jump to navigation

Yahoo-дың трендтері Желтоқсан 1, 2009

Posted by arsenal777 in әлеумет.
Tags:
2 comments

Yahoo-дың нұсқасы бойынша биылғы жылдың трендтері төмендегідей.

1.

2.

6.10.

Толығырақ

 

Фитцпатрик: “Блог – хабарласудың формасы” Қыркүйек 23, 2009

Posted by arsenal777 in блогинг, медиа, әлеумет.
Tags: , ,
add a comment

m99381LiveJournal-дың негізін салушы Брэд Фитцпатрик қолданушылардың блогтарында ақша табудың (монетизация) мүмкіндіктері жайында баяндап беру мақсатымен Мәскеуге келген еді. Google-да инженер-программист болып жұмыс істейтін Фитцпатрик ЖЖ-ның монетизациялануына сенбейтінін және тұғырнама жақында «ескіріп» қалуы мүмкін екенін «Ведомости» газетіне айтты.

ЖЖ-ны 1999 жылы мектепті бітіргеннен кейін өзінің жеке күнделігі ретінде жасаған. Кейін бұл бизнеске айналды.

Бүгінде ЖЖ-ның жағдайы жайында Бред былай деп айтады: “LiveJournal әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнама нарығында алғашқылардың бірі болған еді. Ол Twitter секілді прогрессивті болды. Бұл факт: АҚШта бес әлеуметтік желі танымал болып, кейін осы беделінен айырылып қалғанын көрген едім. Адамдар желіге сәннен қалмас үшін келеді, ал сіздің мамаңыз онда аккаунт ашқан кезде, осы желі сәнді болудан қалады. Бұл дұрыс емес – желінің функционалын таңдау керек”.

Блогтардың монетизациясы турасында: “Осы жайында сенімді жауап беру – ақымақтық… Блог - бұл хабарласу формасы, әдетте, электронды почта мен IM секілді. Мен өзімнің почта немесе мессенджерімді қалай монетизациялаймын?”

толығырақ “Ведомости” сайтында

Жай емес деген үмітте Маусым 7, 2009

Posted by arsenal777 in блогинг, әлеумет.
Tags: ,
8 comments

3331542018_26c6bdf246

Бір жыл бұрын микроблогинг деген сөзді қолданбайтынмын, тек Твиттерге тіркелгесін, блогымда осы сервис жайында бірнеше рет жазған едім. Уақыт өте келе, “микроблогинг” лексиконымда үйреншікті сөзге айналды, микроблог жүргізуге арналған сервистер көбейді және олардың танымалдылығы да арта түсті.

Бүгін Обамадан бастап Опра Уинфридің бағдарламасын көретін үй шаруасындағы әйелге дейін сол “Не істеп жатырсыз?” деген сұраққа жауап беруге асығатындар көп. Қазір Твиттер, Плюрк сияқтылар өздері әлеуметтік желі бола тұра, Фейсбук, Мой мир деген сияқты ірі әлеуметтік желілерге өз әмірін жүргізгендей болды, тура өздері болмаса да; дәлірек айтсақ, микроблогинг элементтерін кең таратты.

Дара Торрес пен Шакил О’Нилдардың Твиттерде пайда болуы да жай емес, ал твиттерфон  бұл бөлек әңгіме… Бір сөзбен айтқанда, микроблогингке назар аудару енді “болады” емес, “қажет”. Қазақ тілінде микроблогингтің қызықты жаңалықтарымен енді мына жерден танысуға болады. Иә, бұл жарнама. ;) Назар аударғандарыңызға көп рахмет.

