Адамзат
- …Осы адам не үшін өмір сүреді?
- Өмір мәнін түсіну үшін. Тағы сұрақ бар ма?
- Бар. Неліктен әбден ойланып-толғанып және ақыры ақылы кірген кезде ол бірден өледі?
- Ақылы кіріп үлгермей, өліп қалғандар да аз емес.
- Жауап беруден қашпа. Және жанның ауысып қонуы туралы ескі ертегіні айтушы болма.
- Мен жауап берейін, бірақ оның алдында мынадай сұрақ қоюға рұқсат бер: арыстандар бөкендерді, өрмекшілер шыбындарды, түлкілер тауықтарды өлтіреді… бірақ жерді мекендеп жүргендердің қайсысы өзі тәрізділермен соғысады, өлтіреді?
- Баланың сұрағы. Әрине, махаббат, мейірімділік, рақымшылдық секілді сөздерді ойлап тапқан, жаратылу тәжісі – адам.
- Дұрыс. Тірі жандылардың ішінде қайсысы өз-өзіне қол жұмсай алады және оны жасайды да?
- Тағы да, мәңгілік, Құдай және қайта тірілуді ойлап шығарған адам.
- Өте жақсы, – деді Равик. – Енді көріп отырғаныңдай, біз қарама-қайшылықтардан өрнектелгенбіз. Осыдан біздің неліктен өлетініміз әлі де түсініксіз болып тұр ма?
Эрих Мария Ремарктың “Arc de Triomphe” романынан үзінді









”Хайуаннан да төмен деңгейде боласыңдар кейбірің” дегендей екен.
онымен келіспейсіз бе)?
Келісімін. Реалист болу керек қой.
Не төмен, не жоғарыны объективті кім шешеді екен осы?