Үздік блогтар жүлдесі Қараша 8, 2009
Posted by arsenal777 in блогинг.Tags: контент, қазақ блогосферасы, қазақ блогтары, қазақ блогшылар
2 comments
Қазақ блогшылары арасында арнайы жүлде-сайыстар жоқтың қасы, алайда, оларға көңіл аударылмайды деп тағы айтуға болмайды. 2007 жылы Ұлттық «Мәссаған» порталы мен Қарағандылық үкіметтік емес ұйым өздерінің жеке жүлделерінде қазақ блогшыларына арнайы номинация арнаған-тын. Жеңімпаздар – блогшы Қуаныш Мағзуов пен Асхат Еркімбай болатын. 2008 жылы Award.kz жүлдесінде «Мемлекеттік тілдегі үздік сайт» номинациясында 3-орынды иеленіп, тағы екі номинация бойынша жеңімпаз атанған блогшы – Нұрғиса Асылбеков. Ал биылғы жылы Ansar атты блогшы “Біздің ауыл” үздік блогтар жүлдесі 2009 атты жобаны ұйымдастырмақшы. Осы жоба 01.07.2009 – 20.11.2009 мерзім аралығында өтеді.
Жоба қазақ тіліндегі блогтардың мәртебесін арттыру мен олардың сапасын жоғарылатуға бағытталған. Әрине, әр блогшыға мотивация қажет және осындай жүлделер арқылы әр блогшы Қазнеттегі өз маңыздылығын сезініп қалар деген үміттеміз. Жазбалардың саны мен сапасын арттыру да – жоба мақсаттарының бірі.
Жеңімпаздар мынадай аталымдар (номинация) бойынша анықталады: (жалғасын оқу…)
Аймақтық журналистика блогшылар қолында Қазан 16, 2009
Posted by arsenal777 in блогинг, медиа.Tags: блогер, жаңа медиа, журналистика, контент
1 comment so far
Өзінің сапалы жаңалықтарымен танымал британдық The Guardian газеті аймақтағы жаңалықтарды жариялау үшін жұмысқа блогшыларды алатын болды. Олардың жазбаларына қаламақы да төленеді (әрине, кәсіби тілшілерге қарағанда азырақ). Осылайша газет дағдарыс кезінде қаражат мәселесін шешіп, аймақтағы биліктің жұмысын назарға алмақшы.
Британдық газет елдің аймақтарына белсенді экспансия бастамақшы. Аймақтарда брендті көпшілікке тарату мақсатында Guardian Local тәжірибелік жобасы басталады. Басылымның басшылығы өз аймақтың жаңалықтарын жақсы білетіндер – желілік жазушылар деп әділ байқаған болатын, сонымен қатар, әр аймақта тілшілерді жұмысқа алғанша, блогшыларды алу қаражат жағынан тиімді.
«Бұл жоба — біздің эксперимент, біз жергілікті телеарналардың бағыты бойынша жұмыс жасауға кірісеміз. Әзірге саяси салада белсенділік танытып отырған үш қалаға тоқталдық және бұл жобаны 2010 жылы бастайтын боламыз», — деп әңгімелейді Guardian News & Media сандық контентті дамыту бөлімінің директоры Эмили Белл. Local Сара жобасының редакторы Хартли: «Біз аймақтағы жаңалықтарды сараптаған кезде жергілікті веб-сайттар мен блогтардағы ақпараттың кеңдігі мен тереңдігіне таң қалдық. Жергілікті жаңалықтарды сол жердің өзінен көрсету — журналистиканың жаңа тренді және ол шын мәнінде не болып жатқанды түсінуге көмектеседі», — деп қосады.
Ақпаратпен «ЧасКор» сайтында толығырақ танысуға болады.
Бірнеше блогты басқару жайында Тамыз 16, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.Tags: блогер, блогинг, жаңа медиа, контент
7 comments
Бірнеше блогты жүргізетін блогшылар аз емес. Бұл блогшының блогингке арнайтын уақытымен байланысты. Бірнеше блогтарды басқаратын болсаңыз, міндеттер де көбейеді. Оқырманмен байланыс, модерация, алға қадамдар жасау, тақырыптарды іздеу… Осының бәрін қалай бақылауға болады?
1. Жоспар құрыңыз.
