Студент өлім жазасына кесілді Ақпан 5, 2008
Posted by arsenal777 in медиа.3 comments
Ауған елінің журналистика факультетінің студенті 23 жастағы Саед Первез Камбакш (Sayed Pervez Kambaksh) кейбір ислам елдерінің салт-дәстүрін сынайтын құжатты жүктеп, курстастарының арасында таратақаны үшін өлім жазасына кесілген. Ауған өкіметі оны құдайға тіл тигізгені үшін айыптауда. 2007 жылдың қазан айында Шариат соты оны өлім жазасына кесіп, Саедтің ісі азаматтық сотпен қарастыруға да жіберліген жоқ. Өткен аптада мемлекет сенаты бұл үкімді бекітті. Батыс журналистері айыптыны қорғау үшін қол жинап жүр, Ауған үкіметі бұл орайда журналистер әріптесін көпшілік алдында жақтайтын болса, қамауға алынатынын ескертті.
Қазнеттегі журналистиканың баспалдағы Ақпан 3, 2008
Posted by arsenal777 in медиа.8 comments
Еліміздегі интернет-журналистиканың қалыптасуы 1996 жылы саяси процесстермен тікелей байланысты. БАҚтың монополиялану кезінде журналистер өз наразылығын, ой-пікірін, виртуалды кеңістікте жариялай бастады. Үкімет басындағыларды сынау, оппозициялық бағыттағы материалдар сайттарда көрініс тапты. Дуванов өзінің «WEB-журналистика:опасные тенденции» мақаласында интернет-журналистиканың дамуына баға беріп, атышулы www.eurasia.org сайтының материалдары «тым батыл» болғандықтан, арнайы орындардың күшімен оның айналық нұсқасы жасалып, ондағы ең провокациялаушы деген материалдары алып тасталды. Осылайша, сенсацияға құмар оқырман бөлігі шын «Евразия» сайтына кіре алмай, аз уақыттан кейін сайт мүлдем жабылды. Осыған ұқсас жағдайды басынан кешкен басқа да онлайн басылымдар www.turan.kz, www.nomad.web.com, т.б. Анонимді журналистиканың үлгісі болған осындай сайттағы материалдар БАҚ-ң бір түрі дегеннен гөрі саяси таластардың аренасына көбірек ұқсайтын еді. Қазақстандағы алғаш онлайн басылымдардың тағы бір ерекшелігі және кемшілігі, ақпарат сенімсізділігі, тілдің тұрпайылығы. Сенімсіз дейтініміз, келтірілген мәліметтермен танысқан оқырман оны өзі тексеруге қауқарсыз болған. Кейінірек интернет аудиториясы үшін саяси, әлеуметтік топтардың кез-келген өкілі ашық пікірі мен көзқарасын білдіре алатын трибунаға арналған, қазақстандық интернет-журналистиканың жаңа баспалдағы болған «Навигатор» интернет-газеті. Жариялаған материалдарға жасалған пікірлерге редакция жауап қайтарып, оқырманымен тікелей байланыста болатын. Басылымды Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, және Алмания оқырмандары оқып, 40 мемлекетке таралатын. Бұл басылым нағыз журналистік еңбектің жемісі: интернеттің интерактивті мүмкіндіктері пайдаланып, журналистиканың жаңа стандарттарын қалыптастырды. Осы тұста басылмның талантты журналисі марқұм болған Асхат Шәріпжанның жасаған еңбегі де зор екенін айтқымыз келеді. Тәуелсіз қоғамдық-саяси басылым бірнеше сот процесстерінен кейін адресін өзгертуге мәжбүр болды, «Навигатордың» аты да өзгерді: «Зона KZ» бүгінгі технологияларға сай шығып жатыр.
WWF-тың әлеуметтік жарнамасы Ақпан 1, 2008
Posted by arsenal777 in блогинг, медиа.1 comment so far

Бүгінде әлемтордағы экологияға қатысты блогтар мен экологтардың қоғамдастықтары аз емес. Орыс блогосферасында жақында пайда болған жасылдардың Green word атты блогы экологиялық жаңалықтар, сараптамалар мен сілтемелерді қамтиды. Блог автомобиль мен басқа көліктердің қоршаған ортаға әсері, климат құбылмалығы, денсаулық пен жалпы экологиялық белсенділік жайында. Әлеуметтік жарнама мені бұрын да қызықтыратын, осы блогтағы жарнама суреттері адам әсеріне байланысты арктика климатының ауыспалығынан қоныс аударуға мәжбүр болған жануарлар туралы. Жарнаманы фин компаниясы фин жабайы табиғат фонды үшін жасаған.
