2 жасқа толдық Қазан 31, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, статистика.Tags: блогер, блогинг, сурет
14 comments

1 қараша – блогымның туған күні!
Осы екі жылдың ішінде блогымның арқасында сіздермен таныстым, ақпаратпен бөлістім, қызықты пікірлеріңізбен, көзқарастарыңызбен таныс болдым! Сіздер сияқты оқырмандардың бар болуы блогтың дамуына, жаңаруына әр кез оң әсер етеді! Сол үшін сіздерге алғысымды білдіргім келеді!
Төменде 2 жылдық статистика

Бірнеше блогты басқару жайында Тамыз 16, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.Tags: блогер, блогинг, жаңа медиа, контент
7 comments
Бірнеше блогты жүргізетін блогшылар аз емес. Бұл блогшының блогингке арнайтын уақытымен байланысты. Бірнеше блогтарды басқаратын болсаңыз, міндеттер де көбейеді. Оқырманмен байланыс, модерация, алға қадамдар жасау, тақырыптарды іздеу… Осының бәрін қалай бақылауға болады?
1. Жоспар құрыңыз.
Бір аптаға, екі аптаға немесе бір айға келешекте не жасайтыныңыз жайында жоспар құрыңыз. Идеяларыңызды жазып қойып, оларды үнемі көз алдыңызда ұстаңыз. Кейде тамаша идеялар ұйықтар алдында не көшеде серуендеп жүргенде келуі мүмкін, сол себепті қойын дәптеріңіз әрдайым өзіңізбен бірге болсын. Қолыңыз бос болған күндеріңізді пікірлер мен жаңа қызықты блогтарға жұмсаңыз. Әр блогыңызға жазба дайындау кестесін құрастырыңыз. Мысалы, жаңа блог үшін – аптасына 5 жазба, танымал блогыңыз үшін – аптасына үш жазба деген сияқты. Жазбаның дәл қай күні шығатынын анықтаңыз.
2. Уақытты үнемдеу
Өзіңіздің көбірек белсенділік таныту уақытын білсеңіз, яғни шығармашылық пен физикалық күшіңіз артқан кезде, жаңа идеяларыңызды жүзеге асырыңыз, ал басқа уақытты почта мен блогтардағы пікірлерге бөлуге болады.
3. «Әр блог маңызды» ережесі
Бірнеше блог жүргізген кезде кейбір блогтарымызды негізгі еместерге жатқыза бастаймыз. Оларды анда-санда жаңартамыз, қызықсыз, мағынасыз жазбалар жариялаймыз. Сондықтан да мынадай ережені ұмытпау қажет: саны көп, сапасы аздан гөрі, аз болса да, сапалы ақпарат жариялаған дұрыс. Блогшының мәртебесі блогтардың санымен емес, қызықтылығымен, пайдалылығымен өлшенеді.
4. Тайм-менеджмент
Уақытты үнемдеу және оны дұрыс қолдану үшін тайм-менеджмент қажет. Тайм-хактарды анықтап алыңыз, уақытты бағалай біліңіз. Мысалы, әлеуметтік желілер мен ридер/RSS-ке бірдей уақыт бөлесіз бе, ал блогыңызға ше, т.с.с.
Сонымен қатар, бір нәрсеге үйренудің бір тамаша әдісі – осыны басқаларға үйрету. Мүмкін, сіздің келесі блогыңыз тайм-менеджментке арналмақ.
Толығырақ мына немесе мына жерде
Kazakh Bloggers Тамыз 4, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.Tags: қазақ блогосферасы, қазақ блогтары, қазақ блогшылар
2 comments
2007 жылы әлі блогшы аталмай жүріп, Асхат ағаның көмегімен «Қазақ блогшылары» атты Google group-қа кірдім. Осылайша біраз қазақ блогшылармен танысып-білістім. Қазақ тілді блогосфера жайында әлеуметтік сауалнама жүргізген кезде де «Қазақ блогшыларының» көмегі тиді. Бүгінде қазақ блогшылар қатарына жаңадан қосылғандар аз емес, сол себепті, егер де ішкі хат алмасу торабында әлі жоқ болсаңыз, жазылыңыз!
Адресі http://groups.google.com/group/kazakh-bloggers
Электрондық почтаға жаңа хабарлар келіп түсу үшін мына бетті қараңыз http://groups.google.com/group/kazakh-bloggers/subscribe
Бір-бірімізбен танысып, жаңа хабарлармен бөлісейік!
