Ұмытылмас Қыркүйек 23, 2008
Posted by arsenal777 in публицистика.Tags: Шыңғыс Айтматов, әдебиет
2 comments
Біз кейде ұмытпас нәрселерді ұмытып, ескірмес жау жарағын ескірді деп, оны пайдаланбай жүрміз. Сонымен өзіміздің тарихты ортайтып, жастарды тәрбиелеу ісінде көп кемшілік жіберіп келеміз. Әйтпесе, менің замандастарым Дүйсен сияқты біздің жаңа дәуірімізді орнатуға өмірін, жас шағын сарп етіп, жүрегін елге суырып берген, ерен еңбек, ерлік көрсеткен, мен мұндай едім деп төсін ұрмаған қарапайым, асыл жүректі бірталай адамдар жөнінде біз о баста жеткізе айтып жүрген болсақ, онда олар ұмытылып, қалтарыста қалып қоймағаны былай тұрсын, ең болмағанда мазаққа душар болмас еді ғой.
Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» атты повестен үзінді.
Ыстық көл Тамыз 7, 2008
Posted by arsenal777 in публицистика.Tags: Шыңғыс Айтматов, Ыстық көл, әдебиет
7 comments
Қайран, қырғыз жерінің мәңгі бақи жыры боп өткен Ыстықкөл. Осынау теңіз ғашықтардың ән-жыры мен аңызына толы дегенге кім сенбес. Мөлдіреп, құлпырып, шалқып жатты көк теңіз.
Көк ала бас толқындар бірін-бірі қуып кеп сарғыш тартқан жағаға ұрады. Таудан асып күн батып барады, көл беті әрменіректе қызғылт тартып көрінеді. Екінші жақта, алыста қар жамылған көкшіл асулар мұнартады. Басына қошқыл қара бұлт үйіріліп келеді.
Шыңғыс Айтматовтың “Шынарым менің, шырайлым менің” атты повестен үзінді.
“Сурет салған әрбір сызығында…” Шілде 7, 2008
Posted by arsenal777 in публицистика.Tags: Шыңғыс Айтматов, әдебиет
11 comments

«Әрдайым бір жаққа жолаушы шығарда мен осы қарапайым ағаш рамкаға салынған, шағын суреттің алдына келіп тұрамын. Міне, мен ертең де ауылға жүрмекшімін. Жолыма ақ бата тілегендей, мен онан көпке дейін көз алмаймын.»
Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» атты повестен үзінді.

