Әлеуметтік жүйелердің астанасы - Желтоқсан 24, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: жаңа медиа, әлемтор, twitter
add a comment
- бұл Digg-тен ұсынылатын сілтемелердің 10 пайызы.
- бұл facebook-тегі ең үлкен желі (network).
- бұл топ Twitter-using city.
- бұл Лондон.
2009 Желтоқсан 21, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: жаңа медиа, әлемтор
add a comment
Қазір қай сайтты оқымасаңыз, бәрі де жылдың қорытындысын шығарып жатыр. Биылғы жыл немен есте қалды, сарапшылардың былтырғы болжамдары дұрыс болды ма, трендтер, жаңа түсініктер т.с.с. Күнде осындай ондаған материалды көріп, жалығады екенсің… Төменде бүгін (кеше) оқыған бір сұхбаттан үзінді.
Дағдарыс интернеттегі бизнеске қалай әсер етті?
— Дағдарыс ресейлік те, әлемдік интернетке де «қайырымды» болды. Интернет-компаниялардың көбісі қарызсыз. Олар «алыс-беріс» арқылы дамиды. Екінші бір қуанышты жайт – интернет-жарнаманың қатты төмендемеуі. Кейбір елдерде бұл сектор өсіп те кетті. Негізінде, интернетте дағдарыстық жағдай болған жоқ деп айтуға болады. Әлеуметтік желілерді дағдарыс айналып өтті — жарнама желілердің негізгі табысы емес: микротөлемдер мен ақша табудың басқа да жолдары бар. Меніңше, бүгінде әлеуметтік желілер бүкіл әлемде өрлеу үстінде.
Ал мынау мен мынау - өзіме қызықты болған қорытынды материалдар.
Іздеу жүйесіндегі өзгерістер Желтоқсан 15, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: google, әлемтор
2 comments
2010 жылдың қаңтар айынан бастап Mail.Ru Google-дың іздеу технологияларын қолдана бастайды, сонымен қатар, жарнамалық хабарламалар іздеу нәтижесінде AdSense-ты шығаратын болады. Компанияның екеуі де келісім-шартқа отырғанын растады.
«Іздеу технологиялардың сапасы жағынан «Яндекс» пен Google-дың әлділігі бірдей. Алайда, Mail.Ru қолданушыларының 30% (IP-адрестерге қарағанда) Ресейдің тұрғындары емес, сол себепті «Яндекске» қарағанда, Google жүйесіне сұраныс басым. Mail.Ru осындай жағдайда бәсекелестік артықшылыққа ие болады», — деп хабарлайды «Финама» сарапшысы Владислав Кочетков.
Бүгінде «Яндекс» іздеу трафигінің 69% жинаса, Google — 23%, ал Mail.Ru — 10%, қараша айының көрсеткіштеріне қарағанда, осы келісім-шарттан кейін «Яндексте» 59%, ал Google-да 33% болады.
Бүгінгі БАҚ Желтоқсан 10, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: журналистика
add a comment
«Интернет баспа БАҚ-тың функцияларын өзіне жүктей ала ма?» – деген сұраққа Media3 медиатобының («АиФ», «Труд», «Экстра М Медиа», «Центр Плюс» газеттері) президент кеңесшісі Василий Гатов төмендегідей жауап берді:
«Мен БАҚты үш бөлікке бөлуші едім: бұқаралық ақпарат құралдары, бұқаралық ақпарат құралдары, бұқаралық ақпарат құралдары. Соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарына деген сұраныс азаюда. Олар басқалардан гөрі көбірек зардап шегеді. Бұлар – ақпараттық базалардың сұраныстарына бағытталғандар. Мысалы, ірі газеттер мен жаңалықтық ТВ (CNN немесе BBS World News). Осы бөлікке бейтарап болғысы келетін, «сөз бостандығы» жалауымен шығатындарды да жатқызуға болады. Алайда, бүгінде қоғам оны қажет етуден қалды».
Webby сыйлығының авторлары басты желілік оқиғаларды атап шықты Қараша 22, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: жаңа медиа, google, әлемтор, twitter
add a comment
Webby Awards интернет-сыйлығының ұйымдастырушылары Webby 2000’s Top Ten атты соңғы он жылдың ішінде интернетпен байланысы бар басты оқиғалардың тізімін жариялады. Осы нұсқа бойынша екі мыңыншы жылдарда адамзаттың желілік жетістіктері осылар:
2000 жыл
1. Жеке хабарландыруларды жариялайтын Craigslist сайтының ықпалы Сан-Францискодан әрі қарай жайылады.
2. Контекстті жарнама Google AdWords сервисі.
