jump to navigation

Журналист-студенттер мекені Тамыз 26, 2009

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , , ,
2 comments

student netКез келген елдің журналистика факультетінің студенттері «Бүкіл әлемнің журналист-студенттері» атты жаңа онлайн желіге қатыса алатын болды. Желіде профайл ашып, басқа студенттермен танысуға, араласуға болады.

Әр қолданушы идеяларын ортаға салып, жобаларын көрсетіп, материалдарға байланысты пікір білдіре алады.

Желі Durham College Innovation Fund қаржылық демеуімен Durham College-де (Ошава, Канада) құрылды.

Толығырақ – http://www.globalstudentjournalists.net

Ақпарат көзі.

Смағұл Садуақасов – публицист (1) Тамыз 19, 2009

Posted by arsenal777 in публицистика, қазақ басылымдарының тарихы т.
Tags: , ,
add a comment

sadvokasovС. Садуақасұлы 1916 жылы Омбыда қайраткерлік мектеппен бірге қаламгерлік мектептің де табалдырығын аттады. Ол қаламын «Бірліктің», «Балапан» атты қолжазба журналдарында ұштады. Смағұл көсемсөздік пен жазушылық өнерді тынымсыз қайраткерлік қызметінің барысында меңгерді. 1918—1919 жылы Алаш Ордаға тыныс болған «Жас азамат»газетің,1920 жылы атын «Қазақстан» етіп, затын халықтық қылып өзгертпекке бел буған «Ұшқын» газетің, 1922 жылы Еуропа өркениетін уағыздаған «Өртең» газетін, қазақ жастарының «Жас қазақ» журналын шығаруға атсалысты. Мұнан бөлек ол 1920 жылы «Еңбекшіл жастар»(Омбы), «Кедей сөзі»(Омбы), «Еңбек туы» 1925-1926 жылы «Еңбекшіл қазақ», кейін «Еңбекші қазақ» газеттері мен «Қызыл Қазақстан» журналының (1924-1925 ж.ж. шығып тұрған) жауапты шығарушысы (редакторы) болды. (С. Садуақасұлы. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т., Алматы, 2003, 9-бет)

Көтерген тақырыптарының ауқымы турасында: «Өмір үшін күресу» (1918), «Көтеріл, жастар!» (1920), «Өткен күндер һәм болашақ»(1922), «Шарт керек пе?»(1922), «Қостанай — Торғай»(1922), «Орта Азия өміріндегі жаңа дәуір» (1924), «Қазіргі дәуір іс дәуірі» (1925), «О национальностях и националах»(1928) және тағы басқа толып жатқан мақалаларында қазақ қоғамының өтпелі дәуіріндегі қоғамдық-саяси ахуалдың қандайлығын һәм ел мен оның көсемдерін тығырыққа тіреген зәруліктерді шешудің амалдарын көрсетеді.

Өркениетті болуға талпынған елге қажетті шартты орындау ісінен күшін аяп қалмады. С. Садуақасұлы «Нужды аула» (1919), «Бірінші мақсаттарымыз»(1920), «Халық ағарту мәселелері»(1925), «Оқу ісінің кемшіліктері, оларға қарсы шаралар» (1926), «Қазақстанда халық ағарту мәселелері» (1927), т. б. мақалалары мен соңғы аталған кітабымен аттас кітапшасында елдегі оқу-ағарту зәрулігін сөз етеді. (Сонда 20-бет)