Блогосфера тынысы Маусым 17, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.Tags: блоггинг, блогер, блогосфера, жастар, жаңа медиа, контент, подкастинг, қазақ жастары, үнхабар
7 comments
Блогосферадағы соңғы жаңалықтарға назар аударайық:
1. Linux туралы қазақ тіліндегі алғашқы блог. Қазақша Linux (Линукс), орнату, баптау, қолдану кеңестері. Сонымен қатар, осы блогтан қазақша Mozilla Firefox браузерін жүктеп алуға болады. ИТ саласына қатысты қажет ақпарат осы блогта жоқ емес.
2. Жаңа подкастшы және жаңа үнхабар пайда болды. Оны Сіздер мүмкін тыңдап үлгерген де шығарсыздар. Естімесеңіз, міне. Ansar-ға тілейтініміз: жаңа үнхабарлар қызықты, әрі жиі болып шықсын.
3. Микроблогингтің соңғы жаңалықтарын хабарлап отыратын блог бар екенін естіген шығарсыздар. Микроблогинг өміріне қатысты өзгерістер, жаңалықтар, жаңа мүмкіндіктер т.б.
4. Your vision блог-тұғырнамасы 1 ай бұрын интерфейсін қазақ тіліне аударды. Енді қазақ тілді блогшыларға осы тұғырнамада блог жүргізуге еш кедергі жоқ. Your vision тек қана блог-тұғырнама емес, сонымен қатар, әлеуметтік желі; Сіз бірлестік құрып, немесе дайын бірлестікке кіріп, тақырыпқа сай жазба жаза аласыз және осы жазбаны(пікірлерді де) басқалар бағалай алады. Тұғырнамадағы басқалардың блогтарында жаңа жазбалар жайында хабардар болып, достар қатарына ұнаған блогшыны қосуға болады. Жеке блог жүргізесіз бе, әлде анда-санда бірлестікке де жазып тұрасыз ба, бұл сіздің еркіңізде.
Біз қайдамыз, олар қайда? Сәуір 29, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг, медиа, әлеумет.Tags: блоггинг, блогер, блогинг, блогосфера, жаңа медиа, журнализм, журналистика
15 comments
Қазақстан Бүгін: 13:04 29.04.2009
Мәжіліс “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Республикада интернет-технологияларды дамытудың қазіргі деңгейіне заңнаманы сәйкес келтіру мақсатында заң жобасында негізгі ұғымдарды анықтайтын ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді берудің үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін ережелерді және қолданыстағы заңнамада бекітіп беру ұсынылады. Мысалы, қолданыстағы “веб-сайт” ұғымы порталдар, форумдар, блогтар, интернет – теледидар және басқа технологиялар көмегімен интернет желісінде ақпаратты орналастыруды қамтымайды. Сондықтан осы заң жобасында кең ауқымды “веб-сайт” ұғымын “интернет-ресурс” ұғымына ауыстыру көзделген.
Осы іс-шараларды іске асыру мақсаттарында сотқа міндетті түрде талапты енгізумен, прокурорға мүмкіндік беретін (бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін) ақпараттың жариялануын тоқтату туралы қаулының нормасын “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Қазақстан Республикасы заңына енгізу ұсынылған.
Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналасқан сайттарға қатысты істерді қарау іс-жүргізудің талабының тәртібінде жүзеге асырылатын болады.
Толығымен мына жерде
Заң күшке енетін болса, Қазақстан территориясында әр блог/сайт БАҚ болып саналады (ал әр блогшы – журналист?), веб-ресурстар тіркелуден өтуге тиісті, ал еліміздің соты шетелдік веб-сайттарға кіру жолдарын жауып тастауға құқылы болады. KZ зонасындағы веб-жобалар күрт азайып, нарықта Қазнеттің бәсекелестігі аңызға айналмақ.
Жоғарыдағылар «қажетсіз» сайт пен блогтарға бан қойып, әуреленбейді, енді бәрі ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ болмақ! Осыған қарап, Біз (блогшы/юзер/ азаматтар/ журналистер) және Олардың арасында қаншалықты алшақтық бар екеніне көзіміз жетті. Бұл алшақтық барда ешкім де ұтпайтыны анық!
Қазнеттің белсенді қолданушыларын өздерінің бұл заңға қарсы екенін көрсету үшін 13 мамыр 2009 ж сағат 15 пен 16 аралығында ( Астана уақыты) Қазақстанның интернет кеңістігіне шықпауға шақырады. “Бұл рәсім арқылы Заң қабылдана қалған жағдайда Қазнеттің қандай күйге түсетінін көрсеткіміз келеді” дейді.
