Қазақ блогосферасы жайында Сәуір 20, 2008
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг, статистика.Tags: сауалнама, қазақ блогосферсы, қазақ блогтары
26 comments

2007 жылдың қараша айында «Неліктен блог бастадың?» деген сауалнама қазақ блогшылардың ортақ блогы «Блог туралы блогта» жүргізіле бастады. Блогшылар төмендегідей жауап берді, Бақытнұр: «Блог жазу арқылы адам өзін басқаға танытумен қатар, менің қолымнан не келеді деп, өзін-өзі тани біледі. Қазақ қоғамына блог жазу Қазақ Ғаламторына өзіндік үлесін қосу арқылы көмектесе алады», Жанарбек: «Блогты жеке басымның күнделігі ретінде қолданамын. Бөліскім келген ойларды, тәжірибелерді, суреттерді және жаңалықтарды осы блог арқылы уақытқа не орынжайға бағынышсыз түрде әлемнің әр түкпіріндегі адамдармен ой пікір алмаса аламын», Бақытгүл: «Қазақ тілінде блог жазуға ықылас білдіргенімде, ойымда бірнеше тақырып болды. Соның бірі білім және білімдегі ақпараттық - коммуникациялық технологиялар болса, екіншісі дүние жүзіндегі танымал, тіпті танымал болмаса да қызықты “әдеби сыйлықтар” тақырыбына шолу жасап, қазақ тілді оқырмандарды әлем әдебиетінде болып жатқан жаңалықтармен таныстыру еді»-деп өз пікірлерін білдірді. Сонымен, қазақ тіліндегі ақпаратқа деген қажеттілік блогтардың өмірге келуімен шешілді. Блогтағы материалдарды жастар да, ересек адамдар да жиі оқиды. Іздеу моторында «ақпарат технологиялар», «әдеби жаңалықтар», «қазақ басылымдары», «салт-дәстүр», т.б. сізге қажетті сөздерді енгізіп көрсеңіз, қазақ тіліндегі жеке веб-беттерге тап боласыз. Мұндағы мағлұмат тегін, ашық. 2008 жылдың басында «Азаттық радиосы» “Жас толқын” бағдарламасында қазақ блогосферасына қатысты жиі-жиі хабарлар беріп тұратын болды. Сол хабардың бірінші санында Асхат Еркімбай, Бақытгүл Салықова мен Қуаныш Мағзұмов блог не үшін қажет, қандай тақырыпта жүргізіледі, қоғам үшін маңыздылығы жайында сұхбат берді. Ал BBC Орта Азия елдері бөлімінің радио тілшісі Жаңа медиаға арналған бағдарламасында белсенді қазақ блогшыларымен сұхбаттасып, қазақ блогосферасына деген қызығушылығын танытты. Қазақ блогосферасының дамуы жайында нақты мағлұмат алу үшін Асхат аға маған белсенді қазақ блогшылар арасында сауалнама жүргізіп көр, деп ұсыныс жасаған. Сауалнаманың нәтижесінде жауап бергендердің 57% блогтарын бір жыл, ал 27% жарты жыл, 14% бір жылдан көп жүргізгенің көруге болады. Келесі сұрақ «Блог бастауға не түрткі болды» дегенге, блогшылардың 86% «жеке қызығушылығым» деп жауап берді. Жеке веб-бет жүргізгенде блогшылардың 57% ешқандай қиындық болмағаның, ал 43% блогты жиі жаңартуға, басқа блогтарды оқуға мүмкіндігі шектеулі болғандығына себеп болған – интернет қызметінің қымбатшылығы деп жауап берген. Жеке веб-беттегі мағлұматтың маңыздылығын бағалау кезінде блогшылардың 43% қажетті ақпараттың жоқ еместігін мойындаса, 43% өзіңе қажетті ақпаратты блогтан тауып алатының көрсетті. Қазақ блог жүргізушілердің 71% әлеуметтік хабарлар, соның ішінде жаңалықтар немесе зерттеулерді, ал қалғаны ақпаратық технологиялар мен тұрмыстық кеңестерді жариялаймын деп жауап берді. Сонымен, қазақ блогосферасы не себепті пайда болды және оның маңыздылығы қандай екенің осы зерттеу барысында анықталды. Біріншіден, қазақ тілді Интернетті дамыту, өз білгеніңді басқаларға жеткізу, шығармашылықта немесе ғылымда өз идеяларды ұсыну және оларды талқылау сияқты негізгі себептер блогтардың танымалдылығына әсер еткендігі анықталды. Блог бастау үшін жеке қызығушылық және қымбат емес интернетке шығу мүмкіндігі болса, Қазақ блогшылардың саны және блогжазбалардың сапасы өсетіні сөзсіз. Жаңалық ашқаным жоқ, сонда да қызық болды :))))
P.S. Сауалнамаға қатысқандарыңызға көп рахмет.