Журналистік шеберлік(немесе мастер-класс) Қаңтар 30, 2008
Posted by arsenal777 in медиа.3 comments
«Шетел басылымдары үшін қалай жазу керек» атты журналистік шеберліктен біраз пайдалы мағлұматты жақында оқып шықтым. Шетел басылымдарына арнап жазатын журналистердің(меншікті тілшілердің)көбісі онлайн басылымдар үшін материал жазады, яғни бұл тәсілдер интернет журналистер мен блогерлерге де пайдалы болады.
Әр материалда жаңалық болуы шарт-жаңа фактілер, жаңа тұжырымдар, оқиға немесе проблемаға деген жаңа көзқарас, жаңа тәсіл. Ең маңыздысы - мазмұн!Оқырман шешім мен қорытндыны СІЗ ұсынған факт пен тұжырым арқылы ӨЗІ шығаруы тиіс. Егер бір көзқарасты оқырманға міндеттеп, мойындатқызатын болсаңыз, бұл насихаттау мен үгіттеуге ұқсап кетуі мүмкін. Бүгінгі оқырман факттың негізінде қорытындыны өзі шығарады, журналист бұл фактіні тек түсіндіріп, оған жан-жақты сараптама жасайды. Бұл жерде «Таймс»тың кредосын айта кеткен жөн: «Насихаттаудың ең дұрыс жолы-бағытты(тенденциялық)объективті фактілерді сараптап беру». Жеке фактіден жалпы қорытныдыға келу және керісінше. Оқырманға деген құрмет, яғни тек шындықты айту. Кез-келген қателік автордың және/немесе ақпарат көзінің мәртебесіне(сенімділігіне)нұқсан келтіреді. Түсінікті тілмен жазу, термин сөздер мен диалектизмдерді қолдануды әдетке айналдырмаңыз. Таптаурын болған сөз тіркестерді(клише сөздерді)қолданудан аулақ болыңыз.
Қысқа да нұсқа жазу(оны бұрын да жазғам, оқытушыларымыз да жиі айтады).
Айтпақшы, бұл материалда шетел басылмадарына тән «Хьюман тач» деген жанрды таптым. Оның ерекшелігі - материалдағы ақпаратты «адам арқылы», яғни оның проблемасы, өмірлік жағдайлары, ойы, эмоциялары арқылы жеткізу. Бұндағы ақпараттың сенімділігі детальдар, суреттемелер, ирония түрде жасалатын байқау, мінездемелеу арқылы артады. Осының бәріне «адам факторы» немесе «хьюман тач» деген анықтама беруге болады. Байқасаңыз, бұл элементтердің көбісі очерк жанрында кездеседі.
Технологиялық революция Қаңтар 28, 2008
Posted by arsenal777 in медиа.4 comments
Әлемторды шарлап, журналист маманның Интернет жайында мынадай бір пікірін тауып алдым, ұнады, әлім келгенше аудардым. «Glasnews» журналының бас редакторы мен халықаралық «The Seattle Post-Intelligencer» бөлімнің редакторы Элан Бойл бір сөзінде: Технологиялық революцияның жаңа мерзіміне қош келіпсіз! 1989 жылы Берлин дуалы бұзылған сияқты, бұл революция да халықтар арасындағы шекараны бұзады. Жаңа электрондық магистральдар Бішкек пен Пекинді, Вильнюс пен Ванкуверді, Душанбе мен Даккардың араларын байланыстырады. Және бұл революцияның басы-қасында коммуникация саласындағы мамандар журналистер болуы қажет. Журналистердің негізгі мақсаты – пайда болған мүмкіндіктерді байқау…біреулер теңізбен, басқасы жылдамдығы жоғары магистральмен немесе кітапханамен салыстыратын ақпараттық кеңістікті түсіну. Шынымен де, ақпараттық кеңістік кітапханадағыдай сілтеме арқылы қажет ақпаратқа жол ашады. Не болмаса, салиқалы жиындағыдай бір бөлмеден екіншісіне өтіп, басқа қонақтармен сізге қызықты мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді. Оны телефон ретінде де байланыс үшін пайдалануға болады. Оның көмегімен жаңалық пен жарнаманы жария етуге болады және бұл іс біздің ақпараттық ғасырымызда табыс әкелуде. Алайда, бұл ақпарат кеңістікте саяхат жасаған кезде тек өзіндік тәжірибиеге сүйену қажет, сонда ғана бұл теңізді бағындырып, жылдамдығы жоғары магистральмен машина жүргізіп, қажетті ақпаратты әлемдік кітапханадан тауып алуға болады.
