 2009
Posted by arsenal777 in қазақ басылымдарының тарихы т.Tags: қазақ басылымдарының тарихы т, қазақ жастары
4 comments
1986 жылы желтоқсан оқиғасынан кейін дүниеге келген «Қарағанды жастары» газеті Республика көлемінде тұңғыш Қарағандыда шыққан жастар газет болатын. Редакторы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының(қазір университет. Ә.С.) «Медик» газетінің редакторы, журналист Төлеубай Ермекбаев болатын.
«Қарағанды Жастары» газетін шығару туралы шешім 1989 жылы қыркүйек айында қабылданып, Қарағанды облыстық комсомол күнінің құрметіне газеттің алғашқы саны жарық көрді. Қараша, желтоқсанда тағы екі нөмірі шыққан. 1990 жылдың қаңтарынан бастап басылым 8 беттік көлеммен апта сайын 5000 дана таралыммен шығатын. Редакцияда ұлттық намысы жоғары жастар: Қ. Мұқашев, Ә. Құтжанұлы, Қ. Асанов, С. Жұмағұлов және т.б. болды. 1991 жылы газет «Замандас» деген атпен шығып тұрды. Кеңес одағы құлап, комсомол тарап, қаржы, қаражат тапшылығына ұшырауына байланысты бірер жылдан кейін газет жабылып қалды.
Мәлімет «Арқа ақпарат» сайтынан алынған
Педагогикалық басылымдардың тарихы Ақпан 24, 2009
Posted by arsenal777 in қазақ басылымдарының тарихы т.Tags: журналистика, қазақ басылымдарының тарихы т, қазақ жастары
add a comment
«Қазақ басылымдарының топтамасы» атты айдарда бүгін қазақ даласындағы алғаш педагогикалық басылымдарға тоқталамыз.
«Қазақстан мектебі»
ҚазССР оқу министрлігінің ғылыми-педагогикалық журналы. 1925 жылы тамыздан ай сайын шығып тұратын. 1925-1933 ж.ж. «Жаңа мектеп», 1933-1938 ж.ж. «Ауыл мұғалімі». 1939-1941 ж.ж. және 1946-1956 ж.ж. «Халық мұғалімі» деп аталатын. 1960 жылы «Қазақстан мектебі» болып шығады. Мұғалімдерге, балабақша тәрбиешілеріне, халық ағарту қызметкерлеріне, педагогикалық училище мен институт студенттеріне, ұстаздар мен ғалымдарға және оқырман ата-аналарға арналған журнал республикадағы халық ағарту ісінің сан алуан мәселелерін кеңінен талқылап, мұғалімдерге күнделікті жұмысқа көмекші боларлық методикалық нұсқаулар береді. Халық ағарту жүйесіне кіретін оқу орындары мен мектептің, кәсіптік техникалық училище мен техникалық, пионер сарайларының, жас техниктер мен натуралисттер, халық ағарту мекемелері мен мұғалімдер үйлерінің жұмыстары мен педагогикалық іс-тәжірибелерін жинақтап, жас өспірім шәкірттерге сапалы білім, сапалы тәрбие беру жолында күреседі. Журналда педагогика тарихы мен теориясына байланысты зерттеу еңбектері мен практикалық мәндегі материалдар, оқулықтарға, оқу, көрнекі және методикалық құралдарға, сыныптан тыс оқу кітапхана пікір, рецензиялар жарияланған.
«Қазақстан мұғалімі»
Апталық газет, ҚазССР оқу министрлігінің, ағарту, жоғары мектеп және ғылым мекемелер қызметкерлері кәсіп одағы республикалық комитеттің органы. 1952 жылы қарашадан шығып тұрған.
«Бастауыш мектеп»
Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал. Алғашқы кезде «Қазақстан мектебі» журналының қосымшасы ретінде шыққан 1994 жылдан дербес басылым. Басты мақсаты – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру ісін жетілдіру, мұғалімдерге ғылыми – әдістемелік тұрғыдан көмек беру. Педагог ғалымдарының, тәжірибелі оқытушыларының мақсатын жариялап тұрады.
