Google Толқын Қараша 11, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: жаңа медиа, gmail, google, twitter
trackback
Жаздың басында Google компаниясы жаңа сервистің тұсау кесерін жасаған болатын. Компанияның айтуынша, бұл сервис – Интернетте бірлесіп жұмыс істеу саласындағы төңкеріс.
Бағдарламалық қамтамасыз ету конференциясында жасаушылар “Google Wave” (ағылшын тілінен аударғанда “толқын”) атты байланыс сервисінің презентациясын жасады. Бұл сервис байланысудың әмбебап құралы және жасаушылардың ойынша ол электрондық пошта, лезде алмасу хабарламалардың бағдарламаларын, фотохостинг және wiki-редактордың орнын басуы қажет. Сіз әріптестеріңізбен сұхбаттасқан кезде экранда жазылған әр жаңа әріптің жазылу жолы көрініп тұрады, сұхбат шынайы әңгімелесуге ұқсап кетеді және уақытты үнемдейді.
Орфография
Хабарламалармен тез алмасу кезінде терезеге енгізілетін мәтінде жиі қателер кетіп жатады. Осы проблемаға байланысты пайдаланушылар да, лингвистер де бұрыннан наразылық білдіріп жүр. Гуглдың толқыны сауаттылық мәселесін қарастырған болатын: сервисте мәтінде кеткен қателерді түзетудің жаңа жүйесі қолданылады. Әзірге тек қана ағылшын тілі үшін болса да, сервис сөздерді контекстке байланысты дұрыстайды. Жасаушылар бұл жүйені Natural Language processing деп атайды және оның орфографиялық сөздіктерге негізделген алгоритмдерден әлдеқайда пайдалырақ екеніне сенімді.
Хабарласу
Google Wave тек қана екі адамның ақпарат алмасуына емес, көптеген адамдардың арасында «әңгіме» жүргізуге жағдай жасайды. Егер бір адаммен жеке сөйлесемін десеңіз – ол үшін де арнайы опция бар, ондай хабарласуды «толқын асты» деп атайды. Бір-біріңіздің хабарламаларыңызды редакциялауға, ұжымдық жоспар, құжат құруға арналған мүмкіндіктер бар.

Өзім Толқынға кіргелі бір айдан асты, терезеде инвайтқа қолы жеткен джимейлдегі байланыстарым бар, чаттардың ішінде басқа да қазақстандық пайдаланушылар жүр. Инвайтты yvision.kz немесе twitter.com-да жүріп, сұрап алуға анда-санда мүмкіндік болып жатады.

Менде өте баяу жұмыс істейді. Үнемі шыққанда онлайнда ешкімді таба алмай қаламын.
әзірге бәрімізде баяу. біраз жүктеледі.
Осы инвайт дегенді неге қояды екен? Онсыз неге бірден қосылмасқа? Сыры неде екен?
себебі ол тестілеу нұсқасы, әзірге аяқталмаған деген сөз және дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
бірақ желіге көп жүк түспес үшін немесе кез келген адам (мысалы, бөтен) онда тіркелмес үшін осындай шақырулар арқылы сайтқа кіруді жүзеге асады (мысалы, лепра, казторка).
Жауабыңыз қанағаттанарлық!