jump to navigation

Наурыз! Наурыз 21, 2009

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.
Tags: ,
1 comment so far

123

Таппадым артып келген жүгінен мін,
Сенімі сеңгір таудай бүгін елдің,
Жалпақ елге жақсылық алып келсін,
Самарқанның көк тасы жібіген күн…

Сазды әуен, санамда сазды мекен,
Тағы бір ән қанатын жазды ма екен.
Байтақ елдің рухын үкілейтін,
Наурызға бас иіп тағзым етем…

Қанат Рамазан

Анашым, жан сырым Наурыз 6, 2009

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.
Tags: ,
7 comments

2340469906_d9e967c5b9_b
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың,
Қанатын самғаған,
Балалық құштарым,
Өзіңе арналған.
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін,
Қолыма түспеді.

Ғ. Қайырбеков

d0bcd0b0d0bcd0b0
1203107026_fca1c15774_b</

«Дала экспресі» Желтоқсан 22, 2008

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс, әлеумет.
14 comments

Кеше «Қазақстан» РТРК Қазақ киносының он күндігі аясында «Дала экспресін» көрсеткен болатын.
movieposterРежиссері: Аманжол Айтуаров, Сатыбалды Нарымбетов
Актерлер: Айжан Айтенова, Франсуа Лаббе, Арман Асенов, Нұржұман Ықтымбаев
Ұзақтығы: 1 сағ 30 мин.
Жанры: Драма, Мелодрама
foto-0011
«Пушкиннің “Бекет бақылаушысы” повесі бойынша түсірілген фильм оқиғасы біздің күндерде қазақ даласы мен Францияда өрбиді. Ұшы-қиырсыз қазақ даласында жападан жалғыз қалған темір жол бекеті бар. Кіп-кішкентай үйде жол бақылаушы қызы Сәуле екеуі бірге өмір сүруде. Шексіз даланың дәл жүрегінде жас француз саяхатшысы, жағдайға байланысты пойыздан түсуге мәжбүр болады. Шағын ғана бекетте қазақ тілін білмейтін және қалтасында көк тиыны жоқ Этьен, бас кейіпкердің есімі осындай, біздің халық туралы көп нәрсеге қанық болады. Араларында достық пайда болған Этьен мен Сәуле бір күндері әкесін тастап, шалғайдағы еуропалық елге жол тартады. Ашуға мінген Сәуленің әкесі Айдар қашқындардың артынан қуғынға түседі».
Бұл кинодан кейін кереметтей әсерде қалдым деп айта алмаймын, әрине өзіміздің кино туындымыз болғасын, бюджетке емес, сюжетке көңіл аударасын, ал актерлердің ойыны көңілімнен шықты. Айжан Айтенованың сұлулығын Қыз Жібекпен салыстыруға болатын да шығар, Франсуа Лаббе әдемі француз жігіттерінің типтік образы. dala_ekspresi_viewlargeМазмұнына келетін болсақ, әлеуметтік тақырып. Қыз бен әкесінің арасындағы қарым-қатынас, отаншылдық, дәстүр. Киноның идеясын нақты анықтай алмадым, мүмкін шешесінен айырылған Сәуленің әкесін тастап, Францияға кетіп қалғаны – жастардың ата-анасына деген «құрметін» көрсетеді… Туған жеріне Сәуле әкесі көз жұмғаннан кейін ғана келеді… Орыс классиктер әдебиетінің көзқарасы бойынша айтатын болсам, мұндағы Сәуленің әкесі Айдар – қарапайым теміржолшының тағдыры суреттеледі. Кішкентай бекеттің рельстерін бақылап жүрген жұмысшы қызын не үшін тәрбиелеген…?