Әлем күнделіктері. Қаңтар 7, 2008
Posted by arsenal777 in блогинг, медиа.8 comments


Ребекка Блад\Rebecca Blood блог саласында ең таңымал мамандардың бірі және Weblog Handbook атты кітаптың авторы. Ребекканың блогы - Rebecca’s Pocket. Блогинг саласында оның тәжірибесі мол болғандықтан жиі сұхбат береді, көп блогерлерді қызықтыратын сұрақтарға берген жауаптары Сіздерге де қызықты, әрі пайдалы болады деген ойдамын.
?: «Бүгінгі блогинг-қарапайым адамдарға арналған журнализм» деген пікір қалыптасты, сіз бұл пікірмен келісесіз бе?
Р: Блог-бұл бос контейнер. Оған журналистиканы да, беллетристиканы да, басқа кез келген тұжырымдарды да кіргізуге болады. Ал журналистика – бұл біріншіден тәжірибе. Кімде-кім ақпараттың сенімді көздерін қолданса және оларды тексеретін болса, сол журналистикамен айналысады деп айтуға болады. Бірақ блогерлердің көбісі тек өз ойын, пікірін білдіруге тырысады, ал журналистердің өзі барлық жарияланған материалды журнализм деп санайды, бұл да қате пікір. Дәстүрлі БАҚ өз күшін ешқашанда жоймайды, себебі журналистика бұл көп уақытты талап ететін қажырлы еңбек, ал көп адамдар бұған өз уақытын жұмсағысы келмейді немесе олардың мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан да дәстүрлі БАҚ бұл біріншіден сенімді ақпарат, оның мәртебесі мен пәрменділігі де осында. Меніңше, жаңа медиа-кеңістігiнде блогер де, журналист те орын табады. Алайда, блогерлердің көбісі дәстүрлі БАҚтың материалдарын қолданады және оған сілтеме жасайтынын ұмытпау керек. Ал журналистер артында блогерлердің бар екенін үнемі жадында сақтайды және олардың еңбегін бағалайтын адамдардың бар екенін тағы біледі, осындай бәсекелестік тек материалдың сапасын жақсартады.
?: Блогосфераның ресми емес этикалық кодексі бар ма?
Р: Мен өз кодексімді құрастырдым және оны өзімнің онлайан-кітабыма енгіздім. Оны қолданам деген адам үшін еш қарсылық жоқ. Бірақ бәріне ортақ этикалық нормалар мен ережелер кодексі жоқ. Әлем торында миллиондаған блог бар болғандықтан, олардың бәріне қолданған материалға сілтеме жаса деп айта алмайсын.
?: Блогтың сәтті жазылуына, таңымалдылығына не әсер етеді?
Р: Жақсы блогер басқаларға қызықты тақырыпта материал дайындау керек. Бұл ең дұрыс формула. Бұндай адамдар оқырманның көкейіндегі сауалдарына жауап беруге тырысады және бұндай блогтар жиі жаңартылады. Блог жүргізуші шынымен де жақсы автор болуы тиіс немесе бәріне ортақ көзқарастың арқасында пікірлерін, ой- тұжырымдарын ортаға салады.
?: Блогтың таралу үрдісі кезінде сізді таң қалдырған нәрсе?
Р: Мені бәрінен де таң қалдырғаны - блогтардың саны. Басында мен блогтардың саны 500 және әрқайсымыздың мыңдаған оқырман саны болады деп ойлағам. Бірақ шын мәнісінде миллиондаған блог пайда болды, ал әр блогтың оқырман саны орта есеппен алғанда 6-7 адам. Меніңше, мәселе оқырман санында емес, ал блог оқырмандарының сегментінде, яғни 6-7 адам болса да, ақпаратыңызды қажет деп санайтын және үнемі оқитын тұрақты оқырман саны.
