Блогосфера тынысы Маусым 17, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.Tags: блоггинг, блогер, блогосфера, жастар, жаңа медиа, контент, подкастинг, қазақ жастары, үнхабар
7 comments
Блогосферадағы соңғы жаңалықтарға назар аударайық:
1. Linux туралы қазақ тіліндегі алғашқы блог. Қазақша Linux (Линукс), орнату, баптау, қолдану кеңестері. Сонымен қатар, осы блогтан қазақша Mozilla Firefox браузерін жүктеп алуға болады. ИТ саласына қатысты қажет ақпарат осы блогта жоқ емес.
2. Жаңа подкастшы және жаңа үнхабар пайда болды. Оны Сіздер мүмкін тыңдап үлгерген де шығарсыздар. Естімесеңіз, міне. Ansar-ға тілейтініміз: жаңа үнхабарлар қызықты, әрі жиі болып шықсын.
3. Микроблогингтің соңғы жаңалықтарын хабарлап отыратын блог бар екенін естіген шығарсыздар. Микроблогинг өміріне қатысты өзгерістер, жаңалықтар, жаңа мүмкіндіктер т.б.
4. Your vision блог-тұғырнамасы 1 ай бұрын интерфейсін қазақ тіліне аударды. Енді қазақ тілді блогшыларға осы тұғырнамада блог жүргізуге еш кедергі жоқ. Your vision тек қана блог-тұғырнама емес, сонымен қатар, әлеуметтік желі; Сіз бірлестік құрып, немесе дайын бірлестікке кіріп, тақырыпқа сай жазба жаза аласыз және осы жазбаны(пікірлерді де) басқалар бағалай алады. Тұғырнамадағы басқалардың блогтарында жаңа жазбалар жайында хабардар болып, достар қатарына ұнаған блогшыны қосуға болады. Жеке блог жүргізесіз бе, әлде анда-санда бірлестікке де жазып тұрасыз ба, бұл сіздің еркіңізде.
Жаңа идеялардың 15 қайнар көзі Мамыр 4, 2009
Posted by arsenal777 in блогинг.Tags: блоггинг, блогер, жаңа медиа, контент, подкастинг, үнхабар, twitter
15 comments

Егер адам шығармашылықпен тікелей байланысты болса (осы орайда, жазушылар, ақындар жайында айтқым келеді), ерте ме кеш шығармашылық дағдарысқа ұшырасады. Ал блогшылар/копирайтерлер ше? Идея немесе шабыт жоқ, не жазарымды білмеймін, жаңа тақырып таба алмадым, – деген сияқты сөздер сізге бөтен болмаса, осы жазбаны әрі қарай оқуға шақырамын.
Dumblittleman сайтында “15 Ways To Break Writer’s Block ” осындай бірнеше кеңес бар:
Сіздің компьютеріңіз
Иә, дәл солай. Компьютеріңіз сіздің оффлайнға шығуыңызды күтуде. Онда неше түрлі идеяға итермелейтін материалдар бар.
Bookmarks (орысшасы закладки, ал қазақшасын білесіз бе?)
Сізді қызықтырған сайттар, материалдар жоғалып кетпес үшін, оларды сақтайсыз. Осылайша ұзыннан ұзақ ерекшелеп қойған сайтардың тізімі жиналады. Бірақ оларға екінші рет кіретініңіз екі талай. Осылайша, жаңа идеяларыңыз болмаса, браузердегі bookmarks-ты (аудармасын тағы сұраймын) қарап шығыңыз.
Әлеуметтік желілер мен БАҚ
Сіз интернетте ақпаратты іздейсіз, қазбалап, суырып алуды жақсы көретін болсаңыз, бұрын тауып алған материалды қайта тексеріп шығуға уақыт келді. Материалға үңіліп қараңыз, шын мәнісінде, тереңдеп қарайтын болсаңыз, онда «пайдалы қазбаларды» тауып алуға болады.
RSS оқырмандары
Google оқырманы шабыт қайнар көзіне айналуы мүмкін. RSS – ке жазылып, біраз ақпаратқа ие болуға асығыңыз.
Газет – журналдар
Күнделікті газеттер мен журналдар – идеялардың сарқылмайтын қайнар көзі. Компьютерсіз-ақ ақпарат тауып алуға көріңізші..