Жаңа мүмкіндіктер. Желтоқсан 9, 2008

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.
Tags:
10 comments

Тағы да Gmail жайында…жоқ, бұл жазбаны жалпы электрондық поштаға арнайық. Бүгінгі электрондық жәшігіңіз қандай болуы тиіс? – Ең бірінші, өзіңіз үшін ыңғайлы.

tasks2 Gmail To-Do «Remember The Milk» сияқты қосымшаларымен GTD-парақтарын қосуға мүмкіндік жасады. Ол жайында мына жерден толық оқуға болады. Қазір онда «Task Manager» – тапсырмаларды жазу сияқты функциялар бар, бірақ бұл әзірге тек ағылшын тілді нұсқаларда. Сонымен, бұл сервис басқа сапалы сервистер сияқты жаңару/жаңа мүмкіндіктерді қосуы тиіс. Оған себеп не? Дәл қазір оның себебі бәсекелестік болуы мүмкін деп ойлаймын, неге десеңіз, кеше мынадай жаңа пошталық сервис жайында естідім, әрі көріп таныстым. Zenbe.com шынымен де қызықты пошталық жүйе. Бірінші, қосымшалар, содан tags (ілмектер), pages (парақтар), жоспарлар, Youtube, RSS feat, discussion, күнтізбе, карта т.с.с. Әртүрлі виджеттер арқылы бірнеше кликпен уақытыңызды үнемдеуге болады. Сонымен қатар, Facebook пен Twitter, G-talk – ті де қоса аласыз. Бәрі бір жерде. d0b1d0b5d0b7d18bd0bcd18fd0bdd0bdd18bd0b9

Gmail жапсырмалары Желтоқсан 5, 2008

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.
Tags:
5 comments

7c91c1f5fd35Бүгін Джимейлдің ресми блогында қолдан жасалған жапсырмалардың тегін таратылатыны жайында хабар шықты. Қызықсаңыз,

Send me some Gmail stickers already
P.O. Box 391420
Mountain View, CA 94039-1420

маркалары бар кәдімгі қағаз хат жіберіп, Gmailда қолданатын «hot» түймелердің немесе дәптер, ноутбукқа т.б. жапсыруға болатын хатқалталарына ие боласыз.

«Махамбет» Қараша 25, 2008

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс, медиа.
Tags: ,
10 comments

Өткен аптада Алматыда «Махамбет» киносының ақпараттық көрсетілімі («Цезарь» және Кино үйінде) болып өтті. Кино туындының авторы Олжас Сүлейменов, ал режиссері Сламбек Тәуекел. Журналист Гүлжан Ерғалиева Олжас Сүйлеменовпен сұхбаттасқан еді («Свобода слово» газеті, №44(188) 20 қараша 2008 жыл), төменде осы материалдан алынған ақпарат.

«Махамбетті» жаңа ғасырдағы алғашқы ұлттық кино деп айтуға болады. «Ал «Көшпенділер» ше?»- деген сұраққа Олжеке бұл киноны Лос-Анжелес пен Қапшағай жасаған халықаралық туынды деп жауап берді.

Кинодағы үш тұлға – Махамбет, Исатай және Жәңгір хан өз уақытының драматургиясын нақты көрсетеді. Жәңгір хан қазақ даласын европалық өмірге жақындатуға тырысты, оның қала, мектеп, ауруханаларды салғызамын деген ойы болды және әйелі Фатимамен Санкт-Петербордан бұрын оспа ауруынан егу жасайды.

Қазіргі тілмен айтатын болсақ, Жәңгір хан – прогрессист. Өмірге деген Фатима мен Жәңгірдің жаңа көзқарасы мен халықтың қаһармандары – Исатай, Махамбет арасындағы шиеленіс арқылы сол кездің негізгі проблемасы көрсетіледі. О.Сүлейменов бұны қазіргі уақытпен байланыстырады, ХІХ ғасырдағы конфликт социализмнен капитализмге өту жолы іспеттес.

Соған қарамастан «Махамбет» – ақын мен Баян сұлудың арасындағы махаббаты жайында кино.