Әлеуметтік жүйелердің танымалдылық картасы Наурыз 24, 2008
Posted by arsenal777 in медиа, статистика.2 comments
![]()

толығырақ мына сілтемеден көре аласыздар http://medias.lemonde.fr/mmpub/edt/ill/2008/01/14/h_4_RESEAUX+X1I1.gif
Блогинг эволюция 3 бөлімі Наурыз 15, 2008
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг, медиа, статистика.add a comment
2003 жыл. Оксфордтық ағылшын тілі сөздігі\Oxford English Dictionary алғаш рет weblog, webloging (блог құру процессі) және weblogger (блог жүргізуші адам) сөздерін қосты.AOL ірі порталы ( интернет-провайдер)алғаш рет әр қолданушы үшін интернетте ақысыз жеке күнделік ашуға мүмкіндік берді.
Блогтар саясатқа кіріп кетті. АҚШ президенттіке үміткер Говард Дин\Howard Dean блог ашып, сайлау мәселелерін жариялай бастады. Блог аты - Dean Call To Action, кейін Blog To America болды. Американың көп саясаткерлері блог және блогшылар арқылы насихат жүргізіп, сайлау кампанияларына қаржы жинай бастады.
2004 жыл. Блогтармен медиалық компаниялар айналыса бастады. Gawker Media компаниясы Wonkette блогын құрды, онда Вашингтондық билік қабырғасында болып жатқан алып қашпа әңгімелер жарияланатын. Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары блогтарға шолу жасай бастады және танымал блогшыларды сырт көз, пікір айтушы, сарапшы ретінде шақыра бастады. Дәстүрлі БАҚ және блог арасындағы алғашқы шиеленіс. CBS телекомпаниясы эфирге президент Джордж Бушты\George Bush қаралайтын мұрағат құжаттарын жіберген еді. Бұл бағдарлама сайлау кампаниясы болып жатқан кезде шығарылды. Бушты жақтайтын блогшылар CBSтің құжаттары шынайы емес екенін дәлелдеп шықты. Ал CBS кешірім сұрады. АҚШтың ірі Демокртаиялық және Республикалық партиялары өзінің партиялық съездерінде БАҚ өкілі ретінде бірнеше блогшыны тіркеуден(аккредетациядан) өткізді. Үлкен пәрменділігі бар Foreign Policy журналы бірнеше жүргізуші, саяси сараптамашы, журналистер арасында сауалнама жүргізіп, олардың көбісі жеке интернет – журналға тұрақты кіреді деген қорытындыға келді. Pew Research Center for the People and the Press өткізген зерттеу көрсеткішетері бойынша 4% американдық Интернет қолданушысы ақпарат алу үшін блогқа жүгінеді. Блогшылар табиғи апат - азиялық цунами кезінде өзінің белсенділігін танытты. Олар жүздеген апат құрбандарының туыстарын табуға көмектесті.
Блог саны 2.4 тан 4.1 млн. құрады.
2005 жыл. Бизнес-журнал Fortune әлемдік бизнес қоғамдастығы үшін маңызы зор танымал 8 блогшының атын жариялады. Advertising Age журналы американдықтардың жұмыс уақытының қаншасы блог оқуға жұмсалатынын зерттеген еді. Белсенді блог оқырман саны шамамен 35 млн. құрды. Бұл АҚШтың қызметкерлер санының ¼ бөлігі. Аптасына блог оқуға орта есеппен әрқайсысы 3.5 сағ. жұмсағаны саналып, 2005 жылы блогқа деген қызуғышылықтан АҚШ экономикасы 5 млрд. жұмыс сағатты жоғалтқаны есептелді.Алғашқы блог-жұмыстан шығарулар Delta Air Lines-та болған(бұрын мына жерде жазған едім). Microsoft компаниясы жеке блог бетінде Apple G5 компьютерінің суреттерін жариялағаны үшін қызметкерін жұмыс орнынан айырды.