http://www.washprofile.org/ru/node/6665
2007 жылы 86 журналист мерт болды. Қаңтар 3, 2008
Posted by arsenal777 in медиа, статистика.1 comment so far

БАҚ қызметкерлері үшін 1994 жылдан кейін 2007 жыл ең қайғылы болды деп хабарлайды http://news.mail.ru . «Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымы өзінің баяндамасында 2007 жылы 86 журналист пен басқа да БАҚ қызметкері қаза болды. Көбісі-47 адам-Иракта. Сомалиде-8 және Пәкістанда-6. Сонымен қатар, баяндамада тілшілердің қызмет атқарып жүрген кезінде қаза болғандар саны 244 пайызға ұлғайғаны жайында айтылды. 2008 жылдың 1 қаңтарға дейінгі ахуал бойынша бірнеше елде 135 БАҚ өкілі бас бостандығынан айырылған және бұл көрсеткіш жыл санап өзгертілмейді деп айтуға болады. Интернетте жұмыс істейтін журналистерге қысым көрсету мен соққыға жығу жағдайлары жайында да айтылды. РИА«Новости» мәліметі бойынша әлемде 1 жылдың ішінде 2766 сайт(көбісі пікірталас форумдар) жабылды немесе уақытша жұмысын тоқтатты.
Журналистер мен блогерлер:бәсекелестік әлде әріптестік пе? Желтоқсан 10, 2007
Posted by arsenal777 in блогинг, медиа.9 comments


Блогерлер – бұл жаңа техноэлита.
Анатолий Ализар (аударылған) Ең танымал журнал мен газеттің журналистері технологиялық фирмалардың баспасөз-конференцияларына келіп, төрдегі орындардың бәріне блогерлер жайғасқанын көріп жатады. Шынымен де, Америкада бұл қалыпты жағдай. Блогерлер ноутбуктарымен келіп, қай оқиға, жиналыс болмасын, дәл сол сәтте, жаңалықтарын интернетте жариялайды. Бұқара халықтың көп бөлігі блогтарды жиі оқиды, себебі бұнда жаңалық реалды уақытта жаңартылып отырады. Ертеңгі газеттің шығуын ешкім күткісі келмейді, себебі кеше болған жаңалық - ертеңгі тарих. Wall Street Journal қағаз басылымдарының технологиясы бағанының редакторы өзінің пікірімен бөлісіп: «Революция тура жоспарлағандай болып шықпайды,- деп жазады Ли Гомес (Lee Gomes). -Дәл қазір бұл технологиялық блогтардан көруге болады. Олар шынымен де блог жақтастары айтқандай, өте маңызды, бірақ маңыздылығы басқада». Бұрын дәстүрлі БАҚтың барлық жаңалықты жедел түрде жеткізу мүмкіндігі болмайтын және олардың орнына арнайы блог армиясы келіп, бүкіл технологиялық жаңалықтар жайында хабардар ете бастады, деп болжамдайтын. Қазір блог саны аспандағы жұлдыздармен тең болса да, шынымен бұқараға ықпал жасай алатын блогтар аз, олардың өзі сарапталудан өткен техноэлита. Яғни, Гоместің ойынша, біз блогерлердің пролетарлық ақпараттық эволюциясын емес, элита орнын басқан қарапайым құбылысты көре алдық. Ақпараттық билік біреудің иелігінен екіншісіне көшті - дәстүрлі медиа қолынан блогерлер қолына. Бір қарағаннан бұл даулы тезис, бірақ тәжірибе жүзінде жүздеген ең үздік технологиялық блогтарды сараптайтын арнайы бағдарлама ең қызықты тақырыптарды сағат сайын қадағалайды және бұл тақырыпқа байланысты кім және не деп айтқанын көрсете алады. Бұл бағдарлама бүкіл блогосфера үшін кристалдандырудың соңғы нүктесі. Егер де бір беттің күнделікті жаңартылуын қадағалайтын болсақ, онда күн сайын бірдей блогтардан цитата келтіретінің байқауға болады және ондағы есімдер де, блогтар да - бір, олардың ақпараты толқын сияқты блогосфераға таралады. Бір блогқа күніне неше адам кіргенін ең ірі газеттің таралымымен салыстырмасақ та (ең көп аудитория 10-12 мың адам), олардың техноэлитаға (менеджерлер, кәсіпкерлер, инвесторлар және шешім қабылдайтындарға) деген ықпалы зор. Мысалы, TechCrunch деген кішігірім блог бар, ол стартаптар, Web 2.0 өкілдерінің жаңа толқыны туралы ақпарат береді. TechCrunch блогының жүргізушісі-Майкл Аррингтон қаржыландыруды іздейтін венчурлық инвесторлар және кәсіпкерлер арасында көп танымал. Кәсіпкерлердің Аррингтонмен кездесудің мақсаты бір - автор өз блогында олардың есімдерін атау үшін. Олар Аррингтонға, өзінің жүйесі бар демо түріндегі CD ұсына алмай, қиналуда. Арингтонның блогын венчурлық инвестор немесе Google, не Yahoo басқарушыларының бірі оқып(олар TechCrunchты міндетті түрде оқиды), жаңа есімдерді байқауы мүмкін, әрине, бұл маңызды келісім-шарттың баспалдағы да болуы мүмкін.