“Арқа ақпарат” сайты бойынша

Жаңалық дегеніміз не? (3) Тамыз 4, 2009

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , , ,
add a comment

1201

жалғасы

Соған қарамастан, журналистиканың пәрмені арқасында оқиға мақалаға айналып, ерекше ынталандыруға ие болады. Қай мақаланы алғаш бетке қою керектігін немесе телевидениедегі жаңалықтық бюллетеньнің арасына қай сюжетті қою керектігін қалай анықтаймыз? Және осылар тура сол жерде орналасу үшін қалай жазамыз, қалай редакциялаймыз? Сыртқы Істер министрінің ремаркасында «тарих» бар ма? Басты бетке танымалдылық деңгейі орташа екі адамның құшақтасып тұрған ескірген фотосы жариялануы қажет пе? Мүмкін оны газет ортасындағы беттерге жариялау қажет? Әлде мүлдем жарияламау қажет? Егер де бір журналист осы сұрақтарға әрқашан да жауап беруге дайын немесе осы жаңалықтардың кез келгенімен не істеу қажет екенін білсе, бұл адам міндетті түрде өтірікші болмауы да мүмкін. Ол нашар маман.

Журналистерге жаңалықтың не екенін оқытпайды. Біз көшіру арқылы үйренеміз. Біз газетте кешегі немесе өткен аптада жаңалық болғандарға қараймыз. Осылайша, мысалы, паркте баланы ит қапқаны жайында не қорқынышты вирустар туралы керемет хикаялардан кейін оларға ұқсас мақалалар топтамасы туады. Журналистер иттер мен вирустар туралы ақпараттың үзінділеріне аса зейінмен қарап, соларға ұқсатып, редактор мен оқырман ондай ақпараттан жалықпағанша, жаза береді. Әр  түрлі журналистер әр түрлі оқиғаларға «жабысады», ал әр түрлі баспасөздің басшысы «сүйікті» хикаяға ие. Осыны басқа журналистер жаттап алып, жалғастырады. Осылайша, Hull Daily News газетінің тілшілері «өзінің» хикаяларын, ал Би-би-си мен Франс-суар – «өзіңдікін» жариялайды. Көп ретте біз жаңалыққа сараптама жасамаймыз. Бізде жаңалыққа деген «сезгіштік» қасиет бар деп айтамыз. Мыңдаған редакторлар: терең қазамын десеңіздер, осы жұмысқа лайық емессіздер, – деп айтатын. Жақсы тілшінің өзі жаңалық сөзіне анықтама бере алмас.

Жаңалық – салыстырмалы түрде жақында пайда болған өнім. Оны жасайды, көшіреді және екі жүз жыл бойы келе жатқан дәстүр бойынша жеткізеді. Барлық тілшілер дерлік жаңалықтың түр-сипатын уақыт өте келе сезе бастайды, бірақ бұл генетикалық деңгейде болмайды. Адамдар білімқұмар немесе алаңғасар болуы мүмкін, ал «туа біткен журналистер» болмайды.

соңы

PR-дағы блогтардың орны және Social Media Шілде 28, 2009

Posted by arsenal777 in блогинг, медиа.
Tags: , , ,
6 comments

5 жыл бұрын Global PR Blog Week 1,0. атты тарихи онлайн-шара өткізілген еді. Оның қатысушысы Bastien Beaucamp 5 жылдан кейін сараптама жасап, PR-дың қаншалықты өзгергенін көрсетеді.

БҰРЫН (2004)

