jump to navigation

Мұхтар Мағауин шығармаларындағы ұлттық рух. Сәуір 28, 2008

Posted by arsenal777 in Категориясы жоқ, публицистика.
Tags: ,
add a comment

(жалғасы)Лашынның өзіндік  ішкі әлемі арқылы барлық қазақ болмысын, адам бойындағы жағымды жағымсыз қасиеттері мен қылықтарын, шағын ауыл адамдар өмірін автор шын шеберлікпен бейнелеген. Ауыл адамдарының қоғмның өзгеруімен қоса ұлттық болмыстың жоғалуына, адам бойындағы күндестік, пасықтық мінездеріне, сол дәуірдегі орыстану  процестеріне деген жазушының наласы тазы лашынды сөйлету арқылы биік дәрежеге көтерілген. Өмірінің соңына дейін табиғи дарындылығы арқылы аңшылықты дәріптеп өткен Қазы, өмірлік жары Айсұлу, көнекөз қария Омар ақсақал, пасық Есенжол сияқты образдар арқылы повестің ұлттық коллориті басым болып тұр. ″Осы қабырдың дәл іргесінде қыран тазы Лашынның да қаны төгілген-тін. Бірақ оны ешкім де білмейді. Тазыдан қалған жалғыз белгі – ауыл еркектерінің басындағы түлкі тымақтар да көп ұзамай да тозып бітті. Олардың орнын елтірі тымақтар мен арзан малақайлар басты. өйткені Лашын осы өңірдегі  асыл нәсілді ең соңғы тазы еді.″Дарынды сыншы Сағат Әшімбаев өзінің ″Парасатқа құштарлық″ атты еңбегінде осы повестке берген бағасы, бүгінгі таңның басты проблемасымен салыстыра кеткен жөн. М. Мағауиннің  ″Тазының өлімі″ повесінде негізінен кәдімгі ауыл өмірі суреттелген. Сол ауылдағы өсу мен өмірді, оздық дәстүрмен тозық салтты, адамдар арасындағы моральдық өсуді көрсетуді көздеген. Шағын ауылдағы сыры кетсе де сыны кетпеген халықтық қадір-қасиеттерді бүгінгі тұрпатымен байланысты сөз еткен. Мұхтардың кейіпкерлерінің портреттік, психологиялық мінездемесі мен тазысына дейін ешкімге ұқсамайды. Автор бәрін өзгеше берген. Тіпті өзі көтеріп отырған моральдық проблемалардың сөз болуы да өзгеше. Мұхтар ит туралы жазу үшін өмірден өзі білетіндеріне қоса басқа жазылған дүниелерді де қайта шолып өткен сияқты. Қазақ о бастан шын мәніндегі серілікті қатты қадірлеген халық. Бұның екінші жағында өмірдегі, табиғаттағы, адам бойындағы әсемдікті, пәктікті, сұлулықты қадірлеп жатқан жоқпа? Баптап қыран құс ұстауы, желмен жарысқан алғыр тазы жүгіртуі, үкілеп бәйгеге бұлақ бойын, шалқар өзендер мен көлдер бойын жағалай көшіп-қонуы тегін емес еді. Бұл да табиғатқа деген іңкәрлік сезімімен астасып жатыр. Иесі Қазының өлімі – шындығында Лашын тазының өлімі еді. Қазақ қадірлеп өткен Тазы бабалардың ата кәсібі болған, серіліктің тірісінде басынан сөз асырмаған Қазы рухының өшуі деп білеміз. Иә, Есенжол сияқтылар қай қоғамда да Қазылардан кейін өледі, көп нәрсеге бұрын қолдары жетеді Оларға сырдың суы сирағынан келмейді. Он Қазыдан бір Есенжол қауіпті тип. Түбінде осы бір қауіпті типтің көбеюінен ғана қорқуға болады.″ Демек, кемеңгер сыншының бұл шығармаға берген бағасы бүгінгінің күн қоғамының жан айқайын әр бір оқырман қауымға санасына жат емес екеніне және де бұл дерттен айығудың тек бір ғана жолы ұлттық болмыс пен рух мәселесін жоғары қою керектігін баса айта кетеді. Сонымен қатар қазіргі ортамызда жүрген Есенжол сияқты пасық адамдар қоғамымыздың құлдыратыны сөзсіз анық. (жалғасы бар)

Армысың Әз Наурыз. Наурыз 20, 2008

Posted by arsenal777 in Категориясы жоқ.
2 comments

Өкінішті… Қараша 30, 2007

Posted by arsenal777 in Категориясы жоқ.
3 comments


Қарағанды қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында 28 қараша күні «Жындыханадан келген мейман» атты комедияның тұсау кесері болып өтті. Өкінішке орай сол күні театрға бара алмадым. 30 күні қойылымды екінші рет тамашалауға болатынын афишадан көріп, «мәдени бағдарламамды» жұма күнге ауыстырдым. 30ы кешкі сағат 17.45те театрдың кассасына келіп тұрсам,
-Сегодня ничего не будет!
-Почему?
-Потому что!-деп орыс апай ұрсып тастады.
Шынымен де, «Театр киім ілгіштен басталады» деген осыған орай айтылған шығар… Амал жоқ, автобусқа отырып, үйге қайтуға тура келді.