Вертер феномені Мамыр 20, 2009

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс, әлеумет.
Tags:
29 comments

3306268096_149c85e480_o
Суицид жайында соңғы жазбаның пікірлерінде Салтанат Вертер феномені туралы сөз еткен. Бүгін осы феномен жайында қысқаша айтып өтемін.
Феноменнің тарихы 200 жыл бұрын басталады. Немістің ұлы жазушысы Иоганн фон Гете «Жас Вертердің азабы» (Die Leiden des jungen Werthers) атты романында Вертердің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы жазады. Бұл роман Гетеге танымалдылық әкелумен қатар, Европада суицидтің кең жайылыуна да әкеп соқты. Феномен күштілігі болғаны соншалық, кейбір елдердің үкіметі бұл кітапқа тыйым салған екен.
Осы феномен бүгін де «күшке» ие. Психолог-зерттеушілердің айтуынша, газеттердің бірінші беттерінде танымал адамдардың өз-өзіне қол жұмсаған оқиғалары туралы жазылатын болса, біраз уақыттан соң осыны кең жариялаған географиялық аудандарда өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары ұлғаятынына көз жеткізді. 70-жылдары осыны зерттеген Филипс, психологиялық ауытқулары бар адамдардың суицид жағдайылары жайында оқығаннан соң, еліктеу негізінде өзіне қол жұмсайтынын айтады. Яғни, бұл кейбір қиын жағдайлар кезінде, адамның басқалардың іс-әрекетіне сүйенеді деген әлеуметтік дәлелдің бір мысалы. Өмірде болатын мысалдарды келтіретін болсам, бір мектепте көп жылдар аралығында суицид дегенді тек қана анда-санда валеология сабақтарында айтатын делік. Бірақ мектепте(мектеп оқушысымен) осындай прецедент пайда болғаннан кейін, бұл басқа оқушыларға әсер етуі мүмкін. Олар енді бұны өмірде жоқ нәрсе емес екенін түсінеді және кейбіреулері өмірінде қиын жағдайға қарсы тұра алмай, осыны қайталауы мүмкін.
Кейбір жандар жанұясының беделін түсірмес үшін немесе туысқандарына сақтандыру қаражатын алуға жағдай жасау үшін өз-өзіне қол жұмсайтынын көрсетпейді (Жасырын суицид). Сондықтан олар кейде автоапаттарды өз еркімен жасайды(Автоцид). Мысалы, Франсуаза Саганның «Армысың, мұң» (Bonjour Tristesse) деген кітабында жасырын суицид көрінісі бар.
Қалай болса да еліктеу, өзімшілдік, ақымақтық, бір мезетке әлсіздік танытуды артқа тастап, кез-келген қиын мәселені ақылмен шешу қажет екенін ұмытпайық,
Бұл тақырыптарға ұқсас жазбалар:
Олар өмірмен қоштасуға асығады, Пікірлерді қорытындыласақ, Жасырын суицид.

ВВС ізімен(8) Мамыр 13, 2009

Posted by arsenal777 in медиа, әлеумет.
Tags: , ,
5 comments

forum

Интерактивтілік

Әрине, қазіргі БАҚ үшін бұл өте маңызды. Егер де сіз оқырмандарды пікірталасқа шақыра алсаңыз, жазбаға көп пікір жазылса және автор осы пікірлерге жауап берсе/көңіл аударса, оқырман жазбаға өзінің аз болса да, үлесін қосқан сияқты болып сезінеді.

Көп сайттарда форумдар бар (блогта қонақтар беті, блог туралы сияқты беттер болады). Бұл да интерактивтіліктің құралы. Бірақ оқырмандар қалдырған әр хабарлама үшін жауапкершілік сайттың мойнында екендігін есте сақтау керек. Мысалы, Ұлыбританияның заңы бойынша, вебсайттың барлық ақпаратына иесі жауапты. Яғни, форумдағы оқырман хаттары редакцияның көзқарасымен келіспей жатса да, сырттан келген хабарламаларды қадағалау қажет.  Би-би-си форумдарында, соның ішінде Ресей қызметінде форумдағы жазбаларды алдын-ала қарап, қадағалау функциясы бар. Форумдардың мысалдарымен мына жерде таныса аласыздар.