P.S. суретте соқыр Фемида
Әлемнің үздік блогтары 2009 Сәуір 5, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.Tags: блоггинг, блогер, блогинг, блогосфера, үздік блогтар
8 comments

2009 жылдың 16 наурызында Остин қаласында (Техас штаты, АҚШ) 9-рет Әлемнің үздік блогтарына арналған «жүлде» өтті. Қаңтар айында қатысуға өтініштер қабылданып, 200 блогшы іріктелінді, кейін дауыс беру мен ақпанда дауыс берудің уақыты аяқталғаны жайында мәлім болды. Наурызда үздік блогшылардың тізімі жарияланды:
1. Блогтарға арналған үздік веб-қосымша – Google Reader.
2. Жаңа Зеландия/Австралияның үздік блогы – Girl With a Satchel (сән, поп-мәдениет).
3. Азияның үздік блогы (Қиыр Шығысты қосқанда) – Susie’s Big Adventure. (Сауд Арабиясына көшіп келген американ әйелдің блогы).
4. Африканың үздік блогы – Glad to Be a Girl. (Йоханнесбургта тұратын қыздың блогы).
5. Европаның үздік блогы – Chocolate & Zucchini. (аспаздық блог).
6. Латын Американың үздік блогы – A Canuck in Cancun. (Мексикада тұратын канадалық әйелдің блогы).
7. Канаданың үздік блогы – Everybody Likes Sandwiches. (аспаздық блог).
8. Үздік фото-блог – Pioneer Woman Photography.
9. Үздік арт / дизайн / крафт-блог – PostSecret. (Осы блогқа оқырман аты-жөнін көрсетпей өзінің құпияларын жібереді. Күшті идея, қазір осындай сайттар рунетте де пайда болды).
10. Үздік аспаздық блог – Cake Wrecks.
11. Сән туралы үздік блог – Go Fug Yourself.
12. Саяхат туралы үздік блог – Camels and Chocolate.
13. Музыкалық үздік блог – Stereogum.
14. Танымал адамдар туралы үздік блог – Dlisted.
15. Кино / ТВ / театр туралы үздік блог – Television Without Pity.
16. Спорт туралы үздік блог - Fat Cyclist.
17. Саясат туралы үздік блог – FiveThirtyEight.
18. Үздік техно-блог - LifeHacker.
19. Үздік тақырыптық блог – Cute Overload. (жануарлардың қызықты суреттері бар блог)
20. Тинейджерлерге арналған үздік блог- Foodie at Fifteen. ( 16дағы жігіттің аспаздық блогы)
21. Үздік әзіл-оспақ блогы - I Can Has Cheezburger?
22. Мазмұндаудың үздік стилі – Cake Wrecks.
23. Үздік микроблог – One Sentence.
24. Үздік топтық блог – Gawker.
25. Үздік коммьюнити-блог – I Can Has Cheezbuger?
26. Дизайны бойынша үздік блог – Confessions of a Pioneer Woman.
27. Үздік «белгісіз» блог – Pistols and Popcorn.
28. Үздік блог-”жаңа” – Cake Wrecks.
29. Үздік блог-”ескі” – Fark.com.
30. Үздік блог 2009 - Confessions of a Pioneer Woman.
Сыйлық ретінде 2009 цент (20,09 доллар) берілді. Осы блогтардың көбін қыздар, әйелдер жүргізеді екен. Тағы бір қызығы – аспаздық тақырыбына арналған блогтар бірнеше номинацияда жүлдегер атанды.
қайнар
Блогингке байланысты бас қатырулар Наурыз 2, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.Tags: блогер, блогинг, контент
8 comments

Әр блогшының ерте ме кеш блог жүргізуде проблемалар пайда болуы мүмкін: шығармашылық дағдарыс, бағыттың жоғалуы т.с.с. Блог жүргізу жайында жазатын веб-беттер осы мәселені жиі қозғайды және олардың көбінде айтатыны мыналар:
Жоспар
Жоспар жазып қойыңыз. Болашақ жазбаларыңызға кесте құраңыз. Осылайша сіз уақытыңызды үнемдейсіз және де материалдарыңыз жеткілікті ме, әлде жоқ екенін біліп отырасыз. Кейін осы жоспар ойынызда жүреді. Жоспарды ойда құрып, жұмысыңызды жүйеге келтіре аласыз!
Назар аудару
Сіздің оқырманыңызға блогыңыз неге ұнайды немесе керісінше, материалдарыңыз оқырман назарынсыз неге қалып қоя береді?
Оқырманды қызықтыру үшін өзіңіздің блогынызға ғана тән әдістерді іздеу, яғни өз блогыңызды қалайша қызықты жасаймын деп, бірнеше әдісті қолдануға тырысыныз. Бір әдіспен тоқталмаңыз.