ҚАЗІР (2009)
PR және БАҚ блогтардан алшақ болуға тырысады. PR және БАҚ блогтарды кең қолданады.
Блогинг – медианың альтернативасы. Блогтар – БАҚ.
Бастыққа блог деген не екенін түсіндіру керек. Бастықтың әлеуметтік желілерде өз профилі бар.
Блогтарды БАҚқа материал жеткізу үшін жүргізеді. Адамдар блогты өздері үшін жүргізеді.
Тұтынушылар мен кіші бизнес дәстүрлі медианы пайдалануға шектеу қойды. YouTube, Twitter, Blogs сияқты сервистер арқылы дәстүрлі медиалар қолжетімді болды.
Тым көп блог. Гугл – блогтың өзі.
Дәстүрлі медиаға деген сенімділік. Әріптестерге деген сенімділік.
PR мақсаты – жолдау жасау. PR мақсаты – “ашық жолдау” және максималды, жан-жақты қарым-қатынас.
Блогтар дәстүрлі жаңалықтық циклды екінші циклға айналдырады. Әлеуметтік медиа (блогтар, әлеуметтік жүйелер) дәстүрлі медиалар мен блогтардан бұрынырақ қосымша жаңалықтық  циклды жасайды.
Қолданушылар вебсайтқа контент алу үшін барады. Қолданушылар өзінің әлеуметтік желілерінен (Facebook, Twitter) шықпайды, контент өзі-ақ жеткізілетін болды.
Қолданушылар контентке бағытталған. Контент қолданушыларға бағытталған.
Блогшылар Spin-нен (қымбат тауарлар мен қызметтер сатудағы эффективті технология. Оны “үлкен сауда” деп те айтады) қорқады, PR-агенттіктердің жұмысы «тұнық» емес. Блогшылар Spin-нен (қымбат тауарлар мен қызметтер сатудағы эффективті технология. Оны “үлкен сауда” деп те атайды) қорқады, PR-агенттіктердің жұмысы «тұнық» емес.
Spin-ді өзгерту деген үмітте. Азғантай “алғабасулар” байқалды.
Блогтар – топтасқан жазбалар. Social Media – топтасқан жазбалар.
PR-бағасының қажеттілігі. PR-бағасының қажеттілігі.
Dial-up әлі қолданыста. Интернетке мобильді телефон арқылы кіру.
Блогингте нәзік жандылардың пайызы төмен. Нәзік жандылар блогингте ер адамдардан қалыспайды.

Жаңалық дегеніміз не? (2) Шілде 25, 2009

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , , ,
5 comments

Жалғасы

Осылайша, журналистер айтулы емес оқиғалар жайында жазған кезде әдейі осы хабарды жаңалыққа ұқсататын сөздерді пайдаланып жазуды үйренеді. Біз, аз болса да, назар аудартатын нәрселерді тауып алуға тырысамыз. Бұл түнерген алхимия – қайдағы жоқ сілімтіктердің сотталуын немесе саяси қозғалыстарды жаңалыққа айналдыртып, аз уақытқа оқырманның не тыңдарманның көңілін аударту. Осындай алхимиялық  әрекеттерді жасау үшін журналистер шынайы өмірге жаңа форма дарытып, ұсақ-түйектен арылтып, оқиғаны оңайлатып, ауыз-екі тілдің сапасын «жақсартып», кейде сюжетке шынайылықты қосу үшін цитаталарды ойдан шығарады. Бұл тек қана журналистердің жұмысы емес. Адамдардың көбісі санадан тыс тура солай жасайды. Біз өсектің үзіндісін естіп қаламыз да, оны қайта әңгімелеп береміз. Әңгімені қызықты қылдыру үшін өзімізге релевантты емес көрінген жерлерін жоқ қылып, ең қызықтысын алдыңғы орынға шығарамыз. Өзіміздің дос-туыстарымызбен шын мәнісінде болған оқиғаларды аяқталған эпизодтарға, қаһармандық немесе қайғылы жағдайларға айналдырамыз. Сонымен қатар, күнделікті өмірді «хикая» топтамасы етіп қылдырамыз. Ғалымдар мидың сипаттамасын жасаған кезде хикаяларды ойдан шығару мен әңгімелеудің жолдарын және облыстарын да тауып алады. Олар  сөйлеу мен грамматикамен тығыз байланысты болады: адамға әңгімелеуге итермелейтін импульс өте маңызды. Ал журналистика – өсектің индустриялануы.

newsжалғасы бар

“Айқап” Шілде 20, 2009

Posted by arsenal777 in қазақ басылымдарының тарихы т.
Tags: , ,
2 comments

1911 жылы қаңтардан бастап, 1915 жылы қыркүйек айында Троицк қаласында «Энергия» баспаханасында қазақ тілінде үзбей шығып тұратын. «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік, саяси өмірінде әдебиет пен мәдениетті насихаттап, таратуда елеулі роль атқарды. Араб әрпімен теріліп, басында айына 1 рет, кейін 2 рет шығып тұрған, бұл журналдың нақты деректерінде “Айқап” 1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың қыркүйегіне дейін шығып тұрды деп жазылған. Бас редакторы Мұхаметжан Сералин болды.