Кино жайлы мына жерде қосымша ақпарат табуға болады.

Іздегенге табылар Қазан 2, 2008

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.
Tags:
10 comments

Сіздің компьютеріңізде міндетті түрде аса маңызды файлдар бар екені белгілі және осы құжаттардан айырылу қауіпі әрине үрей туғызады. Мүмкін бұл пароль тізімі немесе басқа да құжаттар. Егер сізге керек суреттер, графиктер, офистік қосымшалары бар глобальді папкаға кіру үшін ортақ мүмкіндік қажет болып тұрса немесе белгілі бір жұмыс кезеңін бір компьютерден сақтап қойып, оны басқа компьютерде жалғастырғыңыз келсе, арнайы Қоймалар бар екенін білген жөн. Осындай қоймалардың бірнешеуі төмендегідей:

Box.net

Бұл ең танымалдардың бірі. Тегін тіркелу арқылы 1 гигабайтқа дейін бос кеңістік беріледі, ал қосымша орынды қосымша ақы арқылы алуға болады. Gmail, Zoho (офистік қосымшалар пакеті), Picnik (фотосуреттерді редакциялау), Scribd (құжаттарды жариялау) сияқты сервистердің интеграциялануы нәтижесінде box.net файлдарды сақтай отырып, виртуалды офис ретінде де қызмет атқарады. Сонымен қатар Collaborators (Әріптестер) қажет адамдарды қоссаңыз, осы ақпаратпен әріптестеріңізбен бөлісе аласыздар. Айта кететін бір жайт, әр файлдың көлемі 50 мегабайт қана, оны кеңейту үшін ақылы аккаунт сатып алуға тура келеді. 

 

Getdropbox.com

Бұл қойма да ыңғайлы болып саналады. Жақында ғана жабық бета-тестілеуден шыққан, Windows XP, Vista, MacOS және Linux қолдауы арқылы десктоптық қосымшасы бар.  Қатты дискіде арнайы папка жасалғанда, бұл программа глобальді папкада автоматты түрде синхрондалады, егер де локальді директорияда құжаттарды қосып, өзгертіп не өшіріп жатсаңыз бұл өзгерістер сол мезетте  онлайн-директорияда да болып жатады.  

Getdropbox.com – да да Әріптестерді шақыруға болады, ондай болса бұл папкаңыз ортақ болады. box.net –ке қарағанда бұндағы максимальді файл көлемі 300 мегабайтқа дейін шектелген, ал ортақ көлемі 2 гигабайтты құрайды. Айына 10 $ (немесе жылына 100 $) үшін 50 гигабайт сатып алуға болады. 

Әрі қарай?

Басқа бәсекелестер жоғарыда аталған көшбасшы алдында ұтылып тұр. Мысалы Oosah. Бірақ , фотоларды жүктеу қиынға соғады және ворд файлдарын шырамытпайды. Соған қарамастан жасаушылардың өзі 1 терабайтты тегін ұсынамыз және RAW бейнелерін қолдаймыз деп мәлімдейді. Микрософтың Live Mesh тек АҚШ тұрғындары үшін жасалған. BOXSTr жақсы болғанымен де жарнамаға толы. Ал AOL-дың Xdrive жақында жабылуы мүмкін.