«Қайта құру»
Алдыңызға мақсат қойып, бір жазбаны бастаймын деп, алғаш абзацта тоқтап қалдыңыз дейік. Әрі қарай жұмыс жүрмей қалды немесе идеяны өрбіте алмай қалдыңыз. Ол үшін сәл демалып, жұмысты қайта бастаңыз, бірақ алғашқы абзацты жалғастырмаңыз, мүлдем басқадан бастаныз, жаңадан жазбаңызды құрастырыңыз, бұрынғыға оралманыз.
Өз ойым
Блогыңызда нақты идея, бағыт пен тақырып болса, адасуға мүмкіндігіңіз азаяды. Блог бірнеше айдардан тұратын болса, бір-екеуіне тақырып міндетті түрде табылар. Басқа блогтарды оқып, жаңалықтар тасқынында қалып қоймасаңыз, «не жазайын?», «қалай жазамын?» деген сұрақтарды өзіңізге қоймайтын шығарсыз деген үміттемін.
Хемингуэйлік кеңестер Ақпан 22, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.Tags: блогинг, блогосфера, журналистика, қазақ блогшылар
8 comments
Блогымда Журналистикаға байланысты (оның ішінде Интернет-журналистикаға) кеңестер ВВС – дің курстарынан алынғанын байқаған шығарсыздар («ВВС» атты ілмектері бар жазбаларды қараңыз). Бұл кеңестер интернеттегі жас журналистер үшін де, ақпараттық жазбалар жазатын блогшылар үшін де пайдалы болады деген үміттемін.
Сонымен қатар, блоггингке байланысты бөлек жазбалар бар. Бүгінгі таңда манимейкерлер мен SEO саласындағылар блог арқылы ақша табудың жүздеген әдіс-тәсілдерін ұсынуда, соның ішінде копирайтерлер үшін материал дайындаған кезде қалай жазу/қандай көлемде/қандай тақырыпта/қандай мақсатпен, т.с.с.
Ал біздің мақсатымыз – сапалы ақпарат дайындау, блогингті дамыту болғандықтан, осындай кеңестерден қажеттісің таңдап, Сіздерге ұсыну.
Сіздермен бірге қызықты блог-жазба жазу, оларды талқылау әрқашан да қызықты, әрі пайдалы. Сондықтан да бүгін Эрнест Хемингуэйдің өзінен сабақ алуға қалай қарайсыздар?

1. Қысқа сөйлемдерді қолдануға тырысыңыз.
Хемингуэй қысқа да нұсқа жазатын. Бұл ең ұтымды стиль. Толықтауыш сөздер мен эпитеттерді аямай сызып тастаңыздар, тек негізгісін қалдырыңыз. Керемет нәрселердің барлығы да қарапайым! Хемингуэйдың танымал әңгімесі алты сөзден ғана тұрған: “For sale: baby shoes. Never worn.”(«Сатылады: балаларға арналған аяқ киім, киілмеген»).
2. Қысқа кіріспелерді қолданыңыз.
Бір тақырыпта материал жазам деген кезде, оның алдындағы кіріспені созып жазбаңыз. Оқырманның тақырыпқа қызығушылығын тудыратын 1-2 сөйлем жазсаңыз да жетеді.
3. Тілдің энергетикасын қолданыңыз.
Түсініксіз, белгіссіздік тудыратын сын есімдер мен сөз тіркестерін қолданбаңыз. Етістіктерді қолданатын болсаңыз, заттарды нақтылап суреттеуге жеңіл болады, әрі cөйлемде қарқын пайда болады.
4. Өз өзіңізге сенімді болыңыз + позитив
Мысалы
• Негативті реңктегі сөздерді қолданбаңыз. «Аурмайтын», «сыздамайтын» деген сөздердегі «жарақат» мағынасы оқырманның көңілін міндетті түрде аудартады.
• «Қымбат емес» деген сөздің орнына «экономды» деп қолданған дұрыс.
• «Бұл бағдарламалық жасақтама қате жібермейді» дегеннен гөрі, оның сапасы жайында жазған дұрыс.
5. Ешқашанда тек 4 ережені қолданбаңыз.
Хемингуэй екі ережені де ұстанып, жүре алады. Ал кез келген блогшы немесе копирайтер үшін мынау түсінікті болу қажет: сапалы мәтін жазуды үйренген кезде, үш ереже жеткіліксіз. Әрдайым машықтану, іс-тәжірибе, ЖАЗУ қажет!











