Қазақ драмасы…
… сахна және шымылдықтың әр жағында
Биылғы жылдың басында белгілі журналист, публицист, қоғам қайраткері, «Ұлтқа қызмет ету» кітабының авторы, «Арай-Заря», «Дәуір-Время», «Эпоха» басылымдарының редакторы, «Аргументы и факты» газетінің колумнисі Сейдахмет Құттықадамның еліміздің бүгінгі тарихына арналған еңбегіне тап болдым.
Бұл кітап жайында іш пысқасын немесе блогымды жаңартайын деген мақсатпен жазып отырғаным жоқ, меніңше, бұл еңбекті еліміздің әр көзі ашық, көкірегі ояу азаматы оқуы тиіс. Неге десеңіз, біріншіден, бұл кітап мектептің бағдарламасында жоқ көптеген тарихи фактілер жайында баяндайды. Мысалы, 86 жылдың желтоқсанынан бастап, бүгінгі күнге дейін саяси сахнадағы барлық көрнекті тұлғаларды сөз етеді. Сонымен қатар, кітапта тәуелсіз елімізде алғаш партиялардың құрылуы, парламенттегі өзгерістер, министрлер мен президент арасындағы қарым-қатынастар, баспасөзіміздің ахуалы мен оппозициялық басылымдардың ғұмыры, депутаттық сайлау кезіндегі дауыстардың фальсификациясы, еліміздің экономикасы және т.б. маңызды тақырыптар ашылады. Автордың айтуынша, саяси мәдениет пен саяси білімнің жоқтығы қоғамның санасыздығы мен сауатсыздығына, тоқырауына әкеліп соғады.
Екіншіден, бұл кітапта автордың жиырма жылдың ішінде жарияланған тамаша мақалаларымен танысуға болады. Сейдахмет аға еліміздің саяси, экономикалық ахуалына сараптама жасап, кезінде Аслан Масхадов, Ходорковский, Новодворская сынды тұлғалармен де кездесіп, сұхбаттасқан еді.
Өкінішке орай, республикамыздың кешегі және бүгінгі саяси өмірі шынымен де драмаға қажетті келеңсіздіктерге толы, бірақ бұл тарихымызды бұрмалап немесе бар нәрсені жоққа шығарудың амалы емес.









Сейдахмет Құттықадамның осындай еңбектері жақсы. “Служение нации” дегенін оқып, айызым қанып еді. Тілі жатық, әшейін сырғып отырасың. Енді мына кітабын алу керек міндеті түрде. Рахмет, Арсик.
мен оны өзімше “Ұлтқа қызмет ету” деп аудардым) оны оқыған жоқпын бірақ.
Жарнамасы жақсы, қызықтырып қойдыңыз, енді кітапты қайдан алсақ екен))))