Мына жерден аударылған

«Керемет!» жоба немесе «Күшті» бренд. Қыркүйек 19, 2008

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.
Tags: ,
13 comments

Бұл жазба Том Питерстің «Жоба» немесе «Кез-келген тапсырманы керемет жобаға айналдырудың 50 тура жолы» атты кітабының негізгі тезистері жайында. Егер де алдыңызда интеграцияланған жарнама кампаниясы немесе маркетингтік концепция, не ең құрымаса бақшада сәбіз отырғызам деган мақсат болса, қаладағы ең тәтті сәбіз Сізде ғана болады деп неге ұмтылмасқа? Өз ісіңізді басқалардан ерекше, мықтырақ, басқалардан өзгеше жасап, жобадан максималды нәтиже шығаруға болады. «Керемет жобаны» қалай жасау керек? Том Питерстің «Керемет жобалары» бұл Сізді ӘСЕРлендіретін жоба, өнім, қызмет және т.б. Белгілі жарнамашы Девид Огилви шынайы, есте қаларлық жарнама демінізді бір мезетке тоқтатуы тиіс,-деп айтатын. Ондай ролик есіңізде бар ма? «Nightline» деген бағдарламаның жүргізушісі Тед Коппел шынайы керемет жаңалықтарды «Қасықты лақтырғыш» деп атайды. Неге десеңіз, ондай жаңалықты асхана бөлмесінде жүріп естіген адам, қасығын лақтырып, теледидар алдына жүгіріп келеді. Бұл сізге таныс па? Мысалы, «Керемет!» дегенде еске түсетін жобалар:

 1.Іздеу жүйесі Google (соның ішінде Gmail)

2. Телефон Apple iPhone

3. Ойын S. T. A.L. K. E.R.: Shadow of Chernobyl

4. Автомобиль Hummer 

5. Кино The Matrix

Бұл жобалардың ішінде соншалықты не құпия бар? «Кереметтілігі» неде? Осыны біліп, брендингте әуел бастан қандай қадамдар жасау қажет?

«Керемет» атты жобаның 8 принципі бар екен. 1) Бұл жоба шаттықа бөлейді(нүкте). 2) Қызметкерлер арасында байланыс туғызып, соңғы тұтынушылар арасында қауесет тудырады…динамикалық, шабыттандыратын, күшті, тартымды…онымен бәрі жұмыс істегісі келеді. 3) Жоба мәселе не проблеманы модификациядан өткізіп, анықтайтыны соншалық, оның қатысушыларын(пираттарын?) әлі 10 жылдай ұмытпайды. 4) Бұл жобаның жылдамдығы зор…бұрын оған менсінбей қарағандар енді оны үлкен жетістік ретінде бағалайды… кез-келген бюрократия көрінісін тәлкектейді. 5) Бұл жоба әдемілік+әсемділік+«КЕРЕМЕТтілік»+революциялық ықпал+табынушылар критериі бойынша «бағаланады». 6) Бұл көпшілік армандайтын мекен. Бұл адам-брендтің мән-мағынасы. 7) «Керемет!» жоба – бұл мінез бен тұлғаның көрінісі. Ол жоғары талаптар қояды. Ол үлкен табыс әкеледі. Ол сужүрек адамдар үшін емес. 8)«Керемет!» жоба С-І-З ден басталады.

ақпарат көзі

Олар өмірмен қоштасуға асығады. Қыркүйек 16, 2008

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс, статистика, әлеумет.
Tags: ,
34 comments

