“Ара” журналы
Сатиралық журнал 1956 жылы наурызда жарыққа шықты. Айына бір рет, 0, 75 баспа табақ көлемімен. Алғашқы шығарушылары: Ғ. Мүсірепов, А. Тоқмағанбетов, Қ. Жармағанбетов. “Ара” қоғам өміріндегі кемшіліктерді, шаруашылық саласындағы қырсыздықтар мен жауапсыздықты, адам бойындағы жағымсыз қылықтарды батыл әшкереледі. 1995 жылдан бастап журнал А3 қалыптағы 4 беттік газет болып шығып тұрды. 1998 жылы шығуын тоқтатты.
2000 жылдың басында Назарбаевтың “Ұйымдасқан Қылмыс пен Сыбайлас жемқорлықты жою туралы” жарлығының пәрменділігін арттыру үшін, мафия, коррупция белең алған кезеңде мемлекеттік деңгейде әлеуметтік мәселелерді көтеретін журнал керек болғандықтан, 2003 жылы Көпен Әмір-бектің басшылығымен қайта шыға бастады.








Соңғы пікірлер