jump to navigation

2 жасқа толдық Қазан 31, 2009

Posted by arsenal777 in блогер, статистика.
Tags: , ,
14 comments

3197525753_9a3de46ac1_o

1 қараша – блогымның туған күні! :) Осы екі жылдың ішінде блогымның арқасында сіздермен таныстым, ақпаратпен бөлістім, қызықты пікірлеріңізбен, көзқарастарыңызбен таныс болдым! Сіздер сияқты оқырмандардың бар болуы блогтың дамуына, жаңаруына әр кез оң әсер етеді! Сол үшін сіздерге алғысымды білдіргім келеді!

Төменде 2 жылдық статистика :)

Безымянный

Үрейлендіруден жалықпағандар Қазан 24, 2009

Posted by arsenal777 in публицистика.
Tags: , ,
14 comments

francis-bacons-triptych_48-787509

Біз апат атаулымен гипноздалғанбыз. Кейбір журналистер шектен шығып кетеді, олар «таң қаларлық», «болып көрмеген», «керемет», «ес кетерлік» деген эпитеттерді жаудыра береді. Сонысы олардың үрейге деген құмарын көрсетіп-ақ тұр. Олар суреттегі өлімді жақсы көреді. Олардың кәсібі де сол. Және олардікі дұрыс: бұл Дантенің «Тозағы», Октав Мирбоның «Азап бақшасы», Фрэнсис Бэконның суреттері сияқты тамаша. Бұл сұмдықтың арбап алғанынан ұялудың қажеті жоқ. Дж. Г. Баллард: «Зорлық – XXI ғасырдың поэзиясы».

extrait du roman “L’égoïste romantique” Frédéric Beigbeder

Фотожурналистиканың атасы Қыркүйек 30, 2009

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: ,
2 comments

Фотожурналистика  басқа фотографиялық өнерге қарағанда күнделікті өмірде біз байқамайтын шынайылықты көрсетуге көбірек бағытталған. Дұрыс түсірілген сурет мәтіннен гөрі бәрін нақтылап айқындап береді. Себебі фотожурналистика – сөйлеп тұратын жанр.

Фотожурналистиканың атасы Анри Картье-Брессон фотография әлеміне өз жаңалығын әкеліп, негізгі заңдылықтарды да құрған еді. Танымал фотограф фотоға түсіріп алған адамдар үшін «көрінбейтін» болып қала білді. Оның суреттері түсіру кезінде үнемі аяқталған болатын: фотоларын өзгертпейтін, жасалған суретті кадрламайтын. Сонымен қатар, оның есімі кез келген сценаның эмоциялық шарықтау шегіне жеткен кезді, яғни «шешуші мезетті» түсіріп алатынымен танымал. Фотография әлемінде Картье-Брессон оқиғаға экспрессия беретін мезетті тауып ала білді.

article_image-image-article

Ол қарапайым  адамдар мен танымал тұлғаларды түсіретін. Мысалы: Альбер Камю, Жан Ренуар, Мэрилин Монро, Коко Шанель, Жан-Поль Сартр, Луи Арагон және т.б. Картье-Брессон қиялдамайтын, жасанды шынайылықты жасамайтын, фотографияның тек деректі жанрына адал болды.

Фотографтың басқа жұмыстары

Trip Тамыз 1, 2009

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.
Tags: , ,
13 comments

Мамыр мен маусым айларының аралығында Турцияның Сиде қаласына баруға мүмкіндігім туды. Бұл ескі қала ежелгі Рим мен ежелгі грек мәдениетінің мұрасы іспеттес. Себебі қала ішінде ежелгі өркениеттің іздері аз емес. Сиденің негізі б.з. бұрынғы VII  ғасырда грек теңіз саяхатшыларымен қаланған. Ежелгі анатолиялық тілінде «Сиде» баламасы – «анар» бұрында осы қаланың құнарлылық символы болып саналған. Порттық сауда қаласы ежелгі дәуірде құл сату орталығы мен қарақшылар базасымен ерекшеленетін.

S6302043

IMG_3348

әрі қарай  Yvision-дағы жазбамда

ВВС ізімен(9) Мамыр 23, 2009

Posted by arsenal777 in блогинг, медиа.
Tags: , ,
10 comments

picture

Фото жайында ұмытпаңыз

Веб-беттегі сурет, фотолар газет пен журналда сияқты өте маңызды. Олар мәтінді тірілтеді, оқырманның материалға назарын аудартады. Жақсы фотография мақалада үлкен роль атқарады.   Алайда, оның өлшемі жайында ұмытпаңыз. Мысалы, бір топ адам бар үлкен фото газетте жақсы көрініп тұрса да, сайттағы үлкен форматтағы фотоларды көп қолданбаған дұрыс.

Веб-бет қарапайым және фотолары мөлшерден көп болмаған дұрыс. Бет тез жүктелу үшін, суреттердің өлшемі жайында ұмытпау керек.

Фотомен бірге, әсіресе кәсіби сайттар мен веб-беттерде,  «descriptive alt title» болу қажет. Бұл суретке сілтеген кезде(сілтеме емес) шығып тұратын мәтін.

P.S. Блог үшін суреттерді қай ресурстардан аласыз? Мен көбінде google және flickr – ден іздеймін.

Наурыз! Наурыз 21, 2009

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.
Tags: ,
1 comment so far

123

Таппадым артып келген жүгінен мін,
Сенімі сеңгір таудай бүгін елдің,
Жалпақ елге жақсылық алып келсін,
Самарқанның көк тасы жібіген күн…

Сазды әуен, санамда сазды мекен,
Тағы бір ән қанатын жазды ма екен.
Байтақ елдің рухын үкілейтін,
Наурызға бас иіп тағзым етем…

Қанат Рамазан

Анашым, жан сырым Наурыз 6, 2009

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.
Tags: ,
7 comments

2340469906_d9e967c5b9_b
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың,
Қанатын самғаған,
Балалық құштарым,
Өзіңе арналған.
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін,
Қолыма түспеді.

Ғ. Қайырбеков

d0bcd0b0d0bcd0b0
1203107026_fca1c15774_b</

Чон – Ақсуу Тамыз 12, 2008

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс, блогинг.
Tags: , , ,
2 comments

Өзімнің зерттеу жұмысымда блогтағы жазбаларды жанрға бөлуге тырыстым. Бұндағы журналистика немесе әдебиеттің таза жанрын көп кездесірмесеңіз де, олардың элементтері бар екені сөзсіз. Солардың бірі-жол сапар очерктікі жиі ұшырасады. Бардым, көрдім, ойлар, пікірлер…Сонымен қатар фото, не болмаса видео. Бұл сіздің сөзіңізге жан бітіргендей болады (әсіресе, мен сияқты, тілдің шебері болмасаңыз) бейне файлдар арқылы жолсапарларыңыз жайында одан сайын қызықты ақпарат жеткізуге мүмкіндігіңіз пайда болады.
Сонымен, сіздерге өзімнің кішкентай саяхатымды көрсеткім келеді; Чолпон атаға жақын Бозтері ауылынан шыққан экскурсияның суреттері төмендегідей. Григорьевтегі Чон – Ақсуу шатқалына келіп, атқа мінгенбіз(1 сағат-500 сом), осылайша таудың таза ауасын жұтып қайтқанбыз.