Журналдың тақырыптары: бас мақала, шетел хабарлары, мұсылман өмірінің мәселелері, хроника, фельетондар мен өлеңдер, библиография және ғылыми мақалалар, әртүрлі хабарлар мен редакцияға түскен хаттар. Мазмұны бойынша: саяси-әлеуметтік, әдеби, әдебиет мәселелер, оқу-ағарту, ана тілі, әліппе, теңдік, дәрігерлік, агротехникалық кеңестер, ғылым табыстары, ішкі-сыртқы хабарлар, кітап сындары, тілші хаттары және жауап хаттар, отырықшылыққа шақыру, егіншілікпен шұғылдану, мектеп салу, емхана ашуға шақыру, әдет-ғұрып, салт-сана мәселелеріне көп көңіл бөлінді.

Басылымның сандарында Бейімбет Майлиннің шығармалары, Міржақып Дулатовтың «Екі қыздың мұңы» атты туындысы Азамат Алашұлы бүркеншек атымен және т.б. жарияланды.

Жаңалық дегеніміз не? (1) Шілде 17, 2009

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , , ,
1 comment so far

Жаңалық дегеніміз не және ол қандай болу керек сияқты сауалдар студент кезімізде де жиі қойылатын. Ұстазымыз Мартбек Тоқмырза «ең жақсы жаңалық – бұл жаман жаңалық» деп айтатын, цинизмге жақын анықтама, бірақ оны жоққа шығара алмаймыз. Әрине, жаңалықтың жаманы не жақсысы болмайды; жаңалық өз алдына жаңалық бола тұра, шынымен де ақпараттық маңыздылығы бар хабарлама болуы қажет.

Журналист Марк Григорян блогында әріптесі Эндрю Маррдың «Менің кәсібім» (Andrew Marr. My Trade) атты кітаптан үзіндіні орысшаға аударып жариялаған еді. Марр (суретте) Би-би-сидің саяси редакторы, The Independent газетін басқарып, The Economist журналында, The Scotsman газетінде қызмет атқарды, қазір өз шоуының жүргізушісі. Британияның беделді журналисі болып саналады, әрі өзінің “Andrew Marr’s History of Modern Britain” кітабымен танымал. Сонымен, Жаңалық дегеніміз не сұрағына Марк Григорянның аудармасы бойынша 4 бөлімге бөліп тастаған жазбаларымнан түсінуге тырысайық.

marr

Бұл сұрақ көп журналистерге дамыл бермейді. Әрине, кейбір оқиғалар барлығымызды дерлік қызықтырады. Шектен шығу жағдайлары арамызда шиеленіс туғызады, жан түршігетін немесе ерекшеленіп тұратын. Бірақ осындай оқиғалардың сенімді жеткізушісі жоқ. Жаңалықтық индустрияға шикі материал қажет, үлкен форматты 20 шақты бетті күнде толтыру үшін, сағат сайынғы эфирге жаңалықтық бюллетеньді жариялау үшін «отын» қажет.  Содан журналистер өз уақытын тек қана төтенше оқиғаларға бөле алмайды, себебі жаңалықтар жаңа, жүйелі түрде, сағат сайын, күн сайын шығып тұру керек. Бірақ кей-кезде бір күннің ішінде көптеген оқиғалар болып та қалады.

Жалғасы бар.

