Құлшыныс, тәжірибе, позиция иелері Маусым 26, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: журнализм, журналистер күні, журналистика
8 comments

90 -жылдардан бастап журналистер мерекесі 28 маусымда тойланады. Дәл осы күні БАҚ туралы алғашқы заң қабылданған болатын. Бірақ, 2006 жылы Парламент депутаттары қалам иелерінің мерекесін маусымның соңғы жексенбісіне белгіледі.
БАҚ қызметкерлеріне кәсіби мереке күнінде шығармашылық шабыттың шарықтауын, еңбекте табысқа жете беруін тілеймін! Қаламдарыңыз мұқалмасын!
Журналистер күні!!! Маусым 27, 2008
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: журналистер күні
4 comments
28 маусым – Қазақстан Республикасының Баспасөз Күні. Дәл осы күні барлық баспасөз қызметкерлері өзінің төл мерекесін тойлайды. Бұл мереке жайында 4 жыл бұрын бірінші курста оқып естігем. Жыл сайын үкімет тарапынан бірнеше номинация бойынша ең үздік журналистерге «Алтын сұңқар» сыйлығы беріледі. Алдында БАҚ қызметкерлері сайысқа өз жұмыстарын ұсынып, кейін арнайы комиссия қорытындысын шығарады.
Құрметті БАҚ өкілдері, мереке құтты болсын! Қаламыңыз қарымды, жолыңыз ақ, денсаулығыңыз мықты, жаңалықтарыңыз қызықты болсын! Барлықтарыңызға шығармашылық шабыт тілеймін!
