“Жәй эстафета” Қыркүйек 2, 2009
Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.Tags: блогинг, қазақ блогшылар
4 comments
Өмір туралы
Бұрын өмірді түсінуге тырыстым, енді өмірдің өзі мені түсінсін деп, ол жайында басымды қатыра бермеймін. Жалпы, өмірде кейде енжар болып қалған да артық етпес.
Өмірдің мәнісін іздеу жолында оның мәнсіздігіне көбірек ұрына береді екенсің.
Уақыт туралы
Уақытты әлі де бағалай алмай жүрмін. Кейде 18-ге толдым және одан әрі аспадым деген күйде болғандаймын. Бірақ, бұның бәрі өз-өзімді алдаушылық екеніне мән бергім де келмейді.
Отбасы туралы
Есейген соң осы сөздің мағынасы анау әліппедегі сурет емес екенін түсіндім, оның суретін салу қиын, түсіндіру де.
Ақша туралы
Ақша туралы қымбат (бағасы жоғары) нәрселерді көргенде ғана ойланамын. Басқасының құны жоқтай… Негізінде, ақша туралы мүлдем ойланбауға тырысамын. Бұл уақытша десеңіз, әбден мүмкін.
Достар туралы
Балабақшадағы достарым мектебіме көшті; мектептен университетіме көшкендер аз, бірақ жоқ емес. Университеттен «өміріме» көшкендер саусақпен санарлық. Бірақ ең жақыны солар. «Досым» деп көрінгенге айта бермеймін, тым жауапты лауазым.
Арман туралы
Армандарым орындалса, өмірім күрт өзгереді деп ойламаймын.
Әр арманым орындалсын деп тілемеймін.
Жұмыс пен хобби
Хобби жұмысың болып қалса, ол әуестенушілік болудан қалады. Жұмысың хобби болатын болса, не сорың, не бағың.
Ұстаным туралы
«Өмір сен сүйгендер мен сен ренжіткендерден құралады». Осы тұрғыдан өмір сүруге тырысамын. Иә, ол оңай емес.
Ақылға сыймайтын әрекеттер
Уақыт өте келе, кешегі ақылға сыймайтын әрекеттер бүгін қалыпты болып көрінеді. Мүмкін ақылға сыймайтындай әрекеттерім келешекте.
Болашақ туралы
«Біз ертеңгі күнді күтетінбіз, Күнде ертеңгі күнді күтетінбіз…» В. Цой
Trip Тамыз 1, 2009
Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.Tags: жолсапар, сурет, табиғат
13 comments
Мамыр мен маусым айларының аралығында Турцияның Сиде қаласына баруға мүмкіндігім туды. Бұл ескі қала ежелгі Рим мен ежелгі грек мәдениетінің мұрасы іспеттес. Себебі қала ішінде ежелгі өркениеттің іздері аз емес. Сиденің негізі б.з. бұрынғы VII ғасырда грек теңіз саяхатшыларымен қаланған. Ежелгі анатолиялық тілінде «Сиде» баламасы – «анар» бұрында осы қаланың құнарлылық символы болып саналған. Порттық сауда қаласы ежелгі дәуірде құл сату орталығы мен қарақшылар базасымен ерекшеленетін.


Gmail: SMS арқылы тіркелу Шілде 7, 2009
Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.Tags: gmail
5 comments
Енді «Джимейлде» тіркелу үшін мобильді телефон қажет: почталық қызмет Google жаңа есептік жазбаларын растау үшін SMS-ті қолдана бастады. Осы ақпаратты Google Operating System блогы хабарлайды. Енді Gmail мобильді телефоныңыздың нөмірі арқылы активация кодын жібереді.
Gmail бұрын да жаңа есептік жазбаны растау үшін SMS қолданатын, бірақ ол кезде сервис баршаға ашық емес-тін. Қазір осы тәжірибеге спаммен күресу үшін қайта оралмақ. Дәстүрлі қауіпсіздік әдістері, мысалы CAPTCHA, тиімсіз екен: көптеген аукциондар мен форумдарда жоғары емес бағаға 5000–100000 аккаунт сатып алуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, «Гугл-күнтізбе», «Джимейл», «Гугл-докс» және басқа да тегін Google веб-қосымшалардан тұратын Google Apps нұсқасын жабуы мүмкін. TechCrunch-тың хабарлауынша, жаңа қолданушыларға сервистің жұмысын сынап көруге 14 күн беріледі. Осыдан кейін қолданушы 1 жылға 50 доллар төлеуі тиіс. Алайда, «Google сервисінің» орыс тілді бетінде әзірге тегін базалық пакетті қолдануға болады.
Google Apps нұсқасының жаңартылған түрі ешқайда жоғалмайды, тіркелу мына бетте.
Вертер феномені Мамыр 20, 2009
Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс, әлеумет.Tags: суицид
29 comments