Сұхбат алуға байланысты кеңестер Шілде 14, 2009

Posted by arsenal777 in блогинг, медиа.
Tags: ,
20 comments

491619301_071f569577

Блогшы, журналист сияқты, кез келген адамнан сұхбат алып, блогына жариялауы мүмкін. Интернеттегі біраз ақпаратты ақтара отырып, Сіздер үшін мынадай кеңестер ұсынып отырмын:

  • Сұхбат алудың алдында әдептілік жайында ұмытпау қажет, яғни жеке басқа қатысты сұрақтар қою, жеке өміріне байланысты мәселелерді әңгіме қылу. Әрине, бұның бәрі сұхбат берушінің өзіне де байланысты. Алайда, осындай сұрақтар сұхбатқа қатысып отырған адамға қаншалықты әсер ететінін алдын-ала біліп алған дұрыс.
  • Сұхбат беруші адаммен мейірімді болыңыз.
  • Өте маңызды – өзіңіз шындықты айтып, ар-ұятты бірінші орынға қоятын болсаңыз, сізді тура осындай адамдар диалогқа шақырады
  • Сұхбат  алдында жоспар құрып, оған сұхбаттың мақсатын, қорытынды жасау үшін қандай ақпарат алу қажет екендігін анықтап алған жөн.
  • Айтпасақ та түсінікті шығар, сұхбат алдында қызықты, әрі көкейкесті жауап бере алатын сұрақтар тізімін дайындау керек.
  • Сұхбат берушіні тығырыққа тірейтін тым қиын немесе арандатуды туғызатын сұрақтардан аулақ болыңыз.

Ал Сіз осы мәселеге байланысты қандай кеңес бере аласыз?

«Ұлан» газеті Шілде 11, 2009

Posted by arsenal777 in қазақ басылымдарының тарихы т.
Tags: , ,
20 comments

1235390416Мектеп кезімізде көбіміз сүйіп оқитын «Ұлан» газеті тұңғыш рет «Пионер» деген атпен шыққан, кейін «Октябрь балалары», «Қазақстан пионері», 1990 жылы «Ұлан» атауын иеленді. Сол кезде ыдыраудың алдында тұрған Кеңес Одағында, соның ішінде біздің еліміздің де қоғамдық өмірінде әр түрлі өзгерістер бой көрсете бастаған еді. Пионер ұйымымен қатар басқа да балалар ұйымдары құрылып, жұмыс жасап жатты. Сондықтан да республикадағы жалғыз қазақ балалар газеті тек пионер ұйымының ғана органы боп қалуы мүмкін емес болатын.

Газет ешкімді ұйымға, топқа бөлместен еліміздегі кез-келген баланың мүддесін қорғап, шығармашылық қабілетін шыңдап, олардың өмірлері мен үлгілі істерін көрсету мақсатында шығарылса керек.

Сол кезде газеттің редакторы Доскенов Ғалым бастаған редакция ұжымы тіл мамандарымен кеңесе келіп, республикалық  балалар газетіне «Ұлан» деген атау лайық деген шешімге келген болатын. Өйткені тілін қастерлеген халқымыз: бабасына түсімен ғана емес, ісімен, ақыл, қайратымен тартып туған ұрпағын, баламын деп жасымай, тезірек ер жетуге, ел көсегесін көгертуге құлшынған ұрпағын, болашағын үміт артқан ұрпағын ұлан дер еді.

Газеттің қазіргі бас редакторы, жаңылмасам, Сұлтан Қалиұлы.

Құлшыныс, тәжірибе, позиция иелері Маусым 26, 2009

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , ,
8 comments

3657992252_e71f26d0d6

90 -жылдардан бастап журналистер мерекесі 28 маусымда тойланады. Дәл осы күні БАҚ туралы алғашқы заң қабылданған болатын. Бірақ, 2006 жылы Парламент депутаттары қалам иелерінің мерекесін маусымның соңғы жексенбісіне белгіледі.

БАҚ қызметкерлеріне кәсіби мереке күнінде шығармашылық шабыттың шарықтауын, еңбекте табысқа жете беруін тілеймін! Қаламдарыңыз мұқалмасын!