Бір аптаға, екі аптаға немесе бір айға келешекте не жасайтыныңыз жайында жоспар құрыңыз. Идеяларыңызды жазып қойып, оларды үнемі көз алдыңызда ұстаңыз. Кейде тамаша идеялар ұйықтар алдында не көшеде серуендеп жүргенде келуі мүмкін, сол себепті қойын дәптеріңіз әрдайым өзіңізбен бірге болсын. Қолыңыз бос болған күндеріңізді пікірлер мен жаңа қызықты блогтарға жұмсаңыз. Әр блогыңызға жазба дайындау кестесін құрастырыңыз. Мысалы, жаңа блог үшін – аптасына 5 жазба, танымал блогыңыз үшін – аптасына үш жазба деген сияқты. Жазбаның дәл қай күні шығатынын анықтаңыз.
2. Уақытты үнемдеу
Өзіңіздің көбірек белсенділік таныту уақытын білсеңіз, яғни шығармашылық пен физикалық күшіңіз артқан кезде, жаңа идеяларыңызды жүзеге асырыңыз, ал басқа уақытты почта мен блогтардағы пікірлерге бөлуге болады.
3. «Әр блог маңызды» ережесі
Бірнеше блог жүргізген кезде кейбір блогтарымызды негізгі еместерге жатқыза бастаймыз. Оларды анда-санда жаңартамыз, қызықсыз, мағынасыз жазбалар жариялаймыз. Сондықтан да мынадай ережені ұмытпау қажет: саны көп, сапасы аздан гөрі, аз болса да, сапалы ақпарат жариялаған дұрыс. Блогшының мәртебесі блогтардың санымен емес, қызықтылығымен, пайдалылығымен өлшенеді.
4. Тайм-менеджмент
Уақытты үнемдеу және оны дұрыс қолдану үшін тайм-менеджмент қажет. Тайм-хактарды анықтап алыңыз, уақытты бағалай біліңіз. Мысалы, әлеуметтік желілер мен ридер/RSS-ке бірдей уақыт бөлесіз бе, ал блогыңызға ше, т.с.с.
Сонымен қатар, бір нәрсеге үйренудің бір тамаша әдісі – осыны басқаларға үйрету. Мүмкін, сіздің келесі блогыңыз тайм-менеджментке арналмақ.
Толығырақ мына немесе мына жерде
Жаңалық дегеніміз не? (3) Тамыз 4, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: BBC, жаңа медиа, журналистика, контент
add a comment

жалғасы
Соған қарамастан, журналистиканың пәрмені арқасында оқиға мақалаға айналып, ерекше ынталандыруға ие болады. Қай мақаланы алғаш бетке қою керектігін немесе телевидениедегі жаңалықтық бюллетеньнің арасына қай сюжетті қою керектігін қалай анықтаймыз? Және осылар тура сол жерде орналасу үшін қалай жазамыз, қалай редакциялаймыз? Сыртқы Істер министрінің ремаркасында «тарих» бар ма? Басты бетке танымалдылық деңгейі орташа екі адамның құшақтасып тұрған ескірген фотосы жариялануы қажет пе? Мүмкін оны газет ортасындағы беттерге жариялау қажет? Әлде мүлдем жарияламау қажет? Егер де бір журналист осы сұрақтарға әрқашан да жауап беруге дайын немесе осы жаңалықтардың кез келгенімен не істеу қажет екенін білсе, бұл адам міндетті түрде өтірікші болмауы да мүмкін. Ол нашар маман.
Журналистерге жаңалықтың не екенін оқытпайды. Біз көшіру арқылы үйренеміз. Біз газетте кешегі немесе өткен аптада жаңалық болғандарға қараймыз. Осылайша, мысалы, паркте баланы ит қапқаны жайында не қорқынышты вирустар туралы керемет хикаялардан кейін оларға ұқсас мақалалар топтамасы туады. Журналистер иттер мен вирустар туралы ақпараттың үзінділеріне аса зейінмен қарап, соларға ұқсатып, редактор мен оқырман ондай ақпараттан жалықпағанша, жаза береді. Әр түрлі журналистер әр түрлі оқиғаларға «жабысады», ал әр түрлі баспасөздің басшысы «сүйікті» хикаяға ие. Осыны басқа журналистер жаттап алып, жалғастырады. Осылайша, Hull Daily News газетінің тілшілері «өзінің» хикаяларын, ал Би-би-си мен Франс-суар – «өзіңдікін» жариялайды. Көп ретте біз жаңалыққа сараптама жасамаймыз. Бізде жаңалыққа деген «сезгіштік» қасиет бар деп айтамыз. Мыңдаған редакторлар: терең қазамын десеңіздер, осы жұмысқа лайық емессіздер, – деп айтатын. Жақсы тілшінің өзі жаңалық сөзіне анықтама бере алмас.