Суицид. Бұл мектептен бері маған таныс сөз, университетте де оқып жүргенде жатақханада бір бала терезеден секіргені есімде. Газетте бұл жайында материал шықты, бірақ білім ордамыз өз атына кір келтірмес үшін журналистерге осы оқиғаны зерттеуге тыйым салды. Адамдарға ең ауыр кінә жасауға не түрткі болады? Осы сұраққа жауап іздеуге бүгін де тырысамын. Әрине, әртүрлі жағдайлар болады, бірақ бұл әлеуметтік проблема мынадай цифрлар арқылы өзінің қатыгездігін көрсетеді. Ресми статистика бойынша, әлемде жыл сайын 1 100 000 адам өз-өзіне қол жұмсайды. Осыны жазып отырған кезде Дидар Амантайдың «Кітаптар мен гүлдер» атты кітабы есіме түсті. «…Адам өмірдің мағынасыздығын түсіну үшін, әуелі, оның екі қолын бос қою керек, сонда ол өзге жұрт қарбаласып жүріп қана дүниеуи сауалдардан қашатынын байқар еді». Негізі, жалпы шығарманың лейтмотиві осы проблема емес пе? Әдеттегідей, бір тақырыпты көтерер алдында материал іздеп, неден бастау қажет, деп көп ойландым. Интернетте құрғақ сандар, статистика… Кеше ICQ арқылы Гамбургта тұратын Филип деген досыммен біраз сөйлестім. Ол маған: суицид туралы жазсаң, менен баста,- деп күліп жауап берді. Бірнеше жыл бұрын ол өмір мен өлім арасында болған. Бұған себеп - нашақорлық, алкоголь, ал тереңдеп үңілсем, үйдегі ата-анасының баласына деген еш мән бермегендігі. Дәл қазір оның өмірі күрт өзгерді; Филип университеттегі үздік студенттердің қатарында. Экономика факультетінен кейін журналистика мамандығын меңгергісі келеді. Ол бұрынғы өміріне енді ешқашан да оралмайды деген сенімдемін. Бүгін кино дискілерін прокатқа беретін «Фанатикке» кіріп, сіздерде суицид туралы кино бар ма?-деп сұрадым. Үнемі қара киім киетін жігіт маған жалт қарап, киноны қайтесіз, қызық болса менен сұраңыз, менің ондай көп достарым бар, олар өз-өзіне қол жұмсамақшы болды, бірақ ақыры тірі қалды. Демалыс күнімде қажет болса сөйлесейік, -деді. Бірақ, шынымды айтсам, готтармен сөйлескім келген жоқ. Қалада жүрген кішкентай эмо немесе готтардың субмәдениеті интернет беттерінде де жетерлік. Алайда, әлемторда мынадай да http://www.pobedish.ru/ әлеуметтік сайттар бар. Бұл сайт өмірде адасқан жандарға кеңес береді, қайғылы жағдайларды алдын алуға тырысады. Қазақ тілінде осындай сайттар не болмаса сенім телефондары бар ма және бар болса оларды тауып алуға оңай ма? Осыны білмедім, интернетте іздеп көрдім, мардымды ақпарат таппадым, тек ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті сияқты ресми мағлұматтар ғана…

P.S. Мүмкін, осы тақырыпты келесі жазбаларда әрі қарай жалғастырамын.

Франчайзинг деген не пәле? Қыркүйек 12, 2008

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.
Tags:
15 comments

Мен интернеттен не ТВ франчайзинг деген сөзді жиі еститінмін. Бірақ мағынасы не екенін білмедім. Түбі француз бірдеңе шығар, әлде басқа ма…әйтеуір кеше тағы осы сөзді оқып, мағынасы не екенін тауып алдым. Егер сіздерге қызық болса, онда міне. Франчайзинг – бұл бизнестің ұйымдастырылуы, ондағы компания(франчайзер) тәуелсіз адамға немесе басқа компанияға (франчайзи) өнімді не қызметті компанияның тауар белгісімен сатуға құқығының берілуін айтады. Франчайзи бұл өнімді не қызметті франчайзер анықтап алған, алдын ала келісілген бизнесті жүргізуге арналған ережелер бойынша  сатуы тиіс. Франчайзи осының орнына франчайзер компаниясының атын, беделін, өнімін, қызметін, маркетингтік технологиясын, экспертизасын және демеу механизмін қолдануға рұқсат алады.

Франшиза – Бұл бизнесстің толық жүйесі (франчайзер франчайзиге сатады).

 Роялти (cервисті төлем) – бұл сауда маркасын пайдаланғаны және бизнесті жүргізуде операциялық жүйелер үшін франчайзидің франчайзерге жасайтын кезеңдік төлемдер. Роялтидің көлемі жалпы сатылымның пайызынан саналады, бірақ жазылған төлем формасында болуы да мүмкін.

Шамам келгенше осылай аудардым.