Техноэлитаның назары дәстүрлі БАҚтан блогтарға ауысты. Бірақ бұрынғы медиалық әлеміндегідей ықпал жасайтын газеттерге ұқсас, бұнда да Аррингтон сияқты пәрмені бар блогтар көш басында. Бір жағынан блогосферада әділетті түрде сараптау жасалады, яғни ең талантты блогерлер ғана алдыға шыға алады. Сондықтан да Аррингтонның орнында одан талантты, тәжірибесі мол, дәлірек болжам жасай алатын басқа біреу болуы мүмкін…
http://www.isramir.com/content/view/2934/189/1/0/
Блогерлердің сөзбостандығына жасайтын ықпалы Желтоқсан 9, 2007
Posted by arsenal777 in блогинг, медиа.5 comments

Авторы Жюльен Пэйн. (аударылған)
Блогтар адамдарды таң қалдырады немесе толғаңдырады. Біреулері оларға сенбейді, біреулері онда ақпараттың жаңа форма авангардын байқайды. Бір нәрсе белгілі:олар АҚШтан бастап Қытай мен Иранға дейінгі түрлі мемлекеттердің медиаларына түрткі жасайды. Блогтарға әзір баға беру ерте. Біз 10 жылдықтар бойы газет оқып, телевидение мен радионы тыңдаймыз және жаңалықты комментарийден, таблоидты салмақты журналдан, көңіл көтеруге арналған бағдарламаны деректі фильмнен тез айыруға үйрендік. Бірақ, блогқа қатысты әлі де болса тұрақты бағытымыз жоқ. Бұл «онлайндық күнделіктер» өз арасында дәстүрлі медиадан гөрі қиын бөлшектенеді. Жаңалықтар сайтын жеке форумнан, ғылыми зерттеулер сайтын қажет емес фактілердің қосындысынан туратын сайттан айыру қиын.Аудиторияны өз ақпаратына сендіру үшін кейбір блогерлер өзіндік этикалық нормаларды жасайды. Соған қарамастан интернетте сенімсіз ақпарат өте көп және пайдаланушылар әлі де болса өзара дөрекі әңгімелесуді қойған емес. Блог мамандығы, техникалық біліміне қарамай, барлық адамдар үшін материалды жария ету мүмкіндігіне ие. Бұдан шығатын қорытынды-нашар және қызықсыз блог саны қызықты және сапалы блогтар санымен теңбе тең. Блог-сөзбостандығын жүзеге асыратын бірден бір құрал. Бұрын ақпараттың белсенді емес тұтынушысы жаңа журналистиканың қолданушысына айналды. Бұл жайында американдық блогшылардың бастаушысы Дэн Гиллмор:«адамдарға адамдар үшін жасалатын… халықтық журналистика» деп айтады. Дәстүрлі медиа қатты цензураға алынған мемлекеттерде блогерлер жалғыз нағыз журналистер, өйткені олар тәуелсіз жаңалықтарды жариялап, билікке қарсы пікірлерін айта алады. Көп блогерлер сол себептен басбостандығынан да айырылған. Жеке бет авторларының ішінде блог жүргізуді өз міндеті, қажет ісі немесе ермегі деп санайтындар бар. Олар өзін 1000даған пайдаланушының көзі мен құлағымын деп есептейді…
Image: Reporters Without Borders/www.rsf.org
Азаматтық журналистика және блоггинг Қараша 29, 2007
Posted by arsenal777 in блогинг, медиа.add a comment
«Біздің аудитория біз жазған феномендер мен құбылыстарды түсіндіруге көмектеседі. Оқырман біз білмеген фактілермен бөлісе алады. Керек ақпаратты қоса алады. Олар бізге қосымша сұрақ қоя алады. Сонымен қатар, бізді сынай алады.» Dan Gillmor
«Журналисттік кәсіби білімі жоқ адамдар құру, жақсарту, бақылау үшін жаңа технологияларды пайдаланады»
Mark Glasse
«Азаматтық журналистер-бұл біз бұрын аудитория деп атаған адамдар»
Jay Rose