Жаңалық – салыстырмалы түрде жақында пайда болған өнім. Оны жасайды, көшіреді және екі жүз жыл бойы келе жатқан дәстүр бойынша жеткізеді. Барлық тілшілер дерлік жаңалықтың түр-сипатын уақыт өте келе сезе бастайды, бірақ бұл генетикалық деңгейде болмайды. Адамдар білімқұмар немесе алаңғасар болуы мүмкін, ал «туа біткен журналистер» болмайды.
соңы
PR-дағы блогтардың орны және Social Media Шілде 28, 2009
Posted by arsenal777 in блогинг, медиа.Tags: блогинг, жаңа медиа, журналистика, контент
6 comments
5 жыл бұрын Global PR Blog Week 1,0. атты тарихи онлайн-шара өткізілген еді. Оның қатысушысы Bastien Beaucamp 5 жылдан кейін сараптама жасап, PR-дың қаншалықты өзгергенін көрсетеді.
|
БҰРЫН (2004) |
ҚАЗІР (2009) |
| PR және БАҚ блогтардан алшақ болуға тырысады. | PR және БАҚ блогтарды кең қолданады. |
| Блогинг – медианың альтернативасы. | Блогтар – БАҚ. |
| Бастыққа блог деген не екенін түсіндіру керек. | Бастықтың әлеуметтік желілерде өз профилі бар. |
| Блогтарды БАҚқа материал жеткізу үшін жүргізеді. | Адамдар блогты өздері үшін жүргізеді. |
| Тұтынушылар мен кіші бизнес дәстүрлі медианы пайдалануға шектеу қойды. | YouTube, Twitter, Blogs сияқты сервистер арқылы дәстүрлі медиалар қолжетімді болды. |
| Тым көп блог. | Гугл – блогтың өзі. |
| Дәстүрлі медиаға деген сенімділік. | Әріптестерге деген сенімділік. |
| PR мақсаты – жолдау жасау. | PR мақсаты – “ашық жолдау” және максималды, жан-жақты қарым-қатынас. |
| Блогтар дәстүрлі жаңалықтық циклды екінші циклға айналдырады. | Әлеуметтік медиа (блогтар, әлеуметтік жүйелер) дәстүрлі медиалар мен блогтардан бұрынырақ қосымша жаңалықтық циклды жасайды. |
| Қолданушылар вебсайтқа контент алу үшін барады. | Қолданушылар өзінің әлеуметтік желілерінен (Facebook, Twitter) шықпайды, контент өзі-ақ жеткізілетін болды. |
| Қолданушылар контентке бағытталған. | Контент қолданушыларға бағытталған. |
| Блогшылар Spin-нен (қымбат тауарлар мен қызметтер сатудағы эффективті технология. Оны “үлкен сауда” деп те айтады) қорқады, PR-агенттіктердің жұмысы «тұнық» емес. | Блогшылар Spin-нен (қымбат тауарлар мен қызметтер сатудағы эффективті технология. Оны “үлкен сауда” деп те атайды) қорқады, PR-агенттіктердің жұмысы «тұнық» емес. |
| Spin-ді өзгерту деген үмітте. | Азғантай “алғабасулар” байқалды. |
| Блогтар – топтасқан жазбалар. | Social Media – топтасқан жазбалар. |
| PR-бағасының қажеттілігі. | PR-бағасының қажеттілігі. |
| Dial-up әлі қолданыста. | Интернетке мобильді телефон арқылы кіру. |
| Блогингте нәзік жандылардың пайызы төмен. | Нәзік жандылар блогингте ер адамдардан қалыспайды. |
Жаңалық дегеніміз не? (2) Шілде 25, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: BBC, журнализм, журналистика, контент
5 comments
Жалғасы
