«Одан-дағы сұрамайсың сен неге жүрегімнің ауа-райын, қарағым…»
Өткен айда екі басылым материал үшін пікір сұраған болатын. Өзім елді пікір үшін жиі мазалайтындықтан ондай өтініштерге түсіністік білдіріп, мүмкіндігімше толық және уақытында жауап беруге тырысамын.
«Алаш айнасы» менен қазақтілді интернет-журналистикасы жайында пікір сұраған-тын, телефонмен жауабымды тыңдап алған соң газетте жариялады. Оқып отырсам, өз жауабым өзімдікі емес болып шықты. Негізі, Интернет-журналистика Әлемторда қазақтілінің дамуына, пікірлер арқылы оқырман мен БАҚ арасында байланыс орнатуға септігін тигізетіні, сонымен қатар, Мінбер.кз, Абай.кз, Замандас.кз секілді интернет-газеттер жайында айтып өткен болатынмын. Қарап отырсаңыз, бұл жайында газет үн-түнсіз қалды.
Келесі пікір Фокус.кз газетінде жарияланған. Журналист алдында менен UGC, форумдар мен тақырыптық қауымдастықтар және осындай қауымдастықтарды ресурстар мен қызмет көрсетуді алға жылжытуда қалай қолдануға болатынын сұрады. Бұл тақырыпқа дұрыс пікір беру үшін журналистің сұрақтарын сәл өзгертуге тура келді және пікірді маркетинг саласына жақындатып, әлеуметтік желілер көмегімен маркетингтік стратегиялар қалай жүзеге асырылады деген бағытта жауап берген болатынмын, сөзімді растау үшін жақында жарияланған Cisco зерттеуіне сілтеме де бердім. Ақыры материал тура осы бағытта жарияланды (тақырыптың өзі «Желілік маркетинг» деп аталады екен оО, басынан бастап сұрақты осы саламен байланыстырып неге қоймаған екен?). Материалда менен басқа тағы екі маман да интернет-маркетинг тақырыбында өз ойымен бөлісті. Ал журналист өз материалында Cisco зерттеуінен бірнеше цитата келтіргені жайында тағы айтып өтпеуге болмайды (әрине, бұл ақпарат баршаға ортақ, ешкім таласып жатқан жоқ). Ал менің жауабымнан, шынымды айтсам, аса маңызы жоқ үзінділер ғана алынды.
Бар айтпағым, кейбір журналистер адамдарды жынды қылдырмай, пікір алудың алдында сұрақтарын нақтыласа екен…








Жарнама болып кетер деп алып тастаған болуы мүмкін.
меніңше, журналист айтқандарымды жазып алуға үлгермеген, ал егер жазып алса, неге айтпайды, бұл сайттар Алаш айнасына бәсекелес емес, керісінше, қазақ тілді БАҚтар қазақ тілді сайттар жайында айтпаса, басқа кім айтады?