Суицид жайында соңғы жазбаның пікірлерінде Салтанат Вертер феномені туралы сөз еткен. Бүгін осы феномен жайында қысқаша айтып өтемін.
Феноменнің тарихы 200 жыл бұрын басталады. Немістің ұлы жазушысы Иоганн фон Гете «Жас Вертердің азабы» (Die Leiden des jungen Werthers) атты романында Вертердің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы жазады. Бұл роман Гетеге танымалдылық әкелумен қатар, Европада суицидтің кең жайылыуна да әкеп соқты. Феномен күштілігі болғаны соншалық, кейбір елдердің үкіметі бұл кітапқа тыйым салған екен.
Осы феномен бүгін де «күшке» ие. Психолог-зерттеушілердің айтуынша, газеттердің бірінші беттерінде танымал адамдардың өз-өзіне қол жұмсаған оқиғалары туралы жазылатын болса, біраз уақыттан соң осыны кең жариялаған географиялық аудандарда өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары ұлғаятынына көз жеткізді. 70-жылдары осыны зерттеген Филипс, психологиялық ауытқулары бар адамдардың суицид жағдайылары жайында оқығаннан соң, еліктеу негізінде өзіне қол жұмсайтынын айтады. Яғни, бұл кейбір қиын жағдайлар кезінде, адамның басқалардың іс-әрекетіне сүйенеді деген әлеуметтік дәлелдің бір мысалы. Өмірде болатын мысалдарды келтіретін болсам, бір мектепте көп жылдар аралығында суицид дегенді тек қана анда-санда валеология сабақтарында айтатын делік. Бірақ мектепте(мектеп оқушысымен) осындай прецедент пайда болғаннан кейін, бұл басқа оқушыларға әсер етуі мүмкін. Олар енді бұны өмірде жоқ нәрсе емес екенін түсінеді және кейбіреулері өмірінде қиын жағдайға қарсы тұра алмай, осыны қайталауы мүмкін.
Кейбір жандар жанұясының беделін түсірмес үшін немесе туысқандарына сақтандыру қаражатын алуға жағдай жасау үшін өз-өзіне қол жұмсайтынын көрсетпейді (Жасырын суицид). Сондықтан олар кейде автоапаттарды өз еркімен жасайды(Автоцид). Мысалы, Франсуаза Саганның «Армысың, мұң» (Bonjour Tristesse) деген кітабында жасырын суицид көрінісі бар.
Қалай болса да еліктеу, өзімшілдік, ақымақтық, бір мезетке әлсіздік танытуды артқа тастап, кез-келген қиын мәселені ақылмен шешу қажет екенін ұмытпайық,
Бұл тақырыптарға ұқсас жазбалар:
Олар өмірмен қоштасуға асығады, Пікірлерді қорытындыласақ, Жасырын суицид.
Жасырын суицид Наурыз 25, 2009
Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс, әлеумет.Tags: суицид
8 comments
Өткен жылдың күзінде блогымда Суицид тақырыбын қозғаған едім, блогшылармен осы мәселені біраз талқылағанбыз да, осыдан кейін бір байқағаным, жарты жылдың ішінде блогыма «суицид», «өз-өзіне қол жұмсау» сөздері арқылы күнде кіреді екен. Яғни бұл тақырып өте өзекті, әрі оған сұраныс бар, өкінішке орай, сұраныс шынымен де бар.

Жасырын сиуицид. Өмірде әр қайсымыз оған тап болады екенбіз. Біреу одан өзі зардап шексе, екіншісі туысы немесе танысының әрекеттері өмірмен қоштасуға итермелейтінің көріп жатады. Бұған қандай да тыйымдар, өтініп-жалынып сұраулар болсын, айналадағылар оның спирт ішімдік ішуге, нашақорлыққа қарсы тұра алмайды.
Бірақ жасырын суицид түріне алкоголь мен нашақорлық ғана жатпайды. Оған кез-келген
күйреуге апарып соғатын әрекеттер де жатады. Жасырылған немесе тікелей емес суицид – бұл өз-өзіне қол жұмсаудың бүркемеленген түрі. Оның әсерінен адам өзінің санасында немесе санасынан тыс өлімге байланысты үрейі арқылы өз-өзін күйреуге әкеп соғатын әрекеттер нәтижесінде (немесе сыртқы күштер, көбінде өзі арандатып жасаған) көз жұмады.
Шын мәнісінде, жасырын суицид кезінде өлімге тура қадамдар жасалынбайды, тек келешекте болатын өлім үшін қорқыныш-үрей болады. Бұндай ойлармен өмір сүрген адам тәуелділікке тап болып, немесе апат құрбаны, экстремалды (жалғасын оқу…)
Наурыз! Наурыз 21, 2009
Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.Tags: сурет, ұлттық рух
1 comment so far

Таппадым артып келген жүгінен мін,
Сенімі сеңгір таудай бүгін елдің,
Жалпақ елге жақсылық алып келсін,
Самарқанның көк тасы жібіген күн…
Сазды әуен, санамда сазды мекен,
Тағы бір ән қанатын жазды ма екен.
Байтақ елдің рухын үкілейтін,
Наурызға бас иіп тағзым етем…
Қанат Рамазан
Анашым, жан сырым Наурыз 6, 2009
Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.Tags: сурет, табиғат
7 comments

Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың,
Қанатын самғаған,
Балалық құштарым,
Өзіңе арналған.
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін,
Қолыма түспеді.
Ғ. Қайырбеков

</
«Дала экспресі» Желтоқсан 22, 2008
Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс, әлеумет.14 comments
Кеше «Қазақстан» РТРК Қазақ киносының он күндігі аясында «Дала экспресін» көрсеткен болатын.
Режиссері: Аманжол Айтуаров, Сатыбалды Нарымбетов
Актерлер: Айжан Айтенова, Франсуа Лаббе, Арман Асенов, Нұржұман Ықтымбаев
Ұзақтығы: 1 сағ 30 мин.
Жанры: Драма, Мелодрама

«Пушкиннің “Бекет бақылаушысы” повесі бойынша түсірілген фильм оқиғасы біздің күндерде қазақ даласы мен Францияда өрбиді. Ұшы-қиырсыз қазақ даласында жападан жалғыз қалған темір жол бекеті бар. Кіп-кішкентай үйде жол бақылаушы қызы Сәуле екеуі бірге өмір сүруде. Шексіз даланың дәл жүрегінде жас француз саяхатшысы, жағдайға байланысты пойыздан түсуге мәжбүр болады. Шағын ғана бекетте қазақ тілін білмейтін және қалтасында көк тиыны жоқ Этьен, бас кейіпкердің есімі осындай, біздің халық туралы көп нәрсеге қанық болады. Араларында достық пайда болған Этьен мен Сәуле бір күндері әкесін тастап, шалғайдағы еуропалық елге жол тартады. Ашуға мінген Сәуленің әкесі Айдар қашқындардың артынан қуғынға түседі».
Бұл кинодан кейін кереметтей әсерде қалдым деп айта алмаймын, әрине өзіміздің кино туындымыз болғасын, бюджетке емес, сюжетке көңіл аударасын, ал актерлердің ойыны көңілімнен шықты. Айжан Айтенованың сұлулығын Қыз Жібекпен салыстыруға болатын да шығар, Франсуа Лаббе әдемі француз жігіттерінің типтік образы.
Мазмұнына келетін болсақ, әлеуметтік тақырып. Қыз бен әкесінің арасындағы қарым-қатынас, отаншылдық, дәстүр. Киноның идеясын нақты анықтай алмадым, мүмкін шешесінен айырылған Сәуленің әкесін тастап, Францияға кетіп қалғаны – жастардың ата-анасына деген «құрметін» көрсетеді… Туған жеріне Сәуле әкесі көз жұмғаннан кейін ғана келеді… Орыс классиктер әдебиетінің көзқарасы бойынша айтатын болсам, мұндағы Сәуленің әкесі Айдар – қарапайым теміржолшының тағдыры суреттеледі. Кішкентай бекеттің рельстерін бақылап жүрген жұмысшы қызын не үшін тәрбиелеген…?
Жаңа мүмкіндіктер. Желтоқсан 9, 2008
Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.Tags: gmail
10 comments
Тағы да Gmail жайында…жоқ, бұл жазбаны жалпы электрондық поштаға арнайық. Бүгінгі электрондық жәшігіңіз қандай болуы тиіс? – Ең бірінші, өзіңіз үшін ыңғайлы.
Gmail To-Do «Remember The Milk» сияқты қосымшаларымен GTD-парақтарын қосуға мүмкіндік жасады. Ол жайында мына жерден толық оқуға болады. Қазір онда «Task Manager» – тапсырмаларды жазу сияқты функциялар бар, бірақ бұл әзірге тек ағылшын тілді нұсқаларда. Сонымен, бұл сервис басқа сапалы сервистер сияқты жаңару/жаңа мүмкіндіктерді қосуы тиіс. Оған себеп не? Дәл қазір оның себебі бәсекелестік болуы мүмкін деп ойлаймын, неге десеңіз, кеше мынадай жаңа пошталық сервис жайында естідім, әрі көріп таныстым. Zenbe.com шынымен де қызықты пошталық жүйе. Бірінші, қосымшалар, содан tags (ілмектер), pages (парақтар), жоспарлар, Youtube, RSS feat, discussion, күнтізбе, карта т.с.с. Әртүрлі виджеттер арқылы бірнеше кликпен уақытыңызды үнемдеуге болады. Сонымен қатар, Facebook пен Twitter, G-talk – ті де қоса аласыз. Бәрі бір жерде. 
Gmail жапсырмалары Желтоқсан 5, 2008
Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.Tags: gmail
5 comments
Бүгін Джимейлдің ресми блогында қолдан жасалған жапсырмалардың тегін таратылатыны жайында хабар шықты. Қызықсаңыз,
Send me some Gmail stickers already
P.O. Box 391420
Mountain View, CA 94039-1420
маркалары бар кәдімгі қағаз хат жіберіп, Gmailда қолданатын «hot» түймелердің немесе дәптер, ноутбукқа т.б. жапсыруға болатын хатқалталарына ие боласыз.