Осылайша, журналистер айтулы емес оқиғалар жайында жазған кезде әдейі осы хабарды жаңалыққа ұқсататын сөздерді пайдаланып жазуды үйренеді. Біз, аз болса да, назар аудартатын нәрселерді тауып алуға тырысамыз. Бұл түнерген алхимия – қайдағы жоқ сілімтіктердің сотталуын немесе саяси қозғалыстарды жаңалыққа айналдыртып, аз уақытқа оқырманның не тыңдарманның көңілін аударту. Осындай алхимиялық әрекеттерді жасау үшін журналистер шынайы өмірге жаңа форма дарытып, ұсақ-түйектен арылтып, оқиғаны оңайлатып, ауыз-екі тілдің сапасын «жақсартып», кейде сюжетке шынайылықты қосу үшін цитаталарды ойдан шығарады. Бұл тек қана журналистердің жұмысы емес. Адамдардың көбісі санадан тыс тура солай жасайды. Біз өсектің үзіндісін естіп қаламыз да, оны қайта әңгімелеп береміз. Әңгімені қызықты қылдыру үшін өзімізге релевантты емес көрінген жерлерін жоқ қылып, ең қызықтысын алдыңғы орынға шығарамыз. Өзіміздің дос-туыстарымызбен шын мәнісінде болған оқиғаларды аяқталған эпизодтарға, қаһармандық немесе қайғылы жағдайларға айналдырамыз. Сонымен қатар, күнделікті өмірді «хикая» топтамасы етіп қылдырамыз. Ғалымдар мидың сипаттамасын жасаған кезде хикаяларды ойдан шығару мен әңгімелеудің жолдарын және облыстарын да тауып алады. Олар сөйлеу мен грамматикамен тығыз байланысты болады: адамға әңгімелеуге итермелейтін импульс өте маңызды. Ал журналистика – өсектің индустриялануы.
жалғасы бар
Блогосфера тынысы Маусым 17, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.Tags: контент, блоггинг, подкастинг, блогосфера, жастар, қазақ жастары, жаңа медиа, блогер, үнхабар
7 comments
Блогосферадағы соңғы жаңалықтарға назар аударайық:
1. Linux туралы қазақ тіліндегі алғашқы блог. Қазақша Linux (Линукс), орнату, баптау, қолдану кеңестері. Сонымен қатар, осы блогтан қазақша Mozilla Firefox браузерін жүктеп алуға болады. ИТ саласына қатысты қажет ақпарат осы блогта жоқ емес.
2. Жаңа подкастшы және жаңа үнхабар пайда болды. Оны Сіздер мүмкін тыңдап үлгерген де шығарсыздар. Естімесеңіз, міне. Ansar-ға тілейтініміз: жаңа үнхабарлар қызықты, әрі жиі болып шықсын.
3. Микроблогингтің соңғы жаңалықтарын хабарлап отыратын блог бар екенін естіген шығарсыздар. Микроблогинг өміріне қатысты өзгерістер, жаңалықтар, жаңа мүмкіндіктер т.б.
4. Your vision блог-тұғырнамасы 1 ай бұрын интерфейсін қазақ тіліне аударды. Енді қазақ тілді блогшыларға осы тұғырнамада блог жүргізуге еш кедергі жоқ. Your vision тек қана блог-тұғырнама емес, сонымен қатар, әлеуметтік желі; Сіз бірлестік құрып, немесе дайын бірлестікке кіріп, тақырыпқа сай жазба жаза аласыз және осы жазбаны(пікірлерді де) басқалар бағалай алады. Тұғырнамадағы басқалардың блогтарында жаңа жазбалар жайында хабардар болып, достар қатарына ұнаған блогшыны қосуға болады. Жеке блог жүргізесіз бе, әлде анда-санда бірлестікке де жазып тұрасыз ба, бұл сіздің еркіңізде.
Жаңа идеялардың 15 қайнар көзі Мамыр 4, 2009
Posted by arsenal777 in блогинг.Tags: блоггинг, блогер, жаңа медиа, контент, подкастинг, үнхабар, twitter
15 comments

Егер адам шығармашылықпен тікелей байланысты болса (осы орайда, жазушылар, ақындар жайында айтқым келеді), ерте ме кеш шығармашылық дағдарысқа ұшырасады. Ал блогшылар/копирайтерлер ше? Идея немесе шабыт жоқ, не жазарымды білмеймін, жаңа тақырып таба алмадым, – деген сияқты сөздер сізге бөтен болмаса, осы жазбаны әрі қарай оқуға шақырамын.