2001 жыл
3. «Википедияның» ашылуы.
4. Napster ірі файл алмасу желінің жабылуы.
2004 жыл
5. Google компаниясының биржаға шығуы.
2006 жыл
6. Онлайндық видео-революция, «Макромедия» бастауымен Flash-плеердің пайда болуы және «Ютюб».
7. «Фейсбуктың» ашылуы және микроблогинг сервисі Twitter-дің дүниеге келуі.
2007 жыл
8. Apple iPhone телефонының пайда болуы.
2008 жыл
9. АҚШ президентінің сайлау алды кампаниясының интернетте өтуі.
2009 жыл
10. Иран президентінің сайлауындағы дауыс беру нәтижесіне қарсы шыққан адамдардың Twitter-акция ұйымдастыруы.
P.S. Қарап отырсаңыз, бұл да тарих, бірақ осы оқиғалардың көбісі бүгінде біз үшін қалыпты жағдайға айналды.
P.P.S. Айтпақшы, барлық жүлдегер блогшыларды құттықтаймын.
Интернеттің танымал тілдері Қараша 18, 2009
Posted by arsenal777 in медиа, статистика.Tags: әлемтор
11 comments
Интернетті 1,5 миллиардтай адам қолданады және олар түрлі тілдерде сөйлейді (6912 тіл бар деп есептелген). Осы адамдардың жартысынан көбі ағылшын, қытай және испан тілінде сөйлейді екен. Discovery News сайтымен жыл сайын жасалынатын интернеттегі ең танымал тілдер рейтингі жарияланған болатын.
10. Кәріс тілі
Бұл тіл тізімде уақытша орналасқан деген болжам бар. Жалпы бұл тілде 37 миллион пайдаланушы сөйлейді.
9. Орыс тілі
Былтырғы тізімнен итальян тілін (34,7 миллион) ығыстырған орыс тілі; пайдаланушылар саны — 45 миллион.
8. Араб тілі
Былтыр 10-шы орында болған. 50 миллион пайдаланушы.
7. Неміс тілі
Германияда 65 миллион адам (елдің 67% тұрғыны) интернетке кіреді екен.
6. Португал тілі
Португалия және Бразилия елдерінің 96% тұрғыны интернетті қолданады. Бұл 73 миллион адам.
5. Француз тілі
Француздардың 36 миллионы интернетті пайдаланады (тұрғындардың 58%). Алайда, француз тілінде тек француздар ғана сөйлемейді. Сонымен — 79 миллион.
4. Жапон тілі
Жапонша интернетте 95 миллион адам сөйлейді. Ал жалпы елде 128 миллион адам тұрады.
3. Испан тілі
136,5 миллион пайдаланушы испан тілінде сөйлейді.
2. Қытай тілі
Елде интернетке кіру 27,9% құрайды, ал иероглифтерді түсінетін пайдаланушылар саны — 383 миллион.
1. Ағылшын тілі
Әрине, ағылшын тілінде бүкіл әлем сөйлейді деп айтуға болады. Пайдаланушылар саны — 478 миллион.
Google Толқын Қараша 11, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: жаңа медиа, gmail, google, twitter
5 comments
Жаздың басында Google компаниясы жаңа сервистің тұсау кесерін жасаған болатын. Компанияның айтуынша, бұл сервис – Интернетте бірлесіп жұмыс істеу саласындағы төңкеріс.
Бағдарламалық қамтамасыз ету конференциясында жасаушылар “Google Wave” (ағылшын тілінен аударғанда “толқын”) атты байланыс сервисінің презентациясын жасады. Бұл сервис байланысудың әмбебап құралы және жасаушылардың ойынша ол электрондық пошта, лезде алмасу хабарламалардың бағдарламаларын, фотохостинг және wiki-редактордың орнын басуы қажет. Сіз әріптестеріңізбен сұхбаттасқан кезде экранда жазылған әр жаңа әріптің жазылу жолы көрініп тұрады, сұхбат шынайы әңгімелесуге ұқсап кетеді және уақытты үнемдейді.
Орфография
Хабарламалармен тез алмасу кезінде терезеге енгізілетін мәтінде жиі қателер кетіп жатады. Осы проблемаға байланысты пайдаланушылар да, лингвистер де бұрыннан наразылық білдіріп жүр. Гуглдың толқыны сауаттылық мәселесін қарастырған болатын: сервисте мәтінде кеткен қателерді түзетудің жаңа жүйесі қолданылады. Әзірге тек қана ағылшын тілі үшін болса да, сервис сөздерді контекстке байланысты дұрыстайды. Жасаушылар бұл жүйені Natural Language processing деп атайды және оның орфографиялық сөздіктерге негізделген алгоритмдерден әлдеқайда пайдалырақ екеніне сенімді.