Жас Азамат Тамыз 18, 2008
Posted by arsenal777 in қазақ басылымдарының тарихы т.Tags: қазақ басылымдарының тарихы т, қазақ жастары, ұлттық рух
add a comment

Бұл газет ұлт тәуелсіздігін жоқтап, отаршылдық езгіге қарсы тұрған жастардың тұңғыш қоғамдық-саяси басылымы. 1918 жылы сәуір-мамыр айларында Омбы қаласында өткен қазақ жастардың тұңғыш съезінің шешіміне орай, бүкіл қазақ жастар ұйымының тілі ретінде алғашқы саны 1918 жылы 30 шілдеде Қызылжарда жарық көрді. Газет құрамына Қ.Кемеңгерұлы, Ғ. Мұрзаұлы, С. Сәдуақасов, М. Сейітұлы, Г. Досымбекова, Ә. Байділдаұлы еді. Газеттің алтын идеалы, әулие мақсұты, негізгі жолы-ұлт бостандығы, ұлт теңдігі. Редакция оқырманға «Ашық хатында» – «…өлсек бір шұқырда, тірі болсақ бір төбеде деген мақсат…» М. Әуезовтың «Тұңғыш қазақ жастардың съезі», «Қазақ жастарына» мақалалары. Бірінші санда «Бүлінгеннен бүлдіргі аяма!» саяси шолу мақстатында авторы, қазақтың көрнекті көсемсөз шебері, Алаш жастардың жетекшісі Кемеңгеров болды. Басылымның соңғы саны 1919 жылы 3 ақпанда шықты да, тоқталды.
Жастарға деген сеніммен. Шілде 1, 2008
Posted by arsenal777 in публицистика, қазақ басылымдарының тарихы т.Tags: жастар, қазақ жастары
6 comments
Мағжан Жұмабаевтың “Жастарға!” деген өлеңі сол замандағы қазақ жастарының ел-жұрт алдындағы тарихи міндетін көрсетіп берген бағдарлама десе болғандай.
“Жастар! Алда жүрген, Алаш жолына аянбай қызмет қылған адал жүрек ағалардан үлгі алындар. Елдіктен, ерліктен айырылып, екі жүз жылдай еңсесі түскен елді ойландар. Күнді-түн, жақынды жат, пайданы-зиян деп жүрген, толық саяси хұқықтарын іздеп алуға ер жетіп, есі кірген елді ойлаңдар!” дейді де өзінің атақты “Жастарға!” деген өлеңін басқан. Бұл өлеңнің кейбір шумақтарын келтірейік:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін!…
…”Алаш”-айбынды ұраны,
Қасиетті құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!…
…Мен сенемін жастарға!
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда!
Мен жастарға сенемін!
Канададағы қазақ. Қаңтар 4, 2008
Posted by arsenal777 in медиа, әлеумет.Tags: жастар, жаңа медиа, қазақ жастары, үнхабар
1 comment so far

Рахим Дәулетқалиев Орал қаласының тумасы, қазір 19да. 2007-жылдың жазынан бастап Болашақ бағдарламасымен ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша Оттаваның (Канада астанасы) Карлтон университетінде оқып жүр. Тамыз айынан бастап орыс подкаст дерикториясында «Казах в Канаде» атты подкасттарын жариялауда. Жеке подкаст-лентада Freetonik (Рахимның ник аты) Канададағы өмірі, оқуы, білген-көргені жайында тыңдармандарымен бөліседі. Бұл подкасттың форматы еркін, ал тыңдарманы әртүрлі саланың адамдары, бірақ көбісі ИТ саласынан. Айта кететін бір жайт, Рахимның тыңдарман саны шамамен алғанда 300. Сонымен қатар, Рахим IT мәселелеріне арналған «Radio U» атты радио-бағдарламаларды Ресей подкастерлерімен бірлесіп шығаруда. Бұл подкаст ақпараттық технологиялар, компьютер, софт, ойындар сияқты тақырыптарды қамтиды. Дәл қазір Рахим университеттегі емтихандарын тапсырып, Оралға демалысқа келдi.