Пікірлер
Оқырман пікірлері – шабыттың тағы бір қайнар көзі болуы әбден мүмкін. Кейбір оқырмандар пікірге блогыңыз үшін жаңа идея тастап кеткен де шығар…
Flickr және YouTube
Flickr, YouTube және бақа да сайттар әртүрлі суреттер мен видеоларға бай, олар да жаңа идеяға итермелейді. Кейбір видеороликтар мен суреттер жұмыстағы жаңа материалға шабыттандыруы мүмкін
Кітаптар
Бұл идея үшін ең жеңіл тәсіл. Кітап сөресін шаңнан сүртіп, оқи бастаңыз
Чат және Twitter
Диалог/әңгімелесу – идеяларды әкеледі. Мүмкін, достарыңызбен әңгімелескен кезде олардан кеңес сұрап көрсеңіз? Ақпаратпен алмасудың ең ыңғайлы түрі: чат, Twitter, телефон.
Ескі электронды хаттар
Gmail бізге біраз ақпарат сақтауға мүмкіндік беретіндіктен, ескі хаттарды өшірмейтін шығарсыз. Баяғыда келген хаттарды оқып шығыңыз, ол дәстүрлі емес ақпарат қайнар көзіне айналып, шығармашылық дағдарыс кезінде көмекке келуі мүмкін.
Телевидение
Әлемтор өміріңізге келгеннен кейін, бұрынғы досыңыз – телевидениены ұмытып кеткенге ұқсайсыз. Бірақ бұл да материалдардың зор ресурсы. Сондағы бейне әріқарай материалыңыз ретінде жалғасын тауып алуы ықтимал.
Форумдар
Форумдағы пікірлесулерге қатысыңыз, әсіресе олар қызметіңізбен тікелей байланысты болса. Бұл да идеяларды әкелетін орынға айналуы мүмкін.
Үнхабарлар
Үнхабар тыңдаңыздар. Жұмыстан шаршап, ойлануға мұршаңыз келмесе, үнхабар жаңа идея әкелуі мүмкін.
Қоршаған орта
Қоршаған орта да шабыт сыйлауы мүмкін. Жұмыс үстеліңізді тазалап, бөлмені реттеңіз. Осыны істеп жатқанда да, идея келуі мүмкін.
Миға шабуыл және ойлардың картографиясы
Ұйымдасып, «миға шабуыл»(brain storm) немесе ойлардың картографиясын жасап, жаңа идеяларды тудыра аласыз. Бұрын өзіңіз жазған жазбаларды қарап шығыңыз. Оларды басқа біреумен талқылаңыз, мүмкін жаңа көзқарасқа тап боласыз.
Біз қайдамыз, олар қайда? Сәуір 29, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг, медиа, әлеумет.Tags: блоггинг, блогер, блогинг, блогосфера, жаңа медиа, журнализм, журналистика
15 comments
Қазақстан Бүгін: 13:04 29.04.2009
Мәжіліс “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Республикада интернет-технологияларды дамытудың қазіргі деңгейіне заңнаманы сәйкес келтіру мақсатында заң жобасында негізгі ұғымдарды анықтайтын ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді берудің үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін ережелерді және қолданыстағы заңнамада бекітіп беру ұсынылады. Мысалы, қолданыстағы “веб-сайт” ұғымы порталдар, форумдар, блогтар, интернет – теледидар және басқа технологиялар көмегімен интернет желісінде ақпаратты орналастыруды қамтымайды. Сондықтан осы заң жобасында кең ауқымды “веб-сайт” ұғымын “интернет-ресурс” ұғымына ауыстыру көзделген.
Осы іс-шараларды іске асыру мақсаттарында сотқа міндетті түрде талапты енгізумен, прокурорға мүмкіндік беретін (бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін) ақпараттың жариялануын тоқтату туралы қаулының нормасын “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Қазақстан Республикасы заңына енгізу ұсынылған.
Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналасқан сайттарға қатысты істерді қарау іс-жүргізудің талабының тәртібінде жүзеге асырылатын болады.
Толығымен мына жерде
Заң күшке енетін болса, Қазақстан территориясында әр блог/сайт БАҚ болып саналады (ал әр блогшы – журналист?), веб-ресурстар тіркелуден өтуге тиісті, ал еліміздің соты шетелдік веб-сайттарға кіру жолдарын жауып тастауға құқылы болады. KZ зонасындағы веб-жобалар күрт азайып, нарықта Қазнеттің бәсекелестігі аңызға айналмақ.
