Қарағанды облысы үшін Олимпиада-2008 аяқталды Тамыз 21, 2008
Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.Tags: олимпиада, спорт, қарағанды
2 comments

Алғашқы сәтсіздік велогоншы Андрей Мизуровтан басталса, кейін дзюдошы Келбет Нұртазина, грек-рим күресші Андрей Самохин, жүзуден бірнеше спортсмендеріміз де жүлдесіз оралды. Қарағандылық жеңіл атлетшілердің бірі Иоланта Ульева квалификациялық «А» тобында 16-орын алса, спринтші Илья Муравьев 56-орында. Биіктікке секіруден Сергей Засимовичке жеңіске дейін 15 см жетпеген екен. Бірақ ең үлкен жеңіліс-бұл Серік Сәпиевтің әділетсіз төрешілдік нәтижесіндегі жеңілісі деп санайды қарағандының «Новый вестник» газеті. Шынымен де, әділетсіздік. Сәпиевке зор үміт артылған еді… Бүгін Афин-2004 қола жүлдегеріміз Дмиртрий Карпов онсайсқа түсіп жарақат алғандықтан ешқандай нәтиже көрсете алмады. Сонымен, қарағандылықтар осы олимпиадада пьедесталдан көріне алмады.

Алғашқы алтын! Тамыз 17, 2008
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: олимпиада
4 comments
Барлықтарыңызды Олимпиада 2008 алғашқы алтынымызбен құттықтаймын!!! Жарайсың, Илья! Намысымызды қорғадын! Барлық спортшыларымызға жеңіс тілеймін!!!
***********************************

*********************
Ал қытайлық блогосферада не болып жатыр? “Қытайлық бюрократтар Олимпиада 2008дің ашылуында ән айтатын қызды айырбастады” атты видеода толығырақ таныса аласыздар. Сілтемесі міне
http://www.kommersant.ru/doc.aspx?DocsID=1011537
**********************************
Негізі, өз басым, біздің Мерей (М. Ақшалов 60 кг салмақта ) қытайлықтардың боксшысымен шаршы алаңға шығып, ұтылғанына көп жанкүйерлеріміз сияқты, әрине наразымын. Қалай болса да, біздің боксшы Ху Циннан мықты екендігін бәрі байқаған еді. Алға, Қазақстан! Жеңісті күндері жүздескенше!