Dumblittleman сайтында “15 Ways To Break Writer’s Block ” осындай бірнеше кеңес бар:
Сіздің компьютеріңіз
Иә, дәл солай. Компьютеріңіз сіздің оффлайнға шығуыңызды күтуде. Онда неше түрлі идеяға итермелейтін материалдар бар.
Bookmarks (орысшасы закладки, ал қазақшасын білесіз бе?)
Сізді қызықтырған сайттар, материалдар жоғалып кетпес үшін, оларды сақтайсыз. Осылайша ұзыннан ұзақ ерекшелеп қойған сайтардың тізімі жиналады. Бірақ оларға екінші рет кіретініңіз екі талай. Осылайша, жаңа идеяларыңыз болмаса, браузердегі bookmarks-ты (аудармасын тағы сұраймын) қарап шығыңыз.
Әлеуметтік желілер мен БАҚ
Сіз интернетте ақпаратты іздейсіз, қазбалап, суырып алуды жақсы көретін болсаңыз, бұрын тауып алған материалды қайта тексеріп шығуға уақыт келді. Материалға үңіліп қараңыз, шын мәнісінде, тереңдеп қарайтын болсаңыз, онда «пайдалы қазбаларды» тауып алуға болады.
RSS оқырмандары
Google оқырманы шабыт қайнар көзіне айналуы мүмкін. RSS – ке жазылып, біраз ақпаратқа ие болуға асығыңыз.
Газет – журналдар
Күнделікті газеттер мен журналдар – идеялардың сарқылмайтын қайнар көзі. Компьютерсіз-ақ ақпарат тауып алуға көріңізші..
Пікірлер
Оқырман пікірлері – шабыттың тағы бір қайнар көзі болуы әбден мүмкін. Кейбір оқырмандар пікірге блогыңыз үшін жаңа идея тастап кеткен де шығар…
Flickr және YouTube
Flickr, YouTube және бақа да сайттар әртүрлі суреттер мен видеоларға бай, олар да жаңа идеяға итермелейді. Кейбір видеороликтар мен суреттер жұмыстағы жаңа материалға шабыттандыруы мүмкін
Кітаптар
Бұл идея үшін ең жеңіл тәсіл. Кітап сөресін шаңнан сүртіп, оқи бастаңыз
Чат және Twitter
Диалог/әңгімелесу – идеяларды әкеледі. Мүмкін, достарыңызбен әңгімелескен кезде олардан кеңес сұрап көрсеңіз? Ақпаратпен алмасудың ең ыңғайлы түрі: чат, Twitter, телефон.
Ескі электронды хаттар
Gmail бізге біраз ақпарат сақтауға мүмкіндік беретіндіктен, ескі хаттарды өшірмейтін шығарсыз. Баяғыда келген хаттарды оқып шығыңыз, ол дәстүрлі емес ақпарат қайнар көзіне айналып, шығармашылық дағдарыс кезінде көмекке келуі мүмкін.
Телевидение
Әлемтор өміріңізге келгеннен кейін, бұрынғы досыңыз – телевидениены ұмытып кеткенге ұқсайсыз. Бірақ бұл да материалдардың зор ресурсы. Сондағы бейне әріқарай материалыңыз ретінде жалғасын тауып алуы ықтимал.
Форумдар
Форумдағы пікірлесулерге қатысыңыз, әсіресе олар қызметіңізбен тікелей байланысты болса. Бұл да идеяларды әкелетін орынға айналуы мүмкін.
Үнхабарлар
Үнхабар тыңдаңыздар. Жұмыстан шаршап, ойлануға мұршаңыз келмесе, үнхабар жаңа идея әкелуі мүмкін.
Қоршаған орта
Қоршаған орта да шабыт сыйлауы мүмкін. Жұмыс үстеліңізді тазалап, бөлмені реттеңіз. Осыны істеп жатқанда да, идея келуі мүмкін.
Миға шабуыл және ойлардың картографиясы
Ұйымдасып, «миға шабуыл»(brain storm) немесе ойлардың картографиясын жасап, жаңа идеяларды тудыра аласыз. Бұрын өзіңіз жазған жазбаларды қарап шығыңыз. Оларды басқа біреумен талқылаңыз, мүмкін жаңа көзқарасқа тап боласыз.