Жоғарыдағылар «қажетсіз» сайт пен блогтарға бан қойып, әуреленбейді, енді бәрі ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ болмақ! Осыған қарап, Біз (блогшы/юзер/ азаматтар/ журналистер) және Олардың арасында қаншалықты алшақтық бар екеніне көзіміз жетті. Бұл алшақтық барда ешкім де ұтпайтыны анық!
Қазнеттің белсенді қолданушыларын өздерінің бұл заңға қарсы екенін көрсету үшін 13 мамыр 2009 ж сағат 15 пен 16 аралығында ( Астана уақыты) Қазақстанның интернет кеңістігіне шықпауға шақырады. “Бұл рәсім арқылы Заң қабылдана қалған жағдайда Қазнеттің қандай күйге түсетінін көрсеткіміз келеді” дейді.
P.S. суретте соқыр Фемида
Әлемнің үздік блогтары 2009 Сәуір 5, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.Tags: блоггинг, блогер, блогинг, блогосфера, үздік блогтар
8 comments

2009 жылдың 16 наурызында Остин қаласында (Техас штаты, АҚШ) 9-рет Әлемнің үздік блогтарына арналған «жүлде» өтті. Қаңтар айында қатысуға өтініштер қабылданып, 200 блогшы іріктелінді, кейін дауыс беру мен ақпанда дауыс берудің уақыты аяқталғаны жайында мәлім болды. Наурызда үздік блогшылардың тізімі жарияланды:
1. Блогтарға арналған үздік веб-қосымша – Google Reader.
2. Жаңа Зеландия/Австралияның үздік блогы – Girl With a Satchel (сән, поп-мәдениет).
3. Азияның үздік блогы (Қиыр Шығысты қосқанда) – Susie’s Big Adventure. (Сауд Арабиясына көшіп келген американ әйелдің блогы).
4. Африканың үздік блогы – Glad to Be a Girl. (Йоханнесбургта тұратын қыздың блогы).
5. Европаның үздік блогы – Chocolate & Zucchini. (аспаздық блог).
6. Латын Американың үздік блогы – A Canuck in Cancun. (Мексикада тұратын канадалық әйелдің блогы).
7. Канаданың үздік блогы – Everybody Likes Sandwiches. (аспаздық блог).
8. Үздік фото-блог – Pioneer Woman Photography.
9. Үздік арт / дизайн / крафт-блог – PostSecret. (Осы блогқа оқырман аты-жөнін көрсетпей өзінің құпияларын жібереді. Күшті идея, қазір осындай сайттар рунетте де пайда болды).
10. Үздік аспаздық блог – Cake Wrecks.
11. Сән туралы үздік блог – Go Fug Yourself.
12. Саяхат туралы үздік блог – Camels and Chocolate.
13. Музыкалық үздік блог – Stereogum.
14. Танымал адамдар туралы үздік блог – Dlisted.
15. Кино / ТВ / театр туралы үздік блог – Television Without Pity.
16. Спорт туралы үздік блог - Fat Cyclist.
17. Саясат туралы үздік блог – FiveThirtyEight.
18. Үздік техно-блог - LifeHacker.
19. Үздік тақырыптық блог – Cute Overload. (жануарлардың қызықты суреттері бар блог)
20. Тинейджерлерге арналған үздік блог- Foodie at Fifteen. ( 16дағы жігіттің аспаздық блогы)
21. Үздік әзіл-оспақ блогы - I Can Has Cheezburger?
22. Мазмұндаудың үздік стилі – Cake Wrecks.
23. Үздік микроблог – One Sentence.
24. Үздік топтық блог – Gawker.
25. Үздік коммьюнити-блог – I Can Has Cheezbuger?
26. Дизайны бойынша үздік блог – Confessions of a Pioneer Woman.
27. Үздік «белгісіз» блог – Pistols and Popcorn.
28. Үздік блог-”жаңа” – Cake Wrecks.
29. Үздік блог-”ескі” – Fark.com.
30. Үздік блог 2009 - Confessions of a Pioneer Woman.
Сыйлық ретінде 2009 цент (20,09 доллар) берілді. Осы блогтардың көбін қыздар, әйелдер жүргізеді екен. Тағы бір қызығы – аспаздық тақырыбына арналған блогтар бірнеше номинацияда жүлдегер атанды.