Сіз үнхабар(подкаст) тыңдайсыз ба? Мамыр 7, 2009

Posted by arsenal777 in медиа, статистика, әлеумет.
Tags: , , , ,
12 comments

nodcastМүмкін біреулеріңіз қазақша үнхабар жоқ дейсіздер, мүмкін қызықпайсыз, бірақ дәл қазіргі уақытта олар Қазнетте дамып жатыр, өзіміздің подкаст терминалымыз да бар. Бүгінгі үнхабарлар тақырыбы – көбінесе ИТ саласында. Мысалы, алғашқылардың бірі, бұрын блогымда айтып өткен AWARD.kz 2008 жүлдесінің жеңімпазы — «PodKAZt» Қазақстандағы Интернет жайындағы үнхабар. Сонымен қатар, seo, мәдениет, ИТ, кино тақырыптары мен биыл пайда болған қазақ тіліндегі  студенттік тақырыпты қамтитын үнхабар — «Самғар ұсыныс». Осы үнхабарлардың бәрін ПодКАЗт терминалында тыңдай аласыздар.

Yvysion.kz – та «танымалдылығы жоқ емес» бір қолданушы өзінің «Алғашкаст» па, әлде «Молдакастын» шығарып, өз-өзін Әлемнің алғаш қазақ тілінде подкаст шығарушы деп жария еткен. Негізінде, бірінші қазақ тілді үнхабардың авторлары Асхат аға, ал кейін Қуаныш екенін бұл мырза білмеген/естімеген, ал хабардар болған соң, бұл «жаңалыққа» мән бермеген. Бірақ әңгіме бұл жайында емес.

eMarketer зерттеу компаниясы американдық үнхабарлар нарығын қарастырып, айына бір рет болса да үнхабарларды жүктеп алатындар 2008 ж. – 2013 жылға дейін екі есе ұлғаятынын айтқан. Ал Pew Internet & American Life Project ұйымының зерттеуі бойынша, 2008 жылдың шілде айында американдық интернет-қолданушылардың 18% үнхабарларды жүктеп алды.

podcastОңтүстік Колифорния Университетіндегі USC Annenberg Strategic Public Relations Center ірі зерттеу орталығы барлық медианың ішінен(тек қана интернет-БАҚ емес) подкастинг соңғылардың алдында тұрғанын мәлімдеді. Интернет-қолданушылардың арасынан 7% адамда сұранысқа ие. 6% — мобильді медиада. Pew Internet зерттеуі боынша, 2006 жылы ай сайын 7% интернет-қолданушы үнхабарды жүктесе, 2008 жылы — 19% болып өсті.

Arbitron and Edison Media Research зерттеуі бойынша, 2008 жылдың қаңтарында 12 жастағы американдықтардың 37% подкастинг жайында естіген, 18% бір рет болса да тыңдады және 9% кемінде айына 1 рет оларды тыңдайды.

Universal McCann компанияның глобальді зерттеулері әлемнің үнхабар тыңдаушыларын санап, Қытай— үнхабар тыңдармандар саны ең көп мемлекет екенін анықтады. Былтыр Қытайда үнхабарларды 74% респондент тыңдаған екен. Екінші орында Филиппины — 61%, содан кейін Ресей (58%), Испания, Оңт. Корея т.б. АҚШ бұл тізімде(әрине, тізімге барлық мемлекеттер алынбаған) соңғы орында.

Үнхабаршылардың белсенділері — 18—29  жаста. Статистика мына жерден алыған.

Біз қайдамыз, олар қайда? Сәуір 29, 2009

Posted by arsenal777 in блогер, блогинг, медиа, әлеумет.
Tags: , , , , , ,
15 comments

71832

Қазақстан Бүгін: 13:04 29.04.2009

Мәжіліс “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Республикада интернет-технологияларды дамытудың қазіргі деңгейіне заңнаманы сәйкес келтіру мақсатында заң жобасында негізгі ұғымдарды анықтайтын ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді берудің үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін ережелерді және қолданыстағы заңнамада бекітіп беру ұсынылады. Мысалы, қолданыстағы “веб-сайт” ұғымы порталдар, форумдар, блогтар, интернет – теледидар және басқа технологиялар көмегімен интернет желісінде ақпаратты орналастыруды қамтымайды. Сондықтан осы заң жобасында кең ауқымды “веб-сайт” ұғымын “интернет-ресурс” ұғымына ауыстыру көзделген.