Хабарласу
Google Wave тек қана екі адамның ақпарат алмасуына емес, көптеген адамдардың арасында «әңгіме» жүргізуге жағдай жасайды. Егер бір адаммен жеке сөйлесемін десеңіз – ол үшін де арнайы опция бар, ондай хабарласуды «толқын асты» деп атайды. Бір-біріңіздің хабарламаларыңызды редакциялауға, ұжымдық жоспар, құжат құруға арналған мүмкіндіктер бар.

Өзім Толқынға кіргелі бір айдан асты, терезеде инвайтқа қолы жеткен джимейлдегі байланыстарым бар, чаттардың ішінде басқа да қазақстандық пайдаланушылар жүр. Инвайтты yvision.kz немесе twitter.com-да жүріп, сұрап алуға анда-санда мүмкіндік болып жатады.
Қазастандық Әлемторда жарнама қалай дамуда? Қазан 29, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: жарнама, жаңа медиа, google
8 comments
24 сағат бойы жұмыс істеп тұрған жарнама мекені – Интернет. Жаңалықтық пен сараптамалық сайттарда да, жеке күнделік пен видео-сервистерде де жарнамаға кезігуге болады. Бұрындары интернет-жарнаманың негізгі пайдаланушылары кіші және орта бизнеспен айналысатын компаниялар болса, бүгінде бұл кез келген компанияның маңызды құралы. Әлемтордағы жарнама нарығы басында баннерлік жарнама мен баннерлік желілер арқылы жұмыс жасаса, интернет қолданушылар саны көбейген сайын ол дәстүрлі жарнама заңдарына бағына бастады: серіктестік бағдарламалар, мәтіндік жарнама, сапалы сайттар мен кәсіби желілік жарнама агенттіктер пайда болды.
Google мен Yandex сияқты іздеу жүйелерінің алпауыттары пайда болғаннан кейін жарнама мүмкіндіктері одан сайын кеңейді. Нарықты сегменттерге бөлу мен мақсатты аудиторияны іздеу арқылы ірі компаниялардың көбісі Әлемторды маркетингтік бағдарламаларының негізгісіне айналдырды. Ал Қазақстан Интернетінде (ҚазНет) жарнаманың бүгінгі жағдайы мен даму бағыты турасында білу үшін еліміздің ақпараттық технологиялар саласының мамандарын әңгімеге тарттық. (жалғасын оқу…)
Аймақтық журналистика блогшылар қолында Қазан 16, 2009
Posted by arsenal777 in блогинг, медиа.Tags: блогер, жаңа медиа, журналистика, контент
1 comment so far
Өзінің сапалы жаңалықтарымен танымал британдық The Guardian газеті аймақтағы жаңалықтарды жариялау үшін жұмысқа блогшыларды алатын болды. Олардың жазбаларына қаламақы да төленеді (әрине, кәсіби тілшілерге қарағанда азырақ). Осылайша газет дағдарыс кезінде қаражат мәселесін шешіп, аймақтағы биліктің жұмысын назарға алмақшы.
Британдық газет елдің аймақтарына белсенді экспансия бастамақшы. Аймақтарда брендті көпшілікке тарату мақсатында Guardian Local тәжірибелік жобасы басталады. Басылымның басшылығы өз аймақтың жаңалықтарын жақсы білетіндер – желілік жазушылар деп әділ байқаған болатын, сонымен қатар, әр аймақта тілшілерді жұмысқа алғанша, блогшыларды алу қаражат жағынан тиімді.
«Бұл жоба — біздің эксперимент, біз жергілікті телеарналардың бағыты бойынша жұмыс жасауға кірісеміз. Әзірге саяси салада белсенділік танытып отырған үш қалаға тоқталдық және бұл жобаны 2010 жылы бастайтын боламыз», — деп әңгімелейді Guardian News & Media сандық контентті дамыту бөлімінің директоры Эмили Белл. Local Сара жобасының редакторы Хартли: «Біз аймақтағы жаңалықтарды сараптаған кезде жергілікті веб-сайттар мен блогтардағы ақпараттың кеңдігі мен тереңдігіне таң қалдық. Жергілікті жаңалықтарды сол жердің өзінен көрсету — журналистиканың жаңа тренді және ол шын мәнінде не болып жатқанды түсінуге көмектеседі», — деп қосады.
Ақпаратпен «ЧасКор» сайтында толығырақ танысуға болады.