қайнар
Мобильді интернет – кеше, бүгін. Наурыз 20, 2009
Posted by arsenal777 in медиа, статистика.Tags: блоггинг, жастар
9 comments

comScore компаниясының зерттеуі бойынша, мобильді құрылғылар арқылы интернетке шығатындар саны көбейе бастады, нақтырақ айтатын болсақ, 2 есеге өсті. Мобильді интернет қолданушылардың ең белсендісі – 18-21 жас аралығындағы жастар. Ал 18-24 аралықтағы жастардың мобильді желідегі белсенділігі төменірек. comScore-дың бұл қорытындысы 2008 жылдың қаңтары мен 2009 жылдың қаңтар аралығында есептелген.
Сарапшылардың айтуынша, мобильді телефон арқылы Әлемторға кіріп, жаңалықтар оқитын пайдаланушылар почтамен де, сайттармен де жұмыс істейді. Олардың саны – 63,2 млн(2009 ж. қаңтар айы бойынша). Ал 22,4 млн қолданушы мобильді телефондар арқылы Интернетке күнде шығады екен.
Сонымен қатар, comScore өткен жылы мобильді сервис нұсқалары ішінен әсіресе блогтар және әлеуметтік желілердің танымалдылығы жайында хабарлайды. Орташа есеппен, 12 ай ішінде осындай жобаларға кіру саны 4277% өсті. 2008 жылдың қаңтарында 1,7 млн пайдаланушы күн сайын мобильді телефон арқылы интернетке кіретін болса, 2009 жылдың қаңтар айында олардың саны 9,2 млн болды.
Сарапшылар мобильді интернеттің танымалдылығын смартфондармен тікелей байланыстырады. Аналитиктердің болжамы бойынша 2013 жылы сатылған әр 4-телефон кеңейтілген интернет-функционалға ие болып, жеке компьютер сияқты қызмет атқара алады.
Мобильді интернеттің тағы бір танымалдылық драйвері – смартфондар үшін бағдарламалық қамсыздандырудың молшылығы. Соңғы 2 жылдың ішінде смартфон өндірушілер, оның ішінде Apple, RIM және Nokia өзінің софттары бар мобильді порталды іске қосты.
Қайнар
Оқырман және Сіз Ақпан 19, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.Tags: блоггинг, блогер, блогинг, блогосфера, twitter
5 comments
Блогшы әңгімелесуге, байланыс орнатуға, диалогқа дайын болуы тиіс.
Оқырманмен байланыс орнатуда мынадай бірнеше кеңес:
1. Байланыс(әңгіме) үшін уақыт іздеңіз!
Күнде аудитория үшін уақытыңызды бөлуге тырысаңыз, әйтпесе төмендегі пунктерді оқуға еш қажеттілік жоқ.
2. Оқырман үшін сізбен байланыс орнатуға мүмкіндік беріңіз!
Кейбір блогшылар байланыс парағында бос орын қалдырмай, толтырып қояды, мысалы, э-адресін, телефон нөмірін, ICQ және т.с.с. Кейін әр байланыс түріне көптеген хаттар, хабарламалар келіп жатады және блог иесі олардың бәріне жауап бере алмайды. Сондықтан, э-почтаныздың адресін ғана көрсетсеңіз жетеді.
3. Интерактивті пікірлер
Әр пікірге жауап берудің қажеті жоқ, бірақ қатысу – міндет. Пікірлер ішінде блог оқырманы бір-бірімен әңгімелесіп, кейбір мәселелерді шешіп, бір-біріне көмектесуі де мүмкін.
4. Электронды почта арқылы байланыс
Пікірлерге назар аудару әрине қажет, бірақ электронды хаттарға жауап беру міндетті түрде қажет. Өйткені хат бұл тез жазылған блогтағы пікір емес, оқырман хат жазған кезде уақытын бөлген, сонымен қатар, хаттарда маңызды ақпарат жазылады – сұрақтар, ұсыныстар т.б. Сол себептен, бұндай хаттарға толық жауап берудің маңызы бар.