Осы іс-шараларды іске асыру мақсаттарында сотқа міндетті түрде талапты енгізумен, прокурорға мүмкіндік беретін (бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін) ақпараттың жариялануын тоқтату туралы қаулының нормасын “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Қазақстан Республикасы заңына енгізу ұсынылған.

Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналасқан сайттарға қатысты істерді қарау іс-жүргізудің талабының тәртібінде жүзеге асырылатын болады.

Толығымен мына жерде

Заң күшке енетін болса, Қазақстан территориясында әр блог/сайт БАҚ болып саналады (ал әр блогшы – журналист?),  веб-ресурстар тіркелуден өтуге тиісті, ал еліміздің соты шетелдік веб-сайттарға кіру жолдарын жауып тастауға құқылы болады. KZ зонасындағы веб-жобалар күрт азайып, нарықта Қазнеттің бәсекелестігі аңызға айналмақ.

Жоғарыдағылар «қажетсіз» сайт пен блогтарға бан қойып, әуреленбейді, енді бәрі ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ болмақ! Осыған қарап, Біз (блогшы/юзер/ азаматтар/ журналистер) және Олардың арасында қаншалықты алшақтық бар екеніне көзіміз жетті. Бұл алшақтық барда ешкім де ұтпайтыны анық!

Қазнеттің белсенді қолданушыларын өздерінің бұл заңға қарсы екенін көрсету үшін 13 мамыр 2009 ж сағат 15 пен 16 аралығында ( Астана уақыты) Қазақстанның интернет кеңістігіне шықпауға шақырады. “Бұл рәсім арқылы Заң қабылдана қалған жағдайда Қазнеттің қандай күйге түсетінін көрсеткіміз келеді” дейді.

P.S. суретте соқыр Фемида

Жасырын суицид Наурыз 25, 2009

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс, әлеумет.
Tags:
8 comments

Өткен жылдың күзінде блогымда Суицид тақырыбын қозғаған едім, блогшылармен осы мәселені біраз талқылағанбыз да, осыдан кейін бір байқағаным, жарты жылдың ішінде блогыма «суицид», «өз-өзіне қол жұмсау» сөздері арқылы күнде кіреді екен. Яғни бұл тақырып өте өзекті, әрі оған сұраныс бар, өкінішке орай, сұраныс шынымен де бар.

munk2
Жасырын сиуицид. Өмірде әр қайсымыз оған тап болады екенбіз. Біреу одан өзі зардап шексе, екіншісі туысы немесе танысының әрекеттері өмірмен қоштасуға итермелейтінің көріп жатады. Бұған қандай да тыйымдар, өтініп-жалынып сұраулар болсын, айналадағылар оның спирт ішімдік ішуге, нашақорлыққа қарсы тұра алмайды.
Бірақ жасырын суицид түріне алкоголь мен нашақорлық ғана жатпайды. Оған кез-келген
күйреуге апарып соғатын әрекеттер де жатады. Жасырылған немесе тікелей емес суицид – бұл өз-өзіне қол жұмсаудың бүркемеленген түрі. Оның әсерінен адам өзінің санасында немесе санасынан тыс өлімге байланысты үрейі арқылы өз-өзін күйреуге әкеп соғатын әрекеттер нәтижесінде (немесе сыртқы күштер, көбінде өзі арандатып жасаған) көз жұмады.