Сенің әлемің. Қаңтар 22, 2008
Posted by arsenal777 in статистика.2 comments

Әлеуметтік жүйелердің (ағылш. social network) бүгінгі пәрменділігі жайында осыдан бұрын да айтқан болатынбыз, жастар мен студенттер, қарапайым интернет тұтынушылары әлемтордағы уақытын қайда және қалай өткізетіні құпия емес секілді, хабарласу, танысу, музыка мен киноға, оларды жүктеу saver сайттар мен осылардың симбиозына айналған әлеуметтік жүйелер, әрине олардың ішінде блог та бар, ал кейбір әлеуметтанушы ғылымдардың айтуынша: «бүгінгі жастар әдеби кітап оқымаса да, әйтеуір блогтағы материалды оқиды…» Әлеуметтік жүйе мәселесіне оралатын болсақ, ТМД бойынша «Мой мир», «Одноклассники», «Вконтакте» ең танымал және жастар арасында кең қолданысқа енген. Жақында «Мой мир» рейтингін қарап, ЖОО арасында 5-орында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және 11-орында Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, мектептер арасында 5-орында Алматының №15 лингвистикалық гимназия, 8-орында Шымкенттің №8 гимназиясы. Ал «Вконтакте» Қазақстанның ЖОО арасында бәйге жариялауға дейін барды, оның себебі-Қазақстан бойынша кіруші саны ең көп сайт осы екен, бәйге қаңтар соңында тіркелуші адамның беттегі достар санымен қорытындалады, әзірше бірінші орында Теміртаулық Фархат, жеке бетінде 349 дос тіркелген. Осындай жаһандану үрдісі бізді қайда апаратыны белгісіз…
2007 жылы 86 журналист мерт болды. Қаңтар 3, 2008
Posted by arsenal777 in медиа, статистика.1 comment so far

БАҚ қызметкерлері үшін 1994 жылдан кейін 2007 жыл ең қайғылы болды деп хабарлайды http://news.mail.ru . «Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымы өзінің баяндамасында 2007 жылы 86 журналист пен басқа да БАҚ қызметкері қаза болды. Көбісі-47 адам-Иракта. Сомалиде-8 және Пәкістанда-6. Сонымен қатар, баяндамада тілшілердің қызмет атқарып жүрген кезінде қаза болғандар саны 244 пайызға ұлғайғаны жайында айтылды. 2008 жылдың 1 қаңтарға дейінгі ахуал бойынша бірнеше елде 135 БАҚ өкілі бас бостандығынан айырылған және бұл көрсеткіш жыл санап өзгертілмейді деп айтуға болады. Интернетте жұмыс істейтін журналистерге қысым көрсету мен соққыға жығу жағдайлары жайында да айтылды. РИА«Новости» мәліметі бойынша әлемде 1 жылдың ішінде 2766 сайт(көбісі пікірталас форумдар) жабылды немесе уақытша жұмысын тоқтатты.
Жаңа технологиялар әсері. Желтоқсан 22, 2007
Posted by arsenal777 in статистика.3 comments
Адамдар интернетте не істейді? Online Publishers Association және Neilsen//NetRatings зерттеуі бойынша, пайдаланушы уақыттың көп бөлігін мәтіндерді(блог, әлеуметтік жүйелер)оқуға және видео қарауға жұмсайды. Негізі, интернетті пайдаланушы адам уақыттың жартысын (47%) контентка арнайды. 4 жыл бұрын бұл көрсеткіш 33%ды құрған.