5. Диалог құрастыру
Оқырманмен байланыс орнатудың өзі сіздің Ол үшін ашық (немесе керісінше) екенін көрсетеді. Мысалы, кейбір блогшылар оқырманымен қатаң, кейбіреулері жайдары, ашық,
• Сұрақ қою – оқырманды өзара қарым-қатынасқа шақыру;
• Жеке ойды білдіру – блог жазбаның аңдатпасы ретінде, мысалы, осы постты жазуға қандай жағдайлар/ойлар түрткі болғаны туралы жазу;
• Қатені мойындау – бұл сізді оқырманмен жақындатады, олар сіз машина емес, басқа адамдар сияқты пенде екенін көрсетеді;
• Сізді мазалайтын сұрақтарды оқырманнан сұраңыз, осылайша, сіз үшін оқырманның пікірі маңызды екенін көрсетесіз;
6. Twitter
Twitter оқырманмен байланыс орнатуда зор рөл атқарады. Қысқа да нұсқа ақпаратты диалог + RSS-тың альтернативасы.
7. Әлеуметтік БАҚ
Twitter ыңғайлы, бірақ барлық оқырман үшін емес, сондықтан Facebook сияқты әлеуметтік жүйелер арқылы тағы байланыста бола аласыз.
8. Сұхбат
Бұл оқырманға жақын болудың жақсы түрі. Қазақ блогосферасында Нұрғиса Асылбековтың осындай сұхбаттары естеріңізде шығар. Сұхбат арқылы оқырман сізді басқа жақтан тани алады.
9. Сіз жайында
Басқа блогтар сіз жайында не айтып жатқанын бақылап тұрыңыз. Ол үшін трекбектерге жазылуға болады, трафиктің қайдан келгенін көрсететін статистика тағы бар. Осылайша сіз оқырманмен және басқа блогшылармен байланыста боласыз!
…болған екен Қаңтар 22, 2009
Posted by arsenal777 in блогинг, медиа, әлеумет.Tags: блоггинг, twitter
add a comment
Жаңа жылдан кейін әлеуеметтік жүйелер мен блог платформаларда біраз өзгерістер болғанын байқаған шығарсыздар. Оның ішінде ЖЖ-ның америка офисінен 12 қызметкерді жұмыстан шығаруы(бұрын олардың саны 28 еді), Твиттердің ең танымал қолданушылары – Бритни Спирз пен Барак Обаманың микроблогтары хаккерлермен бұзылғаны. Соған қарамастан орыс тілді тви-қолданушылардың саны(оның ішінде қазақстандықтар да баршылық) қаңтар айында ұлғайды. ЖЖ-дағылар енді Твиттерге көшейек, бір-бірімізді дос қылайық(зафрендим) деп айтып жатыр. Кеше Твиттердегі жазбалардың көбісі ICQ туралы болса, оның алдында Обамаға арналған, біздікілер премьер жайында сөйлеседі. “Twitter is the telegraph system of Web 2.0.” Nicholas Carr, Author and Technologist(Твиттердегі бір жазбадан)
Тағы бір мегажүйе Facebook 150 млн. қолданушыға ие болды. Google жайында айтатын болсақ, бір жағынан олар көп офистерін жауып, бірнеше сервистерінің жұмысын тоқтатса, жаңа сервис пен утилиттерді іске қосты.
Арнайы қыздар үшін МЫНАНЫ көрсеткім келеді.
ИШ көмегімен.
Қазақ тілді жоба! Желтоқсан 20, 2008
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг, медиа, әлеумет.Tags: блоггинг, қазақ блогосферсы
1 comment so far

“Сәлем Әлем” атты сервис кеше ғана іске қосылды. Оның функциялары сіздерге таныс “Хабрахабр” немесе өзіміздің “Yvision“-ге ұқсас, яғни сіз тіркелуден өткеннен кейін, достарыңызды қоса аласыздар және блог жүргізумен шектелмей, оларды тақырып бойынша “қоғамдастықтарда” жария аласыздар, сонымен қатар, сайтта тіркелген әр қолданушы блог-жазбаға, не қолданушының өзіне баға бере алады(ұнады/ұнамады). Қоғамдастықтар әзірге осылар: Жобаның блогы, Жобадағы ақаулықтар, ҚазНет, Шабыт пен шығармашылық, Саяхатшылық, Ақпарат технологиялар, Спорт, Музыка, Киномания, Журналистика сырлары. Сайттың оң жағындағы Қоғамдастықтар қатарынан қажеттісің таңдап, оны қосыңыз, кейін пост жазғанда оны қай қоғамдастыққа жатқызатынызды белгілейсіз.
Ісіңізге сәттілік!