Шын мәнісінде, жасырын суицид кезінде өлімге тура қадамдар жасалынбайды, тек келешекте болатын өлім үшін қорқыныш-үрей болады. Бұндай ойлармен өмір сүрген адам тәуелділікке тап болып, немесе апат құрбаны, экстремалды (жалғасын оқу…)

Кім күшті? Наурыз 13, 2009

Posted by arsenal777 in блогинг, статистика, әлеумет.
Tags: ,
4 comments

nielsen_logo
Nielsen Online өткізген зерттеу бойынша , әлеуметтік желілер мен блогтар танымалдылығы өсуде. Оларға Интернет қолданушылардың 67 пайызы кіреді екен. Әлеуметтік желілердің танымалдылығы электрондық почтаға қарағанада 65.1 % алда, бірақ іздеу сервистеріне қарағанда 85.9%, порталдарға 85.2%, РС үшін қосымшаларға қарағанда 73.4% артта екен.
Neilson – ның есебі бойынша Facebook – ең танымал әлеуметтік жүйе. Айына бір рет болса да оған Интернет қолданушылардың оннан үші кіреді екен. Әлеуметтік жүйелер мен блогтар әсіресе Бразилияда кең таралған, оларға интернет пайдаланушылардың 80 пайызы кіреді.
Nielsen әлеуметтік желілердің басқа да даму үрдісі жайында айтады: олардың аудиториясында ересектер көбейді және Интернетке пайдаланушылар мобильді телефондар арқылы жиі кіретін болды.
Сарапшылардың көбісі Nielsen – нің қорытындысына күмәнмен қарайды және интернет – пайдаланушылардың тек 65 пайызы электрондық почтамен жұмыс істейді дегенге сенбейді. Қайнар.

Өз ойым. Мен үшін электронды почта өте маңызды, да қажетті. Блогыма әрине арнайы уақытымды бөлсем де, әлеуметтік желілер бос уақыт өткізу үшін немесе уақытша қызығушылық туындатады деп ойлаймын.
Әлеуметтік жүйелер немесе блогтар арқылы қажет адамдарды тауып алсан да, кейін олармен Сіз қолданатын джитолк немесе джаббер, аська, скайптарға оларды қосып аласыз. Бірақ осы дос/таныстарыңыз offline болған жағдайда, электрондық почта арқылы байланысасыз. Блог және әлеуметтік жүйелердің барлық ескертпе хабарландырулары да почтаңызға келіп түседі, көп пікірлерді де бірінші почтаңыздан оқи аласыз, сондықтан да электрондық почтаның маңызы азайып бара жатыр дегенге келіспеймін.

Бұл не? Бұл қалай? Қаңтар 23, 2009

Posted by arsenal777 in блогинг, медиа, әлеумет.
Tags: ,
6 comments

Осы айдың ішінде Интернетте қазақ тілді “живой журнал”(Life journal) құруды Мәсімов мырза ақпараттандыру және байланыс жөніндегі мемлекеттік агенттік пен ҚР Ақпарат және Мәдениет Министрлігіне тапсырды – деп хабарлайды “Газета Сегодня” . Хабарды мына жерден көруге болады. Премьердің айтуынша, бұл ақпараттық кеңістік пен мемлекеттік тілдің дамуына оң әсерін тигізеді.
Бірақ(In My Humble Opinion):
Біріншіден, бұл әрине қаржы мәселесі (неге десеңіз, қазір қаржы мәселесі әр салада бірінші орында және ЖЖ сияқты платформа құрастыру үшін ол әрине қажет);
Екіншіден, уақыт;
ПМ бұл хабарды қаңтардың 23 күні жарияласа, 1 апта уақыт қана бар(демалысты қосқанда);
Үшінші, аудитория;
Қазақ тілді сайттардағы/блогтардағы адамдардың бәрі жаңа сервиске көше ме, бұрыннан қалыптасқан аудитория осы сервисті қажет ете ме? Осындай шешімге келер алдында біздің ҚазНет неге сарапталмайды, қолданушылардың қажеттілігі неге қарастырылмайды? Әлде мен бірдеңені түсінбей отырмын ба?