Мен де Блогкемп жайында…
Блогшылар құрылтайы жайында Интернетте қаншама жазба орнатылды, қаншама сурет, қаншама ресми ақпарат… Мен Мақпал мен Асхат аға жіберген пресс-релиздардан кейін (бұл қаңтар айынан басталды) шыны керек, бұндай ақпараттан жалықтым. Оған қоса, Блогкемп жайында жаңа ғана бір жазбаны бітірдім (орыс тілінде, Жаңа Еуразия үшін). Сонымен, көп сөздің қажеті не?
Мен үшін блогкемп керемет өтті, ал ұйымдастыру жағы мен хелптим жұмысы жоғары деңгейде болды деп еш ойланбастан айта аламын
. Осыншама кісі келеді деп ойлаған да жоқпын, әсіресе шетелден келген блогшыларды көру қызық болды. Бұрыннан бері оқып жүрген Қалды қыз бен 6 градус, Розатай блогтарының иелерімен танысқаныма қуаныштымын, бұрыннан тек онлайнда таныс Сағынды оффлайнда көрудің де сәті түсті. Сонымен қатар, бұрыннан танитын, бірақ жиі көре бермейтін Қуаныш, Салтанат, Зере, Айко, Айкона, Мақпал, Есенгүл апай, Димаш, Тотыларды көрдім-ау. Айтпақшы, туғанынан бері тек интернеттегі фотолардан танитын Әминды енді өзім фотоға түсіре алдым
Барлық блогшылардың атын атай берсем, жазбам созылып кетер, сол себепті бар суреттерді жариялап, осымен доғарайын.
Қалған фотоларды Фейсбугымнан табарсыз.




















супер!!!!
еее мына суретті – ай десеңші, біреуді наққа жіберіп тұрмын-ау )))
суреттерің жақсы екен, жоғарыда жазғаннан бөлек ! Аминді жақсы түсіріпсің! Моло! Ақзере әдемі түсіпті, Салта позитифффф!
Қуаныштың суреті керемет екен.
Ақзеренің суреті өте сапалы шығыпты! фотигін қандай?
соңғы суретте оң жақта тұрған сенсің ба? әдемісің
рахмет
фотоаппарат менікі емес, никон, объективі портреттік съемкаға арналған, сол себепті көп фотолар қызық боп шықты (мягко говоря)))
сонда да, өзімнің кенонымнан жақсы))
Blogcamp turaly eng sapaly suretter seniki siakty.
Фотолар тамаша түсіріліпті!
Тамаша суреттер! Рахмет!
Портреттік суреттер өте әдемі шығыпты!!! Блог құрылтайдың сәтті өтуіне қосқан үлесің көп!!! Көп рахмет!!!!
ой, Асхат аға, мен түк бітірген жоқпын, ал жалпы, блогкемптың командасы мақтан тұтарлық)
Маған компромат сурет бар ма?))) а менде бар)))
суреттің біреуінде де жоқсың, мен қатысқан презентациялардан қашып жүрген шығарсың))
Ч! Жоқ дегенім ғой. Қашпадым. Сені бір екі рет көрдім, сосын жоқ боп кеттің)))
kandai apparat koldanasyn Arsik?>
nikon d200
шындығында, ең сапалы фотолар сендердікі (кста, Рауан түсірмеді ма суретке?)
Қуаныш екеуміз джынд шығыппыз
)))
Рахмет, Әлия!!!
соңғы фотоны ол түсірген))
сенің тағы біраз фотоларын бар менде)) кейін жіберемін.
а ең сапалы фото Night.kz пен Еркін Қуатайұлыда ғой)
сосын, Кселл қыздарын ешкім түсірмеді деп уайымдап едім
) Жақсы болды ғой
қарап отырып, көзің тоят табады)))) Респект пен құрмет, еңбек пер ерлік деп қуып кеткен дей ме, очм рахмет Арсик
Cуреттердің бәрі де кереееееемет шығыпты
Менің отырысым біртүрлі екен, өз-өзіме таң қалып отырмын:)
Ал, сіз сондай әдемісіз, Әлия!
рахмет))
сені жеке жақынырақ түсіруге жағдай болмады, келесі жолы енді))
Әлия, салем, фоторепортаж жақсы шығыпты. Сені АҚШ-та өтетін блоггерлер жиынына қатысуға ұсынсам деп едім, телефоныңды таба алмай отырмын. Мүмкіндігін болса, поштама жіберсең.
Рахмет,Әлияжан! Расында да сен “мүлт кетпейтін” кәсіби мамансың ғой…:)