Блогингке байланысты бас қатырулар Наурыз 2, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.Tags: блогер, блогинг, контент
8 comments

Әр блогшының ерте ме кеш блог жүргізуде проблемалар пайда болуы мүмкін: шығармашылық дағдарыс, бағыттың жоғалуы т.с.с. Блог жүргізу жайында жазатын веб-беттер осы мәселені жиі қозғайды және олардың көбінде айтатыны мыналар:
Жоспар
Жоспар жазып қойыңыз. Болашақ жазбаларыңызға кесте құраңыз. Осылайша сіз уақытыңызды үнемдейсіз және де материалдарыңыз жеткілікті ме, әлде жоқ екенін біліп отырасыз. Кейін осы жоспар ойынызда жүреді. Жоспарды ойда құрып, жұмысыңызды жүйеге келтіре аласыз!
Назар аудару
Сіздің оқырманыңызға блогыңыз неге ұнайды немесе керісінше, материалдарыңыз оқырман назарынсыз неге қалып қоя береді?
Оқырманды қызықтыру үшін өзіңіздің блогынызға ғана тән әдістерді іздеу, яғни өз блогыңызды қалайша қызықты жасаймын деп, бірнеше әдісті қолдануға тырысыныз. Бір әдіспен тоқталмаңыз.
«Қайта құру»
Алдыңызға мақсат қойып, бір жазбаны бастаймын деп, алғаш абзацта тоқтап қалдыңыз дейік. Әрі қарай жұмыс жүрмей қалды немесе идеяны өрбіте алмай қалдыңыз. Ол үшін сәл демалып, жұмысты қайта бастаңыз, бірақ алғашқы абзацты жалғастырмаңыз, мүлдем басқадан бастаныз, жаңадан жазбаңызды құрастырыңыз, бұрынғыға оралманыз.
Өз ойым
Блогыңызда нақты идея, бағыт пен тақырып болса, адасуға мүмкіндігіңіз азаяды. Блог бірнеше айдардан тұратын болса, бір-екеуіне тақырып міндетті түрде табылар. Басқа блогтарды оқып, жаңалықтар тасқынында қалып қоймасаңыз, «не жазайын?», «қалай жазамын?» деген сұрақтарды өзіңізге қоймайтын шығарсыз деген үміттемін.
BBC ізімен (1) Қаңтар 19, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: BBC, журнализм, журналистика, контент
2 comments
BBC-дің курстары бойынша «Интернет үшін қалай жазу керек?», яғни дәстүрлі емес БАҚтардың өзіндік ерекшеліктері негізінде материалды дайындау ережелері жайында бөліскім келеді.
Қысқа да нұсқа жазу, нақты сөйлемдерді қолдану – бұл Интернет журналистер үшін өте маңызды. Сонымен қатар, оқырманды бірінші жолдан бастап қызықтыру да қажет. Аудитория үшін жұмыс істеген жөн. Қарасаңыз, бұның бәрі дәстүрлі журналистикаға жат емес, сондықтан да керемет айырмашылық жоқ. Сонда да…
Қалай және неден бастау қажет?
Айтып өткендей, алғашқы сөйлем оқырман үшін қызықты болуы қажет! Естеріңізде болсын, алғашқы сөйлеміңіз кез келген жерде болуы мүмкін. Мысалы, сіздің вебсайтыңыздың бірінші бетінде, басқа сайттарда – сілтеме немесе іздеу сервисінің берген нәтижесі ретінде. Жаңалықтық материалдың алғашқы сөйлемінде негізгі сұрақтардың жауаптары болуы тиіс: кім/не/қайда/қашан/неге/қалай. Осылайша сіз оқырманға материалды мазмұндап бересіз және оны әрі қарай оқуға итермелейсіз. Төмендегі вебсайт материалдарының сөйлемдеріне назар аударыңыз. Бағалаңыз. Осы сөйлемдер мақаланың мазмұнын бере ме?
http://news.bbc.co.uk/
http://www.bbcrussian.com/
http://www.cnn.com/
http://www.aljazeera.com/
http://news.google.com/
http://www.irishnews.com/
http://www.africadaily.com/
http://www.lankapage.com/