2003 жылы ең көп қолданылатын, әрі сұраныста бірінші орында болған ICQ мен электронды пошта сол кезде 46%, ал қазір уақыттың 33% алады. Контенттің алдыңғы орынға шыққан себебі - коммуникация мен контенттің технологиялық бірігуінде. 4 жылдың ішінде ақпаратты іздеу уақыты сәл ұлғайды, 3-5 %ға. Әлемтордағы ақпарат мазмұны хабарласу мен қарым-қатынас орнын басты, бұл коммуникация мен контенттің бір-біріне интеграцияланудың жемісі. Мысалы, әлеуметтік жүйелерде оларды бір-бірінен айыру мүмкін емес. Жаңа веб-технологиялар коммуникацияны контентке айналдырды, нәтижесінде блог пен MySpace заманында ICQ және электрондық пошта өзінің бұрынғы маңыздылығын жоғалтты. (more…)
E-mail және эгоцентризм Желтоқсан 17, 2007
Posted by arsenal777 in статистика.6 comments


Сіздің хатыңызды қабылдаушы адам көп жағдайда хат мазмұның толық түсінбеуі және одан басқа қорытынды шығаруы мүмкін…Психологтар бұл мәселені зерттеп, оның себебін тапты. Мәселенің бәрі-автордың эгоцентризмінде ( http://www.glossary.ru/cgi-bin/gl_find.cgi?ph=%FD%E3%EE%F6%E5%ED%F2%F0%E8%E7%EC&action.x=8&action.y=3 ) жатыр деп тұжырымдауда. Хат авторының ойынша, адресаты оны міндетті түрде түсінуі қажет(«бір нәрсені жасырып тұрсам да, бұл онсыз да түсінкті» деп). Бұндай жағдай күнделікті өмірде жиі кездеседі. Нью-Йорк университетінің ғалым докторлары Джастин Крюгер (Justin Kruger) және оның Чикаго университетіндегі әріптесі Николас Эпли (Nicholas Epley) зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, электроныдқ коммуникация кезіндегі түсінбеушіліктер жайында «Жеке және әлеуметтік психология» (Vol. 89, № 5, стр. 925-936) атты журналдың бір нөмірінде, адамдардың бұрыннан белгілі психологиялық феномен-эгоцентризмнің кесірінен өз сарказм, көңілді күйін немесе салмақты ойларын дұрыс жеткізе алмайтынын түсіндіреді. Эгоцентризм - әлемді өзіңің «менмеңдігі» негізінде қабылдау. Өзімшіл адам электрондық пошта арқылы жіберген мәтінді біржақты қарастырады және басқалары бұны қалай қабылдайтыны жайында уайымдайды. Әрине, бұл проблема ежелден келе жатыр…бірақ қазіргі таңда ол өте актуальды, себебі электрондық пошта - коммуникация арналарының ең маңыздысы болып табылады. Зерттеу барысында, адамдар әңгімелесу процессінде бір-бірін әлдеқайда жақсы түсінеді және тәжірибе жүзінде дәлелденгендей, тіл қату арқылы ақпарат дұрыстығы - 75%ға тең, ал электрондық пошта арқылы - 56%. Ең қызықтысы, қарым-қатынастың қай түрінде болмасын, хабарды қабылдаушы ақпаратты түсінбедім деп еш күмәнданбайды екен, яғни бәрін дұрыс түсіндім деп ойлайды. Американдық журнал хабарлағандай, бұл үрдіс әсіресе 1990 ж. психолог Элизабет Ньютонның эгоцентризм эффектісін зерттеуі кезінде айқын көрініс тапты. Оның тәжірибесі кезінде бір адам кез -келген әуеннің ырғағын келтіріп, үстел үстінен қағып, ал қалғандары бұл әуенді тауып алуы тиіс еді. Әуенді табу нәтижесі 3%ды құрады. Неге десеңіз, үстел үстінен қаққан адамның ойынша, әуенді табу оңай, себебі ол оны өз санасында «естіп тұр», ал бұны тыңдап отырғандар тек қағыстарды естиді. Электрондық поштадағы қарым-қатынас процессі де осыған жақын. (авторы Анатолий Ализар) Мүмкін тура солай емес та шығар, бірақ асыққан кезде немесе бір нәрсені тура айта алмай, басқаға айналдырып, ойымызды шашыраңқы түрде жеткізген жағдайларды есімізге түсірейікші…, хаттарыңыздың мән-мағынасын, контекстін түсіну қаншалықты оңай?
http://www.webplanet.ru/news/internet/2006/2/7/ego.html